АКАДЕМИК Ж.С.АҚЫЛБАЕВТЫҢ БАЛҚАШ МАҢЫЗДЫ БІЛІМ БЕРУ КОЛЛЕДЖІ
Мамандығы: 1305000 «Ақпараттық жүйе»
БЕКІТЕМІН
ПЦК меңгерушісі
________________
__________201 г.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Бекышов Рустем
ТАҚЫРЫБЫ:«Borland Delphi программа тілінде медиа ойнатқыш бағдарламасын құру»
Дипломдық жұмыстың түсіндірмесі:
Delphi ортасында видео және аудио кодектеррді оқитын бағдарлама құру.
Тапсырманың берілген күні___________ _______________________________
Жобаның берілген мерзімі____________ _______________________________
Дипломдық жұмыстың қорғау мерзімі__________________________________
Дипломдық жобаның жетекшісі______________________________________
МАЗМҰНЫ
23
Бағдарламаны өндеу кезеңдері 23
Бағдарламаға қойылатын талапты анықтау 24
2.2 Delphi–дің ерекшелігі 26
Кіріспе
Borland корпорациясы аз ғана мерзім ішінде Delphi7-нің негізгі версиялары мен бірнеше модификацияларын шығарды. Delphi 7 версиясында өте көп өзгерістер енгізілген. Бағдарламамен қамтамасыз етудің тиімді өңдеу құралдарын қажет ету “жылдам жасау” ортасы деп аталатын программалау жүйелерінің пайда болуына алып келді. Мұндай ортаға мысал ретінде Borland Delphi жатады.
Әлемдегі миллиондаған программистер Delphi-де жұмыс жасайды және олардың көбісі Delphi-де мәліметтерді өңдеуге және сақтауға арналған программалар құрады. Күнбе-күн коммерциялық және жеке мәліметтерді санамағанда (адам аттары, мекен-жайлар, есепшоттар) визуальды интерфейс көмегімен жұмыс істеу керек болатын көптеген ақпараттар бар: дыбыс файлдары, видео көріністер, Web –парақшалары және тағы басқа. Осындай көп ақпарат арасында өзімізге керекті мәліметтерді алу үшін, оларды өңдейтін программалар қажет.
Программа құруға ыңғайлы тамаша ортаның бірі – Delphi ортасы таңдап алынды. Оны оқып үйрену , түсіну және логикалық ойлауға өте қарапайым , әрі жеңіл. Delphi программалаудың структуралық тәртібін және программалаудың басқа тілдерге қарағанда жалпы жақсы дамыған. Оның қызықты рекурсивті мүмкіндіктері, сонымен қатар қызықты есептер шығару мүмкіндіктері бар.
Delphi типті жүйені тез және визуальды құру ортасы деп атайды. Себебі ол өзіне компилятормен қоса редактор және көптеген дайын программалар жиынтығын қамтиды. Delphi – де шамамен 500 –ге жуық дайын компоненттер бар. Delphi-де программа құру жақсы жабдықталған компьютерді қажет етеді.
Delphi – бұл Borland International-дың қосымшаларды тез құруға арналған жеткілікті жаңа өнімі. Қосымшалармен мәліметтер қорымен “клиент-сервер “ архитектурасында, Internet/Intranet, сонымен қатар локальді машиналар және “ файл-серверлік “ архитектурасында жұмыс істейді.
Delphi тілі объектілі – бағытталған Object Pascal тілінің жалғасы. Delphi-ге InterBase локальді SQL сервері, есеп беру генераторлары, визуальді компоненттің және информациялық жүйені немесе Windows ортасының қарапайым программаларын кәсіби өндеуде өзінді сенімді сезіну үшін арналған тағы басқа құрылғылар жатады.
Delphi 7 ерекшелігі: көптеген Delphi 7-да құрылған программалар негізінен өндіріс және бизнес есептерін шешуге бағытталған. Бұл мәлімметтер қорымен және есеп беру жұмыстары басты шешілу керек есептер болып табылады.
Дыбыс, сурет, тексттік және цифрлық типтермен берілген информацияларды беру және оқыту, алу үшін арналған техникалық жабдықтардың әрі қарай дамуы.
Жоғарыда айтылғандай бизнеспен және өндіріспен тығыз байланысты болғандықтан қолданушылар Delphi 7-дан өздерінің есептерін шешу үшін идеал көмекші құрал тапты. Delphi 7-дің VisualBasic және C++ сияқты қолданушы интерфейсі бар. Қазіргі кезде көптеген фирмалар өз программа интерфейсінің стандарты ретінде қабылдады. Қолданушы интерфейсі визуалды құрылатын болғандықтан Delphi ортасында программалауды тез программа құру ортасы делінеді.
Құрудың графикалық ортасынан басқа аспектісі ол – көмекші жүйесінінің күштілігі. Delphi 7-да басқа да қазіргі программалау ортасы сияқты, объектілі бағытталған программаларға негізделген. Бағдарлама құру барысында дайын компоненттерді, олардың қасиетін, әдістерін және алдын-ала анықталған оқиғаларды пайдалану арқылы аз ғана программа кодымен айналып өтуге болады. Программа құрушыға бұл өзінің программасының қолданушы интерфейсін құру барысында көп уақытты үнемдеуді білдіреді.
Delphi 7 қолданушыға өте ыңғайлы, тез программа құруға мүмкіндік береді. Бұл ортаның құрал-саймандары өте көп және керек кезінде актив элемент үшін F1 пернесін басу арқылы көмек алуға болады.
Жылдам жасау RAD – жүйесінде “Rapid Application Development” жүйесінің негізі визуалды жобалау және оқиғаны өндеуді программалар технологиясы жатады, оның мағынасы өңдеу үнемсіз жұмыстың көп бөлігін өзіне алады да, программистке диалогты терезелерді және оқиғаны өңдеу функциясын құрастыру жұмыстары қалады. Ортада қатаң типтелген объектіге бағдарлы тілі қолданылады, оның негізіне Object Pascal (Turbo Pascal жалғасы) жатады. Delphi әр түрлі программаларды құруға мүмкіндік береді: қарапайым біртерезелі қосымшалардан тармақталған дерекқорларды басқару программаларына дейін. Delphi-дің ұлғайтылған мүмкіндіктері графикпен, мультимедиямен, дереккөз жұмыс істейтін және динамикалық құрылымдармен қосымшаларды құруға мүмкіндік береді. Delphi-дің айрықша ерекшелігі. NET технологиясының сүйемелдеуі болып табылады. Delphi программасы арқылы көптеген программа жасалды мысалы, Total Commander, Skype, The Bat!, PopTray, FeedDemon.,MySQL Tools, IBExpert.Altium Designer,Light Alloy, The KMPlayer, Aimp, FastStone Image Viewer, FuturixImager тағы басқа бағдарламалар жасалды.
Заман талабына сай зерттеу жұмыстарының жеткіліктілігіне қарамастан информатиканы оқыту барысында оқушының жаңа мәліметтерді өз бетінше іздеуге бейімділігін қалыптастыратын, алған мәліметтерін жинақтап, сәйкес тұжырымдар жасап, шешім қабылдай алатындай деңгейге жеткізетін әдістерді қолдану қажеттілігі орын алып отыр.
1. Delphi бағдарламалау ортасы
1.1 Delphi бағдарламалау жүйесі
Delрһі объектті-бағытталған ортасы, жаңарған нұсқаларының шығу кезеңдері.
Delрһі Pascal тілі арқылы пайда болды. Алғаш рет Pascal тілі туралы техникалық есеп 1970 жылдың қарашасында Швейцария федералдық техникалық институтында ЕТН (Eidgenoessische Technische Hochschule) жасалды. Acta Infomatika журналының бірінші санында тіл туралы есеп басылған күн, яғни 1971 жылдың басы Pascal тілінің арнайы туылған күні деп есептелінеді. Тілдің авторы Швейцариялык. профессор Никлаус Вирт болып саналады. Pascal тілінің кеңінен таралуында Borland компаниясы үлкен роль атқарды. Ол Turbo Pascal версиясын құрды.
Pascal 3.0 версиясында құралған графикамен жұмыс істеу мүмкіндігі пайда болды. Pascal 4.0 версиясында модулдер пайда болды. Pascal 5.5 версиясында объекттермен жұмыс істеу мүмкіндігі қосылды.
Pascal 7.0 версиясы атауын өзгертіп Borland Pascal 7.0 деп аталынды. Delphi интегралданған ортасының пайда болуынан тіл Object Pascal деп аталынды, Delphi 7 Studio шығысымен Object Pascal тілі тағы да атауын Delphi тіліне (Delphi Language) өзгертті.
Delphi бағдарламалау тілінің бірінші нұсқасы 1995 жылы мамыр айында ұсынылды. Ол 16 разрядты Windows 3.1 басқаруымен жұмыс жасайтын еді. Бұл модель Тurbo Pascal - дың тікелей жалғастырушысы ретінде танылды. Бірақ Тurbo Pascal - мен салыстырғанда төмендегідей қосымшалар мен өзгерістер енгізілді.
Ашық массивтер және олардың айнымалы ұзындықтағы
массивті ішкі бағдарламаға конструкторлары енгізілді. Result айнымалысы функцияның ішінде енгізілді және функция қайтарылымы ескермейтіндей мүмкіндіктер қосылды.
Қайтарылатын функция мәні шектелмейтін болды. Қарастырылмаған жағдайлар үшін өңдейтін механизм енгізілді. Delphi -дің екінші нұскасы одан кейінгі нұсқалары сияқты. Ол 32 разрядты басқаруымен жұмыс жасайды. Онда төмендегідей ерекшеліктер қарастырылды:
16 биттік символдар, олардан құрылған жолдарға жұмыс жасау
үшін мүмкіндік.
8 биттік еркін ұзындықты жолдар үшін жаңа формат енгізілді.Variant, Currency жаңа типтер енгізілді. Table мәліметтерді таблицалық теруде сүзгілеу механизмі енгізілді.
Delphi-дің үшінші нұсқасы 1997 жылы маусым айында дүниеге келді. Оның негізгі жаңалықтары:
Компоненттерді қайта қолдану барысында жеңілдетілген
пакеттер механизмі қолданылды.
Бағдарлама жазу барысында әр оператор тұсына нұсқаушы
жұмыс жасайтын болды. Компоненттің шаблонына көмекші енгізілді. СОМ, ActiveX. OLEnterprice, Corba технологиялары қарастырылды.
Delphi-дің төртінші нұсқасы 1998 жылы шілде айында жарыққа шықты. Оның негізгі өзгешелігі төменгі мүмкіндіктермен сипатталады.
Тілдегі өзгерістер динамикалық массивтер, ішкі бағдарламаның
параметрлері, int 64, геаl 48 жаңа типтері енгізілді кодтық редактордағы өзгеріс. Drag & Dock құралдар панель технологиясы.
Мәліметтер базасымен жұмыс жасауының жақсартылуы. Delphi -дің бесінші нұсқасы 1999 жылы қыркүйек айында жарыққа шықты. Delphi -ді қосымшаларды жылдам, әрі тез құру ортасы деп айтады. Бұл - визуалды бағдарламалау технологиясы. Қолданушы өзінің болашақ бағдарламасын әрлеп, безендіріп, жұмыстың нәтижесін бағдарламаны жүргізуден бұрын көре алады. Жоғарыда айтып өткендей Delphi-дің негізі болып Object Pascal объектті-бағдарлы бағдарламалау тілі табылады. Оның негізінде әлемге әйгілі және жалпыға түсінікті Pascal тілі жатыр. Сондықтан Delphi -ді тез үйрену үшін әрине осы тілді білу қажет. Delphi -де әрбір терезелік жоба бір бағдарлама мәтінінен және кемінде бір модуль терезесінен тұрады. Яғни бағдарлама дискіде жобаның тақырып қатарындағы атаумен және *.dpr кеңеюімен сақталады. Delphi-де жұмыс жасаушылар деңгейі.
Delphi екі түрде дайындалған: біріншісі - күрделі қосымшаны бірлесіп дайындаушылар үшін (Delphi Client-Server) және екіншісі-қалған программалаушылар үшін (Delphi for Windows). Соңғысы ыңғайланып, қысқартылған түрі. Ол тек маман программалаушылар емес, барлық Delphi - мен жұмыс істеушілерге арналған. Әдетте пайдаланылатыны екінші түр.
Delphi-ді Паскаль программалау тілімен жұмыс істеген адамдардың меңгеруі көп қиындық келтірмейді. Бірақ мұнда программалауды үйрену үшін обьект, оқиға, қасиет түсініктерімен еркін танысып, онда компоненттерді пайдалану жәнс түрлі командалардың жазылу түрлерін білу қажет.
Ең бірінші кезекте Delphi корпоративтік ақпараттық жүйесіндегі кәсіпқой-бағдарламашыларға арналған. Бұл жерде түсіндіре кететін жайт: кейбір бағдарламалар қарапайым қосымшаларды дайындауда өте жақсы жұмыс істейді, бірақ қолданушы қандай да бір күрделі жұмысты жасау кезінде көрінбейтін қиындықтарға тап болады. Сол бағдарламада біршама уақыт өткенде ғана байқалатын өзіне тән жасырын шектеулер болады. Delphi-гe мұндай шектеулер тән емес. Бұған жақсы дәлел - Delphi -дің өзі Delphi-де жасалынған. Сондықтан Delphi тек кәсіпқой-бағдарламашыларға ғана, арналмаған. Ол мұғалімдерге, дәрігерлерге, жоғарғы оқу орындарының оқытушыларына, бизнесмендерге арналған. Delphi ортасы кез-келген Windows 95, 98, 2000, NТ версиясының 32 разрядтық операциялық жүйесінде жұмыс істейді. Бұл ортаны оқып үйрену бір жағынан оңай болса, екінші жағынан өте қиын. Delphi бағдарламалауды практикада үйренуді көп талап етеді. Delphi-ді оқып үйренудегі себепші ол қандай да бір бағдарламалау тілін білу немесе бағдарлама жаза білу болып табылады. Яғни Раscal бағдарламалау тілін білу, өйткені Delphi -дің бағдарлама мәтіні Object Pascal тілінде жазылады. Синтаксис, модуль принциптері, процедуралар, функциялар барлығы негізге алынған.
“Қолданушының Delphi-ді үйреніп білуі үшін қанша уақыт керек” деген сұраққа жауап: кез-келген Pascal-ді білетін бағдарламашы практика жүзінде Delphi-ді үйреніп алады.
Алфавит және тіл сөздігі. Delphi тілінің алфавитіне келесі символдар кіреді:
Латын алфавитінің үлкен және кіші әріптері, бос орын, сонымен қатар 0-ден 9-ға дейінгі сандардан тұратын ASCII символдарының жинағы Алфавит символдарының жалғасуы, бос орынмен бөлінбесе сөз құрайды. Delphi-де бағдарламада сөздер қолданылады. Тіл сөзі бөлгіштер арқылы бөлінеді. Бөлгіштер қатарына бос орын, қатар соңындағы символ, түсіндірме және басқа символдар кіреді. Delphi тілінің барлық сөздерін үш үлкен топқа бөлуге болады:
тіркелген сөздер; (reserved words);
директивалар; (directives);
идентификаторлар; (identifies);
Тіркелген сөздер - бұл Delphi тіліне тіркелген, қосылған сөздер. Бұлар нақты тұжырымды жәнс күрделі жазылулы. Бұл сөздерді бағдарламашы идентификатор ретіндс қолдана алмайды. Жоғарыда көрсетілген тіркелген сөздерден басқа Delphi тілінде private, protected, public, published және automated сөздері бар. Бұл сөздер интерфейс бөлігінің шекарасында тіркелген болып саналады. Басқа жағдайларда директивалар ретінде қарастырылады.
Директивалар – бұлар Delphi тілінде арнайы мәнге ие сөздер. Тіркелген сөздерден айырмашылығы бағдарламашы сөзді идентификатор ретінде пайдалана алады.Тіл компиляторы әрқашан бұндай идентификаторларды директивалардан ажырата алады.
Идентификаторлар бұл сөздер тұрақтыны белгілеу, айныманы, өрісті, типті, қасиетін, процедура, функция, бағдарлама, модуль, кітапхана және пакеттерді белгілеу үшін пайдаланылады. Бұл сөздерге алдын-ала анықталған сөздер (мысалы: рі, cos), және бағдарламашы арқылы құрылған сөздер жатады. Идентификаторлар келесі ережелер арқылы құрылады: идентификаторлар ұзындығы 255 символдан аспау керек; идентификаторлар құрамында әріп, сан және төменгі сызықша белгісі “ _” бола алады; идентификаторлар әрқашан әріптен немесе төменгі сызықшадан басталуы және бос орын болмауы тиіс.
Компилятор әріп тіркемесіне сезімтал емес, сондықтан төменгі идентификаторлардың айырмашылығы жоқ: MyLabel, Mylabel, mylabel; әрбір екі идентификаторлардың арасында кемінде бір бөлгіш қатысуы керек.
Delphi тілінде бағдарлама мәтіні жолдардан және бұлар бір немесе бірнеше сөзден тұрады. Delphi тілінде бағдарлама:
бағдарлама тақырыбынан (Program heading);
Uses бөлімінен;
сипаттау блогынан және орындалуынан ;
Бағдарлама тақырыбы бағдарламаның басында орналасады және ол бағдарламаның атын анықтау үшін қажет.
Ескерту: Pascal стандартты тілінің бағдарлама тақырыбы құрамында енгізу-шығару параметрі де орналаса алады. Ал Delphi компиляторы бұл параметрлерді қабылдамайды. Оны көрсетуге де, корсетпеуге де болады. Бағдарлама жұмысына еш әсер етпейді.
Жоғарыда берілген бағдарламадағы Модулдер (Units) тізімін Uses бөлімі құрайды.
Uses
Forms,
Unit1 in Unit1.pas {Form1};
Модуль бағдарламаның әртүрлі элементтерін құрамына жазуға арналған. Олар: айнымалылар, тұрақтылар, қосалқы бағдарламалар және басқалар. Әрбір модуль жеке файлде pas. кеңейтілуімен жазылады. Файл аты модуль атымен сәйкес келуі керек. Сипаттау блогы және орындалуы - сипаттау бөлімінен және орындау бөлімінен тұрады. Бағдарлама элементтерін сипаттау бірінші бөлімінде, ал екінші бөлімінде орындалуға тиіс операторлар орналасады. Әдетте сипаттау болімі мыналардан:
метканы хабарлау;
тұрақтыны хабарлау;
типтерді сипаттау;
айнымалыларды хабарлау;
процедуралар мен функцияларды сипаттау;
Жай берілгендер типі.
Берілгендердің жәй типі - бұл өзінде басқа берілгендер типі болмайтын тип. Бұл типтерге жататындар:
бүтін (integer);
нақты (Real);
логикалық (Bollean);
символдық (Сһаг);
Барлық осы типтер, нақтыдан өзгесі, реттелген берілгендер типіне жатады. Реттелген берілгендер типіне келесі функциялар:
Low(x) - х айнымалысының қабылдайтын ең кіші минималды мәні. X (төменгі диапазон мәні);
High(x) - айнымалысының қабылдайтын максималды мәні. X (жоғарғы диапазон мәні);
Ord(х)- х айнымалысының реттелген нөмір мәні;
Ргеd(х) - х айнымалысының алдыңғы мәні;
Succ(х) - х айнымалысының келесі мәні.
Delphi 7 ортасын жүктегеннен кейін экранда интегралданған программаланған ортасының терезесі пайда болады: негізгі терезе, проектілеу ортасы код редакторы және объектілер инспекторы.
Экранның жоғарғы бөлігінде негізгі терезе орналасады. Онда құрал-саймандар тақтасы (Standard. View. Debug және Custom) және компоненттер палитрасы орналасады. Негізгі терезе Delphi 7 ортасы жабылмайынша ашық тұрады. Негізгі терезені жабу арқылы Delphi 7 -ны жабамыз.
Тақырыбында қазіргі ашулы тұрған проектінің аты тұрады. Проекті орындалу немесе проектілеу режимінде ашық тұруы мүмкін. Проект орындалу режимінде ашық тұр сонда [Running] сөзі қосылып жазылады.
Мәзір жолағы бағдарламаны басқарудағы, медиаойнатқыш құруға керекті командалардан тұрады. Құрал-саймандар тақтасындағы түймелер мәзірдегі белгілі бір командаға сәйкес келеді. Мысалы File менюіндегі Open командасын таңдасақ та немесе Standard құрал-саймандартақтасынан Open кнопкасын бассақ та бір нәтижеге әкеледі. Құрал саймандар тақтасындағы пернелер көмекші түсіндірмелермен (подсказка) жабдықталған. Егер тышқан курсорын пернеқасына жақындатсақ онда көмекші түсіндірме шығады. Қолданушы құралсаймандар тақтасының орналасуын, көрініп немесе көрінбей тұруын Customize диалогтық терезесі арқылы өз қалауынша өзгерте алады және оларды тышқан курсоры арқылы жылжытуына болады. Customize терезесіндегі құрал-саймандар тақтасының үлгісінен тышқанның оң жақ пернесін басу арқылы шақырылады.
Компоненттер палитрасындағы компоненттерарқылы программа құрылады. Компоненттер Delphi программасының негізгі элементтері болып табылады. Олар арқылы қолданбалы программаның қолданушы интерфейсін құруға көмек береді. Ең бірінші Delphi-ді жүктегенде Standard палитрасы ашық тұрады. Қолданушы өз қалауынша , компонеттер палитрасының орналасуын реттеуге болады. Осы өзгерістердің барлығын PaletteProperties терезесінде жүзеге асырылады. Бұл терезені 2 жолменшақыруғаболады.
Палитраның кез-келген жерінен тышқанның оң жақ пернесін басып Properties мәзірін таңдау.
Бағдарламалау ортасының сипаттамасы
Delphi –дің интегралданған ортасын құру бағдарламалауға деген қызығушылық күн сайын өсуде. Бұл Қазіргі кезде дербес компьютерлерді пайдаланушылар арасында Windows операциялық Delphi – бұл Windows операция жүйесіндегі жұмыстарға Интегралданған ортаны жасау (Integrated Development Environment-IDE, құрал панелі, кескін редакторы, Windows іске қосу. Бағдарлама мәзірінің көмегімен Delphi 1-сурет. Delphi 7 жасаудың интегралданған ортасы. Негізгі терезесінің жоғарғы бөлігінен, сіздер бас мәзір жолағын көріп Интерфейстің құрамына төрт терезе кіреді:
Негізгі терезе (Project 1. dpr);
Объектілер бақылаушысының терезесі (Object Inspector);
Формалар құрастырушысының терезесі (Form 1. dfm);
Программа кодының терезесі (Unit 1. pas).
Delphi бір құжаттық орта, яғни бір мезгілде тек қана Форма терезесінен Unit кодына және одан кері өту Сол жақтағы терезе Browser деп аталады және бұл терезе программаның жобасын құрудағы жұмыстарды басқарады және Delphi. Бұл терезеде Delphi-дің негізгі меню жүйесі, пиктограммалық-командалық батырмалар мен белгісі объектінің екпінділігін көрсетеді. Форма (терезе) құрастырушысының терезесі Форма құрастырушысының немесе форманың терезесі – болашақ программаның Windows ортасындағы жобасы. Алдымен бұл терезе бос болады, дәл айтсақ Windows стандартты терезені үлкейту/кішірейту, жабу батырмаларынан, тақырып қатарынан және қоршалған шегінен тұрады.
Экрандағы Delphi көрінісі өзгешелеу (1.1-сурет). Экранда бір терезенің орнына 5 терезе пайда болады:
Басты терезе (Delphi 7);
Стартты форма терезесі (Form 1);
Объектілер қасиеттері редакторының терезесі (Object Inspector) (объектілер инспекторы);
Объектілер тізімін қарау терезесі (Object TreeView) объектілер бұтағын құру);
Код редакторы терезесі (Unit 1. pas).
Код редакторының терезесі стартты форма терезесімен толық жабылып тұр.
1.1-сурет. Delphi ортасының интерфейсі
Borland Delphi бағдарламалау жүйесі бірнеше рет жаңарып, қолданушыларға бірнеше жаңартылған нобайларды ұсынды. Жүйенің соңғы нобайында (4,5 нобайлары) қосымшаның үш деңгейлі құрылымдық нәтижелеуші бағдарламаларды өңдеу тәсілдерінің жинағы қамтылған. Borland Delphi бағдарламалау жүйесі берілген құрылымның серверлік, сондай-ақ клиенттік бөлімін өзгертуге мүмкіндік береді. Онда COM/DCOM технологияларын (Mic. Win. Типті ОЖ көп тараған), сонымен бірге CPBCA технологиясын (тек қосымшаның клиенттік бөлімін өңдегенде ғана) қолдануға болады.
Басты терезеде меню командалары, инструменттер панелі және компоненттер палитрасы орналасқан. Ескере кетсек бағдарламалық жасақтаманың жүйелік бағдарламалық жасақтама және қолданбалы бағдарлмалық жасақтама болып екіге бөлінеді. Жүйелік бағдарламалық жасақтамаға – барлық операциялық жүйелер кірсе, ал қалған бағдарламалар қолданбалы бағдарламалық жасақтамаға жатады. Қолданбалы бағдарламалар қысқаша қосымшалар деп аталады.
Object Inspector терезесі – объектілер қасиеттерінің мәндерін редакциялауға арналаған. Визуальды жобалау терминологиясында объект дегеніміз, бұл – сұхбаттық терезе және басқару элементтері (енгізу, шығару өрісі, командалық батырмалар, ауыстырып-қосқыштар және тағы басқалар).
Объект қасиеттері – объект түрін сипаттайтын, орналасу жағдайларын көрсететін сипаттамалар.
Мысалы, width – форма енінің өлшемі;
Height – форма биіктігінің өлшемі;
Top және left – форманың экранға орналасуы;
Caption – тақырып аты.
Код редакторы терезесінде форма терезесін бір шетке ысырып қойып, бағдарлама мәтінін жаза беруге болады. Жаңа жобамен жұмысты бастауда код редакторы терезесі Delphi бағдарламасының үлгісін (шаблонын) қабылдайды.
Delphi мүмкіндіктерін және визуальды жобалау технологиясын көрсету үшін спортшының белгілі бір аралықты жүгіріп өту жылдамдығын есептейтін бағдарлама құрастырамыз.
Жаңа бағдарламамен жұмысты бұрын Delphi-ді жүктеңіз. Егер сіз ол ортада жұмыс істеп отырған болсаңыз және сізде басқа жоба таңдалған болса, онда File (файл) менюінен New/Aplication (құру/қосымша) командасын таңдаңыз.
Негізгі терезе құрылатын бағдарламаның жобаларын басқаратын негізгі қызметтерді атқарады. Бұл терезе экранда барлық уақытта болады және ең жоғарғы бөлігінде орналасады. Негізгі терезеде Delphi ортасының бас мәзірі, пиктографиялық командалық батырмалар жиынтығы, компоненттер палитрасы орналасқан.
Басты мәзір деп Delphi терезесінің жоғарғы жағында орналасқан мәтін жолын айтады. Басты мәзір командалары арқылы жобаларды жасауға, ашуға, басуға, сақтауға болады; белгілі бір аймақты алмасу буферіне қиып алу, көшірмесін алу, кірістіру іспетті стандартты операциялар орындалады, бұл бағдарлама фрагменттеріне ғана емес, кез келген объектіге де қолданылады; процедурадағы, модульдегі немесе бүтін жобадағы мәтін фрагментін іздеуге; бағдарламаны тексеріп, орындауға және т.б. әрекеттер орындауға болады
New items – обьектілерді таңдау.
Open – алдын-ала бар файлды ашу.
Save (Ctrl+S) – белсенді құжатты сақтау.
Save All (Shift+Ctrl+S) – жобаның барлық файлдарын сақтау.
Open Project (Ctrl+F11) – бағдарламаның алдын-ала құрылған жобасын шақыру.
Add file to Project (Shift+F11) – жобаға файл қосу.
Remove file from Project – жобадан файлды жою.
Help contents – анықтаманы іске қосу.
Vіew Unіt (Ctrl+F12) – тізімнен модуль таңдау.
Vіew Form (Shift+F12) - тізімнен форма таңдау.
Toggle Form /Unit (F12) – форма терезесінен бағдарлама коды терезесіне және кері алмасу.
New Form – жаңа форма құрады және оны жобаға қосады.
Run (F9) – бағдарламаны тексереді және орындайды.
Pause – дұрыс орындалмаған бағдарламаға үзіліс жасау.
Trace Іnto (F7) – шақырылған қосалғы бағдарламаларға қадам бойынша ену.
Step over (F8) – шақырылған қосалғы бағдарламалардың жұмысын елемей қадам бойынша ену.
Пиктографиялық тетіктер орналасқан саймандар тақтасының конфигурациясын өзгерту үшін негізгі мәзірден Vіew/Toolbars/Customіze командасын немесе саймандар тақтасының контексті мәзірінен Customіze командасын таңдаймыз.
Бұл терезеде пиктографиялық тетіктердің орналасуын алмастыруға, жоюға, қосуға, жасыруға, көрсетуге болады. Toolbars жапсырмасы саймандар тақтасымен жылдам орындалатын тетіктерді басқаруға арналған. Commands жапсырмасы тетіктерді таңдауға және оларды саймандар тақтасына орналастыру мүмкіндігін береді.
1.3 Форма терезесі
Delphi-де жаңа жобамен жұмыс жасау стартты форманы құрудан басталады.
Бағдарламаны өңдеу кезеңіндегі сұхбаттық терезе форма деп аталады.
Форманың және оның компонентерінің қасиеттік мәндерін өзгерту және қарау үшін Object Inspector терезесі қолданылады.
Форма қасиеттері:
Name – форма аты.
Caption – тақырып мәтіні.
Width – форма ені.
Height – форма биіктігі.
Top – форманың жоғарғы шекарасынан экранның жоғары шекарасына дейінгі арақашықтық.
Left – форманың сол жақ шекарасынан экранның сол жақ шекарасына дейінгі қашықтық.
BorderStyle – шекара түрі (қарапайым, жіңішке болуы да, шекараның болмауы да мүмкін).
BorderIcons – терезені басқару батырмасы.
Icon - сұхбаттық терезенің бас жағындағы жүйелік менюді шығару батырмасын белгілейтін белгі.
Color – өң түсі.
Font - қаріп.
Форма көлемін меңзерді (курсорды) қойып, тінтуірді (мышь) жылжыту арқылы өзгертуге де болады.
Форма құру үшін, алдымен қасиет мәнін Caption (тақырып) өзгертуге тура келеді. Біздің мысалызда Form1 мәтінін «жүгіру жылдамдығына» ауыстыру қажет. Ол үшін Object Inspector терезісіндегі Caption жолына жолына тінтуір батырмасын әкеп шерту керек, нәтижесінде 7-ші суреттегідеймеңзер сызығы пайда болып, «жүгіру жылдамдығына» мәтін енгізуге және қасиет мәндерін анықтауға болады. Бұл қасиеттерге 250 және 330 мәндерін меншіктейміз.
Ескеріп кетсем экрандағы форманың орналасу тәртібі мен өлшемі және тағы да басқа басқару элементтері өлшемдері пиксель, яғни экранда нүкте түрінде көрсетіледі.
Форма – бұл қарапайым терезе. Сондықтан оның көлемін басқа терезелердей тінтуір батырмасын басу арқылы шекарасынан ұстап алып жылжытып немесе орнын ауыстырып өзгерте аламыз. Өзгертіп болысымен автоматты түрде Height және Width қасиеттері мәндерінің өзгеріп шыға келгенін байқаймыз. Олар форманың орнатылған өлшеміне сәйкес болмақ. Бағдарлманы жүктегеннен кейінгі экрандағы сұхбаттық терезенің орналасуы форманың өңделгеннен кейінгі жағдайына сәйкес келеді, бұл Top мәнінің қасиетімен (экранның жоғарғы шекарасынан шегініс) және Left (экранның сол жақ шекарасынан шегініс) қасиетімен анықталады. Бұл қасиеттердің мәндерін сонымен қатар форма терезесін тінтуірдің көмегімен ауыстыру арқылы беруге де болады.
Кейбір қасиеттерді таңдағанда, мысалы: BorderStyle, қасиеттің ағымдағы мәнінің оң жағында тізімді ашатын белгі пайда болады. Мұндай қасиеттер мәндерін тізімнен таңдау жолымен беруге болады. Кейбір қасиеттері күрделі болады, яғни олардың қасиеттері басқа мәндер жиынтығының қасиетттерімен анықталады. Күрделі қасиет мәндерінің аттарының алдында «+» белгісі тұрады, бұл белгіні басқан кезде қасиеттерді анықтайтын тізім ашылады.
Мысалы: BorderIcons қасиеті бағдарламамен жұмыс кезінде терезелерді қандай пернелердің басқаратынын анықтайды. Егер biMaximize қасиетіне False мәнін меншіктесек, онда бағдарлама жұмысы кезінде «ашу» (жаю) батырмасы терезе басында көрінбейтін болады.
Кейбір қасиеттер мәндерінің қатарынан үш нүктелі командалық батырмаларды көруге болады. Бұл деген сөз, қасиеттер мәндерін беру үшін қосымша сұхбаттық терезелерді пайдалануға болады деген ұғым.
1.1-кестеде өңделетін бағдарламаға сәйкес өзгертуге болатын форма қасиеттері берілген. Қалған қасиеттер өзгеріссіз қалдырылған және кестеде келтірілмеген.
1.1-кесте. Форма қасиеті
Қасиеті
|
Мәні
|
Caption
Height
Width
BorderStyle
BorderIcons. biMinimize
BorderIcons. biMaximize
Font.Size
|
Жүгіру жылдамдығы
250
330
BsSingle
False
False
10
|
Кестеде келтірілген кейбір қасиеттердің атауларында нүкте қойылған, бұл нақтылау қасиеттерінің мәнін беруді білдіреді. Басты формаға сәйкес қасиеттер мәндері орнатылып болғаннан кейін, ол мынадай түрге ие болады.
1.4 Компоненттер
Компонент деп белгілі бір қасиеті бар, программист формалар терезесінде орналастыра алатын қандай да бір басқару элементін түсінеміз. Компоненттер тақтасы негізгі терезенің оң жақ бөлігінде орналасқан және қажетті компоненттерді жылдам іздеуді қамтамасыз ететін ашылатын беттері бар компоненттердің көмегімен бағдарламаның сұлбасы жасалады, жалпы жағдайда экранда көрінетін терезелер, батырмалар, таңдаулар тізімі және тағы басқа.
Жүгіру жылдамдығын есептеу бағдарламасына қолданушы мынадай бастапқы деректерді енгізу керек: арақашықтық ұзындығы және уақыт. Мұндай бағдарламаларда деректер кілтжиыннан редакциялау өрісіне енгізіледі: сондықтан да Edit редакциялау өрісінің компонентін формаға қою қажет.
Көп пайдаланылатын компоненттер Standard салымында орналасқан.
Формаға компонент қосу үшін компоненттер палитрасын сол компонентті таңдап, оның пиктограммасында тінтуірдің сол жақ пернесін басамыз. Әрмен қарай тінтуір көрсеткіш (указатель мыши) форманың сол жақ жоғарғы бұрышына орналастырып, тағы бір рет шерту керек. Нәтижесінде формада стандартты өлшемді компонент пайда болады.
Компонент өлшемін формаға қосылу барысында беруімізге болады. Ол үшін палитрадан компонентті таңдап алғаннан соң тінтуір көрсеткіш форма компонентінің сол жақ жоғарғы бұрышына басып, тінтуір батырмасынан қолды алмастан компоненттің оң жақ төменгі бұрышындағы нүктегег апарып батырманы жіберу қажет. Сонда формада керекті өлшемді компонент пайда болады.
Компонент өлшемін формаға қосылу барысында беруімізге болады. Ол үшін палитрадан компонентті таңдап алғаннан соң тінтуір көрсеткіш форма компонентінің сол жақ жоғарғы бұрышына басып, тінтуір батырмасынан қолды алмастан компоненттің оң жақ төменгі бұрышындағы нүктеге апарып батырманы жіберу қажет. Сонда формада керекті өлшемді компонент пайда болады.
Delphi-дегі әрбір компонентке ат беріледі, ол өз кезегінде компонент атынан және оның реттік нөмірінен тұрады (компонент аты мен қатар санынан тұрады). Мысалы, егер формаға екі Edit компонентін қосса, олардың аттары Edit1 және Edit2 болып белгіленеді. Қолданушы Name қасиетінің мәнін өзгерту арқылы компонент атын өзгерте алады. Қарапайым бағдарламаларда компоненттің аттары өзгертілмейді.
Edit редакциялау өрісінің екі компоненті (бастапқы деректерді енгізуге арналған) қосылғаннан кейінгі форма түрі берілген. Компоненттердің бірі ерекше белгімен белгіленген. Белгіленген компонент қасиеті Object Inspector терезесінде көрсетіледі. Басқа компонент қасиетін көргіңіз келсе, тінтуірдің сол жақ батырмасын компонентке апарып шерту керек. Компоненттер аттарын Object TreeView терезісінде немесе Object Inspector терезісінен таңдауға болады. 1.2-кестеде еdit – редакциялау өрісі компонентінің негізгі қасиеттері көрсетілген.
1.2-кесте. Edit компонентінің негізгі қасиеттері
Name
|
Компонент аты. Бағдарламада компонентке және оның қасиеттеріне, жекелеген жағдайларда редакциялау өрісінде енгізілген мәтіндерге қатынас құру үшін қолданылады.
|
Text
|
Енгізу және редакциялау өрісіндегі мәтін.
|
Left
|
Компоненттің сол жақтағы шекарасынан форманың сол жақтағы шекарасына дейінгі аралық.
|
Top
|
Компоненттің жоғарғы жақ шекарасынан форманың жоғарғы шекарасына дейінгі арақашықтық.
|
Height
|
Өріс биіктігі.
|
Width
|
Өріс ені.
|
Font
|
Енгізілген мәтін қарпі.
|
Компоненттің орналасуын және өлшемін тінтуір арқылы өзгертуге болады.
Компоненттің жайын өзгерту үшін, тінтуір көрсеткішін оның көрінісіне орнату керек, тінтуірдің сол жақ батырмасын басып тұрып, компоненттің контурын форманың қажетті нүктесіне орнатуға болады. Сол кезде Left және Top қасиеттерінің мәндері (компоненттің жоғарғы сол жақ бұрышының координатасы) көрсетіледі.
Компоненттің өлшемін өзгерту үшін, оны белгілеп алу керек, тінтуірді маркедің үстіне апарып, сол жақ батырмасын басу арқылы компонент шекарасын өзгертуге болады. Нәтижесінде Height және Width қасиеттерінің ағымдағы мәндері көрсетіледі.
Object Inspector арқылы компоненттің қасиетін және форма қасиетін өзгертуге болады. Object Inspector терезесінде керекті компоненттің қасиеті пайда болуы үшін, бұл компонентті белгілеп алу керек (тінтуірді оның бейнесіне әкеліп басу қажет). Сондай-ақ, Object Inspector терезесінің жоғарғы жағындағы құлап ашылатын тізімнен (Object Inspector) немесе Object TreeView терезесінен компонентті таңдауға болады.
Компонент өлшемдерін өзгерткенде Height және Width қасиеттерінің ағымдық мәні өзгеріп шығады.
Edit1 компоненті – арақашықтық ұзындығын енгізуге арналған.
Edit2 компоненті – уақытты енгізу үшін белгіленген. Екі компоненттің де Text қасиетінің мәні бос жол болып қалады.
Бағдарламаның терезісінде редакциялау өрісінен басқа, бағдарлама туралы және енгізу өрісінің қызметі туралы қысқаша мәлімет болу керек. Формаға мәтінді шығару үшін шығару өрісі пайдаланады. Мәтінді шығарытын өріс – бұл Label компоненті. Label компоненттінің белгісі Standard салымында орналасқан. Label компоненті формаға редакциялау өрісі сияқты қосылады.
Өңделіп жатқан формаға Label-дің төрт компонентін қосу қажет.
Бірінші өріс – ақпараттық хабар шығаруға арналған, екінші және үшінші өрістер – енгізу өрістерінің қызметтері туралы мәлімет шығаруға арналағн, төртінші өріс – жылдамдық туралы нәтижені шығару үшін белгіленген.
Label компоненті – форма бетіне мәтін шығаруға арналған компонент. Компоненттің қасиеттері мәтіннің орналасуы мен түрін анықтайды:
Name – компонент аты.
Caption – компонентте орналасатын мәтін.
Top – шығару өрісінің жоғарғы шекарасынан форманың жоғарғы шекарасына дейінгі қашықтық.
Left – шығару өрісінің сол жақ шекарасынан форманың сол жақ шекарасына дейінгі қашықтық.
Width – шығару өрісінің ені.
Height – шығару өрісінің биіктігі.
WordWrap – ағымдағы жолға сыймайтын сөздің автоматты түрде келесі жолға көшетінін көрсетеді. AutoSize қасиетінің мәні False болуы тиіс.
Alignment – өрістің ішіндегі мәтінді туралау тәсілін береді.
Transparent – фондағы шығарылатын мәтінді басқарады.
Color – мәтін шығатын фонның түсін көрсетеді.
Visible – мәтіннің көрінуін немесе көрінбеуін басқарады.
Font – мәтінді шығару үшін пайдаланылатын қаріп.
AutoSize және WordWrap қасиеттеріне назар аударсам, егер шығару өрісі бірнеше қатарды қамтитын болса, осы қасиеттерді пайдаланған жөн. Label компонентін формаға қосқаннан кейін AutoSize қасиетінің мағынасы True мәніне теңеледі, яғни өріс өлшемі Caption қасиетінің мәнін өзгерткен кезде автоматты түрде өзгереді деген сөз. Егер де шығару өрісіндегі мәтін бірнеше жолды қамтыса, онда Label компонентіне қосылғаннан кейін AutoSize қасиетіне False мәнін, WordWrap қасиетіне – True мәнін беру керек. Сонан кейін Width және Height қасиеттерінің мағыналарын өзгертуге қажетті өлшемді беру қажет. Осы әрекеттерден кейін ғана Caption қасиетіне өріске шығатын мәтіндерді енгізуге болады.
Button компоненті – оқиғаға жауапты қалыптастыратын командалық батырма болып табылады.
Name – компонент қасиетіне кіру мүмкіндігін алу үшін пайдаланылатын компонент атауы.
Caption – батырманың үстіне орналасатын мәтін.
Top – батырманың жоғары шекарасынан форманың жоғары шекарасына дейінгі қашықтық.
Left – батырманың сол жақ шекарасынан форманың сол жақ шекарасына дейінгі қашықтық.
Width – батырманың ені.
Height – батырманың биіктігі.
Visible – батырманың көрінуін немесе көрінбеуін басқарады.
Enabled – батырманың пайдаланылу мүмкіндігін көрсетеді, егер оның қасиетінің мәні ақиқат болса, онда батырма пайдаланылады, кері жағдайда пайдаланылмайды.
Hint – командалық батырмаға курсор келгенде тышқанның көрсеткішінің қасында нұсқау-мәтін пайда болады.
Show Hint – егер мән ақиқат болса, нұсқау көрінеді, кері жағдайда көрінбейді.
Форма құру кезінде – формаға Есептеу (Вычислить) және Аяқтау (Завершить) командалық екі батырмаларын қосуымыз керек. Button командалық компоненті формаға басқа компоненттер секілді қосыла бастайды. Button компонентінің белгісі Standard салымында орналасқан.
Формаға екі командалық батырма қосылғаннан кейін қасиет мәндерінің сәйкестігін анықтауымыз керек.
Форма қосымшасын құруды аяқтаған соң бағдарлама мәтінін жазуға кірісеміз. Алдымен бағдарламалау үшін өте қажет түсініктерді талдауымыз керек:
оқиға;
оқиғаны өңдеу процедурасы.
1.5 Оқиға және оқиғаны өңдеу процедурасы
Құрылған форманың түрі қосымшаның қалай жұмыс істейтіндігі көрсетеді. Қолданушы редакциялау өрісіне (поля) бастапқы мәліметтерді енгізу керек және сол есептің шығу жолына байланысты Есептеу (Вычислять) батырмасын басу керек. Осы көрсетілген командалық батырманы шерту – Windows-та Оқиға (событие) деп аталады.
Оқиға (Event) – бағдарлама жұмыс істеп жатқан уақыт аралығыеда орындалады.
Delphi-де әрбір оқиғаға арнайы ат беріледі.
Мысал келтірсем, тінтуір батырмасын бір рет шерту – OnClick оқиғасы, ал тінтуір батырмасын екі рет шерту OnDbClick оқиғасы деп аталады. Delphi-де оқиғалары көп, олардың кейбірлері: OnClick – тінтуір батырмасын басқан кезде, OnDbClick – тінтуір батырмасын екі рет басқан кезде, OnMouseDown – тінтуір батырмасын басқанда, OnMouseUp – тінтуір батырмасын босатқанда, OnMouseMove – тінтуір батырмасының орнын ауыстырғанда, OnKeyPress – кілтжиын пернесін басқанда, OnKeyDown – кілтжиын пернесін басуда, (OnKeyDown және OnKeyPress кезектесіп қайталанатын оқиғалар), OnKeyUp – кілтжиын пернесін босатқанда, OnCreate – объектіні құру кезінде (форма, басқару элементі), яғни бұл оқиғаны өңдеу процедурасы айнымалыларды анықтау үшін, дайындық әрекеттерін орындау үшін қолданылады, OnPaint – бағдарлама жұмысының басында экранда терезе пайда болған кезде, OnEnter – фокустың басқару элементімен қабылдағанда, OnExit – фокустың басқару элементімен жоғалтқанда жүзеге асырылып отырады.
Delphi-де оқиғаға деген реакция оқиғаны өңдеу процедурасы сияқты жүзеге асырылады. Осылайша пайдаланушының әрекеттеріне сай бағдарлама кейбір қызметтерді атқаруы керек, ол үшін бағдарлама жасаушы оқиғаға сәйкес өңдеу прцедурасын жазуы қажет. Оқиғаны өңдеудің көпшілік бөлігін компонент атқаратынын ескеруіміз керек. Сондықтан бағдарлама жасаушы оқиғаны өңдеу процедурасын тек оқиға реакциясы стандарттан ерекше болса немесе анықталмаған жағдайда ғана өңдеуі керек. Мысалы, есептің шарты бойынша Edit өрісіне енгізілетін символдарға шек қойылмаса, онда OnKeyPress оқиғаны өңдеу процедурасын жазудың қажеті жоқ, өйткені бағдарлама жұмысы кезінде оқиғаны стандартты өңдеу процедурасы пайдаланылады.
Оқиғаны өңдеу процедурасын құруға кірісу үшін, алдымен Object Inspector терезесінен компонент және осы терезеден Events (оқиға) салымын таңдау керек.
Events салымының сол жақ бағанасында (16-сурет) таңдалған компонент (объект) қабылдайтын оқиға аттары көрсетілген. Егер оқиғаны өңдеу процедурасы анықталса, онда оқиға атының жанында процедура аты оң жақ бағанада көрсетіледі.
Оқиғаны өңдеу функциясын құру үшін тінтуір батырмасын оқиғаға сәйкес өңдеу прцедурасы атына екі рет шерту керек. Нәтижесінде код редакторы терезесі ашылып, онда оқиғаны өңдеу функциясының шаблоны қосылады. Ал Object Inspector терезесіндегі оқиға атының жанында оны өңдеу функциясының аты пайда болады. Delphi оқиғаны өңдеу функциясына 2 бөліктен тұратын ат беріледі. Атаудың бірінші бөлігі объектіні (компонентті) құрайтын формаға теңестіріледі. Екінші бөлігі объект немесе оқиға атына теңестіріледі. Менің мысалымда форма аты – Form1, командалық батырма аты – Button1, ал оқиға аты – Click болып беріледі.
Код редакторы терезесіндегі begin және end сөздерінің арасына оқиғаны өңдеу функциясын жүзеге асыруға қажетті нұсқауларды жазуға болады. Төмендегі бағдарламада Есептеу командалық батырмасы үшін OnClick оқиғаны өңдеу функциясының мәтіні келтірілген. Бағдарламаның қалай көрсетілгеніне назар аудардым. Онда, яғни код редакторы терезесінде басты сөздердің жалпы көрінісі – қалың қаріппен, түсініктемелер – курсивті қаріппен берілген. Бағдарламалау ережелеріне сай бағдарлама нұсқаулары шегініс арқылы бөлек-бөлек жіктеліп жазылған. Бұл әдіс бағдарламаны түсінуге ыңғайлы жасалған.
//Есептеу пернесін басу.
Procedure TForm1. Button1Click (Sender: Tobject);
Var
Код редакторы бағдарламалау тіліндегі кілттік сөздерді (Procedure, var, begin, end, if және тағы басқалар) қалың қаріппен белгілейді. Бұл бағдарлама құрылымын түсінікті түрде беру үшін қолданылады. Кілттік сөздермен қатар, код редакторы түсініктемелерді курсивті қаріппен белгілеуге де мүмкіндік береді.
Мәтінді теру кезінде редактор процедуралар мен функциялар және объектілердің қасиетттері мен тәсілдері жөнінде анықтамалық ақпараттар шығарып береді. Мысалы, редактор терезесінде ShowMessage деп жазсақ, онда экран бетінде ShowMessage фнкциясының параметрлері көрсетілген терезе шығады. Параметрлердің бірі қалың қаріппен белгіленеді, міне, осылай редактор бағдарламашыға қандай параметрді енгізу керектігн білдіретін түсінік береді. Параметрлер мен үтірді енгізгеннен соң көмекші терезеде келесі парметр белгіленіп тұрады. Осылайша барлық параметрлер толық көрсетіліп болғанға дейін осы әрекеттер орындала бермек. Код редакторы объектілері үшін әдістер мен қасиеттер тізімі шығарылады. Бағдарламашы объект (компонент) аты мен нүктені жазып болысымен, көмекші терезеде осы объектінің әдістері мен қасиеттер тізімі пайда болады. Керекті элементке өту үшін меңзердің (курсордың) орнын ауыстыру қажет немесе кілтжиыннан қасиет немесе әдістің алдыңғы бірнеше әріптерін терсе жеткілікті. Тізімнің керек элементі таңдалып Enter пернесін басқан соң ғана бағдарлама мәтініне керек қасиет немесе әдістер қосылады. Көмекші терезенің бағдарлама мәтінін дайындауға көп көмегі бар. Екі рет тышқанмен белгілеу Code Insight механизмінің жұмыс істеуіне әкеледі, ал OnClick оқиғасын өңдеу үшін дайындалғанды код терезесіне орналастырады. Егер бағдарлама жазған уақытта көмекші терезе пайда болмаса, онда бағдарлама жасаушы қателесті (процедура немесе функция аты дұрыс жазылмаған) деген сөз.
1.6 Анықтама жүйесі
Бағдарламаны теру барысында тілдің құрылымы жөнінде немесе функциялар туралы анықтамалар алуға болады. Ол үшін код редакторы терезесінде анықтама алу керек сөзді теріп, сонан соң «F1» пернесін басу қажет.
Ақпараттық анықтаманы Help менюінен Delphi Help командасын таңдау арқылы алуға болады.
Бұл кезде экранда анықтамалық жүйенің стандартты терезесі пайда болады. 1.2 суретте терезедегі «тақырыптық нұсқағыш» салымында анықтама алумен байланысты тақырыпты анықтайтын кілттік сөзді енгіземін. Кілттік сөз ретінде функцияның, процедуралардың, қасиеттердің немесе әдістер аттарының алғшқы бірнеше әрпін енгізсе жеткілікті.
1.2-сурет. Кілттік сөз бойынша анықтмалық ақпарат іздеу.
Delphi жобасы – бағдарламалық бірлік жиынынан (модульдерді) қамтиды. Басты деп аталатын модульдердің бірі – бағдарламаның орындалуы басталатын нұсқауды қамтиды. Осы нұсқаудан бағдарламаның орындалуы басталады.
Қосымшаның басты модулі толықтай Delphi-де қалыптасады.
Басты модуль файлының кеңейтілуі .dpr болып белгіленеді. Қосымшаның басты модулінің мәтінін көру үшін Project менюінен ViewSource командасын таңдау қажет. Төмендегі бағдарлама жүгіру жылдамдығын есептеуге арналған.
Басты модуль program сөзінен басталады, онан соң жоба атына сәйкес болатын бағдарлама атын беру қажет. Жоба аты жобаны сақтау кезінде беріледі де, ол компилятор арқылы құрылатын бағдарламаны – орындамалық файл атын анықтайды. Әрмен қарай Uses сөзінен кейін қолданылатын модульдер аты жазылады: Forms кітапханалық модулі және vrun1.pas формасының модулі.
Түсінікке ұқсас {$R*.res} қатары – бұл директива, компиляторға ресурстар файлын қосады. Ресурстар файлы қосымшалар ресурстарынан тұрады: пиктограммалар, меңзерлер, биттік образдар және тағы басқалар. Жұлдызша белгісі – ресурстар файлының аты жоба файлымен бірдей екенін білдіреді, бірақ кеңейтілуі .res.
Ресурстар файлы мәтіндік файл емес, сондықтан оны мәтін редакторының көмегімен қарауға мүмкіндік жоқ. Ресурстар файлымен жұмыс үшін арнайы бағдарламалар қолданылады, мысалы, Resourse Workshop. Сонымен қатар Delphi құрамына кіретін Image Editor утилитін де пайдалануға болады, оған қатынас Tools менюіндегі Image Editor командасын таңдау арқылы ұйымдастырылады.
Басты модульдің орындалатын бөлігі begin және end нұсқауларының арасында орналасқан.
Орындамалық бөлім нұсқауы қосымшаны инициализациялауды және стартты терезені экранға шығаруды қамтамасыз етеді.
Басты модульмен қатар, әрбір бағдарлама өзінде ең болмағанда бір форма модулін қамтиды.
Онда қосымшаның стандартты формасына түсінік пен оның жұмысын қолдайтын процедуралар сақталады.
Delphi-дегі әрбір формаға өзіндік модуль сәйкес келеді.
Төменде жүгіріс жылдамдығын есептеу бағдарламасы модулінің мәтіні берілген.
Модуль unit сөзінен басталады да, одан кейін модуль аты беріледі.
Осы ат жоғарыдағы бағдарламада мәтіні келтірілген, қосымшаның басты модуліне қатысты uses нұсқауында қолданылатын модульдер тізімінде ескеріледі. Модуль мынандай бөлімдерден тұрады:
интерфейс;
жүзеге асыру;
инициализациялау;
Интерфейс бөлімі (Interface сөзінен басталады) бағдарламаның басқа модульдері үшін модульдің қандай бөлімінің ыңғайлы екендігін компиляторға хабарлайды. Осы бөлімде (Uses сөзінен кейін) берілген модульмен қолданылатын кітапханалық модульдер берілген. Сонымен қатар бұл жерде type сөзінен кейін Delphi арқылы құрылған форманың баяндалуы орналасады.
Жүзеге асыру бөлімі implementation сөзімен ашылады да, форма жұмысын қолдайтын локальді айнымалылар, процедуралар мен функциялардың баяндауларын қамтиды. Жүзеге асыру бөлімі {$R*.DFM} директивасынан басталады. Бұл орындалатын файлды генерациялау процесінде форманы баяндауды компиляторға көрсететін болады. Форманы баяндау .dfm кеңейтілуі бар файлда орналасқан. Ол файлдың аты модуль атымен сәйкес. {$R*.DFM} директивасынан кейін формалар мен оның компоненттері үшін оқиғаларды өңдеу процедуралары жазылады. Осы жерге бағдарлама жасаушы басқа процедуралар мен функцияларды қоса алады.
Инициализациялау бөлімі модуль айнымалыларын инициализациялауға мүмкіндік береді. Инициализациялау бөлімінің нұсқаулары жүзеге асыру бөлімінен кейін (барлық прцедуралар мен функцияларды баяндау) begin және end кілттік сөздерінің арасына жазылады. Егер инициализациялау бөлімі бірді-бір нұсқауды қамтымайтын болса, онда begin сөзі көрсетілмейді.
Бағдарлама жобасын құру
2.1 Алгоритм және бағдарлама
Жазылған бағдарламаны қолданғанда, пайдаланушы адам компьютерге бастапқы деректерді кілтжиынның көмегімен енгізеді, ал компьютер нөтижені экранға, баспа құрылғысына немесе файлға шығарып береді. Шын мәнінде бастапқы деректерді нөтижеге түрлендіру әрекетін компьютер процессоры (белгілі бір алгоритм бойынша) орындайды. Бұл алгоритм арнайы тілде жазылған, оны бағдарлама деп атаймыз.
Бағдарламаны өндеу кезеңдері
«Бағдарлама жазу» ұғымы белгілі бір әрекеттерді орындау командаларын қағаз бетінде немесе мәтіндік редактор көмегімен жазумен түсіндіріледі.
Бағдарламалау - бұл мынадай қадамдардан тұратын бағдарламаны құру (өңдеу) процесі:
Бағдарламаға қойылатын талапты анықтау.
Алгоритм әзірлеу.
Командаларды жазу (кодтау).
Түзету.
Тесттен өткізу.
Бағдарламаға қойылатын талапты анықтау
Бағдарламаға қойылатын талапты анықтау - бұл бастапқы мәліметтерді баяндау және нәтижеге қойылатын талаптарды қалыптастырудағы маңызды кезең болмақ.
Егер бағдарлама Windows ОЖ-де жұмыс істейтін болca, онда міндетті түрде сұхбаттық терезе құрылады. Осы сұхбаттық терезе арқылы қолданушы мен бағдарлама арасындағы қатынас қамтамасыз етіледі.
Алгоритм құру кезеңінде нәтиже алу үшін орындауға қажетті әрекеттерді анықтау керек. Егер тапсырма бірнеше жолмен (тәсілмен) шешілетін болса, онда әрине, шешу алгоритмінің түрлі нұсқалары қолданылады. Олай болса бағдарлама жасаушы осы нұсқалардың ішінен ең тиімдісін белгілі бір өлшем бойынша (мысалы, алгоритмді шешу жылдамдығы) таңдауы тиіс. Алгоритмді қүру кезеңінің нәтижесінде алгоритмге сөзбен нақтырақ түсініктеме беріледі немесе оның блок-сызбасы құрылады.
Бағдарламаға қойылатын талап анықталып, шешім алгоритмі құрылганнан кейін, алгоритм бағдарламалаудың таңдалған тілінде жазылады. Нәтижесінде бастапқы бағдарлама алынбақ.
Түзету - бұл қателерді іздеу және оларды жою процесі. Бағдарламадағы қателерді екі топқа жіктеуге болады: синтаксистік (мәтіндегі қателер) және алгоритмдік қателер. Синтаксистік қателерді оңай тауып, жөндеуге болады. Алгоритмдік қателерді аңгару қиынырақ. Егер бағдарлама бір немесе бірнеше кіріс деректерін енгізген кезде дұрыс жұмыс жасайтын болса, онда түзету жұмысын аяқталды деп есептеуге болады.
Бағдарлама басқа қолданушылардың пайдаланатынына көзіңіз жететін болса, онда тесттен өткізу кезеңінің маңыздылығы ерекше. Бұл кезеңде кіріс деректерініц көп мөлшерінде бағдарлама қалай жұмыс жасайды, дұрыс емес деректер енгізгенде бағдарлама жұмысында қандай өзгерістерді байқауға болады, міне, осыларды тексеру қажет.
Бағдарламаны құрудың бастапқы кезеңінде бағдарлама жасаушы тапсырманы шешу әрекеттерін, яғни алгоритмін құрып алуы қажет. Алгоритм дегеніміз - бастапңы деректерден нәтижеге дейінгі процестерді анықтайтын нақты түсінік.
Алгоритм төмендегідей үш қасиетті қамтыса, тапсырманы шешудегі қойылымды дұрыс деп бағалауға болады:
бірмәнділік;
жалпыламалық;
нәтижелілік.
Алгоритмнің бірмәнділігі деп әрекетті орындау epeжелерінің тұтастығын және орындалу тәртібін түсінуге болады. Алгоритмнің жалпыламалылығы - тапсырмалар класстарын шешудегі белгілі бір шекте бастапқы деректердің мәндері өзгерген кезде де бағдарлама шешімін табуда кедергінің туындамауы. Алгоритмнің нәтижелілігі - алгоритмнің орындалуы барысында анық нәтиже алуға ұмтылушылықпен анықталмақ.
Мысалы, ах2+вх + c = 0 түрінде берілген квадрат теңдеуді шешу қажет. Бұл есепті шешу үшін мынадай қадамдарды құрамыз:
D=в2 - 4ac формуласы бойынша дискриминантты есептеу:
Егер дискриминант мәні нөлден үлкен немесе оған тең болса, онда теңдеу түбірін табамыз: x1= (–b+ sqrt(b*b-4ac))/2a; x2= (–b– sqrt(b*b-4ac))/2a
Егер, дискриминант мәні нөлден кіші болса, онда теңдеудің шешімі жоқ.
Бұл келтірілген түсініктер жоғарыда берілген алгоритмнің барлық қасиеттерін қамтиды:
бірмәнділік (түсіндірмеде теңдеу коэффициенттерінің қалай белгіленетіндіктері көрсетіліп, дискриминант мәнін және теңдеу түбірін есептеудің формулалары келтірілген);
жалпыламалылығы (түсіндірмеде коэффициенттердің нақты мәндері емес, коэффициенттер белгіленулері қолданылған формулалар келтірілген);
нәтижелілік (түсіндірме бойынша анықталған қадаммен орындалған бағдарламадан дұрыс нәтиже алынады).
Алгоритмді баяндауда «коэффициент» және «теңдеу түбірі» деген сияқты жалпылама түсініктер қолданылады. Тапсырманы шешуде бұл түсініктер нақтыланады.
Абстрактылы квадрат теңдеу түбірінің мәнін табудың қажеті жоқ, тек нақты теңдеуді шешу қажет, яғни теңдеу коэффициенттерін берсе жеткілікті.
Тапсырманы шешу алгоритмін сөзбен баяндауға да, графиктік түрде блок-сызба көмегімен көрсетуге де болады(2.1 сурет). Алгоритмді блок-сызба түрінде көрсету кезінде арнайы символдар қолданылады.
Басы Аяғы Енгізу Шығару Өңдеу Таңдау
2.1-сурет. Алгоритмді блок-сызба түрінде көрсету үшін қолданылатын негізгі символдар
Алгоритмді блок-сызба түрінде көрсету бағдарлама жасаушыға орындалатын әрекеттердің реттілігін түсінуге мүмкіндік береді.
Delphi-де бағдарламалау кезінде тапсырманы шешу алгоритмі оқиғаларды өңдеу процедуралары алгоритмдерінің жиынтығын қамтиды. Сұхбаттық терезені құрғаннан кейін және оқиғаларды өңдеу алгоритмін қалыптастырып алғаннан кейін бағдарламаны жазуға кіресеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |