Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 22 қарашадағы №63 бұйрығымен бектіліген



жүктеу 229 Kb.
бет1/3
Дата14.11.2018
өлшемі229 Kb.
#19424
  1   2   3



Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының

2016 жылғы 22 қарашадағы № 63 бұйрығымен
бектіліген Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
2014-2018 жылдарға арналған
стратегиялық жоспарын іске асыру бойынша есебі

Есепті кезең: 2016 жыл
1. Тәуекелдерді басқаруды талдау


Ықтимал тәуекелдердің атауы

Тәуекелдерді басқару бойынша жоспарланған іс-шаралар

Тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралардың іс жүзінде орындалуы

Ескертпе

(орындалуы/


орындалмауы туралы ақпарат)

1

2

3

4

1-стратегиялық бағыт. Кәсіпқой мемлекеттік қызмет жүйесін қалыптастыру

1.1-мақсат. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және құзыретті корпусын қалыптастыру

Мемлекеттік қызметке кіру тек төменгі лауазымдардан басталуы талап етілетініне байланысты кадрлық мобильділік деңгейінің төмендеуі және «Б» корпусының кадрлық резервінің таратылуы

Ішкі конкурстарды өткізу мерзімдерін қысқарту және оны өткізу тәртібін жеңілдету

Агенттік 2016 жылы конкурстық рәсімдерді оңтайландыру жұмыстарын жүргізді.

Осылай, құжаттарды қабылдау уақыты қысқарды: ішкі конкурс бойынша – бес күннен үш жұмыс күнге дейін; жалпы – он күннен жеті жұмыс күнге дейін.

Кандидаттардың әнгімелесуді өткізу уақыты бес күнен үш жұмыс күнге дейін қайта қарастырылды.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңға құқық қолдану практикасы талдауы негізінде өзгерістер енгізіліп, ішкі конкурстан кейін бірден жалпы конкурс ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылған.

Бұл конкурс уақытын 16 жұмыс күнге қысқартуға мүмкіндік берді.


Орындалды

Құрылатын мансаптық модельге байланысты кадрлардың жетіспеушілігінің орын алуы, онда вакансияларға орналасу алғашқы кезекте «ішкі ресурстар» есебінен жүзеге асырылады, ал бағалау, этикалық бақылау, ротация секілді институттар және басқалар қызметшілерді жұмыстан шығару негіздемелерін кеңейтеді

Мансаптық модельдің ашықтығын, бәсекеге қабілеттілігін және баланстығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметке шетелдік менеджерлер, жеке сектордың жекелеген мамандары және Қазақстан Республикасының азаматтары – халықаралық ұйымдардың қызметкерлері тартылуы мүмкін. Олардың тағайындалуы ерекше талаптар мен жеке лауазымдар тізімі бойынша іске асырылады.Бұл шара мемлекеттік қызметті ашық

және бәсекеге қабілетті жүйе етіп қалыптастырады



Ұлт Жоспарының 11-қадамын орындау аясында, мемлекеттік аппараттың тиімділігін және кәсібилігін арттыру мақсатында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңмен шетелдік менеджерлерді және жекеменшік сектордың мамандарын мемлекеттік қызметке тарту нормасы қарастырылған.

Мемлекеттік органдарға шетелдік жұмыскерлерді тарту қағидалары 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1198 Үкімет қаулысымен бекітілген.

Оларды жұмысқа қабылдауға кадрлық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясының елде қажетті салалар мен секторларда мамандардың болмауы немесе озық технологияларға қол жеткізу үшін мамандар тарту қажеттілігі жағдайында қабылданатын шешімі негіз болып табылады.

Агенттік мемлекеттік органдарда шетелдік менеджерлер қажеттілігін анықтау жұмыстарын жүргізуде.

Шетелдік жұмыскерлерді шақыруға орынды 30-дан астам лауазымдар зерттелген. Негізінен, бұл лауазымдар инвестициялық жобалар, агроөнеркәсіп кешендері, ветеринария, сот жүйесі, жер қойнауын пайдалану, барлау секілді ел дамуының басымды бағыттарымен тығыз байланысты.

2016 жылы мемлекеттік органдарға шетелдік қызметкерлер тартылмаған.



Жеке сектордан мамандарды тарту жалпы конкурс арқылы іске асырылады.

2016 жылы мемлекеттік қызметте жеке сектордан 2 103 адам қабылданды.



Орындалды

Бағалау мен сыйақы беру жүйесі байланыстырылғандықтан (нәтижелер бойынша еңбекке ақы төлеу қағидатының енгізілуіне), адами фактор бар болғаны үшін бағалау кезінде субъективизмнің көрініс табуы

Бағалаудың және ұжымдық қабылданатын шешімдердің айқын, бір мәнді өлшемдерін белгілеу арқылы бағалаудың және оның нәтижелері бойынша бонустар төлеудің объективтілігі мен ашықтығын барынша көп қамтамасыз ету

Қолданыстағы әдістеме мемлекеттік қызметшілерді бағалаудың нақты критерияларын анықтайды.

Осылай, «А» корпусындағы әкімшілік мемлекеттік қызметшілер жасасқан келісімдер негізінде бағаланады, онда басымдықтардың саны үшеуден артық емес, олардың ішінен кем дегенде жартысы өлшенетін болуы тиіс.

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілері, бағыныстағы қызметші мен басшы арасында жасалатын және күтілетін нәтижелерді көрсете отырып қызметтің мақсаттық көрсеткіштерін қамтитын жеке жұмыс жоспарлардың негізінде бағаланады. Көрсеткіштер саны
4-тен аспау керек, олар нақты, өлшеуге келетін, қол жетімді және анықталған орындау мерзімімен болуы керек. Сонымен бірге, кем дегенде жартысы өлшенетін болуы тиіс.

Қабылданатын шешімдердің алқалылығын қамтамасыз ету үшін бағалау нәтижелері уәкілетті комиссиялармен қаралады және бекітіледі («А» корпусының қызметшілері үшін – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кадрлық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиямен, «Б» корпусының қызметшілері үшін – мемлекеттік органдардардағы бағалау жөніндегі комиссия шешімдерімен).

Мемлекеттік қызметші оның қызметін бағалау нәтижелерін Агенттікке және оның аумақтық бөлімшелеріне немесе сотқа шағымдануына құқығы бар.

Бұдан басқа, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы» Заңмен жұмыстың ерекшелігіне, көлеміне және нәтижелеріне байланысты қызметшілердің дифференциацияланған жалақысын орнату қарастырылады.

Осы тәсілдің іс жүзінде жүзеге асырылуы нәтижелі қызметшілерге бонус төлеу жүйесін енгізу арқылы жүзеге асырылады.


Орындалды

2-стратегиялық бағыт. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру

2.1-мақсат. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін жетілдіру

Мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы көрсету бойынша қызмет тиімділігінің жеткіліксіздігі

Агенттіктің мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөніндегі ұсынымдарын мемлекеттік органдардың сапалы әрі толық орындауын бақылау.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау нәтижелерін тұрақты негізде өткізу.

Мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтерді ұсыну бизнес-процестерін талдауды жетілдіру, оларды көрсету сапасына наразылық білдіру себептерін айқындау


«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға сәйкес Агенттік өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды және бақылауды іске асырады.

Осылайша, бұл мақсатты іске асыру барысында Агенттік «клиентке бағдарланған» қағидасын барынша қамтамасыз етуге бет бұрған.

Осыған байланысты, тұрақты негізде оларды айқындау және оларды тудыратын себептерді жою бойынша шаралар іске асырылады.

Осылай, 2016 жылы 800 мыңнан астам заң бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

- мемлекеттік қызметтер көрсетудің бекітілген бизнес-үдерістерін бұзу - 158,1 мың дерек (20%);

- толық емес құжаттар пакеті негізінде мемлекеттік қызмет көрсету- 153,6 мың (19%);

- стандарттармен қамтылмаған немесе ақпараттық жүйелер арқылы алуға болатын құжаттардың сұратылуы, - 94 мың дерек (12%);

- Мерзімдерін бұзу - 13,4 мың дерек (2%);

- Мемлекеттік қызмет көрсетуде негізсіз бас тарту, - 683 дерек (0,1%);

- Басқа бұзушылықтар - 375,8 мың дерек (46,9%).

Айқындалған бұзушылықтар нәтижесінде 3536 ұсыныстар жасалған, оның 3380 орындалды.

Ұсыныстардың орындамалуы қаржылық жоспарлау қажеттілігімен және оларды мүдделі мемлекеттік органдармен пысықтауына байланысты. Сонымен бірге, бірқатар тексерулер 2016 жылдың аяғында өткізілген, ал орындау туралы есеп мемлекеттік органдармен жарты жылдық қорытындысы бойынша ұсынылатынын айтып өту керек.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметінің тиімділігін анықтау үшін Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылдың 9 ақпанындағы №27 және Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылдың 9 ақпанындағы №172 бірлескен бұйрығымен тиісті әдістеме бекітілді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жөнінде мемлкеттік органдар тізіміне алғаш рет Ішкі істер министрлігі қосылды.

Негізгі бағалау критерийі азаматтардың сауалнама арқылы анықталатын мемлекеттік қызметтермен қанағаттану деңгейі.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін жеңілдету үшін, оларды көрсету рәсімдерін мінсіздік бойынша жұмыс жүргізіледі.

2016 жылдың басынан Агенттік білім беру, жер қатынастары, көші-қон, сәулет және құрылыс салаларындағы 24 мемлекеттік қызметтердің көрсету рәсімдері талданды.

Нәтижелері бойынша бір өтінішпен бірнеше мемлекеттік қызметтерді көрсетумен (4 мемлекеттік қызмет); құжаттарды азайтумен (7), уақытты қысқартумен (3); кезеңдерді қысқартумен (2); жоғарыдағы нормативті актілерді стандарттар мен регламенттерге сәйкес келтірумен байланысты (11 мемлекеттік қызметтер бойынша) оларды көрсету тәртібін жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірленген.

Жылжымайтын мүлік объектілерінің техпаспортын беру мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандартпен регламентке Әділет министрлігі түзетулер енгізді.

Мемлекеттік органдармен


5 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Орындалды

3-стратегиялық бағыт. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

3.1-мақсат. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттыру

3.2-мақсат. Қоғамның және мемлекеттің тыныс-тіршілігінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық деңгейін

барынша азайту



Елдің халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы рейтингінің төмендеуі

Ақпараттық-түсіндірме алдын алу жұмысы, қолданыстағы заңнаманың және құқыққа сай сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл институттардың әлеуетін қолдану,халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдарға интеграция

2016 жылы қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған.

Заңда көзделген профилактикалық іс-шаралардың арасында ерекше орын алатыны ақпараттық-түсіндірме жұмысына негізделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Осы мақсатта бұқаралық ақпарат құралдарымен тиісті әрекеттесу орнатылған.

Журналистер, блогерлер, баспалар мен телеарналардың бас редакторларымен 40-тан астам кездесулер өткізілді.

Республикалық және аймақтық БАҚ-да 80 астам тақырыптық айдарлар («Сыбайластықпен күрес», «Адал өмір сүру», «Фемида», «Закон и порядок», және т.б.) құрылды.

Мысалы, «Сыбайластықпен күрес» айдарында мемлекеттік қызметкерлер мен азаматтарға сыйлықтар қабылдау бойынша шектеулер түсіндірілді.

3 мыңнан астам мақалалар жарияланып, 1700 жуық бейнесюжеттердің көрсетілімі ұйымдастырылды. Интернетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы салада шамамен 8 мыңға жуық материалдар жарияланды.

Сонымен қатар, 2016 жылы үкіметтік емес ұйымдарға елдің барлық өңірлерінде қоғамдық қабылдау бөлімдерін ашуға мүмкіншілік беретін «Азаматтық бақылау» жобасы іске қосылды.

Олар мемлекеттік қызметтер сапасына қатысты, әкімшілік кедергілерді жою мәселелерімен өтініш жасау мүмкіндігін беретін азаматтық бастаманың орталығына айналды. Жұмыс барысында қоғамдық қабылдау бөліміне тиісті түсіндірулер алған 1 мыңнан астам азаматтар өтініштермен барған.

Сондай-ақ, алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесін назарға ала отырып, Қазақстанда алғаш рет сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік ахуалын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Ашық ынтымақтастық туралы келісім әзірленді.

Оған әркім қосыла алады, өйткені ол «Адалдық алаңы» атты арнайы жобаланған интернет-ресурсында орналастырылған.

Бүкіл республика бойынша 39 мыңнан астам ұйымдар, 54 мыңға жуық азаматтар оның қатысушылары болды.

Қабылданған шаралардың тиімділігі әлемдік жемқорлық Барометрімен расталады.

Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа белсенді қарсы күресетін адамдар саны 4 есе артты (7% -дан 28% -ға дейін).

Пара берген азаматтардың үлесі соңғы үш жылда 40%-дан 29% - ға дейін төмендеді.

Барометр қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ілгерілеуін халықтың 37% айқындады, бұл 2013 жылмен салыстырғанда шамамен екі есе жоғары (19%).

Сыбайлас жемқорлық деректерінің алдын алуында халықтың белсенділігіне ықпал ететін көрінісінің бірі айқын заңнамалық шаралар мен жағдайлардың болуы. Осылайша, Қылмыстық кодексіне сәйкес, өз еркімен пара бергені туралы баяндаған адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қатысты істерді баяндаған адамдарды ынталандыру тетігі құрылған. Өткен жылы 185 адам мадақталған. Халықтың азаматтық ұстанымның белсенділігі сыбайлас жемқорлықтың барынша қысқаруына септігін тигізеді.

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұйымдарға бірігуге қатысты қазіргі уақытта Еуропа Кеңесі көне беделді ұйымдардың бірінің бастамасымен құрылған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттер тобына (ГРЕКО) кіру бойынша жұмыс жүргізілуде.

ГРЕКО ұйымына қосылу Қазақстанға алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесі негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен заңнаманы жетілдіру мүмкіндігін береді.

Сонымен қатар, ГРЕКО ұйымына қатысу кейіннен құқықтық көмек көрсету, қылмыскерлерді ұстап беру және активтерді қайтаруды қамтамасыз ету мәселелері бойынша Еуропа елдерімен ынтымақтастығының құқықтық негізі болып табылатын сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы Еуропа Кеңесінің Конвенциясына қосылуына шақыру алу мүмкіншілігін тудырады.


Орындалды

Қоғамда сыбайлас жемқорлықты төзімді қабылдау деңгейінің артуы

Халықтың құқықтық сауатын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілікке» тәрбиелеу бойынша жұмыс жүргізу. Сыбайлас жемқорлық қатерлерін жою және мемлекеттік аппаратпен қоғамның әрекеттесуі кезіндегі әкімшілік рәсімдерді жетілдіру

Азаматтардың құқықтық сезімін және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті арттыруға бағытталған шаралар сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда ерекше орынға ие.

Осы тұрғыда, 6080 мектепте «Адал ұрпақ» клубтары құрылған. Жалпы 18 228 іс-шараларға қатысқан 750 000 оқушыны қамтыды. Тәрбиелеудің осы түрін енгізу оқушыларға әділдік пен әділеттілік қағидаларын сіңіруге мүмкіндік береді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру 266 мың мемлекеттік және азаматтық қызметшілерімен, судьялармен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен, квазимемлекеттік сектор қызметкерлерімен, бизнес пен азаматтық қоғам, діни және этномәдени бірлестіктер өкілдерімен қамтылған. Олардың қатысуымен 5 мыңнан астам іс-шара өткізілді.

Агенттіктің «әкімдіктен әкімдікке» және «мемлекеттік органнан мемлекеттік органға» жобасының шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты түсіндіру үшін шығыс кеңестер циклы ұйымдастырылған.

Іс-шаралар барысында мемлекеттік органдардың және тұтастай алғанда елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ахуалы туралы ақпараты қолжетімді, интерактивті түрде жеткізілді.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырумен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жүйесіне, халықаралық сарапшылармен пайдалануы оң бағаланатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қосылған.

Оларды пайдалану тәжірибесі сыбайлас жемқорлық себептері мен жағдайларын жүйелі түрде анықтауға мүмкіндік береді.

Осылайша, 2016 жылы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеттерінің, және жер ресурстары жөніндегі басқарманың, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің қызметтеріне және тағы басқа қызметтерге сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді.

Көптеген аталған ұйымдар үшін тән болып дискрециялық өкілеттіктер мен мүдделер қақтығысының болуы табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа мемлекеттік қызметтерді көрсететін және бақылау функцияларын жүзеге асыратын салалар ең көп бейім болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау нәтижелері бойынша 62 ұсыным әзірленген.

Ұсынымдар көбінесе мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша, бақылау-рұқсат беру функциялары бойынша және құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлықты тудыратын нормаларға бағытталған.



Орындалды

жүктеу 229 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау