Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары


Бәсекелестікті қорғау және дамыту саласы



жүктеу 1,3 Mb.
бет5/6
Дата26.11.2018
өлшемі1,3 Mb.
#24597
1   2   3   4   5   6

Бәсекелестікті қорғау және дамыту саласы

  1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

Қазақстан Республикасындағы бәсекелестік орта монополияландырудың қалыпты дәрежесімен сипатталады. Электрмен жабдықтау, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылау, тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу, денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер (нарықта мемлекеттік мекемелердің болуы есебінен) және т.с.с. экономикадағы неғұрлым монополияландырылған салалар болып табылады.

Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау мен бағалау тұрақты негізде жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша анықталған проблемалық мәселелер мен нарыққа жаңа ойыншылардың кіруіне тосқауылдарды жою жөнінде ұсыныстар әзірленіп, уәкілетті мемлекеттік органдарға енгізіледі. 2016 жылы 30 тауар нарығына талдау жүргізілді, оларды жүргізу қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға бәсекелестікті қорғау мен дамытуға бағытталған іс-шараларды жүргізу жөнінде ұсынымдар жіберілді.

Сонымен қатар, 2016 жылы соңғы 4 жылда 63%-ға ұлғайған, жүргізілген тергеп-тексерулер санының өсу үрдісі өзгерді. Мәселен, 2013 жылы – 171, 2014 жылы – 185 тергеп-тексеру, 2015 жылы – 232 тергеп-тексеру, 2016 жылы – 279 тергеп-тексеру жүргізілді, олардың ішінде бұзушылықтар анықталған тергеп-тексерулер саны 2013 жылы – 160 тергеп-тексеру, 2014 жылы – 165 тергеп-тексеру, 2015 жылы – 200 тергеп-тексеру, 2016 жылы – 228.

Осылайша бұзушылықтар анықталған тергеп-тексерулердің үлес салмағы аяқталған жалпы санынан 2013 жылы – 93,6%-ды, 2014 жылы – 92%-ды, ал 2015 жылы – 86,2%-ды, 2016 жылы – 82%-ды құрады.



2013 – 2016 жылдардағы бұзушылықтардың түрлері бойынша тергеп-тексеру құрылымы нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимылдары мен келісімдерінің саны мынадай:

ДЭФ ЖБИ көрсеткіштері бойынша Қазақстанның 2016 жылғы позициясы: «Нарықтарды монополияландыру дәрежесі» бойынша – 69-орында (2015 жылы – 57-орын, 2014 жылы – 68-орын, 2013 жылы – 78-орын); «Жергiлiктi бәсекелестіктің қарқындылығы» бойынша – 106-орында (2015 жылы – 94-орын, 2014 жылы – 111-орын, 2013 жылы – 120-орын); «Монополияға қарсы саясаттың тиімділігі» бойынша – 83-орында, (2015 жылы – 68-орын, 2014 жылы – 94-орын, 2013 жылы – 91-орын).

Монополияға қарсы саясаттың тиімділігін арттыру мақсатында 2015 жылы Қазақстан Республикасының негіз қалаушы бірқатар Заңдары қабылданды.

2015 жылғы 22 сәуірде «Сары беттер қағидалары» («Yellow Pages Rule») қағидаттарын заңды түрде бекітетін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Жоғарыда көрсетілген Заңды іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысымен Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесі бекітілді.

Осы Заңмен монополияға қарсы органның кәсіпкерлік ортада мемлекеттің орынсыз қатысуын анықтау тұрғысынан тауар нарықтарына жыл сайынғы талдау жүргізуін бекітетін норма енгізілді, нәтижесінде бәсекелестік ортаға беруге тиесілі мемлекеттік компаниялар мен қызмет түрлерінің тізбесі Үкіметке жіберілетін болады.

Тізбені қалыптастыру барысында, сондай-ақ Экономикалық қызмет түрлерінің номенклатурасын (бес таңбалы ЭҚЖЖ) өзектілендіру және 92 жаңа қызмет түрімен толықтыру бойынша жұмыс жүргізілді.

2015 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, оның шеңберінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес бекіткен «Бәсекелестік туралы» Модельдік заңның нормалары «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына имплементацияланды.

Монополияға қарсы саясатты жетілдіру бойынша жұмыстағы маңызды қадам монополияға қарсы органның жұмысы тұжырымдамасының өзгеруі және оны ЭЫДҰ елдеріндегі бәсекелестікті қорғау қағидаларына сәйкес келтіру болып табылады, бұл елдің тауарлық нарықтарында бәсекелестікке одан әрі жетілдірілген жағдайлар жасауды, осылайша ЕАЭО масштабында және ДСҰ шеңберінде бәсекеге қабілеттілікті арттыруды білдіреді.

Кәсіпкерлікті реттеу саласындағы заңнаманы шоғырландыру шеңберінде «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының барлық нормалары Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 30 қазанда қол қойған Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің «Экономикалық бәсекелестік» деген бөліміне имплементацияланды.

Бұдан басқа, Кәсіпкерлік кодексі бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіруге, атап айтқанда: нарық субъектілерінің үстем жағдайын айқындау өлшемшарттарын өзгертуге; үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің тізілімін жүргізуді және олардың есептілігін кезең-кезеңмен күшін жоюға; хабарлау институттарын, келісу комиссиясын енгізуге бағытталған бірқатар түзетулер қабылдады.

Монополияға қарсы органның жоспарлы жұмысы нәтижесінде 2016 жылғы маусымда Қазақстан ЭЫДҰ-ның Бәсекелестік бойынша комитетінің құрамына кірген Орталық Азиядағы бірінші ел болды. Оған кіргеннен кейін республика алдыңғы қатарлы тәжірибемен алмасуға және ең озық бәсекелес практикаларын енгізуге, әлемнің ең дамыған елдерімен интеграцияны күшейтуге мүмкіндік алады.

ЭЫДҰ-ның ұсынымдары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы мен саясатын қорытынды шолу нәтижелері бойынша 2016 жылғы 28 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік және тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған, онда Кәсіпкерлік кодексіне монополияға қарсы заңнаманы, оның ішінде ЭЫДҰ елдерінің стандарттарына уәкілетті органның жұмыс тәртібін нақты регламенттей отырып, сәйкес келтіруге, сондай-ақ монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері бойынша тергеп-тексеру жүргізудің тиімді құралдарын енгізуге бағытталған қосымша түзетулер енгізу көзделген.

2. Негізгі проблемаларды талдау

Қазіргі уақытта бәсекелестіктің дамуына кедергі келтіретін мынадай өзекті проблемалар бар:

Мемлекеттік органдардың экономикалық процестерге негізсіз араласуына байланысты әкімшілік кедергілер. Мұндай фактілер жаңа қатысушылардың нарыққа кіру ынталарын төмендетіп, өндірістік емес шығасыларды арттырады және сыбайлас жемқорлық үшін және «әкімшілік» деп аталатын ресурстың пайда болуына жағдай туғызады.

Нарықтың басқа субъектілерімен бәсекелесуге жағдай жасалған салалардағы квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қалыптасуына және қызметіне байланысты институционалдық проблемалар. Мұндай субъектілердің қызметі олардың айрықша мәртебесі мен әкімшілік және саяси ресурсты пайдалану мүмкіндігіне байланысты аса айқын емес.

Монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтар санының өсуі. Көп жағдайда соңғы жылдары бұзушылықтар бәсекелестікке қарсы келісімдерге және келісілген іс-әрекеттерге және нарық субъектілері тарапынан бәсекелестікке қарсы әрекеттердің көріністеріне байланысты болады.

3. Тәуекелдерді басқару




Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Бәсекелестігі дамымаған нарықтар санының ұлғаюы

Тауар нарықтарындағы жағдайды жақсарту бөлігінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарына ұсыныстар жіберу


Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу саласы

1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

Табиғи монополиялар салаларында 1530 қызмет көрсететін 1209 нарық субъектісі өз қызметін жүзеге асырады, олардың ішінде: жылумен жабдықтау саласында – 347, электрмен жабдықтау саласында – 162, су шаруашылығы жүйесінде – 660, темір жол көлігі саласындағы көрсетілетін қызметтер – 291, азаматтық авиация және әуежайлар саласында – 25, газ тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтер – 36, мұнай тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтер – 4, телефон кәрізін пайдалануға беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер – 3, теңіз портының көрсетілетін қызметі – 1.

Табиғи монополиялар субъектілерінің ұзақ мерзімді тарифтер бойынша жұмысқа ауысуын ескеріп, нақты үлесі 2016 жылы 0,990% болжамымен 0,809%, 2015 жылы – 0,998%; 2014 жылы – 0,51%, 2013 жылы – 1,15% құрады.

Табиғи монополиялар субъектілері қызметін реттеу саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде инвестициялық тартымдылықты арттыру мақсатында қуаты аз табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, барлық табиғи монополиялар субъектілерінің қолдану мерзімі бес және одан көп жылға шекті (ұзақ мерзімді) тарифтер бойынша жұмысқа өтуі бөлігінде табиғи монополия туралы заңнамаға өзгерістер енгізілген.

Осылайша, 2016 жылдың қорытындысы бойынша 274 табиғи монополиялар субъектісі қолданылу мерзімі бес және одан көп жылға шекті (ұзақ мерзімді) тарифтер бойынша жұмысқа ауысты.

Әкімшілік кедергілерді азайту, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметі мен тариф белгілеу процесінің ашықтығын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы 2015 жылғы 5 мамырда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) қол қойды.

Осы Заң шеңберінде кәсіпорындардың экономикалық дербестігін ұлғайтуға, үнемдеуді өз бетінше жұмсауға, тарифтік сметаны көтеруге тыйым салуды жоюға, өзге қызметпен айналысу мүмкіндігіне және сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоғары бірқатар рәсімдерді алып тастауға, тарифті бекіту рәсімдерін біріктіруге, төтенше реттеуші шараларды қолдануды нақтылауға, ақпаратты жариялау тізбесін кеңейтуге ықпал ететін субъектілердің қызметіне (өзге қызмет, есептік саясатты келісу, негізгі құралдарды қайта бағалау) қойылатын бірқатар шектеулердің күшін жоятын өзгерістер енгізілді.

Сонымен қатар қаржылық көрсеткіштері бойынша ғана емес, іс-шаралар бойынша бақылауды, жергілікті атқарушы органдармен бағдарламалардың орындалуын бірлесіп талдауды және бағдарламалардың орындалуын талдау кезінде сапа мен сенімділік индикаторларын есепке алуды қамтитын инвестициялық бағдарламалардың орындалуын бақылау тетігі күшейтілді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі (бұдан әрі – ЕҚҚДБ) табиғи монополиялар салаларындағы тарифтік саясатты реформалау бойынша нақты жұмыстар жүргізуде. Ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде техникалық ынтымақтастық шоты туралы: «Инфрақұрылымдағы реттеу және тарифтік саясатты әзірлеу» тақырыбында зерттеу жүргізілді.

ЕҚҚДБ ұсынысы бойынша уәкілетті орган Халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартатын және халықаралық қаржы ұйыдарының қарыздарын тартатын табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесіне кіретін табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің ерекше тәртібін бекіту функциясын иеленді.

Бұдан басқа, ЕҚҚДБ жылумен жабдықтау, электр энергиясын беру, сумен жабдықтау, теңіз порттары, аэропорттар салаларында тариф құру әдіснамасын жетілдіруде. Зерттеудің қорытындысы бойынша 2016 жылы жекелеген табиғи монополия субъектілері базасында пилоттық жобалар ретінде тарифтік саясатты жетілдіру бойынша ЕҚҚДБ ұсыныстарын сынақтан өткізу басталды.

Халықаралық сарапшылардың ұсынымдарын ескере отырып және тарифті құру мен табиғи монополиялар субъектілерінің жауапкершілігін арттырудың альтернативті шешімдерін (ынталандырушы әдістер, индексациялау әдісі, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын жасасу кезінде тарифті айқындау) қолдана отырып, «Табиғи монополиялар туралы» жаңа Заңның әзірленуі тарифтік саясатты реформалау шеңберінде маңызды өзгеріс болып табылады.

Заң жобасында тариф құру ашықтығын арттыру, жаңа реттеу әдістерін қолданудың құқықтық негізі және тарифтерді бекіту процесінде жұртшылықтың ат салысуына мүмкіндік беретін жаңа институттарды енгізу көзделген.

2. Негізгі проблемаларды талдау

Табиғи монополиялар салаларында қазіргі уақытқа дейін желілер мен жабдықтың елеулі тозуына, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілері тарифтерінің өсу себептері мен негізділігі және осындай субъектілердің тарифтерге салынған және инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға бағытталған қаражатты тиімді пайдалануы туралы тұтынушылардың жеткілікті түрде хабардар болмауынан көрінген, тұтынушы үшін тариф белгілеудің ашық болмауына байланысты табиғи монополиялар субъектілерінің сапасы төмен қызмет көрсету проблемасы орын алуда.

Коммуналдық көрсетілетін қызметтерге тарифтердің өсуінің негізгі себептеріне отын құнының өсуін, экономиканың реттелмейтін секторларында материалдар мен шикізат бағасының көтерілуі, жалақының индексациялануы, негізгі қорларды қайта құру мен жаңғыртуға бағытталған инвестициялық бағдарламаларды іске асыруды жатқызуға болады.

Бұдан басқа, бүгінгі күні халық үшін және заңды тұлғалар үшін тариф айырмашылығы 500-ден астам пайызды құрайды, осыған байланысты, бизнесті жүргізу жағдайларын жақсарту, бизнесті қайта реттеу және шығасыларды төмендету шеңберінде («Бизнес үшін, оның ішінде энергетика, көлік, логистика және ТКШ-дағы көрсетілетін қызметтер құны бойынша шығасылардың барлық түрлерін жаппай төмендету жөніндегі шараларды қабылдау» ЖҰЖ-дың 21-тармағы) тұтынушылар арасында тарифтерді саралаудан бас тарту (2021 жылға қарай) бойынша жұмыстар жүргізілуде.

3. Тәуекелдерді басқару


Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Инфляция деңгейінің берілген параметрлерден асуы

Табиғи монополиялар субъектілері тарифтерінің негізсіз өсуіне және Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдаған инфляцияға үлестің Министрліктің реттеліп көрсетілетін қызметтерінен асуына жол бермеу бойынша қажетті шаралар қабылдау


Тұтынушылардың құқықтарын қорғау

1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

2016 жылғы 21 сәуірде Мемлекет басшысы тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тетіктерін құруға және қолданыстағыларын жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Атап айтқанда, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) өзгерістер енгізілді. Заң тұтынушылардың құқықтарын қорғау саясатын іске асырудың негізгі бағыттары мен тәсілдерін айқындайды.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік реттеуді жетілдіру мақсатында Заң мемлекеттік органдардың, оның ішінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның өкілеттіктерін кеңейтуді көздейді.

Мемлекеттік органдарға жаңа өкілеттіктер берілгенін, оларға сәйкес тұтынушыларға ақпарат беруді, консультация беруді және тұтынушыларды сауаттандыруды, оның ішінде тұтынушыларға олардың денсаулығына және қауіпсіздігіне қауіп төндіретін тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) туралы ақпарат беру жүзеге асырылатынын атап өту қажет. Бұдан басқа мемлекеттік органдар оннан астам тұтынушының бір мәселе бойынша құқықтары бұзылған жағдайларда тұтынушылардың белгісіз бір тобының құқықтарын қорғау мәселелері бойынша сотқа жүгінеді, сондай-ақ тұтынушылар құқықтарының бұзылуы туралы келіп түскен өтініштер, оларды қарау нәтижелері бойынша статистикалық деректерді және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қызмет туралы ақпаратты жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

Министрлік тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган ретінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөнінде зерттеулер жүргізу бойынша, ақпараттық-ағарту жұмыстары мен халыққа консультациялық көмек көрсету бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асырады. Бұдан басқа тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның тұтынушылардың шағымдарына жартыжылдық, жылдық талдау мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметіне жыл сайынғы талдау жүргізу бөлігінде құзыреті кеңейтілді. Үкімет талдаудың негізінде Қазақстан Республикасының Президентіне тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жағдайы туралы жылдық есеп жібереді.

Тауарларды сату, қайтару мен айырбастауға қойылатын талаптар жетілдірілді, қызметтер көрсету, жұмыстарды атқару шарттары нақтыланды. Тұтынушымен жасасқан шарттарға енгізілмеуі тиіс тұтынушылардың құқықтарын бұзатын талаптар айқындалды. Сатушының құқықтары мен міндеттері өзгеріске ұшырады. Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің құқықтары кеңейтілді.

Қазақстан Республикасының 3 кодексіне және 6 заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Сонымен қатар, Министрлікке 2014 жылы – 2135, 2015 жылы – 8059, 2016 жылы – 12 789 өтініш келіп түскенін атап өту қажет.



2016 жылдың қорытындысы бойынша 2014 жылмен салыстырғанда тұтынушылық өтініштер 6 есеге өскені байқалды, бұл Министрліктің танымалдығы мен мемлекеттік органның жұмысына деген қызығушылықтың артуына байланысты.

Министрлік 2015 жылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша әлеуметтанушылық және талдамалық зерттеулер жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерге алғаш рет 15,015 мың теңге сомасына мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс көздеді.

Зерттеудің мақсаты Қазақстан Республикасындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін дамыту жағдайын, проблемалары мен перспективаларын, тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктердің одан әрі даму факторларын, тұтынушылардың құқықтарын қамтамасыз ету мен іске асыру бөлігінде мемлекеттік институттарға сенім білдіру деңгейін анықтау болып табылады.

Зерттеу қорытындысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың тиімді және қолжетімді жүйесін құру, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерінде халықтың құқықтық сауаттылығы мен ақпараттандырылуын арттыру үшін тәжірибелік ұсынымдары бар талдау есептері әзірленеді.

Сараптама қоғамдастығының пікірі 2015 жылғы 36%-дан 2016 жылғы 56%-ға дейінгі оң серпінді көрсететін Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу жағдайын өзгертуді бағалау жөніндегі стратегиялық жоспардың көрсеткіштерін көрсетіп отыр..

Зерттеу Министрлікке тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің ішкі нарығындағы елдегі жағдайды, билік институттарына сенімділік деңгейін және халық пен сараптама қауымдастығының мемлекеттік қорғау шараларымен қанағаттануын бағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мемлекеттік реттеудің өзгеру серпінін көруге, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғауды тиімді сақтаудың әлеуетті нәтижелерін болжамдауға мүмкіндік берді.

Жыл сайын бюджет қаражаты шеңберінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөнінде мынадай ақпараттық материалдар: «Біздің сарапшымыз – Наш эксперт» журналы, буклеттер мен брошюралар, аудио- және видеожазбалар дайындалады, республикалық ақпараттық-талдамалық интернет-ресурстарда тұтынушылар үшін ақпарат жарияланады.

2. Негізгі проблемаларды талдау.

Тұтынушылар құқықтарының көптеген бұзушылықтарын туғызатын негізгі себептері халықтың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің құқықтық сауаттылығының төмендігі, сондай-ақ азаматтардың өз құқықтарын іске асыру тетіктері туралы жеткіліксіз хабардар болуы, бәрін қамтитын тұтынушылық білім беру мен ағарту жүйесінің болмауы болып табылады.

Осылайша, тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша қалыптасқан ахуал әртүрлі тыныс-тіршілік салаларындағы мемлекеттік ағартуды жетілдіру және тиімділігін арттыру қажеттігін айқындайды.

3. Тәуекелдерді басқару


Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Тұтынушылық сауаттылық деңгейінің төмендеуі

1. Тұтынушылық сауаттылық деңгейін арттыру бойынша ақпараттық жұмысты жүргізу

2. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша ақпараттық материалдарды орналастыру мен таратуды қамтамасыз ету (журналдар, буклеттер, бейнероликтер, аудиороликтер және т.б.)




3-стратегиялық бағыт. Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту

Өңірлерді дамыту саласы

1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

2012 жылдан бастап 2016 жылды қоса алғандағы кезеңде елдің ЖІӨ жалпы көлемінде негізгі мегаполистер Астана және Алматының үлесі – 27%-дан 33,4 %-ға дейін ұлғайды, бұл ретте «мұнайлы» облыстардың (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облысы, Қызылорда, Маңғыстау) үлесі 32,8%-дан 27%-ға дейін, «өнеркәсіптік» облыстардың үлесі (Шығыс Қазақстан облысы, Қарағанды, Павлодар) 18,6%-дан 18,1%-ға дейін, қалған «аграрлық» облыстардың үлесі 21,6%-дан 21,4%-ға дейін төмендеді.

Қазіргі уақытта Астана мен Алматы қалаларында, «өнеркәсіптік» және «аграрлық» өңірлерде бір уақытта инвестициялар үлесінің төмендеуімен «мұнайлы» өңірлерде инвестициялардың шоғырлануы байқалуда.

2016 жылдың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнімді шығаруда ең үлкен үлесті Алматы қаласы алады – 22,3 %, ең азы – Солтүстік Қазақстан облысы – 2,1 %.

Жалпы өңірлік өнімнің (бұдан әрі – ЖӨӨ) жоғары даму қарқыны Атырау облысында (3,4%) Алматы (2,6%) және Астана (2,5%) қалаларында байқалады.

2016 жылдың қорытындысы бойынша өңірлер арасында жан басына шаққанда қолдағы табыстар бойынша теңсіздік байқалады: жан басына шаққандағы ЖӨӨ Атырау (8 309,3 мың теңге) және Оңтүстік Қазақстан (981,4 мың теңге) облыстарындағы айырмашылық – 8,5 есе. Бұл ретте 2015 жылмен салыстырғанда – табыстар бойынша айырмашылық елеусіз ұлғайды (8,0 есе).

Өңірлерді дамыту мақсатында ел экономикасының өсуіне әсер етудің маңызды тетіктерінің бірі болып табылатын мемлекеттің тиімді өңірлік саясаты жүргізіледі.

2011 жылы Мемлекет басшысының 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен өңірлік дамудың түйінді бағыттары бойынша мемлекеттің тәсілдерін айқындайтын Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы (бұдан әрі – Болжамды схема) қабылданды.

Жаңа басымдықтарды («Қазақстан-2050» стратегиясы, «Әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру жөніндегі тұжырымдама» және Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы) ескере отырып, 2015 жылы Болжамды схеманы өзектілендіру жүргізілді.

Мәселен, елдің тиімді аумақтық-кеңістікте дамуының жаңа тәсілдері айқындалды:

1) аумақтық шоғырландыру және басқарылатын урбандалу негізінде теңгерімделген даму;

2) хаб және шұғыла қағидатының негізінде макроөңірлік даму.

Болжамды схеманы іске асыру үшін елдің ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын қалыптастыру, экономикалық өсу орталықтарында халық пен капиталды шоғырландыруды ынталандыру арқылы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту үшін жағдайлар жасауға бағытталған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен 2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) қабылданды.

Бағдарлама шеңберінде «бірінші деңгейдегі» қалалар (агломерациялар, хаб-қалалар), «екінші деңгейдегі» қалалар (облыс орталықтары, Семей және Түркістан қалалары); «үшінші деңгейдегі» қалалар (моно- және шағын қалалар), аудан орталықтары, тірек ауылдық елді мекендер, шекара маңы аумақтары - экономикалық өсу орталықтары айқындалды.

Бұл ретте Қазақстанның жаңа аумақтық ұйымы, бірінші кезекте ірі қалалардың озық өсуін орталықтары Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе қалаларындағы агломерациялардың немесе елдік ауқымдағы экономикалық өсу орталықтарының көздейді.

«Екінші деңгейдегі» қалалар сондай-ақ өз өңірлерінде өндірістік, қаржылық және еңбек ресурстарын тартатын және шоғырландыратын орталықтар болып табылады. Қазақстанда «екінші деңгейдегі» қалаларға 14 қала жатқызылған, оның ішінде 12 қала 12 облыстың әкімшілік орталығы, 2 қала облыстық маңызы бар қала (Семей, Түркістан) болып табылады.

Болжамды схеманы іске асыру үшін мемлекет «үшінші деңгейдегі» қалаларды, аудан орталықтарын, тірек ауылдық елді мекендерді және шекара маңы аумақтарын дамыту бойынша қосымша шаралар қабылдауда.

«Үшінші деңгейдегі» қалалар 27 моноқала мен 41 шағын қаланы қамтиды, олар облыстардың, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың аумақтарды дамыту бағдарламаларына сәйкес дамиды.

2016 жылы моноқалаларда 62 «зәкірлік» жоба іске асырылады (2015 жылы 56 жоба). 62 жобадан 5,7 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын құрумен пайдалануға 38 жоба берілді, оның ішінде 2016 жылы – 2,7 мың жұмыс орнын құрумен 16 жоба пайдалануға берілді.

Көрсетілген жобалар негізінен химия, тау-кен металлургия, ағаш өңдеу өнеркәсібінде, агроөнеркәсіптік кешенде, туризм, машина жасау және кеме жасау салаларында іске асырылады.

Пайдалануға берілген жобалардың жалпы санынан 21-і 50%-дан артық жобалық қуаттылықпен жүктелген (Степногорск, Кұлсары, Риддер, Ақсай, Жезқазған, Сарань, Теміртау, Жетіқара, Арқалық, Екібастұз, Кентау).

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 314 тірек ауылдық елді мекен айқындалды. 2016 жылы тірек ауылдарда әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға бағытталған 430 жоба іске асырылды. Тірек ауылдарды дамытуда Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары барынша белсенділік көрсетті.

Қазақстанның 14 облысының 12 өңірі шекара маңы болып табылады және ел аумағының көп бөлігін алып отыр.

Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту, экономикалық өркендеуге, әлеуметтік әл-ауқат және азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 қарашадағы № 438 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы іске асырылуда.

Ауылдық жерлерге жұмыс істеу және тұру үшін келетін әлеуметтік саланың және агроөнеркәсіптік кешен мамандарын ынталандыру үшін 2009 жылдан бастап «Дипломмен ауылға» жобасы іске асырылуда. Мәселен, жобаны іске асырудың басынан бастап ауылдық жерлерге 48 442 маман тартылды, олар жалпы сомасы 10,0 миллиард теңгені құрайтын көтерме жәрдемақы алды. Олардың ішінде 20 090 маманға тұрғын үй сатып алуға 46,0 миллиард теңге сомасына бюджеттік кредиттер берілді.

Өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында аумақтарды дамыту бағдарламаларына «Өңіраралық ынтымақтастық» бағыты қосылды, сондай-ақ Базалық көрсеткiштер тiзбесі өңіраралық сауданы сипаттайтын көрсеткiштермен толықтырылды.

2016 жылы 6 макроөңір үшін (Оңтүстік, Солтүстік, Орталық-Шығыс, Батыс, Алматы және Астана) инвестициялық бағдарламалар әзірленді және бекітілді.

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру үшін қабылданған Инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Алматыны, Астананы, Ақтөбені, Шымкентті және Өскеменді ұлттық және халықаралық денгейдегі хаб-қалалар ретінде айқындай отырып, елдің макроөңірлерін қалыптастыру жолымен Қазақстанның бірыңғай экономикалық нарығын құру бойынша шаралар қабылдануда.

2. Негізгі проблемаларды талдау

Бүгінгі күні аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттер мен ауылдық округтерде (бұдан әрі – ауылдық округ) жергілікті маңызы бар мәселелерді жедел және дербес шешуге мүмкіндік беретін дербес бюджеттер жоқ.

Осыған байланысты, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ауылдық округтер деңгейінде мемлекеттік бюджеттің IV деңгейін кезең-кезеңімен енгізуді көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Өңірлерді дамытудағы негізгі проблема жан басына шаққанда қолдағы табыстар бойынша өңірлер арасындағы теңсіздік болып табылады. 2016 жылдың қорытындылары бойынша жан басына шаққандағы ЖӨӨ Атырау және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы айырмашылық – 8,5 есе.

Өңірлерді дамытуға теріс әсер ететін факторлардың бірі әлемдік шикізаттық тауарлық биржалардағы бағалардың төмендеуі, белгілі бір облыс экономикасының бәсекеге қабілетсіздігінен жұмыссыздықтың ұлғаюы болып табылады.

Елдің көптеген өңірлерінің экономикалық жағдайы әлемдік шикізат тауарлары биржасындағы бағаларға тікелей байланысты: Қостанай, Қарағанды облыстары – темір рудасы, шекемтастар, қара металлургия өнімі, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары – түсті металлургия өнімі, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары – экономиканың мұнай-газ секторының өнімі.

Осыған байланысты өңірлерге экономикалық әлеуетті дамыту және инвестицияларды тарту үшін жасырын өсу резервтерін пайдалану бойынша жұмысты жүргізу, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыруды жандандыру қажет.

3. Тәуекелдерді басқару


Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Бағдарламалық құжаттардың іс-шараларын сапасыз және уақтылы іске асырмау

Жергілікті атқарушы органдардың бағдарламалық құжаттарда көзделген іс-шараларды орындау қызметін жандандыру


3-бөлім. Саланың/аяның басым бағыттары
1-стратегиялық бағыт

1-басымдық

Салалық және кәсіптік өзін-өзі реттеуші ұйымдарға мемлекеттік органдардың функцияларын беру

100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 97-қадамы шеңберінде бәсекелес ортаға функцияларды беру бойынша мынадай алгоритмді енгізу жоспарланып отыр:

– жыл сайын мемлекеттік органдардың функцияларына бәсекелес ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру тұрғысынан түгендеу жүргізуі;

– нарықтың дайындығына талдау жүргізу. Бәсекелес ортамен және үкіметтік емес сектормен тиімді өзара іс-қимыл бойынша «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына және «Қазақстанның азаматтық альянсы» ЗТБ негізгі рөлге ие;

– түгендеу және нарық дайындығын талдау негізінде шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынымдар қалыптастырылады;

– Қазақстан Республикасы Үкіметі мақұлдаған ұсыныстардың негізінде мемлекеттік органдар функцияларды нарыққа тікелей беруге кіріседі.

2017 жылы мемлекеттік органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру бойынша базалық қағидаттарды бекіту жөніндегі тиісті заң жобасын қабылдау жоспарланып отыр.

Қайталанатын функцияларды айқындауды және жоюды, жергілікті атқарушы органдар өкілеттіктерін кеңейтуді көздейтін әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік органдар құзыреттерінің аражігін ажырату жалғасады.


2-басымдық

Экономикада мемлекеттік меншіктің үлесін ЕЫДҰ елдерінің деңгейіне дейін - 2020 жылға қарай ЖІӨ-ден 15 % дейін төмендету, сондай-ақ мемлекеттік активтерді басқарудың тиімділігін арттыру.

2015-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына сәйкес ұлттық экономикадағы мемлекеттің қатысу үлесін 2020 жылға қарай ЖІӨ-ге қарағанда жалпы қосымша құнға қатысты 15 %-ға дейін төмендету жоспарланып отыр.

Қазақстан экономикасындағы мемлекеттің қатысу үлесін төмендету бірқатар бағдарламалар мен жоспарларды:

– Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын;

– «Самұрық-Қазына» АҚ трансформациялау бағдарламасын;

– Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған «Yellow Pages» қағидаттарын іске асыру арқылы қамтамасыз етілетін болады.

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 196-бабының 3-тармағына сәйкес жыл сайынғы негізде тауарлық нарықтардағы бәсекелестік жағдайға талдаулар жүргізіледі, олардың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет қатысатын (50%-дан артық) заңды тұлғалар тізбесі, сондай-ақ бәсекелес ортаға беруге жататын қызмет түрлері бойынша ұсыныстар жіберілетін болады.
3-басымдық

Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту

Бұл басымдық «Қазақстан-2050» Стратегиясында айқындалған. Бұл басымдыққа қол жеткізу үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестікке арналған құқықтық және институционалдық база құрылды. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік салалары мен нысандарын кеңейтетін «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Міндеті – мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастықтардың мұндай әріптестіктің құралдары мен тетіктерін белсенді пайдалануы.

Бұл басымдық әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін пайдалана отырып, инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы мемлекеттік бюджетке жүктемені азайту қажеттігіне негізделген.

МЖӘ бюджетті оңтайландырудың нақты құралы болып табылады және әлеуметтік объектілерді салу және реконструкциялау үшін қолданылады. Бюджеттің шектеулілігі жағдайында МЖӘ жобаларын іске асыру барлық мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің стратегиялық мақсатына айналуы тиіс.

Осыған байланысты МЖӘ мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ әлемдік практиканы ескере отырып, экономиканың әртүрлі салаларында МЖӘ жобалары бойынша үлгілік құжаттамалар әзірлеу және бекіту бойынша жұмыс одан әрі жүргізілетін болады.
2-стратегиялық бағыт

1-басымдық

Мемлекеттік қаржының тұрақтылығын арттыру

Бұл басымдық Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 590 Жарлығымен бекітілген Жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасында айқындалған.

Орта мерзімді кезеңде бюджет саясаты мемлекеттік қаржының тұрақтылығын күшейтуге және Ұлттық қор қаражатын одан әрі жинақтауға бағытталатын болады.

Бұл басымдыққа қол жеткізу мемлекеттік бюджеттің тапшылығын азайту, бюджеттің мұнай емес тапшылығын азайту, шоғырландырылған бюджеттің оң балансын қамтамасыз ету есебінен, қаражатты жұмсауда үнемшілдігін және тиімділігін арттыруды, сондай-ақ бюджеттің кіріс бөлігінің толықтығын қамтамасыз етуді есепке ала отырып ойластырылған теңгерімделген бюджет саясатын жүргізу арқылы іске асырылатын болады.

Бюджетаралық қатынастар шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың өңірлік және жергілікті маңызы бар мәселелерді шешудегі дербестігін арттыру бойынша шаралар қабылданады.

Бюджетаралық қатынастар 2017-2019 жылдарға бекітілген жалпы сипаттағы трансферттерге (субвенциялар мен алып қоюларға) негізделетін болады. Үш жылдық кезеңде жалпы сипаттағы трансферттердің тұрақтылығы сақталатын болады.

Нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға байланысты жергілікті бюджет кірістерінің шығындары немесе қосымша шығыстар туындаған кезде ЖАО шығындары нысаналы ағымдағы трансферттер бөлу арқылы республикалық бюджеттен өтелетін болады.

Бұдан басқа, жалпы сипаттағы үш жылдық трансферттерді қолдану кезеңінде ЖАО-лар өңірлік деңгейдегі мәселелерді шешу үшін жергілікті бюджетке түсетін үстеме кірістеріне дербес иелік етеді.

2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттерге салынған жергілікті бюджеттердің даму бюджеті болжамының ұлғаюын ескере отырып ЖАО қаржылық дербестігін арттыру мақсатында өңірлерге республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттер көлемін қысқарту жоспарланып отыр. Жергілікті деңгейдегі объектілер (білім беру объектілерін, фельдшерлік-акушерлік пункттер, медициналық пункттерді, сумен жабдықтау жүйесін, жергілікті деңгейдегі автомобиль жолдарын және т.б) құрылысын қаржыландыру жергілікті бюджетке берілуі тиіс.

Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері өңірлердің инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуіндегі өткір теңсіздіктерді жою және ұлттық маңызы бар жобаларды іске асыру үшін ғана бөлінетін болады.


2-басымдық

Елдің мемлекеттік және сыртқы борышын қауіпсіз деңгейде ұстап тұру

Бұл басымдық Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған.

Бұл басымдыққа қол жеткізу:

– 2020 жылға қарай бюджет тапшылығын ЖІӨ-ге қарағанда 1,0% дейін төмендетумен;

– 2015-2017 жылдары республикалық бюджетке борыштық жүктемені1 рұқсат етілген мәндер шегінде (15%-дан аспайды) ұстап тұрумен қамтамасыз етіледі.
3-басымдық

Кедендік ресімдеу кезінде ұсынылатын құжаттар санын қысқарту, кедендік рәсімдерді жеңілдету, кедендік ресімдеу және бақылау мерзімдерін қысқарту.

2014 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламентінің бесінші шақырылымдағы төртінші сессиясының ашылуында заң шығару жұмысын жүргізудің құрылымдық реформасының бес бағыты, оның ішінде кедендік рәсімдерді барынша жеңілдету айқындалды.

Осыған байланысты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы келіссөздер процесі шеңберінде, атап айтқанда кедендік рәсімдерді жеңілдету бойынша Одақтың кедендік заңнамасын одан әрі жетілдіру жұмысы жүргізілетін болады.
4-басымдық

Адал бәсекелестікті дамыту

Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруінің ең маңызды бағыттарының бірі бәсекелестікті дамыту болып табылады. Бәсекелестік өнімділікті тұрақты арттыру, инновацияларды дамыту және бәсекеге қабілеттілікті күшейту көзі болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 732 Жарлығымен Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамасы бекітілді.

Аталған басымдыққа қол жеткізу:

– нарыққа жаңа нарық субъектілерінің кіруі үшін кемсітушілік жағдайларын анықтаумен және жоюмен;

– бәсекелестіктің қарқындылығына, жеткізілетін өнімнің, көрсетілетін қызметтердің бағасы мен сапасына теріс ықпал ететін себептерді жоюмен;

– монополияға қарсы реттеу тетігінің экономикалық тиімділігін арттырумен;

– нарықтар мен бәсекелестіктің дамуы мен еркін жұмыс істеуіне кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді анықтаумен;

– экономиканың жекелеген секторларында мемлекеттік баға реттеуден монополияға қарсы ден қою шараларына кезең-кезеңімен ауысуды жүзеге асырумен қамтамасыз етілетін болады.

Бәсекелестік деңгейін айқындау, үстем және монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін анықтау мақсатында, бәсекелестікті қорғау мен дамытуға (оның ішінде бәсекелестікті дамытуға кедергі келтіретін барьерлерді айқындауға), монополиялық қызметтің алдын алу, шектеу мен болдырмауға бағытталған шаралар кешенін әзірлеу үшін монополияға қарсы орган тауар нарықтарына талдау жүргізеді.

Бәсекелестікке кедергі болатын нормаларды анықтау мақсатында нәтижесі бизнес ортаны түпкілікті жақсарту және кеңейту болатын барлық заңнамаға «ревизия» жүргізіледі, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының екінші басымдығы.

Бұдан басқа, мемлекеттің қатысу үлесін төмендету сондай-ақ тиісті тауар нарықтарында бәсекелестіктің дамуына әкеп соқтырады.
5-басымдық

Табиғи монополия субъектілерінің тиімді жұмыс істеуі

Аталған басымдық Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін экономика секторларын дамыту үшін қажетті көрсетілетін қызметтер сапасы байланысты болатын «Қазақстан – 2050» стратегиясында табиғи монополиялар салаларын дамыту және жаңғырту деңгейін айқындау факторларының бірі ретінде айқындалған.

Аталған басымдыққа қол жеткізу үшін, сондай-ақ тарифтердің инвестициялық тартымдылығы мен болжамдылығын қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылғы сәуірден бастап табиғи монополиялар субъектілерінің бес жыл және одан артық мерзімге шекті (ұзақ мерзімді) тарифтер бойынша жұмыс істеуге көшуі басталды.
6-басымдық

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында ұлттық саясатты іске асыруға жұртшылық пен қоғамдық бірлестіктерді кеңінен тарту

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық саясатты қалыптастыру үшін БҰҰ Бас Ассамблеясының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін басшылыққа алынатын қағидаттар» (1985 жылғы 9 сәуірдегі) 39/248 қарары халықаралық негіз болып табылады.

Осы Қарарға сәйкес негізгі қағидаттардың бірі тұтынушыларды сауаттандыру мен тұтынушылар және басқа да тиісті топтарды немесе ұйымдарды құру еркіндігі, олардың мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдау процесінде осындай ұйымдар үшін өзінің көзқарасын айта алу мүмкіндігі болып табылады.

Тұтастай алғанда халықтың тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы білу деңгейі жоғары емес.

Халықты тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласына тарту үшін:

1. тұтынушылық сауаттылық деңгейін арттыру үшін ақпараттық жұмыс жүргізу;

2. тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша ақпараттық материалдарды жариялау мен таратуды қамтамасыз ету (журналдар, буклеттер, видеороликтер, аудиороликтер және т.б.).
3-стратегиялық бағыт

1-басымдық

Қазақстанның жаңа аумақтық ұйымдастырылуын қалыптастыру

Қазақстанның жаңа аумақтық ұйымдастырылуын қалыптастыру экономикалық мамандану, қоныстандыру жүйесi, экономикалық байланыстардың сипаты ескеріле отырып, сондай-ақ хаб және шұғыла қағидаттары негiзінде өңірлердің жаңа жiктемесін айқындайтын Елді аумақтық кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде: макроөңірлердің (Батыс, Оңтүстік, Солтүстік және Орталық-Шығыс); орталықтары Астана, Алматы, сондай-ақ Шымкент, Ақтөбе қалалары болып табылатын ірi қалалар-агломерациялар; моно және шағын қалалар, аудан орталықтары, тiрек ауылдық елдi мекендер және шекара маңы аумақтарының экономикалық өсу орталықтарын дамыту бойынша жұмыс жалғасатын болады.

Орталықтары әлемдік деңгейдегі хаб-қалалар Астана мен Алматыдағы екі агломерацияны дамытудың негізгі бағыты қызмет көрсету секторларында (білім беру, медицина, туризм, қаржы, ғылыми әзірлемелер және басқалар) экспорттық әлеуеті бар, әртараптандырылған ғылымды қажет ететін экономиканы қалыптастыру және дамыту болады.

Макроөңірлерді дамытудағы басымдық ретінде, оның дамуында хаб қағидатын енгізу және осының негізінде Шымкент, Ақтөбе және Өскемен қалаларын агломерациялық дамыту үшін базаны одан әрі қалыптастыру болады.

Бұл ретте макроөңірлер ішіндегі (моно және шағын қалалар, тірек ауылдық елді мекендер) басқа экономикалық өсу орталықтарының хаб-қалалармен шұғыла қағидаты бойынша байланыстылығы қамтамасыз етілетін болады.

Басқарылатын урбанизациялау саясаты еңбек ресурстарының аумақтық және салааралық жұмылдыруын ынталандыруды, өнімділігі төменнен өнімділігі жоғары экономика секторларына өтуін қамтамасыз етуді көздейді. Бұл мақсатта негізгі назар көші-қон ағымдарын басқарудың тиімді тетіктерін енгізуді қамтамасыз етумен бірге экономикалық өсу орталықтарында жоғары сапалы инфрақұрылымды дамытуға аударылатын болады.
2-басымдық

Жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды дамыту

Жергiлiктi өзiн-өзi басқару жүйесiн дамыту, экономикалық өркендеу, әлеуметтiк саламаттылық пен азаматтық қоғамды қалыптастыруға жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 қарашадағы № 438 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жалғасатын болады.



«Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 98-қадамын іске асыру шеңберінде аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін және коммуналдық меншікті кезең-кезеңімен енгізуді көздейтін «Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
4-бөлім. Стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысының архитектурасы

Елдің жалпыұлттық мақсаттары, нысаналы индикаторлары
«Қазақстан – 2050» стратегиясы, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама


2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру

Өндіріс және жаңа технологиялар саласындағы салық салу объектілері үшін қолайлы салық режимін енгізу қажет. Қазір бұл жұмыс басталды. Оны жетілдіру міндетін қоямын: барлық қолданыстағы салықтық жеңілдіктерге ревизия жүргізілсін және олар барынша тиімді етілсін

Өңірлерде әлеуметтік-экономикалық жағдайларды теңестірудің тиімді жаңа тетіктері қажет.

Мемлекеттік жоспарлау және болжамдау жүйесін одан әрі жетілдіру

2020 жылдан бастап салықтық кредиттеу практикасын енгізу

Шекара маңындағы аумақтарға ерекше назар аударған жөн. Олардың әлеуеті әлі толық ашылған жоқ. Оларды өмір сүруге неғұрлым тартымды ету қажет.

Мемлекеттік секторда корпоративтік басқарудың заманауи қағидаттарын енгізу

2015 жылдан бастап ынталандыру, оның ішінде білім беруге, өзін, өз отбасын, қызметкерлерін медициналық сақтандыруға қаражат салатын компаниялар мен азаматтарды салықтан босату практикасын көздейтін шаралар кешенін әзірлеу

Агломерацияларға біріктірілген, саны шектеулі қалалардың қаржылық, капитал және адами ресурстарын жұмылдыру қамтамасыз етіледі. Бұл агломерациялар ғылымды қажет ететін экономиканың «өсу нүктелеріне» айналады.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік үшін құқықтық базаны айқындауды жеделдету қажет. Міндеті – мұндай әріптестіктің бүгінгі күнгі ең озық құралдары мен тетіктерін енгізу

Елдің мемлекеттік борышының деңгейін тұрақты бақылауды қамтамасыз ету

Агломерациялар ел халқын тарту орталығына айналады. Олар сапасы жоғары білім, ақпараттық және көлік қызметтерін ұсыну, бәсекелестікті арттыру, шетелдік инвесторлар үшін тартымды жағдайлар жасау есебінен адами капиталды дамытуды және тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.

Экономикадағы мемлекеттің рөлін одан әрі оңтайландыру бойынша және мемлекеттік активтерді басқару тиімділігін арттыру бойынша жұмыс жалғасатын болады

Қазақстан теңқұқылы бизнес-әріптес ретінде қатыса алатын жаңа нарықтық тауашаларды айқындау. Экономикалық өсудің жаңа тіректерін құру

Орта мерзімді перспективада инфрақұрылымдық даму саласында агломерацияның жинақталған жағымды тәжірибесі елдің басқа өңірлеріне таратылатын болады.

Ұзақ мерзімді перспективада экономикалық даму мен ғылымды қажет ететін экономикаға көшу шамасына қарай Қазақстанның ЖІӨ құрылымында көрсетілетін қызметтер секторының үлесі айтарлықтай өседі. Экономикадағы көрсетілетін қызметтер үлесі 70%-ға жуықтайды

Бізге елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту керек. ЭКСПО-2017 бұл процеске серпін беруі және бізге болашақтың энергиясын дамыту үшін жаңа технологияларды таңдап алуға көмектесуі тиіс

Бәсекеге қабілетті, «жасыл» және «ақылды» қалалар желісі құрылатын болады.




Жаңа жағдайларды, оның ішінде біздің ЕЭК-ке қатысуымызды, алдағы ДСҰ-ға кіруімізді ескере отырып, отандық өндірушілерді қолдау тетіктерін жетілдіру және олардың мүдделерін қорғау мен ілгерілету үшін қажетті барлық шараларды қабылдау.







Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есе өсуі тиіс.







Шағын кәсіпорындар мен дара кәсіпкерлердің орташа разрядқа көшуі үшін жағдайлар мен алғышарттар жасау.







Әйелдерді мемлекеттік және өңірлердегі жергілікті деңгейдегі қоғамдық басқаруға белсенді түрде тартқан жөн. Олардың бизнес ашуы және жүргізуі үшін қолайлы жағдайлар жасау.







Әлемдік экономиканың бірқалыпты өсуі жағдайында Қазақстанда жан басына шаққанда ЖІӨ 12 мыңнан 60 мың АҚШ долларына дейін (сатып алу қабілетінің паритеті бойынша 2005 жылғы бағалаумен) өседі. Ол үшін 4,3% деңгейіндегі орташа жылдық өсу қарқынына қол жеткізу қажет







ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі 50 %-ға дейін ұлғаяды







Рұқсат беру жүйесін одан әрі жетілдіру және салықтық әкімшілендіруді жеңілдету







Салықтық-бюджеттік саясат шағын және орта бизнесті дамыту үшін қосымша стимулдарды қамтамасыз ететін болады.







Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына байланысты ұзақ мерзімді перспективада Кеден одағы шеңберінде Қазақстан, Ресей және Беларусь интеграциясын тереңдету жалғастырылатын болады. Ресеймен және Беларусьпен бірге Қазақстан басқа елдердің одаққа еркін қосылуын көздейтін ашықтық қағидатын ұстанатын болады.







Еуропа мен Азияның тоғысқан тұсында орналасқан ел ретінде Қазақстанның географиялық артықшылығы Қытаймен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, оның ішінде Қазақстан-Қытай шекарасында өңірлік сауда-логистикалық хаб құру арқылы кеңейту үшін қолданылатын болады.







Заңнамалық негізде бизнес ұсынылатын тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау мәселелерін өзі реттейтін жағдайлар жасау қажет. Бізге тұтынушылар үшін сот шешімдерін қабылдаудың көп деңгейлі жүйесін алып тастай отырып, олардың құқықтарын қорғаудың жаңа жүйесін әзірлеу қажет







жүктеу 1,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау