Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары


Халықаралық экономикалық интеграция және сыртқы сауда қызметін дамыту



жүктеу 1,3 Mb.
бет4/6
Дата26.11.2018
өлшемі1,3 Mb.
#24597
1   2   3   4   5   6

Халықаралық экономикалық интеграция және сыртқы сауда қызметін дамыту саласы

1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы 2016 жылы 62 миллиард АҚШ долларын құрады, өткен жылмен салыстырғанда 19,0% немесе 14,6 миллиард долларға төмендеді. Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2014 жылмен салыстырғанда 48,7% немесе 58,9 миллиард АҚШ долларына азайды.

Бұл ретте ЕурАзЭО елдерімен тауар айналымы 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда 16,8% немесе 2,7 миллиард долларға төмендеп, 13,6 миллиард АҚШ долларын құрады. Қазақстанның ЕурАзЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы 2014 жылмен салыстырғанда 35,4% немесе 7,5 миллиард АҚШ долларына азайды.

ЕурАзЭО-дан да, ТМД елдерінен де және үшінші елдерден де өнімдерді импорттау 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы 5,4 миллиард АҚШ долларына (17,6 %) төмендеп, құндық мәнінде 25,2 миллиард АҚШ долларын құрады. 2014 жылмен салыстырғанда импорт көлемі 39,1% немесе 16,2 миллиард АҚШ долларына азайды.

Сонымен қатар 2016 жылы қазақстандық өнімдер экспортының көлемі 36,8 миллиард АҚШ долларын құрады, 2015 жылмен салыстырғанда құндық мәнінде 9,2 миллиард АҚШ долларына (20,0%-ға) қысқарды, ол негізінен ЕурАзЭО елдеріне де, ТМД елдеріне де және бірқатар үшінші елдерге экспорттың төмендеуі есебінен болды. Бұл ретте, Канадаға (9,2%) және Африка елдеріне (на 38,3%) экспорт көлемі артты. 2014 жылмен салыстырғанда 53,7% немесе 42,7 миллиард АҚШ долларына қысқарды.

Экспорт көлемінің қысқаруының негізгі себептері әлемдік минералдық шикізат бағасының төмендеуі, сондай-ақ Қазақстанның негізгі экспорттық тауарларына сұраныстың азаюы болды.

Экспорт көлемінің қысқаруына қарамастан, сауда теңгерімінің сальдосы оң болып қалып отыр. 2016 жылы профицит 11,6 миллиард АҚШ долларын құрады (2015 жылы – 15,4 миллиард АҚШ доллары).

Бұл ретте ЕАЭО елдерімен сауда теңгерімінің сальдосы теріс, 2016 жылы дефицит 5,7 миллиард АҚШ долларын құрады (2015 жылы – 6,1 миллиард АҚШ доллары).

Әлемдік дағдарыс құбылыстары жағдайында мұнай бағасының тұрақсыздық жағдайын назарға ала отырып, Қазақстанға өңірлік деңгейде де және жалпы әлемдік ауқымда да сауда жүйесіне интеграциялану арқылы экономикалық бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажет.

2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясының Еуразиялық экономикалық одағы (бұдан әрі – ЕАЭО) жұмыс істей бастады. 2015 жылғы 2 қаңтардан бастап Армения Республикасы ЕАЭО-ға қосылды. 2015 жылғы 12 тамызда Қырғызстан Республикасы ЕАЭО-ның толық құқылы мүшесі болды.

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі уағдаластықтар Кеден одағы мен БЭК шеңберіндегі базалық уағдаластықтар топтамасымен салыстырғанда, Қазақстанның интеграциялық мүмкіндіктерін барынша жақсартады, Қазақстанның экономикасын дамыту, энергетика, көлік, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларындағы әлеуеттерді кең ауқымды іске асыру үшін барынша мүмкіндіктер ашады.

2019 жылға қарай электр энергетикасы нарығы, 2025 жылға қарай газ, мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарығы, 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен жекелеген қызметтер секторларының бірыңғай нарығы қалыптастырылатын болады, автотасымалдау ырықтандырылады, көлік, газ тасымалдау инфрақұрылымына және мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау жүйелеріне тең қолжетімділік беріледі, капитал мен еңбекші көшіп-қонушылардың еркін қозғалысы қамтамасыз етіледі.

Сауда байланыстарын дамыту және нығайту, сондай-ақ әлемдік нарыққа отандық тауарларды ілгерілету үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру мақсатында саудада неғұрлым ырықтандырылған қағидаларды көздейтін еркін сауда аймақтарын құру және үшінші елдермен преференциялық келісімдер жасасу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Көпжақты сауда-экономикалық жүйе шеңберінде басты басымдықтар ДСҰ нормалары мен қағидаларын ескере отырып, Қазақстанның аталған жүйеге қатысуын қамтамасыз ету, қазақстандық өнімдер үшін сату нарығын қамтамасыз етуге арналған преференциялық құралдарды қолдану және сыртқы нарықтарда өндірушілердің қызметіне бәсекеге қабілетті жағдайды пайдалану болып табылады.

ДСҰ шеңберіндегі жұмыс жағдайлары қатысушы елдердің сауда режимдерін ырықтандыруды, саудадағы түрлі кедергілерді қысқартуды, әлемнің көптеген елдерінің нарықтарына қолжетімділік ашу арқылы қазақстандық өнімдер экспортының географиясын кеңейтуді көздейді, сондай-ақ біздің өндірушілерге тең жағдайларда бәсекелесуге мүмкіндік береді.

Бәсекеге қабілетті өндіріс салаларына, ресурстар мен нарықтарға қол жеткізу дәрежесіне ықпал ететін негізгі факторлардың бірі шектеулерді жою және қолайлы бизнес орта құру болып табылады.

Сауданы жеңілдетуге жәрдемдесу мақсатында қолданылатын импорттық кедендік баждардың мөлшерлемелеріне талдау жасау, әлемдік практика тұрғысынан заңсыз кедергілерді анықтау және жою жолымен қолданыстағы кедендік-тарифтік, тарифтік емес шаралар жүйелі түрде қайта қаралып отырады.

Қазақстан Республикасы көп бағытты халықаралық саясатты жүргізеді. Сауда-экономикалық саясатты қалыптастыруда және іске асыруда нәтижесі біртұтас уағдаластықтар кешені болуы мүмкін үкіметаралық комиссиялар отырыстарының қорытындысы маңызды рөл атқарады.

Министрлік жыл сайын әлемнің 100-ден астам елінен 3000-нан астам делегат қатысатын жыл сайынғы Астана экономикалық форумының, Мемлекет басшылары қатысатын Қазақстан мен Ресейдің жыл сайынғы Өңіраралық ынтымақтастық форумының ұйымдастырушысы болып табылады.

2. Негізгі проблемаларды талдау

Сыртқы сауданы дамытуға бірқатар факторлар:

1) минералдық ресурстарға әлемдік бағалардың төмендеуі;

2) Қазақстан Республикасында да, сыртқы нарықтарға қол жеткізу кезінде де қолданылатын әкімшілік кедергілер;

3) отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі теріс әсер етеді.

3. Тәуекелдерді басқару




Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Шет мемлекеттің Қазақстаннан шығарылған тауарларға қатысты сауда және басқа да шектеу шараларын қолдануы

Сауда немесе басқа да шектеу шараларын қолданған Тараппен келіссөздер жүргізу

Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберінде Қазақстан Республикасы қабылдаған міндеттерін орындамағаны туралы ДСҰ-ға мүше елдердің ДСҰ дауларын шешу жөніндегі органға мәлімдеуі

Қазақстан міндеттемелерін орындамағаны туралы мәселені реттеу мақсатында ДСҰ дауларын шешу жөніндегі орган алаңында ДСҰ-ға мүше елдермен консультациялар жүргізу

Мемлекеттік органдардың Еуразиялық экономикалық одақтың жұмыс істеу мәселелері бойынша Қазақстан тарапының ұстанымдарын сапасыз және уақтылы әзірлемеуі

Мемлекеттік органдардың қазақстандық тараптың ұстанымын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимыл қағидаларына сәйкес қалыптастыруды үйлестіру


Кәсіпкерлікті дамыту саласы

1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

Ресми статистикалық деректер бойынша 2016 жылы Қазақстанда 1 501 156 шағын және орта кәсіпкерлік (бұдан әрі – ШОК) субъектілері тіркелді, 2015 жылмен (1 481 454 бірл.) салыстырғанда 1,3%-ға өсті және 2014 жылмен салыстырғанда (1 582 899 бірл.) 5,1%-ға төмендеді.

Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 2016 жылы 1 186 629 құрап, 2015 жылмен салыстырғанда (1 242 579 бірлік) 55 950 бірлікке немесе 4,5% төмендеді және 2014 жылмен салыстырғанда (1 246 978 бірлік) 60 349 бірлікке немесе 4,8% төмендеді.


Тіркелген және жұмыс істейтін ШОК субъектілерінің серпіні



Дереккөз: Статистика комитетінің статистикалық деректері
ШОК-та жұмыспен қамтылғандардың саны 2016 жылы 3 166 792 адамды құрап, 2015 жылмен салыстырғанда (3 183 844 адам) 17 052 бірлікке немесе 0,5%-ға азайды және 2014 жылмен салыстырғанда (2 810 962 адам) 355 830 бірлікке немесе 12,6%-ға ұлғайды.

2016 жылы ШОК субъектілері 19 609 010 миллион теңге сомасына өнім шығарды және 2015 жылмен салыстырғанда (15 699 405 миллион теңге) номиналды мәнде 131 324 миллион теңгеге ұлғайды және 2014 жылмен салыстырғанда (15 568 081 миллион теңге) 6 533 993 миллион теңгеге ұлғайды.


Жұмыспен қамтылғандардың саны мен ШОК субъектілерінің өнім шығару серпіні



Дереккөз: Статистика комитетінің статистикалық деректері
Статистикалық деректер бойынша жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің салым үлесі 2016 жылдың қорытындысы бойынша 26,8%-ды құрады (2015 жылы – 24,9%, 2014 жылы – 25,9%).

Бұған рұқсат беру жүйесін жетілдіру, мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметін оңтайландыру, Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде Қазақстанның позициясын жақсарту жолымен елдегі бизнес-ахуалды жақсарту шаралары ықпал етті.

2015 жылғы 1 қаңтардан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді, оның шеңберінде жоспарлы тексерістер жойылып, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға жаңа тәсілдер әзірленді.

Атап айтқанда, тексерулерді тәуекелдерді бағалау негізінде ұйымдастыруға ауысу жүзеге асырылды, оған сәйкес бұзушылар ғана іріктеп тексерілетін болады.

Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйелерін қалыптастыруы үшін Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйелерін қалыптастыру әдістемесі бекітілді.

Бұл әдістеме негіздемелік сипатта және әрбір мемлекеттік бақылау-қадағалау органының тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және салалық ерекшелікті ескере отырып, тексеру парақтарын әзірлеуі үшін негіз болып табылады.

Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу және мемлекеттік компаниялардың бизнеске қысым көрсетуін азайту мақсатында «Yellow Pages Rules» қағидаттарын бекітетін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Қазақстанның Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» жаһандық рейтингіндегі позициясын жақсарту бойынша Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингісі елдерінің бірінші 30-дығына кіруі жөніндегі Мемлекет басшысының міндеттерін іске асыру мақсатында бизнес рәсімдерінің санын, мерзімдерін және қаржылық шығындарын қысқартуға бағытталған заңнамалық түзетулердің төрт топтамасы қабылданды, ол жалпы кәсіпкерлердің жүктемесін төмендетуге мүмкіндік береді.

2015 жылы Қазақстан әлемнің 189 экономикасы арасында 41-позицияны иелене отырып, қойылған мақсатқа айтарлықтай жақындады. 2016 жылғы «Doing Business» рейтингі бойынша Қазақстан ең көп реформа – он бағыттың жетеуінде 19 реформаны жүзеге асырған мемлекет ретінде атап өтілді.

2016 жылғы 29 қазанда Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне қол қойып, оның шеңберінде Қазақстанда кәсіпкерлік белсенділіктің тұрақты өсуін, құқықтық қорғалуын және іскерлік ортадағы сенімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органның рөлін күшейту бойынша қосымша шаралар қабылданған.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің шеңберінде күші жойылған деп танылған «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының нормалары көзделген, осыған байланысты тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарына және тексеру парақтарына қатысты ведомстволық бұйрықтар қайта бекітілді.

Қайталанатын және артық рұқсат берулерді жою, оларды хабарландыру тәртібіне ауыстыру және рұқсат беру рәсімдерін оңтайландыру арқылы бизнеске әкімшілік қысымды төмендету мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 29 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) қабылданды.

Заң республикадағы кәсіпкерліктің жалпы дамуына, бизнесті жандандыруға және оның қызметінің шекараларын кеңейтуге, кәсіпкерлік сектордағы өндіріс көлемінің жиынтығын ұлғайту есебінен елдің ұлттық кірісінің өсуіне, тиісінше – жұмыссыздықты азайтуға және басқа оң әлеуметтік-экономикалық салдарға ықпал етеді, сондай-ақ бизнесті жүргізу үшін барынша қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

2016 жылғы мамырда «Өзін-өзі реттеу туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы және оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңы қолданысқа енгізілді, оның шеңберінде Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік және кәсіби қызмет субъектілерінің өзін-өзі реттеуіне байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі, Ұлт жоспарын іске асыру үшін әзірленген өзін-өзі реттеу ұйымдарын құру және олардың жұмыс істеу шарттары, ондағы мүшелік (қатысу) және олардың құқықтық жағдайы айқындалады.

Осы Заңды іске асыру үшін Министрдің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 32 бұйрығымен Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізу қағидалары бекітілді. Қағидаларда коммерциялық емес ұйымдарды өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізіліміне қосу тәртібі белгіленеді және оны жүргізу тәртібі айқындалады.

Мемлекет «Бизнестің жол картасы 2020» кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру шеңберінде қаржылық (екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау, қарыздарды кепілдендіру, мемлекеттік гранттар беру, жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу) және қаржылық емес құралдарды (кәсіпкерлік әлеуетті дамыту, іскери байланыстарды кеңейту) жүйелі түрде қолдану арқылы шағын және орта бизнесті кешенді қолдауды жүзеге асырады.

Бірыңғай бағдарламаны іске асырудың соңғы үш жылы (2013 – 2015 жылдар) ішінде мемлекеттік қолдау шараларымен 312 мың кәсіпкер қамтылды. Бірыңғай бағдарламаны іске асырудың нәтижесінде 100 мың жұмыс орны сақталды және құрылды.

2. Негізгі проблемаларды талдау

Қазақстанда көптеген елдердегідей, даму деңгейіне қарамастан, олардың экономикалық қызметті шамадан тыс реттеу проблемасы бар. Бизнесті құру және жүргізу кезінде кәсіпкерлер орындауы тиіс күрделі және айқын емес рәсімдер экономикалық өсуге ең үлкен кедергі болып отыр. Бұл рәсімдер өндірістік шығындарды және кәсіпкерлердің шығасыларын ұлғайтады, олардың нарыққа қол жеткізуін шектейді, бизнестің дамуын тежейді, бизнес-ортаны нашарлатып, сыбайлас жемқорлыққа ықпал етеді. Әкімшілік кедергілер экономиканың көлеңкелі секторының пайда болуының негізгі себептерінің бірі болып табылады.

Бұдан басқа, шағын және орта кәсіпкерліктің дамытудағы негізгі проблемалар:

1) екінші деңгейдегі банктердің жеке кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беруі кезінде кепілді қамтамасыз ету бойынша жоғары талап қоюы;

2) кепіл мүлігінің өтімсіздігіне байланысты аудандарда, шағын қалалар мен ауылдық округтерде екінші деңгейдегі банктердің кредиттік қаражатқа қол жеткізе алмауы;

3) бастапқы капиталының болмауына байланысты ауыл халқы үшін мемлекеттік қолдау бағдарламаларының кейбір қаржы құралдарының қолжетімді болмауы;

4) ауылдық округтердегі кәсіпкерлердің бизнесті жүргізу бойынша орталықтандырылған көрсетілетін қызметтерді алуы және бухгалтерлік және салықтық есеп саласында, маркетинг, менеджмент, заң және қаржы мәселелері саласындағы консалтинг бойынша мүмкіндіктерінің шектеулілігі болып табылады.

3. Тәуекелдерді басқару


Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Екінші деңгейдегі банктердің жоғары талаптары салдарынан олардың кредиттік қаражатына қолжетімсіздік, сондай-ақ жоғары пайыздық мөлшерлемелер

Қаржылық құралдар тетіктерін жетілдіру (субсидиялау, кепілдендіру және т.б.), микрокредит беру жүйесін дамыту

Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне әкімшілік қысым

Есептіліктің, анықтамалардың, хабарландырулардың жаңа түрлерін жүйелендіру, оңтайландыру және жүргізуді шектеуге бағытталған, кәсіпкерлерге арналған ақпараттық құралдарды жаңғырту


жүктеу 1,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау