Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары



жүктеу 1,3 Mb.
бет1/6
Дата26.11.2018
өлшемі1,3 Mb.
#24597
  1   2   3   4   5   6


Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2016 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 532 бұйрығымен

бекітілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің

2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

(Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 13.12.2017ж. № 413, 04.01.2018ж. № 447 бұйрықтарымен енгізілген өзгертулер ескерілген)
1-бөлім. Миссиясы және пайымы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) миссиясы – Қазақстан Республикасының біртұтас және тиімді ұлттық экономикасын қалыптастыру.

Министрліктің пайымы –2025 жылы Қазақстандық экономикасының 2015 жылдың деңгейіне қатысты нақты мәнде үштен бірден астамға сапалы өсуі.
2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау және тәуекелдерді басқару
1-стратегиялық бағыт. Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін дамыту

Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және оның жұмыс істеу саласы

1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында нәтижелілік, транспаренттілік және қоғамға есеп беру қағидаттарында мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа моделін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Әкімшілік реформа шеңберінде мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасында өкілеттіктерді орталықсыздандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді.

2014 жылы мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру, мемлекеттік аппаратты оңтайландыру мен Қазақстан Республикасының шағын Үкіметін қалыптастыру мақсатында мемлекеттік басқару жүйесін әкімшілік реформалау жүргізілді.

Осылай, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) қабылданды.

Заңда Қазақстан Республикасы Үкіметінен орталық атқарушы мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға 1606 функцияны, орталық мемлекеттік органдардан жергілікті атқарушы органдарға 261 функцияны, облыстардың жергілікті атқарушы органдарынан мемлекеттік басқарудың аудандық деңгейіне 14 функцияны беру көзделген. Бұдан басқа 2 функция мемлекеттік емес секторға берілді.

Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 95-қадамын іске асыру шеңберінде қоғамды одан әрі демократияландыру, халықты елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар ету, атқарушы органдардың және ұлттық жоғары оқу орындарының халық алдындағы ашықтығын, жауаптылығын, есептілігін арттыру мақсатында орталық атқарушы органдар басшыларының, барлық деңгейдегі әкімдердің, ұлттық ЖОО ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін жыл сайын өткізуін көздейтін «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына қол қойылды.

Жоғарыда көрсетілген нормалар іс жүзінде қолданылуда. 2016-2017 жылдары министрлердің, барлық деңгейдегі өңірлер әкімдерінің және ұлттық ЖОО ректорларының халықпен есеп беру кездесулері өтті, бұл олардың халық алдындағы жауаптылығы мен есептілігін көтеруге мүмкіндік берді.

Бұл шаралар қоғамды одан әрі демократияландыруға, халықты елде жүргізілетін реформалар туралы хабардар етуге, атқарушы органдар мен ұлттық жоғары оқу орындарының халықтың алдындағы ашықтығын, жауапкершілігін, есептілігін арттыруға, мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдау процесіне халықтың басым көпшілігін тартуға бағытталды.

Есеп беру кездесулеріне қатысуда азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында 2017 жылғы 15 тамызда № 111-ө өкіммен есеп беру кездесулеріне дайындалуға және оны өткізуге қойылатын бірыңғай талаптарды енгізу және мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық жұмысын күшейту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау үшін мемлекеттік қызметшілерді лайықты еңбекақымен қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің еңбекақы деңгейі 30%-ға көтерілді.

Ұлт жоспарының 5 және 6-қадамдарын іске асыру үшін нәтиже бойынша еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшу жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі:

1) лауазымдық айлықақының тиісті деңгейі бар лауазымдардың факторлы-баллдық шәкілге (бұдан әрі – ФБШ) көшуін;

2) нәтижелі мемлекеттік қызметшілер қызметінің тиімділігін бағалау қорытындысы бойынша нәтижелі мемлекеттік қызметшілерге бонустар төлеуді көздейді.

ФБШ-ға негізделген еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі атқарылатын функциялардың ауқымын, жауаптылығын және күрделілігін есепке алуды, сондай-ақ жалақының мөлшері мен мемлекеттік орган үшін лауазымның маңыздылығын байланыстыруға мүмкіндік береді.

Тиімді және нәтижелі мемлекеттік қызметшілерге бонустарды төлеу жүзеге асырылатын болады. Бонустардың мөлшері мемлекеттік қызметшінің алған нақты бағасына қарай айқындалады. Бұл ретте, нәтижелерді бағалау:

– мемлекеттік қызметшілер үшін – жылдық жеке жоспарды;

– мемлекеттік органдар үшін – стратегиялық жоспарларды;

– министрлер мен әкімдер үшін – мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы, өмір сүру сапасы, инвестициялар тарту индикаторларына қол жеткізу бойынша;

– үкімет мүшелері үшін – интегралды макроэкономикалық индикаторларды орындау негізінде жүргізілетін болады.

Бұдан басқа, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға мемлекеттік аппарат қызметін біртіндеп қайта бағдарлау байқалады.

2013 жылғы 15 сәуірде Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, сондай-ақ бірінші кезекте өзінің тұтынушысына бағдарланған Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа тәсілдерін көздейтін, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) қабылданды.

Заңды іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген жаңа форматтағы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі қабылданды, ол 2017 жылы адам өмірінің әртүрлі салаларындағы 746 мемлекеттік көрсетілетін қызметтен тұрды.

2011 жылдан бастап 2017 жыл аралығында Тізілімде адам өмірінің әртүрлі салаларында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны 5,5 есеге артты. Бүгінгі күні Тізілімде 746 мемлекеттік көрсетілетін қызмет көзделген, оның ішінде 191 көрсетілетін қызметті – жергілікті атқарушы органдар, 443 мемлекеттік көрсетілетін қызмет электронды формат, 630 мемлекеттік көрсетілетін қызмет – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетіледі.

«Мемлекеттік қызметтер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін жетілдіруге бағытталған өзгерістер енгізуді көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу бойынша мониторинг жүргізілуде. 2017 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің шамамен 718 стандарты мен 3200 регламенті қабылданды.

Бүгінгі күні процестерді жеңілдету бойынша жұмыс – мемлекеттік қызметтерді көрсету бизнес-процестерін реинжирингілеу жүргізілуде. Атап айтқанда, қайталанатын рәсімдерді алып тастау, мерзімдерді қысқарту және азаматтардан сұратылатын құжаттардың тізбесін қысқарту, яғни мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ішкі рәсімдерді оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Пилоттық сынақ үшін Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінен халық пен бизнес арасында көп сұранысқа ие 66 мемлекеттік көрсетілетін қызмет іріктеп алынды. 2016 жылы 20 мемлекеттік көрсетілетін қызметке талдау жасалды. 2017 жылы 23 мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша жұмыс жүргізілуде.

2011 жылдан бастап 2015 жыл аралығында орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің 7 бағыты бойынша жыл сайын олардың қызметінің тиімділігін бағалау жүргізілді.

Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам – Ұлт жоспары шеңберінде ауыспалы модель бойынша Мемлекеттік аппарат жұмысын бағалаудың жаңа жүйесін екі кезеңмен енгізу көзделген.

Осылай, бірінші кезеңді іске асыру шеңберінде 2016 жылдан бастап бағалаудың қолданыстағы жеті бағыты беске дейін («Жетекшілік етілетін салада/аяда/өңірде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру», «Бюджет қаражатын басқару», «Мемлекеттік қызметтерді көрсету», «Персоналды басқару» және «Ақпараттық технологияларды қолдану») оңтайландырылды.

Екінші кезеңді іске асыру мақсатында 2017 жылдан бастап 5 бағыт үш блокқа дейін (бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалау; мемлекеттік органның азаматтармен өзара іс-қимылын бағалау; мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық дамуын бағалау) оңтайландырылды.

Осылай, бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар бағалаудың 3 блогі бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізді.

Бағалаудың қорытындыларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мақұлдады және олар «Мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалау» интернет-порталы мен bagalau.kz сайтында жарияланды.

Құрамына Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің және Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары мен қоғамдық кеңестердің өкілдері кіретін Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жөніндегі комиссия құру арқылы сыртқы тәуелсіз бағалау енгізілген.

Орталық мемлекеттік органдар қызметінің негізгі салалары пікіртерімінің шеңберінде алғаш рет тәуелсіз сарапшылар тартылды.



Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесі бойынша

Қазіргі уақытта мемлекеттік жоспарлау құжаттарының иерархиясы құрылған: мемлекеттік жоспарлаудың логикалық сатысы қалыптастырылған, экономиканы дамытудың басты бағыттары белгіленген және декомпозициялау арқылы мемлекеттік органдардың қызметі стратегиялық міндеттерді іске асыруға бағытталған.

Нәтижелерге бағдарланған Мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жөніндегі тұжырымдама іске асырылуда.

Тұжырымдамада:

Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының сапасын және олардың іске асырылу деңгейін арттыру міндеттерін шешу;

стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысын қамтамасыз ету көзделген.

Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының сапасын және оларды іске асыру деңгейін арттыру шеңберінде 2015 жылы қолданыстағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне мынадай:

– Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын, Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшелерін және қоғамдық кеңестердің өкілдерін шақырумен Қазақстан Республикасының Үкіметінде мемлекеттік/үкіметтік бағдарламалардың есептері мен қорытындылар жобаларын тыңдау;

– Қазақстан Республикасының Үкіметінде (Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының қатысуымен) мемлекеттік/үкіметтік бағдарламаның жобасы тұжырымдамасының презентациясы және мемлекеттік/үкіметтік бағдарламаны әзірлеудің орындылығын мақұлдау бөлігінде өзгерістер енгізілді.

Стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысын қамтамасыз ету шеңберінде 2016 жылдан бастап стратегиялық жоспарды, аумақтарды дамыту бағдарламасын әзірлеудің жаңа тәсілі көзделген және олардың форматтары өзгертіліп, бюджеттік бағдарламаны қалыптастыру мен оның форматының тәсілдері қайта қаралды.

2016 жылдан бастап стратегиялық жоспарлар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларының басты көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы мемлекеттік органдар басшыларының халық алдында жыл сайынғы жария сөз сөйлеулері практикасы енгізілген.

Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын оңтайландыру (оның ішінде 2015 жылы Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 92-қадамы шеңберінде) және олардың негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша жүргізілетін жұмыстар нәтижесінде олардың санын 2014 жылғы 313-тен 2016 жылы 300-ге дейін қысқарту қамтамасыз етілді.

Осылай, егер 2013 жылғы қаңтарда – 8 мемлекеттік және 44 салалық бағдарлама болса, ал 2014 жылғы қарашада – 10 мемлекеттік және 15 салалық бағдарлама (ревизияның қорытындысы бойынша), 2015 жылғы қаңтарда – 8 мемлекеттік және 5 үкіметтік бағдарлама болды.

2016 жылдан бастап Үкімет, министрлер, облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдері үшін негізгі нысаналы индикаторлар енгізілді.

Негізгі нысаналы индикаторлар мынадай: азаматтардың қанағаттану деңгейін арттыру және әлеуметтік-экономикалық дамудағы оң өзгерістерді көрсету өлшемшарттары негізінде айқындалған.

Негізгі нысаналы индикаторларды бекіту үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен әкімдердің меморандумдарды әзірлеуінің нормативтік негізі бекітілді, ол меморандумдардың негізгі нысаналы индикаторларына қол жеткізудің қорытындысы бойынша олардың қызметін одан әрі бағалауға қажет.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы Арнайы үндеуін орындау үшін Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің деңгейіне берілді.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізудің қажеттілігі туындайды.

Жаңа стратегиялық міндеттерді, сондай-ақ жаһандық сын-қатерлерді есепке алу мақсатында экономикалық өсудің жаңа моделін құру және орта мерзімдік кезеңде ел дамуының жүйелі және тұрақты саясатын жүргізу үшін «Қазақстанның ұлттық технологиялық бастамасы» атты 2025 жылға дейінгі ел дамуының стратегиялық жоспарын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

2. Негізгі проблемалардың талдауы

Мемлекеттік органдар құзыреттерін регламенттеу мен мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейін күшейту бөлігінде мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі реформаның алдыңғы кезеңдерінің нәтижелеріне қарамастан мемлекеттік органдардың функцияларын және мемлекеттік басқару деңгейлерін нақты бөлу, оның ішінде іске асырылатын функцияларды орталықсыздандыру (қызметтерді көрсету тұтынушыларға жақындатылуы тиіс) мәселелері әлі де назар аударуды талап етеді.

Бұдан басқа, кейін оларды стандарттай және регламенттей отырып, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне қосу үшін жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жұмысы деңгейінің төмендігі байқалады.

3. Тәуекелдерді басқару


Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдердің атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Мемлекеттік басқару құрылымының өзгеру ықтималдығы

Кәсібилігі жоғары мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша ұсынымдар әзірлеу

Мемлекеттік органдардың қызметіне жүргізілген функционалдық шолулар шеңберінде ұсынымдар әзірлеу

Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау шеңберінде ұсынымдар әзірлеу



Мемлекеттік активтерді басқару саясатының саласы

1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес 2020 жылдың соңына дейін ұлттық экономикадағы мемлекеттің қатысу үлесін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі – ЭЫДҰ) көптеген елдерінің деңгейіне дейін – ЖІӨ-нің 15%-ына жеткізу жоспарланып отыр.

Мемлекеттің экономикаға қатысуын айқындау бойынша ЭЫДҰ тәсілдеріне сәйкес ЖІӨ-ге шаққанда жалпы қосымша құнның қатынасы 2014 жылы – 21,1%, 2015 жылы – 19,1%, 2016 жылы – 18,6% құрады.

Қазақстан экономикасында мемлекеттің қатысу үлесін төмендету:

– Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру;

– «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ) трансформациялау бағдарламасын іске асыру;

– 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған «Уellow Рages» қағидаттарын іске асыру арқылы қамтамасыз етіледі.

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің 2016–2020 жылдарға арналған кешенді жоспарында жекешелендіруге және бәсекелес ортаға беруге жататын 780 ұйымды, оның ішінде мемлекеттік меншіктің 64 аса ірі компаниясын, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек» акционерлік қоғамын, «ҚазАгро» акционерлік қоғамын, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның құрамына кіретін 171 еншілес және тәуелді ұйымды, сондай-ақ жекешелендіру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, жою нәтижесінде бәсекелес ортаға берілетін 545 ұйымды өткізу көзделген

2016 жылдың соңында жүргізілген ведомстволық бағынысты ұйымдарды түгендеудің қорытындылары бойынша Кешенді жоспарға қосымша 105 ұйым, сондай-ақ мемлекет қатысатын және олармен үлестес акционерлік қоғамдар мен жауапкершілік шектеулі серіктестер орындай алатын қызмет түрлерін айқындайтын «Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Үкіметтің № 1095 қаулысына қызметі сәйкес келмейтін 32 ұйым қосылды.

Осылай, мемлекет 903 кәсіпорынды, оның ішінде:

– 66 ірі компанияны (бұрын – ТОП 66), оның ішінде республикалық меншіктің 12 ұйымын, коммуналдық меншіктің 1 ұйымын, ұлттық басқарушы холдингтердің 53 ұйымын;

– «Самұрық-Қазына» АҚ-ның ТОП-қа енбеген 168 ұйымын;

– республикалық меншіктің 77 ұйымын және коммуналдық меншіктің 440 ұйымын;

– ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, оның ішінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың 152 ұйымын өткізеді.

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауда Үкіметке Кешенді жоспарға енген ұйымдарды жекешелендіруді 2018 жылдың соңына дейін аяқтау тапсырылды.

Жекешелендіру процесінің ашықтығын және тиімділігін қамтамасыз ету, мүдделер қақтығысын болдырмау және ұлттық басқарушы холдингтердің ірі активтерін өткізу процесін үйлестіру мақсатында Жобалық офис құрылды, оған жұмыс істеу үшін үздік халықаралық консультанттар тартылады. Жобалық офистің міндеттері объектілердің сату шарттарын, әдістерін, акциялар пакеттерінің (қатысу үлестерінің) көлемін, мерзімін және сату алдындағы дайындығы бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің жанынан жекешелендіру және активтерді бәсекелес ортаға беру жөнінде комиссия құрылды, процестің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін оның құрамына «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттарының депутаттары кірді.

Мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың активтерін сатып алуға халықаралық, сондай-ақ қазақстандық инвесторлар да қатыса алады.

Жекешелендірудің маңызды мәселелерінің бірі жекешелендіру объектілерінің әділ нарықтық құнын айқындау болып табылады. Осылай, баланстық құны айлық есептік көрсеткіштің 2500000 еседен астам мөлшерін құрайтын жекешелендіру объектілерін бағалауды тәуелсіз консультанттар бағалаудың халықаралық стандарттарына сәйкес жүзеге асырады, баланстық құны айлық есептік көрсеткіштің 2500000 еседен кем мөлшерін құрайтын жекешелендіру объектілерін бағалау бағалау қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады,

Жекешелендіру объектілерін сату:

– компанияларды қор нарығына шығару;

– стратегиялық инвесторлардың, әсіресе елеулі көлемегі инвестициялар мен технологиялық жаңартуды талап ететін компаниялар бойынша атаулы іске асыруы;

– екі кезеңді конкурсты пайдалану (сатып алу (бағасы, шарттары) бойынша көптеген ұсыныстардан үздік екеуі таңдалады және олардың арасында конкурс өткізіледі);

– кейіннен сатумен, сенімгерлік басқаруға беру арқылы көзделеді.

Жалпы 2014 жылғы маусымнан бастап 2017 жылғы маусым аралығында 125,5 миллиард теңгеге сомасына 512 объект өткізілді, оның ішінде Кешенді жоспарды орындау шеңберінде 75,2 миллиард теңге сомасына 279 объект: республикалық меншік бойынша – жалпы сомасы 8,3 миллиард теңге сомасына 23 объект; коммуналдық меншік бойынша – 28,6 миллиард теңге сомасына 154 объект; ұлттық компаниялар мен холдингтердің активтері бойынша 38 миллиард теңге сомасына 102 объект жекешелендірілді.

Жекешелендіру бағдарламасы бір реттік емес, ол жүйелі және тұрақты сипатқа ие. Осылай, «Yellow Pages Rule» қағидаттарын жүзеге асыру шеңберінде монополияға қарсы орган жыл сайынғы негізде қандай да бір салада тауар нарықтарына бәсекелестікті дамыту мәніне талдау жүргізеді. Бәсекелес ортада жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдар анықталған кезде бұл активтер сондай-ақ жекешелендіруге ұсынылады.

2014 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қордың инвестициялық және операциялық қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған Трансформациялау бағдарламасын іске асыруды орындады. Трансформациялау бағдарламасы үш бағытты қамтиды: портфельдік компаниялардың құнын арттыру, портфель құрылымын және Қордың инвестициялық қызметті жүргізу тәсілін өзгерту (қысқарту), Қорды және оның портфельдік компанияларын басқару жүйесіндегі өкілеттіліктерді және жауапкершілікті қайта бөлу. Трансформациялау бағдарламасына сәйкес Еншілес ұйымдарды трансформациялаудың жол картасы, сондай-ақ Қордың корпоративтік басқарудың кодексі жаңа редакцияда қабылданды.

Жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде 2021 жылға қарай квазимемлекеттік сектор субъектілерін, республикалық меншік ұйымдарын 15%-ға қысқарту және жалпы санына қатысты 5% коммуналдық меншік ұйымдарын бәсекелес ортаға беру көзделіп отыр.

2014 жылдан бастап Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының мемлекеттік меншік және жекешелендіру жөніндегі жұмыс тобының жұмысына қатысады. 2016 жылы Қазақстан тұрақты мүше мәртебесін алды.

Бұдан басқа «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның компаниялар тобы қызметінің тиімділігін, бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру үшін мемлекет активтерін құруға және (немесе) дамытуға, оның ішінде Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі электр энергиясы мен газ тапшылығының орнын толтыруға, көліктік-логистикалық орталықтардың оңтайлы жүйесін дамытуға, барынша жүктелген темір жол учаскелері арасында жеткізу қашықтығы мен уақытын қысқартуға, ұлттық экономикаға жеке инвестициялар тартуға, жаңғыртуға жәрдемдесуге бағытталған инвестициялық жобалар 049 «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның жарғылық капиталын көбейту» бюджеттік бағдарламасы бойынша іске асырылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 қарашадағы № 438 Жарлығымен бекітілген Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) қабылданды, ол жергілікті өзін-өзі басқарудың (бұдан әрі – ЖӨБ) дербес бюджетін және коммуналдық меншігін (бұдан әрі – МӘМ) енгізуді көздейді.

Коммуналдық меншік мәселелерін регламенттеу мақсатында Заңда Азаматтық кодекс пен «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілетін түзетулер көзделеді, атап айтқанда:

1) мемлекеттік коммуналдық меншіктің бір түрі ретінде «ЖӨБ коммуналдық меншігі» ұғымы енгізілді»;

2) республикалық және облыстық (аудандық) мүлік сияқты ЖӨБ коммуналдық мүлкінің құрамы айқындалды, ол ЖӨБ бюджеті қаражатынан және ЖӨБ коммуналдық заңды тұлғаларына бекітілген және/немесе бекітілмеген мүлкінен тұрады;

3) жергілікті өзін өзі басқару органдарына мүлікті беру тәртібі айқындалды (аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендері ЖӨБ коммуналдық мүлкі құрамына аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің шешімі бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімімен беріледі);

4) аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімшілік-аумақтық бірлігінің атынан жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін басқаруды «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабында белгіленген құзіретке сәйкес аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары жүзеге асырады (коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, мүліктік жалдауға (жалға алуға) береді, аудан әкімімен келісу бойынша ЖӨБ коммуналдық заңды тұлғаларын құру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды).

ЖӨБ коммуналдық мүлкінің құрамына мазмұны шығыстардың 19 бағыты шеңберінде көзделген объектілер берілетін болады.

Сондай-ақ, Үкімет ЖӨБ коммуналдық мүлкінің құрамына берілетін аудандық коммуналдық мүліктің үлгілік тізбесі бекітілетін болады.

Квазимемлекеттік сектор қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында:



– мемлекеттік мүлікті басқару бойынша олардың қызметінің тиімділігіне қарай мемлекеттік органдарды рейтингтік бағалау:

1-сурет. Тиімділігі жоғары мемлекеттік 2-сурет. Тиімділігі жоғары мемлекеттік

мекемелерді басқару бойынша мемлекеттік кәсіпорындарды басқару бойынша мемлекеттік

органдарды бағалау (2013 және 2015 жылдары) органдарды бағалау (2013 және 2015 жылдары)


3-сурет. Тиімділігі жоғары акционерлік 4-сурет. Тиімділігі жоғары жауапкершілігі

қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетін шектеулі серіктестіктер қатысуының

басқару бойынша мемлекеттік мемлекеттік үлестерін басқару бойынша

органдарды бағалау мемлекеттік органдарды бағалау

(2013 және 2015 жылдары) (2013 және 2015 жылдары)


– мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдарда корпоративтік басқарудың енгізілуін бағалау;

– ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың әкімшілік шығыстарын оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың әкімшілік шығыстарын оңтайландыру бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесінде ұлттық басқарушы холдингтердің («Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттері регламенттелген болатын. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның әкімшілік шығыстарының лимиттері «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

Осылайша, Қазақстанның экономикасына мемлекеттің қатысу үлесін төмендету және квазимемлекеттік сектор қызметінің тиімділігін арттыру елдегі мемлекеттік басқарудың сапасын арттырумен бір уақытта жүргізіліп отыр.

2. Негізгі проблемаларды талдау

Квазимемлекеттік сектор субъектілері санының өсуі теріс ықпал етеді және жеке секторда бәсекелестікті дамытуға кедергі жасайды. Мемлекеттік органдар ел басшылығы қойған әрбір тапсырмаға, міндеттерге ұйымдар құрады, бұл квазимемлекеттік сектор субъектілері санының өсуіне, қызметінің қайталануына әкеп соғады және жалпы ел бюджетіне елеулі жүктеме салады.

Қолданыстағы ұйымдастырушылық-құқықтық нысандар – акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мүмкіндіктері пайдаланылмайды.

Мемлекеттік сектор ұйымдарының қызметін талдау олардың қызметтерінің коммерциялық және коммерциялық емес бағыттылығы арасындағы нақты аражіктің ажыратылмағанын, әртүрлі ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы ұйым қызметінің қайталануын анықтады.

3. Тәуекелдерді басқару


Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Экономикалық ахуалдың нашарлауы және жекешелендіруге жеке сектор субъектілерінің қызығушылығының төмендеуі

  1. Кешенді жоспар шеңберінде ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;

  2. жекешелендіру объектілеріне сату алдында дайындық жүргізу және оларды бәсекелес ортаға беру;

  3. Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның жекешелендіру мәселелерін қарауы

Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асыру мерзімін бұзу

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті түрде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ұсынатын ақпараттың негізінде жобалардың іске асырылуын мониторингілеу;

2) мемлекет тарапынан салынған қаражат бөлігінде инвестициялық жобаларды іске асырудың тиімділігі бойынша қызметтің негізгі көрсеткішін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директорларының біріне бекіту

3) «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ директорлар кеңесінде бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін тоқсан сайын қарау



жүктеу 1,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау