Ұлыбританияда жұмыс күшіне сұранысты бағалау еңбек көші-қоны бойынша қолдағы бар
ақпаратты талдау негізінде жанама әдіспен жүзеге асырылады.
Көптеген елдерде еңбек күшінің келуін шектеу үшін білікті, сондай-ақ біліктілігі төмен
жұмыс күшін тартуға да квота белгіленеді.
АҚШ заңнамасында АҚШ үшін тартылуы басымдыққа ие шетелдіктердің мынадай санаттары
анықталған: инвесторлар (Е2 санаты), сауда жұмыскерлері (Е1), корпоративішілік ауысулар
бойынша ауысқандар (L1) және мамандар (HIB). Айтарлықтай жетістіктері, ғылыми дәрежесі және
т.б. бар жоғары білікті шетелдік мамандар үшін грин-картаны (тұруға ықтиярхат) күтудің ең аз
мерзіміне барабар арнайы квоталар белгіленеді.
Жұмыс визалары ақылы. Жергілікті қор визаға төленетін алымның көлемімен (шетелдік
жұмыскерлер 50 % ең төменгі деңгейден өткен кезде алым әр қосымша жұмыскер үшін ұлғаяды)
реттеледі.
Францияда санатына байланысты шетелдіктер (кәсіпкерлер, инвесторлар, студенттер және
басқалар) үшін рұқсаттаманың 10 түрі беріледі. Рұқсаттар ақылы. Ішкі еңбек нарығынан
баламалы кандидаттарды алдын ала іздеу міндетті.
EUBlueCard иелерін (жоғары білікті қызметкерлер, корпоративішілік ауысулар бойынша
ауысқан жұмысшы экспатрианттар, ерекше экономикалық табыс әкелген иммигранттар (инвесторлар)
, ғалымдар мен зерттеушілер) тарту басымдыққа ие.
Сингапурда өз бетінше жұмысқа орналасу үшін шетелдіктерді тарту тәжірибесі бар.
Үміткерлерді іріктеу балдық жүйемен жүргізіледі. Шетелдіктің білім деңгейі, жұмысқа
шақыртуының болуы, жалақысының әлеуетті деңгейі, сондай-ақ біліктілігі мен жұмыс
тәжірибесінің деңгейі. Балдық жүйе бойынша конкурстан өткендерге бір жылдан үш жылға дейін
жұмысқа рұқсат беріледі.
Канадада шетелдік азаматтар тартылатын басым мамандықтар мен кәсіптердің тізімін
айқындайтын Express Entry бағдарламасы бар. Шетелдіктер көп деңгейлі іріктеуден өтеді, оның
барысында тілді білуінен бастап алған білім деңгейі мен дағдыларды меңгеру дәрежесіне дейін
түрлі параметрлер есепке алынатын балдық жүйе бойынша олардың ел үшін тартымдылығы
бағаланады. Канадаға Express Entry бағдарламасы бойынша келетін шетелдіктер тұрақты тұруға
ықтиярхат алады және нақты жұмыс берушінің алдын ала шақыртуы бойынша жұмысқа орналасады.
Қазақстан үшін осы халықаралық тәжірибе өзекті. Алайда еліміздің
әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін ескере отырып, шетелдік кадрларға сұранысты
айқындаудың аралас практикасын бейімдеген жөн. Мұндай сұраныс барлық көші-қон ағындарын,
оның ішінде ішкі, сондай-ақ этникалық көші-қон ағындары мен бағыттарын ескере отырып
белгіленуге және елдің жоспарланған әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін толық қамтамасыз
етуге тиіс.
Қазақстан Республикасына туристерді тарту саласын дамыту мақсатында туризмді белсенді
дамытатын, бюджет қаражатын ұлттық жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға жұмсайтын
Марокко Корольдігі, Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктері сияқты елдердің халықаралық
тәжірибесі қызығушылық тудырады. Туризмді дамытуды инфрақұрылымдық қамтамасыз етуде атқарушы
биліктің белсенді рөлі табысқа жетудің елеулі факторларының бірі болып табылады.
Білімдарлардың кету мәселесін зерттеу тұрғысынан білікті шетелдік жұмыс күшінің
донор-елдері Оңтүстік Корея, Тайвань және Малайзия тәжірибесі қызықты, онда мемлекет білікті
кадрлардың эмиграциясының алдын алу үшін экономикалық және әлеуметтік жағдайды жақсарту
бойынша стратегиялар қабылдауда.
Тайваньда және Кореяда тәжірибелі мамандар мен ғалымдарға шет елдердегі табыспен
салыстыруға келетін жоғары жалақы, жұмыс істеу үшін ең жақсы жағдайлар, тұрғын үймен және
балаларының білім алуына көмек көрсетуді ұсыну арқылы оларды іздеп табатын қызметке тарту
құрылымдары белсенді жұмыс істейді.
Отанына оралуды жоспарламайтын мамандар мен оқытушылар үшін дәрістер курсын оқу
мақсатында арнайы шақыру бағдарламалары жасалған. Қазіргі уақытта екі ел де жетекші
мамандарының қайта оралуына қол жеткізу міндетімен шектеліп қана қоймай, өз диаспораларын
трансұлттық желілерге жұмылдыруға тырысады.
Малайзияда Үкімет білім алуға стипендия бөлу, мүлікті алып өтуді салықтан босату және
отбасы мүшелеріне тұрақты тұруға мәртебе беру жолымен дарынды адамдарды тарту, дамыту және
ұстап қалу мәселелері бойынша корпорациялармен жұмыс жасайды.
Жалпы көші-қон процестерін реттеудің әлемдік тәжірибесін қорытындылай келе, екі
көші-қон стратегиясы қолданылатынын көреміз.
Олардың бірі уақытша көші-қон стратегиясы (Германия, Парсы шығанағы елдері)
қабылданатын мигранттардың ең аз қажетті шекті санымен шектелуді және мерзімі біткен кезде
мигранттар елден кетуге тиіс болатын салыстырмалы түрде қысқа мерзімге жасалатын еңбек
келісімшарттарын жасауды білдіреді.
Мұның экономикалық әсері тез және қажетті әлеуметтік инфрақұрылымдарды құруға және
мигранттардың қоғамға етене араласуына мемлекеттің айтарлықтай тікелей қаржы шығынын талап
етпейді.
Мәселен, Парсы шығанағы елдерінде ешқандай интеграциялау бағдарламалары жоқ, уақытша
мигранттар әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қосылмаған және қабылдаушы мемлекеттің
азаматтығын ала алмайтын жағдайда. Осының салдарынан, мигранттардың еңбек және гуманитарлық
құқықтары тұрақты түрде бұзылады.
Германиядағы миллиондаған шетелдік тұрғындарға белгілі бір әлеуметтік кепілдіктер
берілгенімен, олар белсенді қоғам өмірінен шеттетілді, себебі олар тұрақты емес, уақытша
тұрғындар ретінде қарастырылды. Әлеуметтік оқшаулау нәтижесінде иммигранттар қауымында
қалыптасқан өмір сүру деңгейі өте төмен, көлеңкелі жұмыспен қамту кең тараған, еуропалыққа
жатпайтын құндылықтар мен әдет-ғұрыптар сақталған.
Екіншісі – бұл ұзақ мерзімді көші-қон стратегиясы (АҚШ, Канада, Аустралия, Жаңа
Зеландия), бұл тұрақты тұрғылықты жер беру және қабылдайтын қауымға интеграциялау арқылы
ұзақ мерзімді жобаларды іске асыруға мигранттарды тарту дегенді білдіреді.
Көптеген сарапшылардың пікірі бойынша аталған Стратегияның артықшылығы оның бірнеше
нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретінінде: