7) шетелде тұратын этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуы өсетін болады.
Қажетті
инфрақұрылымды жасау және жұмысқа орналасуға басым құқық беру ішкі көші-қон үшін Қазақстан
Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге репатрианттардың ерікті түрде қоныстануы
олардың тарихи отанына бейімделіп, интеграциялауын тездетеді;
8) көші-қон процестерін болжаудың және оларды басқарудың тиімді шараларын қабылдаудың
шарты болатын көші-қон ағындарын есепке алудың қазіргі заманғы жүйесі құрылатын болады.
Жоғарыда көрсетілген мақсаттар мен міндеттер мынадай көрсеткіштерге жетуді қамтамасыз
етеді:
1) кәсіпорындар бөлінісінде шетелдік жұмыскерлердің үлесі
кәсіпорынның тізімдік
санынан бірінші және екінші санаттар бойынша 30 %-дан, үшінші және төртінші санаттар бойынша
10 %-дан аспайтын болады;
2) экономикалық қызмет түрлері бойынша Қазақстан Республикасының аумағында еңбек
қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс күшінің 0,7 %-ынан артық
болмайтын квота қалыптастыру;
3) 70 %-дан кем емес жергілікті атқарушы органдар берген рұқсаттар бойынша тартылатын
шетелдік жұмыс күшінің құрамында білікті мамандардың үлес салмағын 2021 жылға қарай 70 %
деңгейінде сақтап қалу;
4) 2021 жылға қарай жұмысқа орналасқан оралмандардың үлесін 86 %-ға дейін жеткізу (
жұмыспен қамту органдарына жәрдемдесуге жүгінген оралмандар қатарынан);
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келетін ішкі мигранттарды
мемлекеттік қолдау шараларымен толық қамту.
Жасалған өзгерістер интеграцияланған және Қазақстанның жалпы Әлемнің ең дамыған отыз
елінің қатарына кіру стратегиясын іске асыруға байланысты болатын Қазақстан Республикасының
жаңа көші-қон саясатын қалыптастыруға бастау болуға тиіс.
6. ТҰЖЫРЫМДАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ БОЛЖАНАТЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ТІЗБЕСІ
Мынадай құқықтық актілер арқылы қойылған міндеттерге қол жеткізу болжанады:
1) "Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан
Республикасының
;
Заңы
2) "Үшінші мемлекеттерден келген заңсыз еңбек көші-қонына қарсы іс-қимыл жөніндегі
ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" 2011 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан
Республикасының
;
Заңы
3) "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының
;
Заңы
4) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының
;
Заңы
5) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен
бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму
;
жоспары
6) Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен
бекітілген Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі
;
болжамды схемасы
7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 396
қаулысымен
бекітілген Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі
;
тұжырымдамасы
8) Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 732 Жарлығымен
бекітілген Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі
;
тұжырымдама
9) Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығымен
бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға
арналған
;
мемлекеттік бағдарламасы
10) Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 1030 Жарлығымен
бекітілген Инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік
;
бағдарламасы
11) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1434 қаулысымен
бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының негізгі ережелері
;
12) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен
бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың
;
бірыңғай бағдарламасы
13) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен
бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021
жылдарға арналған
;
бағдарламасы
14) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014
жылғы 5 желтоқсандағы № 299 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары;
15) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы
6 наурыздағы № 21 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары;
16) "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін
реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының жобасы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 602 қаулысымен
бекітілген