Ќазаќстан Республикасы ‡кiметiнiњ



жүктеу 123 Kb.
Дата23.11.2018
өлшемі123 Kb.
#24434


Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2015 жылғы «27» сәуірдегі

№ 284 бұйрығына

10-қосымша


«Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;


      3) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінгенде:

лицензия беру, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10–тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы – 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;

лицензияны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

лицензияның телнұсқасын беру – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.

Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың толық еместігін анықтаған жағдайда көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді түрде бас тартады.

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің барынша рұқсат берілетін уақыты – көрсетілетін қызметті берушіге 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетуінің барынша рұқсат берілетін уақыты – 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі лицензия, қайта ресімделген лицензия, лицензияның телнұсқасы, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10–тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы уәжделенген жауабы болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға қағаз тасымалдағышта жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті алдамының мөрімен және қолымен куәландырылады.

7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым мөлшерлемелері (бұдан әрі – лицензиялық алым) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алымды төлеу күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшері негізге алына отырып белгіленеді және мынаны құрайды:

1) лицензияны беру кезінде – 500 АЕК;

2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде – лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды, алайда 4 АЕК–тен артық емес;

3) лицензияның телнұсқасын беру кезінде – лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын құрайды.

Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

Портал арқылы сұрау берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті ескере отырып сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті ескере отырып сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезекпен көрсетіледі, алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген;

2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі, мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбіге дейін, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Қабылдау электрондық кезек тәртібімен көрсетілетін қызметті алушының тіркеу орны бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүргізіледі, портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады.

3) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

9. Көрсетілетін қызметті алушы, не нотариалды куәландырылған сенімхаты бойынша оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) лицензияны алу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе  2-қосымшаға сәйкес өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру үшін);

ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

темекі өнімдерін өндіруші әзірлеген және толтырған өндіру паспорты;

аталған шарттарды бір жылдан аз мерзімге жасаған жағдайда жалға беру немесе өтеусіз пайдалану шартының көшірмесі;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына мәліметтер нысандары;

2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4 немесе 5-қосымшаға сәйкес өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру үшін);

ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;

мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелері;

3) лицензия жоғалған, бүлінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алуға, егер порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана мынадай құжаттарды ұсына отырып жүгінеді:

еркін нысандағы өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру үшін);

ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмелері.

Мемлекеттік корпорациясына:

1) лицензияны алу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе  2-қосымшаларға сәйкес өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру үшін);

ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;

темекі өнімдерін өндіруші әзірлеген және толтырған өндіру паспорты;

аталған шарттарды бір жылдан аз мерзімге жасаған жағдайда жалға беру немесе өтеусіз пайдалану шарты;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына мәліметтер нысандары;

2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4 немесе 5-қосымшаға сәйкес өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру үшін);

ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;

мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттар;

3) лицензия жоғалған, бүлінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алуға, егер порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана мынадай құжаттарды ұсына отырып жүгінеді:

еркін нысандағы өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру үшін);

ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорациясына жүгінген жағдайда құжаттардың қабылданғаны туралы белгімен, қабылдау күні және уақыты көрсетілген талон беріледі.

Мемлекеттік корпорациясында дайын құжаттарды беру тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жеке басын куәландыратын құжатты (не болмаса нотариалды куәландырылған сенімхаты бойынша оның өкілі) көрсеткен жағдайда жүзеге асырылады.

Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорациясы құжаттардың электрондық көшірмесін түпнұсқамен салыстырып тексереді, содан кейін осы құжатты көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті Мемлекеттік корпорациясы арқылы алған жағдайда ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін Мемлекеттік корпорациясы ұсынған нысан бойынша береді.

Мемлекеттік корпорациясы нәтиженің бір ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге сақтауға береді. Бір ай мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорациясының сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір күн ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорациясына көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.

порталға:

1) лицензияны алу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе  2-қосымшаларға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;

ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

темекі өнімдерін өндіруші әзірлеген және толтырған өндіру паспортының электрондық көшірмесі;

аталған шарттарды бір жылдан аз мерзімге жасаған жағдайда жалға беру немесе өтеусіз пайдалану шартының электрондық көшірмесі;

электрондық құжат форматында темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына мәліметтер нысандары;

2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4 немесе 5-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;

ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелері;

3) лицензия жоғалған, бүлінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алуға, егер порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана мынадай құжаттарды ұсына отырып жүгінеді:

электрондық құжат нысанындағы өтініш;

ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлға ретінде тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, құқық белгілейтін құжаттар туралы мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті алу үшін жолданған сұрау салудың қабылданғаны туралы күні және уақыты көрсетілген мәлімет жолданады.

10. Егер:

1) Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілетін қызметті алушылардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;

2) лицензиялық алым енгізілмеген;

3) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;

4) лицензиар тиісті келісуші мемлекеттік органнан өтініш берушінің лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алған;

5) өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;

6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған жағдайлар мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер болып табылады.

Мемлекеттік корпорациясына жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын табыс етпеген жағдайда, Мемлекеттік корпорациясының қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
 11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар жазбаша түрде:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрліктің басшысының не оны алмастыратын адамның атына;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.

Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорацияның басшысына жолданады.

Шағымда:

1) жеке тұлғаның - оның аты, тегі, әкесінің аты, почталық мекен-жайы, байланыс деректері;

2) заңды тұлғаның – оның атауы, почталық мекен-жайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінуге қол қоюы қажет.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің, ХҚКО-ның кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.



4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

     


13. организм функциясы тұрақты бұзылған, өзіне өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, бағдарлау қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша шыға отырып, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері жүргізеді.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің: www. kgd.gov.kz, Министрліктің: www.minfin.gov.kz, Мемлекеттік корпорацияның: www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған кезде, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.

16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 8-800-080-7777, 1414.

«Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша
Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға өтініші

Кімге __________________________________________________________

(лицензиардың толық атауы)

кімнен _________________________________________________________

(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

_______________________________________________________________

(қызметтің түрі және (немесе) кіші түрі (-лері) көрсетілсін)

жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште ______ (лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда, Х белгісін қою керек) беруіңізді сұраймын.

Заңды тұлғаның мекенжайы _______________________________________

(почта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

Электрондық почтасы ___________________________________________

Телефоны ______________________________________________________

Факс __________________________________________________________

Банктік шоты____________________________________________________

(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

Қызметті жүзеге асыру мекенжайы (лары) ___________________________

(почта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

Қоса берілген құжаттар___________ парақ.

Осы арқылы:

көрсетілген деректердің бәрі ресми байланыстар болып табылатыны және лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша оларға кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;

өтініш берушіге соттың лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға тыйым салмағаны;

қоса беріліп отырған құжаттардың бәрі шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны расталады.

 

Басшы ___________ ___________________________________



(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
М.О.

Толтырылған күні: 20__ жылғы «___» _________

«Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша

Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға өтініші

Кімге __________________________________________________________

(лицензиардың толық атауы)

кімнен _________________________________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

_______________________________________________________________

(қызметтің түрі және (немесе) кіші түрі (-лері) көрсетілсін)

жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште _______ (лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда, Х белгісін қою керек) беруді сұраймын.

Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы _____________________

(почта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің аты, үйдің/ғимараттың нөмірі)

Электрондық почтасы ____________________________________________

Телефоны ______________________________________________________

Факс __________________________________________________________

Банктік шоты____________________________________________________

(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

Қызметті жүзеге асыру мекенжайы (лары) ___________________________

(почта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің аты, үйдің/ғимараттың нөмірі)

Қоса берілген құжаттар___________ парақ.

Осы арқылы:

көрсетілген деректердің бәрі ресми байланыстар болып табылатыны және лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша оларға кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;

өтініш берушіге соттың лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға тыйым салмағаны;

қоса беріліп отырған құжаттардың бәрі шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны расталады.

 

Жеке тұлға___________ ___________________________________



(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

М.О.


Толтырылған күні: 20__ жылғы «___» _________

«Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

3-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің     
2013 жылғы 29 қаңтардағы
№ 58 қаулысымен  
бекітілген

Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі


қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын
біліктілік талаптары және оларға
сәйкестікті растайтын    
құжаттардың тізбесіне    
қосымша
Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына мәліметтер нысандары
      1. Темекі өнімдерін өндірушінің өндірістік паспортында көрсетілген өндірістің технологиялық схемасына сәйкес келетін темекі өнімдерін өндіру кезінде пайдаланылатын технологиялық жабдық:
      мыналар:
      1) жабдықтың атауы _________________________________________;
      2) түрі ____________________________________________________;
      3) маркасы _________________________________________________;
      4) жабдықтың өнімділігі ____________________________________;
      5) саны ____________________________________________________;
      6) жабдықты сатып алуды растайтын құжаттың нөмірі мен күні __;
      7) соңғы және кейінгі тексеру (калибрлеу) күні ___________ көрсетілсін.
      2. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін өлшем құралдары:
      мыналар:
      1) өлшем құралының атауы ___________________________________;
      2) түрі ____________________________________________________;
      3) маркасы _________________________________________________;
      4) саны ____________________________________________________;
      5) соңғы және кейінгі тексеру (калибрлеу) күні ____________ көрсетілсін.
      3. Темекі өнімдерінің өндірісін технологиялық бақылау бойынша зертханалар:
      Болған кезде мыналар:
      1) аккредиттеу аттестатын (куәлігін) берген орган __________;
      2) аттестаттың (куәліктің) қолданыс мерзімі ________________;
      3) аккредиттеу (аттестаттау) саласы ________________________;
      4) аккредиттеу аттестатының (куәлігінің) нөмірі және күні ____________;
      5) берген орны ____________________________________________ көрсетілсін.
      4. Барлық тауар белгілерінің дәл және толық атауларын көрсете отырып, өндірілетін өнім тізбесі:
      мыналар:
      1) барлық тауар белгілерінің дәл және толық атауларын көрсете отырып, өндірілетін өнімнің дәл және толық атауы _________________;
      2) тауар белгісін тіркеу нөмірі және күні __________________ көрсетілсін.
      5. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келетін нормативтік техникалық құжаттар:
      техникалық құжаттаманың болуы көрсетілсін:
      1) стандарттың нөмірі және күні ____________________________;
      2) техникалық регламенттің нөмірі және күні ________________;
      3) технологиялық нұсқаулық нөмірі және күні (болған кезде) _____________________________________________;
      4) басқа құжаттама (болған кезде) __________________________.

«Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

4-қосымша
Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге өтініші
Кімге ___________________________________________________________

(лицензиардың толық атауы)

кімнен __________________________________________________________

(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

________________________________________________________________

(қызметтің түрі және (немесе) кіші түрі (-лері) көрсетілсін)

жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште ______ (лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда, Х белгісін қою керек) беруіңізді сұраймын.

Заңды тұлғаның мекенжайы _______________________________________

(почта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

Электрондық почтасы ____________________________________________

Телефоны _______________________________________________________

Факс ___________________________________________________________

Банктік шоты____________________________________________________

(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

Қызметті жүзеге асыру мекенжайы (лары) ___________________________

(почта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

Қоса берілген құжаттар___________ парақ.

Осы арқылы:

көрсетілген деректердің бәрі ресми байланыстар болып табылатыны және лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша оларға кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;

өтініш берушіге соттың лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға тыйым салмағаны;

қоса беріліп отырған құжаттардың бәрі шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны расталады.

 

Басшы____________ _____________________________________



(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
М.О.

Толтырылған күні: 20__ жылғы «___» _________

«Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

5-қосымша

Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге өтініші
Кімге ___________________________________________________________

(лицензиардың толық атауы)

кімнен __________________________________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

________________________________________________________________

(қызметтің түрі және (немесе) кіші түрі (-лері) көрсетілсін)

жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште _______ (лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда, Х белгісін қою керек) беруді сұраймын.

Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы ______________________

(почта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің аты, үйдің/ғимараттың нөмірі)

Электрондық почтасы _____________________________________________

Телефоны ______________________________________________________

Факс ___________________________________________________________

Банктік шоты____________________________________________________

(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

Қызметті жүзеге асыру мекенжайы (лары) ___________________________

(почта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің аты, үйдің/ғимараттың нөмірі)

Қоса берілген құжаттар___________ парақ.

Осы арқылы:

көрсетілген деректердің бәрі ресми байланыстар болып табылатыны және лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша оларға кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;

өтініш берушіге соттың лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға тыйым салмағаны;

қоса беріліп отырған құжаттардың бәрі шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны расталады.

 

Жеке тұлға____________ ___________________________________



(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

М.О.


Толтырылған күні: 20__ жылғы «___» _________

«Темекі өнімдерінің өндірісіне

лицензия беру»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

6-қосымша

                     (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,
                     болған кезде әкесінің аты (бұдан әрі – аты-жөні)
                     ________________________________________________
                        (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы

15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2) тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) құжаттарды қабылдаудан Сіздің «Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты, мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

жоқ құжаттардың атауы:

1) _______________________________;

2) _______________________________;

3) ....
Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.


Аты-жөні (Мемлекеттік корпорациясының қызметкері)        (қолы)

Орындаушы: аты-жөні_____________

Телефон __________

Алдым: көрсетілетін қызметті алушының аты-жөні / қолы



20__ жыл «___» _________
жүктеу 123 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау