Қазақстан Республикасы Үкіметінің



жүктеу 0,58 Mb.
Pdf просмотр
бет8/21
Дата25.05.2018
өлшемі0,58 Mb.
#17559
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21

17 

дербестігін арттыру бойынша шаралар қабылданады. 

Орта  мерзімде  кезеңдегі  халыққа  бюджеттік  қызмет  көрсетуде 

Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңнамасында кепілдік 

берілген  өңірлерге  тең  фискалдық  мүмкіндіктерді  қамтамасыз  ету 

бюджетаралық қатынастар саясатының негізгі мақсаты болып табылады. 

Бюджетаралық  қатынастар  2017 – 2019  жылдарға  бекітілген  жалпы 

сипаттағы  трансферттерге  (субвенциялар  мен  алып  қоюларға)  негізделетін 

болады.  Үш  жылдық  кезеңде  жалпы  сипаттағы  трансферттердің 

тұрақтылығы сақталатын болады. 

Нормативтік  құқықтық  актілерді  қабылдауға  байланысты  жергілікті 

бюджет  кірістерінің  шығындары  не  қосымша  шығыстар  туындаған  кезде 

жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – ЖАО) шығындары ағымдағы 

нысаналы  трансферттер  бөлу  арқылы  республикалық  бюджеттен  өтелетін 

болады. 


Бұдан  басқа,  жалпы  сипаттағы  үш  жылдық  трансферттерді  қолдану 

кезеңінде  ЖАО-лар    өңірлік  деңгейдегі  мәселелерді  шешу  үшін  жергілікті 

бюджетке түсетін артық кірістерін өз бетінше иеленетін болады. 

2017 – 2019  жылдарға  арналған  жалпы  сипаттағы  трансферттерге 

салынған  жергілікті  бюджеттерді  дамыту  болжамының  бюджеті  ұлғаюын 

ескере  отырып,  ЖАО  қаржылық  дербестігін  арттыру  мақсатында  өңірлерге 

республикалық  бюджеттен  берілетін  нысаналы  даму  трансферттері  көлемін 

қысқарту  жоспарланып  отыр.  Жергілікті  деңгейдегі  объектілер  (білім  беру 

объектілерін,  фельдшерлік-акушерлік  пункттерді,  медициналық  пункттерді, 

сумен жабдықтау жүйесін, жергілікті деңгейдегі автомобиль жолдарын және 

т.б) құрылысын қаржыландыру жергілікті бюджетке берілуі тиіс. 

Республикалық  бюджеттен  берілетін  нысаналы  даму  трансферттері 

өңірлердің инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуіндегі өткір сәйкессіздіктерді 

жою  және  ұлттық  маңызы  бар  жобаларды  іске  асыру  үшін  ғана  бөлінетін 

болады. 

Орта 


мерзімді 

кезеңде 


жергілікті 

бюджет 


шығыстарының 

басымдықтары: 

– мемлекеттің 

әлеуметтік 

міндеттемелерінің 

толық 


көлемде 

орындалуы; 

– халыққа  бюджеттік  қызметтердің  толық  көлемде  ұсынылуын 

қамтамасыз ету; 

– білім  беру,  денсаулық  сақтау  объектілерін,  қолжетімді  тұрғын  үй 

және 


инженерлік 

коммуникациялық 

инфрақұрылым 

салу 


және 

реконструкциялау; 

– халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған объектілер салу;  

– жергілікті деңгейдегі автомобиль жолдарын дамыту болуы тиіс. 



Салық  жүйесін  реформалаудың  негізгі  мақсаты  бюджет  кірістерінің 

тұрақтылығын  сақтау  және  жаңа  кен  орындарын  игеру  бойынша  

инвестициялық  қызметті  арттыру  есебінен  ұзақ  мерзімді  перспективада 

бюджет кірістерін ұлғайту болып табылады. 

Салық жүйесін жетілдіру мақсатында: 



18 

– қосымша құн салығын өндіру тетіктерін жетілдіру; 

– кірістер  мен  шығыстарға  салықтық  есеп  жүргізуді  міндетті  түрде 

енгізе отырып қолданыстағы салық режимдерін оңтайландыру; 

– жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу жүйесін жетілдіру; 

– тиімсіз, оның ішінде Дүниежүзілік сауда ұйымның (бұдан әрі – ДСҰ) 

ережелеріне қайшы келетін салықтық жеңілдіктерді жою; 

– салықтық әкімшіліктендіруді жетілдіру шаралары қабылданады. 

Жалпы,  ұзақ  мерзімдегі  перспективада  салық  саясатының  міндеті 

салықтық  әкімшілендіруді  тұрақты  жетілдіру  арқылы  икемді,  ашық  және 

қолайлы салық жүйесін құру болып табылады. 

Бюджеттік инвестициялық саясат. Қосымша қаржыландыру көздерін 

тарту  үшін  мемлекеттік  инвестициялық  жобаларды  іске  асыру  мемлекеттік-

жекешелік әріптестік тетіктеріне қайта бағдарланатын болады. 

Бюджеттік  инвестициялар  үшін  экономиканың  өсуі  мен  жұмыспен 

қамтуға  мультипликативтік  әсері  бар  басым  салалар  болып  табылады. 

Мемлекетің  ұзақ  мерзімді  міндеттерін  іске  асыру  үшін  база  құрудың,  ел 

экономикасындағы 

құрылымдық 

реформаларды 

қисынды 


түрде 

жалғастырудың  және  мемлекеттің  әлеуметтік,  индустриялық-инновациялық 

инфрақұрылым  құру  мен  халыққа  көрсетілетін  мемлекеттік  қызметтердің 

сапасын арттыру жөніндегі бастамаларын аяқтаудың маңызы зор. 

Бюджеттік инвестициялардың шешуші бағыттары: 

1) Экономиканың  аралас  салаларын  дамыту  және  экономикалық 

белсенділікті  қолдау  арқылы  экономиканы  әртараптандыру  және 

инфрақұрылымды дамыту.  

Осы  бағыт  шеңберінде  «Нұрлы  жол»,  индустриялық-инновациялық 

дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы мен салалық бағдарламалардың 

іс-шаралары 

басым 


қаржыландырылатын 

болады. 


Орта 

мерзімді 

перспективада 

Атыраудағы 

«Ұлттық 

индустриялық 

мұнай-химия 

технопаркі»  арнайы  экономикалық  аймағының  инфрақұрылымының 

құрылысын  аяқтау,  Құрық  портында  паром  кешенін  салу,  «Орталық  – 

Оңтүстік»,  «Орталық  –  Шығыс»,  «Орталық  –  Батыс»,  Алматы  –  Өскемен, 

Атырау  –  Астрахань,  Орал  –  Каменка  –  Ресей  Федерациясының  шекарасы, 

Ұзынағаш – Отар, Жетібай – Жаңаөзен, Ақтөбе – Мақат автожол жобаларын 

салу жоспарлануда.   

2) Тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылығы  мен  су  және  жылумен 

жабдықтау  желілерінің  инфрақұрылымын  жаңғырту,  тұрғын  үй  құрылысын 

дамыту, 


АӨК 

субъектілерінің 

бәсекеге 

қабілеттілігін 

арттыру,  

ауыл-шаруашылығы  кооперативтерін  құру  жолымен  өңірлік  драйверлерді 

дамыту және халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту. 

АӨК  дамыту  бағдарламаласының  шеңберінде  іске  асырылатын  

АӨК-тің басым бағыттарын дамыту бойынша жұмыс жалғасатын болады. 

Сондай-ақ,  «ҚазАгро»  Ұлттық  басқарушы  холдингі»  Акционерлік 

қоғамы  (бұдан  әрі  –  «ҚазАгро»  ҰБХ»  АҚ)  нәтижелілік,  транспаренттілік 

және  тиімді  корпоративтік  басқару  қағидаттарында  АӨК  индустриялық 

дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша 



жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау