Қазақстан Республикасы Үкіметінің



жүктеу 0,58 Mb.
Pdf просмотр
бет10/21
Дата25.05.2018
өлшемі0,58 Mb.
#17559
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21

21 

қабілетін  ұлғайту  арқылы  көлік  дәліздерін  кеңейту  бойынша  жұмыстар 

жалғасады. 

2020  жылға  дейін  мұнай  өңдеу  зауыттарын  жаңғырту  бойынша 

индустриялық-инновациялық даму жобаларының іске асырылуы аяқталатын 

болады. 


Электр  энергетикасы  саласында  2019  жылғы  1  қаңтардан  бастап 

электр  энергетика  нарығын  дамытуды  және  инвестицияларды  тартуды 

ынталандыру нормалары күшіне енеді: 

Электр  энергиясы  нарығында  екі  жақты  тікелей  шарттар, 

орталықтандырылған сауда-саттықтардағы  шарттар жасалатын болады. 

Қуат  нарығына  Бірыңғай  сатып  алушы  енгізіледі,  ол  энергия 

шығаратын ұйымдардан қуатты мына жолдармен сатып алуды: 

– тендер нәтижелері бойынша, ұзақ мерзімді тікелей шарттар бойынша 

жаңа энергия өндіруші ұйымдардан қуат сатып алу; 

– қолданыстағы  энергия  өндіруші  ұйымдардан  қуат  сатып  алу 

орталықтандырылған  сауда  саттықта  жыл  сайын  және  сауда  саттықтан  тыс 

ұзақ мерзімді шарттар  бойынша жүзеге асырылатын болады.  

Электр  энергия  тарифінің  құрылымы  мыналарға  бөліну  жолымен 

өзгереді: 

– электр  энергия  тарифі  –  ол  электр  энергия  өндіруге  кеткен 

шығындардың өтемділігін қамтамасыз ететін ауыспалы бөлігі; 

– қуат  тарифі  –  ол  қолданыстағы  электр  қуатын  кеңейтуге, 

реконструкциялауға, жаңғыртуға, жаңартуға және жаңа құрылысқа салынған 

инвестицияның қайтарымдылығын қамтамасыз ететін тұрақты бөлігі. 

«Жасыл  экономика»  саласында  Қазақстан  бастамашылық  еткен 

«Жасыл көпір»

 

Халықаралық әріптестік бағдарламасының шеңберінде



 

қайта 


құрудың  жоғарғы  қарқыны  берілген.  Сонымен,  электр  энергетикада 

баламалы және жаңартылатын электр энергиясының үлесі 2030 жылға қарай 

10,0 %-ға  жетуі  тиіс,  2020  жылға  қарай  ЖІӨ-нің  энергия  сыйымдылығы  

25,0 % - ға төмендеуі тиіс. 



Атом  өнеркәсібін  дамыту  бойынша  мемлекеттік  саясат  уран  өндіру 

бөлігінде  әлемдік  табиғи  уран  нарығындағы  көшбасшылық  ұстанымды 

сақтау,  ядролық  отын  циклінің  жаңа  өндірістерін  құру,  атом  энергетикасы 

мен  атом  ғылымының  инфрақұрылымын  дамыту  арқылы  елдің  үдемелі 

индустриялық-инновациялық 

дамуын 


қамтамасыз 

ету 


үшін 

атом 


энергетикасын құруға бағытталатын болады. 

Ядролық  отын  циклінің  тік-интеграцияланған  кешенін  құру  үшін 

ядролық отын циклінің барлық жетіспейтін бұынына – уранды конверсиялау 

және  байыту,  жылу  бөлгіш  құрастырмалар  өндірісін  құру  және  елдің 

қатысуы бойынша жұмыс жүргізілуде. 

 

2.2 Экономиканың базалық салаларын дамыту 



Тау-кен  металлургия  өнеркәсібінде  негізгі  күш  ел  ішінде  шикізатты 

барынша  өңдеуді  қамтамасыз  етуге  және  машина  жасау,  құрылыс 

индустриясы  сияқты  өнеркәсіптің  аралас  салаларын  дамытуды  қамтамасыз 



22 

ететін жоғары деңгейдегі өнімдер өндірісіне жұмсалатын болады. 

Тау-кен металлургия саласын дамыту: 

– бәсекеге  қабілетті  өндірістер  құру,  ШОБ-ты  тарта  отырып  қосылған 

құны жоғары терең өңделетін өнімнің номенклатурасын кеңейту және үлесін 

ұлғайту; 

– ресурстар  мен  энергия  сыйымдылығын  төмендету,  еңбек өнімділігін 

арттыру мақсатында қазір жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту; 

– шикізатты  алу  және  кешенді  түрде  өңдеу  технологиялары  бойынша 

инновацияларды,  өнімнің  жаңа  түрлерін  әзірлеуді  дамыту  және 

инновациялық  процестерге  саланың  ғылыми-техникалық  әлеуетін  белсенді 

тарту; 


– салалық  жобаларды  қажетті  инфрақұрылыммен  қамтамасыз  ету, 

минералдық-шикізат  базасын  кеңейту  және  қайта  қалпына  келтіруін 

қамтамасыз  ету,  саланы  білікті  еңбек  ресурстарымен  қамтамасыз  ету 

жолымен қамтамасыз етілетін болады. 

Елде  машина  жасауды  дамыту  жөніндегі  саясат  ішкі  нарықтың 

қажеттіліктерін барынша қанағаттандыруға және жоғары қосылған құны бар 

түпкілікті өнім өндірісін ұлғайту есебінен экспортты кеңейтуге бағытталады. 

Автомобиль  өнеркәсібін  және  автоқұрамдауыштар  өндіру  өнеркәсібін 

дамыту  машина  жасау  құрылысының  іргетасына  айналуға  тиіс.  2020  жылға 

қарай  отандық  өндірушілердің  автомобиль  өндірісі  300  мың  бірлік 

деңгейінде болжанып отыр. 

Машина жасау саласында негізгі күш ауыл шаруашылығы техникасын 

сатып  алу  кезінде  ауыл  шаруашылығы  тауарларын  өндірушілерді 

субсидиялау  тетіктерін  жетілдіруге  және  жалпы  жеткізілімдер  көлемінде 

өздері өндіретін ауыл шаруашылығы техникасының көлемін 30,0 %-ға дейін 

жеткізуге бағытталады. 



Жеңіл 

өнеркәсіпті 

дамыту 


жөніндегі 

саясат 


Қазақстан 

Республикасының  2015  –  2019  жылдарға  арналған  жеңіл  өнеркәсібін 

дамытудың  кешенді  жоспары  шеңберінде  әлеуметтік  тиімділігін  күшейте 

отырып  жеңіл  өнеркәсіп  өнімдерін  әртараптандыруға  және  бәсекеге 

қабілеттілігін арттыруға бағытталатын болады. 

Сондай-ақ, ішкі нарықта тауарларды және ілгерілету, үшінші елдердің 

нарығына  Еуразиялық  экономикалық  одақтың  (бұдан  әрі  –  ЕуразЭО)  жеңіл 

өнеркәсіп  өнімдерін  бірлесіп  ілгерілету  бойынша  жұмыс  жүргізілетін 

болады. 

Химия  өнеркәсібін  одан  әрі  дамыту  агрохимия  саласын  және 

өнеркәсіпке  арналған  химикаттарды  дамытудың  басым  бағыттары 

шеңберінде жалғастырылатын болады. 

Агрохимиялық  секторды  дамыту  күрделі  (NPK-тыңайтқыштар),  калий 

тыңайтқыштары мен өсімдіктерді қорғау құралдарын өндіру бойынша басым 

бағыттарды іске асыру арқылы қамтамасыз етілетін болады.  

Химиялық  кластерді  одан  әрі  дамыту  шеңберінде  кейіннен  жемшөп 

фосфаттарын өндірумен экстракционды фосфорлы қышқыл өндірісі, метанол 

және  аммиак  негізінде  химия  өнімдерінің  өндірісі  жөніндегі  жобалар  іске 



жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау