Қазақстан Республикасы Үкіметінің



жүктеу 0,58 Mb.
Pdf просмотр
бет7/21
Дата25.05.2018
өлшемі0,58 Mb.
#17559
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21

15 

Бағалы  қағаздар  нарығын  одан  әрі  дамытуға  қажетті  жағдайлар  жасау 

үшін формальды тәсілден тәуекелге бағдарланған реттеу және бағалы қағаздар 

нарығының  субъектілерін  қадағалау  тәсіліне  көшу  бойынша  шаралар 

қабылданатын болады.

 

 



1.3 Квазимемлекеттік  секторды  ескере  отырып,  мемлекеттің 

міндеттемелерін басқару саясаты.  

Бюджетке    борыштық  жүктемені  азайту  және  ел  үшін  борышты 

қауіпсіз  деңгейде  ұстап  тұру  мақсатында  жыл  сайын  заңнамалық    және 

нормативтік  құқықтық  актілер  шеңберінде  мемлекеттік  кепілдіктер  беру 

және  үкіметтік  борыштың  лимиттері,  жергілікті  атқарушы  органдар 

борышының лимиттері белгіленеді. 

Үкіметтік  борыштың  лимиттерімен  қатар  бюджеттік  заңнамаларда 

квазимемлекеттік сектордың оның көлемін Үкіметпен келісу арқылы сырттан 

қарыз  алуын    шектеу  мүмкіндігі

 

қарастырылған.  2016  жылғы 



8 желтоқсандағы  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  қорының  қаражатын 

қалыптастыру  және  пайдалану  тұжырымдамасында  Үкіметтің  борышы  мен 

квазимемлекеттік  сектордың  сыртқы  борышының  көлемі  бойынша  Ұлттық 

қордың  валюталық  активтері  мөлшерінен  аспайтын  қосымша  шектеу 

енгізілген.  

2018-2022  жылдары  үкіметтік  қарыздар  есебінен  қаржыландырылатын 

жобалардың болуын, еркін құбылмалы айырбас бағамы мен жедел шешімдер 

қабылдау


 

мүмкіндіктерін  ескере  отырып,  Қазақстан  Республикасының 

мемлекеттік  және  үкіметтік  борышы  бойынша  болжамдық  параметрлері 

консервативті деңгейде

 

белгіленеді. 



Мемлекеттік борыштың мөлшері 2020 жылы бюджет тапшылығы ЖІӨ-

ге  шаққанда  1,0 %-ға  дейін  төмендеген  жағдайда,  27,0 %-дан  аспауға  тиіс, 

бұл  ретте  үкіметтік  борыш  –  ЖІӨ-ге  шаққанда  25,0 %.  Сонымен  қатар,  

ЖІӨ-ге шаққандағы мемлекеттік борышты 2018 жылы 25,6 %-дан 2022 жылы 

23,7 %-ға, оның ішінде үкіметтік борышты 2018 жылы 19,7 %-дан 2022 жылы 

19,1 %-ға дейін

 

кезең-кезеңмен төмендету жоспарланып отыр. 



Мемлекеттік  және  үкіметтік  борыш  параметрлерінің  болжамы  

1-қосымшада ұсынылған. 

Еуразиялық  экономикалық  одақ  туралы  шартқа  сәйкес,  мемлекеттік 

борыш  ЖІӨ-ге  шаққанда  50,0 %-дан  артпауы  тиіс.  Бұл  ретте  Қазақстан 

Республикасының  жаңа  бюджет  саясатының  тұжырымдамасына  сәйкес 

мемлекеттік және квазимемлекеттік борыштың жоғарғы шектері 2020 жылға 

қарай жиынтығында ЖІӨ-ге қатысты 60,0 %-дан аспауы тиіс. 

Бюджет  заңнамасында  үкіметтік  борышқа  қызмет  көрсету  және  өтеу 

шығыстары  бойынша  да  шектеулер  белгіленген,  оларға  сәйкес  Ұлттық 

қордан  бөлінетін  трансферттерді  қоса  алғанда,  республикалық  бюджет 

кірістерінің 15,0 %-ынан аспауы тиіс. 

Тұрақты негізде мемлекеттік борышты

 

бағалау және болжамдау, оның 



ішінде  мемлекеттік  борыштың

 

ұлғаюы  тәуекелдерін  анықтау  және  борыш 



құрылымын  оңтайландыру  мен  оған  қызмет  көрсету

 

бойынша  жұмыс 




16 

жалғасатын болады. 

Жалпы, елдің борыштық саясаты бюджет тапшылығын қаржыландыру 

және  елдің  борышын  қауіпсіз  деңгейде  ұстап  тұру  үшін  үкіметтік  қарыз 

алуды  қолайлы шарттармен

 

жүзеге асыруға бағытталады. 



 

1.4 Бюджет-салық саясаты 

Бюджет саясаты мемлекеттік қаржының тұрақтылығын нығайтуға және 

экономиканың одан әрі өсуін қолдауға бағытталатын болады. 

2018 – 2020 жылдарға арналған бюджет саясатының негізгі міндеттері: 

– бюджеттің мұнай кірістеріне тәуелділігін төмендету; 

– Ұлттық қордың активтерін тұрақтандыру және сақтау; 

– бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру; 

– фискалдық  орталықсыздандыруды  жалғастыру  және  жергілікті 

атқарушы органдардың дербестігін арттыру болады. 

Бюджеттің  мұнай  кірістеріне  тәуелділігін  төмендету  мақсатында 

бюджет  саясаты,  ең  алдымен  бюджеттің  мұнайдан  тыс  тапшылығын 

төмендетуді  негізге  алатын  болады.  Орта  мерзімді  кезеңде  мұнайдан  тыс 

тапшылық  деңгейінің  2020 жылы  ЖІӨ-ге  қатысты  7,0 %-ға  дейін  төмендеуі 

бағдар болмақ. 

Бұл ретте бюджет тапшылығын 2018 жылы ЖІӨ-ге қатысты 1,5 %-да, 

2019-2020 жылдары ЖІӨ-ге қатысты 1,0 % деңгейде ұстап тұру жоспарланып 

отыр,  бұл  Үкімет  борышын  ЖІӨ-ге  қатысты  25,0 %-дан  аспайтын  деңгейде 

сақтауға мүмкіндік береді. 

Мұнай  емес  тапшылықты  төмендетуді  Ұлттық  қордың  қаражатын 

пайдалануды  қысқарту,  мұнайдан  тыс  сектордан  түсетін  кірістердің  өсуін 

ынталандыру,  сондай-ақ  бюджет  шығыстарын  ұтымды  ету  есебінен 

қамтамасыз ету болжануда. 

Ұлттық  қордың  активтерін  тұрақтандыру  және  сақтау  үшін  жаңа 

Ұлттық 


қордың 

қаражатын 

қалыптастыру 

және 


пайдалану 

тұжырымдамасына 

сәйкес 

республикалық 



бюджеттің 

шығыстарын 

қаржыландыру үшін Ұлттық қордың қаражатын тарту көлемі қысқартылатын 

болады. 


Бюджет  шығыстарының  тиімділігін  арттыру  мақсатында  қаражат 

тиімсіз бағдарламалардан әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарының 

іске  асырылуын  қамтамасыз  ететін  бюджеттік  бағдарламаларға  қайта 

бөлінетін болады. 

Бұл  ретте,  мемлекеттің  барлық  әлеуметтік  міндеттемелері  толық 

көлемде орындалатын болады. 

Бұдан  басқа  қаражатты  түпкі  алушыларға  дейін  жеткізу  уақытын 

қысқарту үшін бюджеттік рәсімдер жеңілдетіледі. 

Мемлекет  қатысатын  кәсіпорындарды  жекешелендіру  және  бәсекелес 

ортаға  беру  сондай-ақ  бюджеттің  шығыс  бөлігіне  жүктемені  төмендетуге 

және қаражаттың тиімділігін арттыруға ықпал ететін болады. 

Бюджетаралық

 

қатынастар  шеңберінде  жергілікті  атқарушы 

органдардың  өңірлік  және  жергілікті  маңызы  бар  мәселелерді  шешудегі 




жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау