Қазақстан Республикасы Үкіметінің



жүктеу 0,58 Mb.
Pdf просмотр
бет6/21
Дата25.05.2018
өлшемі0,58 Mb.
#17559
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

13 

2021 жылдың  соңына  дейін  ауыл  шаруашылығы  тауарларын  өндірушілер  өз 

өнімдерін  сатудағы  делдалдарды  жою  мақсатында  АӨК  дамыту 

бағдарламасы  шеңберінде  барлық  облыс  орталықтарында  қазіргі  қойма 

сыйымдылықтарын көтерме-тарату орталықтарына (бұдан әрі – КТО) салады 

және жаңғыртатын (қайта жабдықтайтын) болады. 

Желілік  азық-түлік  ритейлін  дамытуға  ден  қоя  отырып,  мемлекеттік 

бағдарламалар  мен  нормативтік  құқықтық  актілерге  толықтырулар  пакеті 

дайындалатын болады. 

Экономикалық  жағдай  мен  әлеуметтік  маңызы  бар  азық-түлік 

тауарлары  (бұдан  әрі  –  ӘМАТ)  бағасының  көтерілу  үрдісін  ескере  отырып,  

олардың шекті мәндері мен  жол берілетін бөлшек сауда бағаларының шекті 

мәндері мөлшерін бекіту сақталатын болады.  

Қолданыстағы  шекті  және  рұқсат  етілген  бөлшек  сауда  бағаларын 

белгілеу әдістемесін жетілдіру мақсатында ӘМАТ бағасын реттеу жөніндегі 

заңнамаға өзгерістер енгізілетін болады. 



 

1.2 Қаржы секторын реттеу және оның тұрақтылығын қамтамасыз 

ету саласындағы саясат.  

Қаржылық тұрақтылықты сақтау Ұлттық Банктің басты мақсаттарының 

бірі,  ол  қаржы  институттарының  қауіпсіздігі  мен  саулығын  белгілі  бір 

деңгейде  сақтауға  бағытталған  пруденциалдық  реттеу,  қадағалау  және 

тексеру әдістері арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл қызметтің маңызды бағыты 

есептіліктің  дұрыстығы  мен  олардың  тұрақтылығын  арттыру  мақсатында 

банктердің капиталының сапасы бойынша талаптарды арттыру болады. 

Ұлттық  Банк  әрбір  жеке  алынған  қаржы  институтының  төлем 

қабілетсіздігіне  жету    ықтималдығын  төмендетуге  бағытталған  қадағалау 

міндеттерін  орындауды  және  2015  жылы  басталған  капитал  жеткіліктілігі 

бойынша Базель ұсыныстарын кезең-кезеңмен енгізуді жалғастырады. Жүйе 

құрушы банктер үшін, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйелері бойынша 

қосымша талаптар көзделетін болады. 

Қаржылық  тұрақтылықты  сақтау  реттелетін  ұйымдар,  сондай-ақ 

олардың  контрәріптестерінің  жағдайы  туралы  ақпараттың  сапасы  мен 

анықтығын  арттыру  және  қаржылық  есептілікті  жинақтау  мен  талдаудың 

тиімділігін  арттыру,    стандартты  халықаралық  хаттамаларды  енгізуді  қоса 

алғанда,  интервенциялардың  оңтайлы  тәсілдерін  әзірлеу  мақсатында  елдің 

қаржы  нарықтарындағы  ауытқулар  мен  бұрмалауларды  талдау

 

жолымен 



қамтамасыз  етіледі.

 

Сондай-ақ,  мерзімі  өткен  берешектерді  одан  әрі  тиімді 



қайта  құрылымдау  үшін  банктер  мен  басқа  да  кредиторлардың 

қабілетсіздігінің себептеріне талдау жүргізілетін болады.

 

Ұлттық  валютада  орта  және  ұзақ  мерзімді  қорландыру  үшін  Ұлттық 



Банк  «Қазақстанның  депозиттерге  кепілдік  беру  қоры»  АҚ-мен  бірлесіп, 

депозиттік  базаны  күшейту  бойынша  шаралар  қабылдайтын  болады, 

кейіннен  әр  түрлі  мерзімдегі  қорландыру  құнының  бағдары  болатын 

мемлекеттік  бағалы  қағаздар  кірістігінің  қисық  сызығын  қалыптастыру 

жұмысы жалғасатын болады. 



14 

Банктік  заңнаманы  жетілдіру  және  қаржы  тұрақтылығын  қамтамасыз 

ету мақсатында Ұлттық Банкке жедел бақылау және тәуекелге бағдарланған 

қадағалауды 

қолдануға 

құқық 


беру, 

аудиторлық 

және 

бағалау 


компанияларының  жауапкершілігін  күшейту,  акционерлердің  айқындығын 

қамтамасыз  ету  және  корпоративтік  басқаруды  жақсарту,  банктер 

дәрменсіздігін  реттеу  режимін  жетілдіру  бойынша  кейбір  заңнамалық 

актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады. 

Банктердің 

қызметін 

пруденциалдық 

реттеуді, 

халықаралық 

практиканы  пайдалана  отырып,

 

банк  қызметінің



 

тәуекелдерді  басқару 

жүйесін

 

жетілдіру,    сондай-ақ  жалпы  қаржы  жүйесінің  институционалдық 



дамуын

 

қамтамасыз ету



 

бойынша жұмыс жалғастырылады. 

Атап  айтқанда,  ағымдағы  реттеуші  режимнің  банктік  қадағалау 

жөніндегі  Базель  комитетінің  (Базель  III)  капиталдың  жеткіліктілігі  мен 

өтімділігі бойынша негізгі қағидаттарына көшуі бойынша жұмыс жалғасатын 

болады. 


Банктік  қадағалау  жөніндегі  Базель  комитетінің  (Базель  III) 

ұсынымдарына сәйкес 2016 жылдан бастап Ұлттық Банк өтімділікті жабудың 

(Liquidity  Coverage  Ratio)  және  таза  тұрақты  қорландырудың  (Net  Stable 

Funding  Ratio)  жаңа  коэффициенттері  енгізілді. 2018  жылғы  сәуірден  бастап 

өтімділікті жабу коэффициенті 2021 жылға қарай 100,0 % нысаналы деңгейге 

кезең-кезеңмен жеткізе отырып, бастапқы 60,0 %-дан мәнімен пруденциялды 

деңгейде белгіленеді. Таза тұрақты қорландыру коэффициентін 2018 жылдан 

бастап енгізу жоспарланып отыр және 2019 жылдың басында пруденциалды 

деңгейде белгіленетін болады.  

Орта мерзімді перспективада, банктің бизнес моделі мен стратегиясын, 

тәуекелдерді  басқару  және  ішкі  бақылау  жүйелерін,  капиталдың 

жеткіліктілігі  мен  өтімділігін  бағалауға  негізделетін  Базель  III  екінші 

құрауышы  –  қадағалау  процесін  енгізу  бойынша  тәсілдер  қосымша 

әзірленеді. 

Тәуекелдері 

жоғары 


және/немесе 

тәуекел-менеджменті 

қанағаттанарлықсыз  банктер  үшін  қадағалау  үстемесін  (add-on)  енгізу 

көзделіп отыр. 

Банктердің  баланстарын  «нашар  кредиттерден»  тазалау,  қор  нарығын 

дамыту  және  халық  жинақтарын  инвестициялау  мүмкіншіліктерін  кеңейту 

үшін  екінші  деңгейдегі  банктерден  заңды  тұлғаларға  қарыз  бойынша  талап 

ету құқығын басқаға беру кезінде кірісті мойындау тетігі жетілдіріледі; қарыз 

бойынша  берешекті  кешіру  кезінде  пайда  болған  жеке  тұлғаның  табысы 

салық  салудан  босатылады,    жинақтаушы  сақтандыру  шарттары  бойынша 

салық  салу  тетігі  өзгерді  және  үлестік  қаржыландыруға  экономика 

субъектілерінің қол жеткізуі кеңейтілді. 

Бағалы  қағаздар  нарығын  жаңарту  мақсатында  брокерлік  ұйымдарды 

пруденциялық реттеу жүйесі қайта қаралады және клиенттерге қызмет көрсету 

бөлігінде  брокерлік  ұйымдардың  функционалы  кеңейеді,  институционалдық 

инвесторлардың  мүмкіндіктерін  кеңейту,  инвестициялық  қорларды  реттеуді 

ырықтандыру  және  олардың  қызметін  жандандыру  бойынша  шаралар 

қабылданады.  




жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау