Қазақстан Республикасы Үкіметінің



жүктеу 0,58 Mb.
Pdf просмотр
бет16/21
Дата25.05.2018
өлшемі0,58 Mb.
#17559
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

33 

Денсаулық  сақтау  саласындағы  саясат  МЖӘ,  денсаулық  сақтауды 

ақпараттандыру  негізінде  денсаулық  сақтау  инфрақұрылымын  дамытуға, 

смарт-медицинаны  енгізуге,  медициналық  білім  беруді  жаңғырту  мен 

медицина ғылымын дамытуға бағытталатын болады. 

Жалпы  бұл  халықтың  өлім-жітімін  азайту,  медициналық  көмектің 

толықтығы мен сапасын, қолжетімділігін арттыру, халықтың сұранысына сай 

ықыласты  денсаулық  сақтау  жүйесін  құру,тегін  амбулаториялық  дәрі-

дәрмекпен қамтамасыз етуді кеңейту арқылы азаматтардың өз денсаулығына 

жауапкершілігіне  және  олардың  денсаулығын  нығайту  қызығушылығына, 

өмір  сүру  ұзақтығын  73  жасқа  дейін  ұлғайтуға  қол  жеткізуге  мүмкіндік 

береді. 


Мемлекеттің  әлеуметтік  қамтамасыз  ету  саласындағы  саясаты  оның 

атаулы  сипатын  күшейту  арқылы  әлеуметтік  көмекті  оңтайландыруға 

бағдарланатын болады. 

Мемлекеттің  экономикалық  мүмкіндіктерін  есепке  ала  отырып, 

Қазақстан  Республикасын  әлеуметтік  дамытудың  2030  жылға  дейінгі 

тұжырымдамасына  сәйкес  ең  төменгі  күнкөріс  денгейінің  құрылымы  қайта 

қаралатын болады. 

2018  жылдан  бастап  аз  қамтылған  отбасыларға  арналған  әлеуметтік 

төлемдердің 3 түрі (4 немесе одан да көп балалары бар отбасыларға берілетін 

арнайы  мемлекеттік  жәрдемақы,  аз  қамтылған  отбасылардан  шыққан 

18 жасқа  дейінгі  балаларға  берілетін  жәрдемақы  және  атаулы  әлеуметтік 

көмек) бір жәрдемақыға біріктірілетін болады. 

Әлеуметтік  келісімшарт  негізінде  халықтың  аз  қамтылған  санатын 

әлеуметтік қолдауға негізделген «Өрлеу» ақшалай көмекті енгізу жалғасады. 

Зейнетақы 

жүйесін 


одан 

әрі 


жаңғыртудың 

ұзақ 


мерзімді 

тұжырымдамасы шеңберінде зейнетақымен қамтамасыз етудің қолданыстағы 

көпдеңгейлі  жүйесін  сақтай  отырып,  мемлекеттің,  жұмыс  берушінің  және 

жұмыскердің  жауапкершілігін  күшейте  отырып,  2030  жылға  дейінгі 

зейнетақымен  қамтамасыз  ету  жүйесін  жаңғырту  одан  әрі  жалғасатын 

болады. 


Өнімді  жұмыспен  қамту.  Еңбек  ресурстарының  сапасы  мен

 

әлеуетін 



арттыру  және  экономиканың  салаларын  Үшінші  технологиялық  жаңғыруы 

білікті  кадрлармен  қамтамасыз  ету  мақсатында  жұмыспен  қамтудың  жаңа 

құрылымы  мен  техникалық  және  кәсіптік  білім  берудің  және  жоғары  оқу 

орындарында  білім  берудің  сапасын  жаңғырту  есебінен  кадрларды 

даярлауды ұйымдастырудың жүйелі шаралары қабылданатын болады. 

Еңбек  нарығындағы  сұранысқа  ие  кәсіби дағдылар мен  біліктіліктерді 

алу,  жаппай  кәсіпкерлікті  дамыту,  сондай-ақ  еңбек  делдалдығының  тиімді 

моделін  құру  үшін  2017  жылы  Нәтижелі  жұмыспен  қамтуды  және  жаппай 

кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасын іске асыру басталды. 

Бағдарлама шеңберінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар 

және өзге де мамандығы жоқ тұлғалар өнімді жұмыспен қамтуға мынадай үш 

бағыт бойынша тартылатын болады: 

– кәсіпкерлік негіздер мен сұранысқа ие мамандықтар бойынша жаппай 



34 

оқыту және дағдыларын қалыптастыру

– жаппай кәсіпкерлікке жағдай жасау

– жұмысқа  орналасуға  жәрдемдесу  және  еңбек  ұтқырлығын  қолдау 

арқылы еңбек нарығын дамыту. 

Бірінші  бағыт  бойынша  колледждер  базасында  2,5  жылға  дейін  тегін 

техникалық  және  кәсіптік  білім  беріледі  және  «Атамекен»  ұлттық 

кәсіпкерлер палатасының оқу орталықтары мен колледждер базасында оқыту 

мерзімі  1  айдан  6 айға  дейінгі  дуальді  оқытудың  қысқа  мерзімді  курстары 

ұйымдастырылады. 

Екінші  бағыт  бойынша  ауылда  да,  қалаларда  да  микрокредит  беру 

құралдарын кеңейту көзделуде. 

Үшінші  бағыт  жұмыссыздар  мен  өзін-өзі  жұмыспен  қамтығандарды 

жұмыспен  қамтамасыз  етуге  жәрдемдесуді,    еңбек  ресурстарының 

ұтқырлығын  арттыруды  және  жұмысқа  орналастыру  бойынша  бірыңғай 

цифрлық  алаңдар  құруды  көздейді.  Белгілі  бір  санаттағы  азаматтарды 

жұмыспен қамтамасыз етуді және еңбек ресурстарының ұтқырлығын қолдау, 

жұмыс  іздеу  үшін

 

«Еңбек  биржасы»  немесе  Еңбек  нарығының  бірыңғай 



ақпараттық  базасы  құрылатын  болады.  Бұл  жұмыс  қолданыстағы  enbek.kz 

платформасы базасында жүзеге асырылатын болады. 

Жұмыспен  қамту  саласындағы  мемлекеттік  саясатты  іске  асыру, 

сапалы  еңбек  ресурстарының  өсуіне  және  2022  жылы  жұмыссыздық 

деңгейінің 4,7 % - ға дейін төмендеуіне

 

ықпал етеді. 



Мәдениет  саласын  дамытудың  негізгі  басымдығы  Қазақстан 

халқының  өзіндік  ерекше  мәдениетін  тарату  мен  дамытуға,  сақтауға, 

жаңғыртуға  белсенді  түрде  жәрдемдесу,  Мәдени  саясат  тұжырымдамасын 

іске  асыру  шеңберінде  жалпыұлттық  бірліктің  факторы  ретінде  мәдени 

мұраны зерттеу және ілгерілету болып табылады. 

2018 жылға қарай ғылым мен зерттеу қызметі белсенді дамып, жетекші 

халықаралық  ұйымдардың  (ЮНЕСКО,  ТҮРКСОЙ,  ИСЕСКО  және  т.б.) 

жобаларына интеграциялау күшейтілетін болады. 

Елдің  бірыңғай  мәдени  кеңістігін  қалыптастыру  шеңберінде  қазіргі 

заманғы технологияларды енгізу және халықтың мәдени сала өнімдеріне кең 

қолжетімділігін  қамтамасыз  ететін  мәдени  коммуникациялардың  жаңа 

нысандарын дамыту және қазақстандық мәдени мұраны жаһандық кеңістікке 

интеграциялау бойынша жұмыстар жалғасады. 

Мемлекеттік  тілдің  Қазақстан  халқының  дәстүрлері  мен  тілдерін, 

мәдениетін дамытудың топтастырушы факторы ретіндегі рөлі нығайтылады. 

Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталының одан әрі дамуына жағдай 

жасалды. 

Жалпы  тарихи-мәдени  мұра  объектілерін  сақтауға,  театр,  концерттік 

және  музей  қызметін  дамытуға,  сондай-ақ  мәдениет  саласындағы  жас 

дарындарды  қолдауға  баса  назар  аударылатын  болады,  оның  негізінде 

құрылған  құндылықтар  жүйесі,  шығармашылық  белсенділік,  сұранысқа  ие 

мәдени өнімді жасауға қабілеттілік жатыр. 

Мемлекеттік көші-қон саясаты мыналарға: 



жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау