25
2017 – 2019 жылдары ел өңірлерінде тармақталған өкілдіктер желісімен
Ұлттық туристік офис құруды қоса алғанда, құқықтық шаралар мен
институционалдық
тетіктердің
қолданыстағыларын
бейімдеу
және
жаңаларын құру жүзеге асырылатын болады. Туристік кластерлер
қалыптастырылатын болады, жеке, оның ішінде шетелдік инвестициялар
есебінен олардың құрылысын бастамашылық ете отырып, ұлттық (ірі) және
басқа (кіші) туристік жобалар әзірленетін болады..
Саланың институционалдық тиімділігін арттыру мақсатында туризм
саласын экономика, мәдениет, спорт, білім беру, азаматтарды әлеуметтік
қамсыздандыру, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, табиғи және мәдени-тарихи
ресурстарды сақтау салаларымен интеграциялау бойынша жұмыс
жүргізілетін болады.
Зәкірлік және өңірлік туристік жобаларды, оның ішінде тәуекел
дәрежесі төмен және қысқа мерзімде жекеменшік инвестиция есебінен іске
асыруға болатын жобаларды дамыту шеңберінде туристік инфрақұрылым
объектілерін орналастырудың жаңа орындарын салу жоспарлануда.
Кейінгі жылдары ішкі және шығу туризмін одан әрі дамыту
жоспарлануда. Еліміздің туристік әлеуетін белсенді жылжыту, туризм
инфрақұрылымын дамытуды жалғастыруды және адами ресурстар әлеуетін
нығайтуды жалғастыру қамтамасыз етіледі. Бұдан басқа туристік жобаларды
дамыту үшін туристік ұсыныстарды әртараптандырумен және ШОБ
кәсіпорындарын едәуір қолдаумен іс-шаралар іске асырылатын болады.
Туризм саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру және
саланы дамыту жағдайларын қамтамасыз ету үшін қазақстандық туризмді
әлемдік туристік нарыққа ықпалдастыру үшін заманауи тиімділігі жоғары
және бәсекеге қабілетті туристік кешендер құрылатын болады.
Туристік
саланың
саясатын
іске
асыру
туризмді
дамыту
көрсеткіштерінің және туристік қызметтен түсетін кірістің мынадай өсімін
қамтамасыз етуі тиіс:
– ішкі туризм бойынша келушілер санын 12 млн. адамға дейін ұлғайту
және келу туризмі бойынша келушілер санын 5,5 млн. адамға дейін;
– тұру және тамақтану бойынша көрсетілетін қызметтер көлемін
875,0 млрд. теңгеге дейін ұлғайту;
– жолаушылар әуе көлігі қызметтер көлемін 380,0 млрд. теңгеге дейін
ұлғайту;
– 2023 жылы төсек-тәулікті ұсынуды 15 млн. жатын төсек-тәулікке
дейін ұлғайту.
Көрсетілетін қызметтер ұсынудың деңгейін жоғарылату, визалық
режимді жеңілдету және халықаралық туристік көрмелерге қатысу бойынша
жұмыстар жалғасын табады.
2.6 Сауданы дамыту
Орта мерзімді кезеңде ішкі сауданың дамуы сауда қызметін реттеу
мәселелері бойынша заңнаманы іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады.
Стационарлық сауда объектілерінде сауда жасауға кезең-кезеңмен
26
көшу жүзеге асырылады. Стационарлық сауда объектілерінен тұратын
әмбебап сауда базарлары 2018 жылғы 1 қантардан бастап астананың,
республикалық маңызы бар қаланың аумағында және 2020 жылғы
1 қаңтардан бастап облыстық маңызы бар қалалардың аумағында қолданысқа
енгізіледі. Өңірлерде базарларды стационарлық форматқа ауыстыруды
жүзеге асыру бойынша проблемалық мәселелердің салдарынан қолданысқа
енгізу мерзімдері тиісінше 2018 жылдан 2020 жылға және 2020 жылдан
2025 жылға қайта қаралуы мүмкін.
Биржалық сауда саласында 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап тауар
биржалары жарғылық капиталының ең төмен мөлшері 300 мың айлық есептік
көрсеткішке дейін жоғарылатылатын болады.
Сондай-ақ биржалық сауданы жетілдіру және ынталандыру
мақсатында биржалық ұйымдармен бірлесіп заңнамалық актілерге
өзгерістер
енгізу бойынша
жұмыстар жүргізу, сонымен бірге 2020 жылға дейін тауар
биржаларын дамыту бойынша тұжырымдамалық тәсілдер әзірлеу көзделуде.
2.7 Көлік инфрақұрылымын дамыту
Саланы дамытудың негізгі мақсаты транскаспий дәлізі бойынша
тасымалдау
көлемін
және
2020
жылға
қарай
транзиттік
әуе
жолаушыларының санын 1,6 млн. адамға дейін ұлғайту болады.
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өсіп келе жатқан
жүк ағынын көліктік көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ете алатын,
көлік инфрақұрылымын құру бойынша жұмыстар жалғасатын болады.
Автомобиль құрауышы мен Құрық портында паром кешенін салу
бойынша жобаны іске асыруды ескере отырып, паромдық қуатты жыл сайын
23,5 млн. тоннаға дуйін арттыру жоспарлануда.
Шу-Алматы учаскесінде екінші жолдар құрылысын аяқтау транзиттік
әлеуетті арттыруды және ішкі теміржол бағдарларын оңтайландыруды
қамтамасыз етеді.
Жаңа Еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту есебінен
2020 жылға қарай жүктерді транзиттік тасымалдаудың жылдық көлемін
2 миллион контейнерге дейін ұлғайту жоспарланған.
Еліміздің көлік-логистика саласын дамыту мақсатында негізгі күш
одан әрі мультимодальды Еуразиялық трансконтинентальдық дәліздің
қуатын арттыруға және Ляньюньган теңіз портындағы қазақстан-қытай
терминалын пайдалану арқылы Қытай-Еуропа-Қытай бағыты бойынша
тасымалды ұлғайтуға бағытталады.
2.8
Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту
Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымда «Ақпаратты
Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс
жалғасатын болады. Неғұрлым ашық, қолжетімді және бәсекеге қабілетті
экономика құру үшін экономиканың негізін қалаушы салаларға зияткерлік
жүйелерді барынша енгізу көзделуде.
Ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды
жаппай
енгізу