40-іс-шара
ШЖМ-ға арналған тірек мектептерді (ресурстық орталықтар) ашу
млн.
тг.
|
*
|
ЖАО
2016-2019 жылдардағы желтоқсан
|
174,4
|
220,6
|
220,6
|
ЖБ
|
003
|
Іс-шара орындалды
2017-2018 оқу жылында 11 тірек мектебін ашу жоспарланды. Қазіргі уақытта 9 тірек мектеп ашылды (Қарағанды облысы – 6, СҚО -2, БҚО -1). 2017-2018 оқу жылының соңына дейін ШҚО-да 2 ресурстық орталықты ашу жоспарлануда.
|
|
42-іс-шара
Жаңартылған білім беру мазмұнына көшуді, олимпиадалар мен жарыстар, оның ішінде STEM-білім беру және Робототехника бойынша өткізуді ұйымдастыру және оқу әдістемелік, ұйымдастырушылық сүйемелдеуді әзірлеу
|
млн.
тг.
|
*
|
БҒМ
2016-2019 жылдардағы желтоқсан
|
427,6
|
165,9
|
165,9
|
РБ
|
099 102
|
Іс-шара орындалды
Жаңартылған білім беру мазмұнына көшу, олимпиадалар мен жарыстар, оның ішінде STEM-білім беру және робототехника жөнінде келесі оқу бағдарламалары мен әдістемелік ұсынымдар әзірленді:
1)Бастауыш, негізгі және жалпы орта мектеп деңгейінде бес күндік оқу аптасын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
2)Негізгі мектеп деңгейінің неміс және француз тілдері бойынша оқу бағдарламалары (5-9, 10-11 сыныптар)
3) Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде «Математика» (5-9 сыныптар) оқу пәнін оқытудың әдістемелік ұсынымы;
4) Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде орыс тілінде оқытпайтын білім беру ұйымдарында «Русский язык» (1-4 сыныптар) оқу пәнін оқыту жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (тамыз, бейнеролик)
5) Негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарына арналған экстернат нысанында оқуды ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
6) Бастауыш мектептің оқу пәндері бойынша қорытынды суммативті жұмыстары жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
7) "Бастапқы әскери және технологиялық даярлық" пәнін оқыту жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
8) STEM-білім беруді енгізу жөніндегі әдістемелік ұсыным.
9) Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде критериалды бағалау тетігі және білім алушылардың оқудағы жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (3,6,8,10 сыныптар)
10) оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, ОӘҚ апробациясының нәтижесі бойынша әдістемелік ұсынымдар: жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 30 пилоттық мектептің 3-ші сыныбында, 16 пилоттық мектептің 6-8-ші сыныптарында;
11) жалпы білім беретін мектептердің 2, 5, 7-ші сыныптарында жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу нәтижесі бойынша әдістемелік ұсынымдар
12) 1-2-ші сыныптарға арналған "Ақпараттық сауаттылық" пәні бойынша оқу бағдарламалары.
13) 10-11-сыныптарға арналған «Бастапқы әскери және технологиялық даярлық» және «Дене шынықтыру» пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары.
|
|
43-іс-шара
Үш тілде білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу, үш тілде білім берудің әдістемесі бойынша семинарлар өткізу
|
млн.
тг.
|
*
|
БҒМ
2016-2019 жылдардағы желтоқсан
|
20,1
|
66,1
|
66,1
|
РБ
|
099
102
060
|
Іс-шара орындалған
«НЗМ» ДБҰ жаратылыстану-ғылыми циклдің ағылшын тіліндегі оқулықтары мен ОӘҚ әзірлеуде. Қазіргі уақытта «Білім-инновация» лицейлеріндегі оқушылар оқитын «Астана-кітап» баспасының оқулықтары қолданылуда. Cambridge University Press, Pearson Longman британдық баспаларының жаратылыстану пәндері бойынша оқулықтары, биология, физика және химия пәндерінің ағылшын тіліндегі қосымша құралдары мен ОӘҚ ҚР МЖБС-ға бейімделіп, сараптамадан өтті.
Сондай-ақ, 10-11 сыныптарға арналған ағылшын тіліндегі «Физика», «Биология», «Химия» және «Информатика» оқулықтары мен ОӘҚ әзірленді («Астана-Кітап» баспасы).
Мектептердегі қатысушылардың тілдік даярлығын теңдестіру үшін жазғы тілдік мектептер өткізіледі. 2017 жылғы демалыс кезеңінде республиканың 2 438 мектебінде жазғы тілдік мектептер ұйымдастырылды, мемлекеттік тілді үйретуге 2 172 топ (ауылдық жерде 770 топ) және ағылшын тілін оқыту бойынша 9 412 топ (ауылдық жерде 2075 топ) ашылды.
2018 жылы мектептердің үш тілде оқытуға даярлығын анықтауға мүмкіндік беретін мониторингті жүргізу жоспарлануда.
2019 жылы оған дайын мектептерге көрсетілген пәндерді ағылшын тілінде оқыту құқығы беріледі. Мектептер көрсетілген пәндерді ағылшын тілінде оқытуға дайын болғанда және ниет білдірушілер, сондай-ақ педагогтер бар болған жағдайда көшу 2018 жылы және 2019 жылы да жүзеге асырыла алады.
Бұл ретте ағылшын тілінде оқыту тек қана білім алушылар мен ата-аналардың ниеттері бойынша іске асырылады. бағдарламаны іске асыру жұмысы басталды.
|
|
44-іс-шара
5-сыныптан бастап үш тілде оқытуды кезең-кезеңмен енгізу
|
|
*
|
ЖАО
2017-2019 жылдардағы желтоқсан
|
көзделген қаражат шегінде
|
|
|
|
|
Іс-шара орындалды
Үш тілде оқытуға көшуге дайындық мектепке дейінгі даярлықтан басталды және мектепте жалғастырылады.
Барлық мектепке дейінгі ұйымдарда үш тілді кеңістікке ену үшін пәндік-дамытушы орта құрылды.
Негізгі мектепте 2017 жылдан бастап сыныптан тыс уақытта (үйірмелер, факультативтер) терминологияны 5-сыныптан бастап ағылшын тілінде оқу басталды.
379 мектепте оқытуға ағылшын тілі элементтерін енгізу басталды.
Республиканың 153 мектебінде пилоттық режимде жаратылыстану ғылыми циклдің жекелеген пәндерін ағылшын тілінде оқыту басталды (ҚР БҒМ-нің 2017 жылғы 31 қазандағы № 556 бұйрығы).
2019 жылдан бастап жоғары сыныпта (10-11 сыныптар) жаратылыстану циклінің «Химия», «Физика», «Информатика», «Биология» 4 пәнінен екі пәнді ағылшын тілінде оқыту жоспарлануда.
Жұмыс жасап жатқан пән мұғалімдерін тілдік курстарда оқыту және пәндерді ағылшын тілінде оқыту әдістемесіне үйрету жүргізілуде. Барлығы республикада жаратылыстану ғылыми цикл пәндерінің 32964 мұғалімі бар.
2017 жылы физика, химия, биология, информатика пәндерінің 12 502 мұғаліміне біліктілікті арттырудың тілдік курстары ұйымдастырылды.
Аталған пәндерді ағылшын тілінде оқыту құқығын дәлелдейтін тиісті деңгейі бар педагогтерге екі негізгі лауазымдық жалақы немесе 35 000 теңге көлемінде қосымша ақы төленеді (ҚР БҒМ-нің 2017 жылғы 3 шілдедегі №135 бұйрығы).
|
|
47-іс-шара
Тәрбие жұмысы бойынша әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу
|
млн.
тг.
|
*
|
БҒМ
2016-2019 жылдардағы желтоқсан
|
10,6
|
4,8
|
4,8
|
РБ
|
099
102
|
Іс-шара орындалды
1. Қоғамдық сананы үшінші жаңғырту шеңберінде рухани жаңғыру құндылықтарын алға тарту үшін 10-11-ші сыныптардың қатысушыларына және 1-2-курс ЖОО, колледж студенттеріне Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына арналған интерактивті сабақты өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (бейнематериалдарымен бірге) әзірленді.
2. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жалпы білім беру ұйымдарында өлкетану жұмыстарын жетілдіру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар әзірленді.
3. Туған өлкенің тарихын, сонымен бірге мәдени-тарихи ескерткіштерді, жергілікті ауқымдағы мәдени нысандарды зерттеудің ерекшеліктерін түсіндіретін «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар ұсынылады. Разработаны?
Аталған басылым тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарларына, ұйымдастырушы педагогтерге, аға тәлімгерлерге, сынып жетекшілеріне, әдіскерлерге, жалпы білім беретін мектептердің пән мұғалімдеріне, балаларға қосымша білім беру жүйесінде белсенді жұмыс жасайтын мамандарға арналған.
|
|
48-іс-шара
ШЖМ-нің қызметін оқу-әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету
|
млн.
тг.
|
*
|
БҒМ
2016-2019 жылдардағы IV тоқсан
|
25,3
|
39,7
|
39,7
|
РБ
|
099
102
|
Іс-шара орындалды
«Қолданыстағы және жаңартылған бағдарламалар бойынша ШЖМ біріктірілген сыныптарында білім алушыларға оқу процесін ұйымдастыру механизмі» әдістемелік құралы қазақ және орыс тілдерінде әзірленді (2017 жылғы шілде).
|
|
49-іс-шара
Инклюзивтік білім беруді дамытуды әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу
|
млн.
тг.
|
*
|
БҒМ
2016-2019 жылдардағы IV тоқсан
|
19,1
|
4,3
|
4,3
|
РБ
|
099
102
|
Іс-шара орындалды
Ы. Алтынсарин атындағы ҰАО 2017 жылғы желтоқсанда ерекше білім беру қажеттіліктері бар және үйде оқитын балалардың оқу жетістіктерін бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірледі.
Әдістемелік құралда жалпы білім беру мектептерінде инклюзивті білім беру жағдайында мазмұны жаңартылған МЖБС талаптарын іске асыру ерекшеліктері қарастырылған, атап айтқанда ЕБҚ бар білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың психолого-педагогикалық негіздері, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау рәсімін өткізудің ерекшеліктері.
|
|
50-іс-шара
Қазақстандық контентті ескере отырып, базалық оқулықтарға қойылатын талаптарды әзірлеу
|
|
*
|
БҒМ
2017 жылғы желтоқсан
|
Не требуется
|
|
|
|
|
Іс-шара орындалды
Қазақстандық контентті ескере отырып, базалық оқулыққа қойылатын талаптар жөніндегі әдістемелік ұсынымдар ҚР БҒМ-нің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 660 бұйрығымен бекітілген.
|
|
52-іс-шара
Бұзылу түрлері бойынша ерекше білім алуға қажеттілігі бар балаларға, оның ішінде көзі көрмейтін балаларға бедерлі-нүктелі шрифтімен (Брайль шрифті) және көзі нашар көретін балаларға үлкейтілген шрифтпен оқулықтар мен ОӘК әзірлеу, басып шығару және қамтамасыз ету
|
млн.
тг.
|
*
|
БҒМ, ЖАО
2016-2019 жылдардағы ІІІ тоқсан
|
0
|
143,5
|
140,4
|
РБ
|
099
102
|
Іс-шара орындалды
2017 жылы Брайль жүйесі бойынша жаңартылған бағдарлама бойынша 1-сыныптарға арналған «Сауат ашу» және «Обучение грамоте» оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдар әзірленді, олар білім беру ұйымдарында қолдануға рұқсат етілген оқулықтардың тізбесінде бар (ҚР БҒМ-нің 2013 жылғы 27 қаңтардағы № 400 бұйрығы, соңғы өзгертулер 2016 жылғы 04 сәуірдегі № 150 бұйрықпен енгізілген).
Жергілікті атқарушы органдармен бірге 1-сыныптарды Брайль шрифтімен оқулықтармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.
2020 жылға дейін көзі көрмейтін балаларға бедерлі-нүктелі шрифтімен (Брайль шрифті) және көзі нашар көретін балаларға үлкейтілген шрифтпен қалған оқулықтар мен ОӘК-ні кезең-кезеңмен әзірлеу жоспарлануда.
|
|
53-іс-шара
PIRLS халықаралық оқу мен мәтінді түсіну сапасын зерттеуге қатысу
|
млн.
тг.
|
*
|
БҒМ
2016-2019 жылдардағы желтоқсан
|
41,8
|
31,9
|
31,9
|
РБ
|
099
113
|
Іс-шара орындалды
2017 жылы Қазақстанның PIRLS халықаралық оқу мен мәтінді түсіну сапасын зерттеуге қатысуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жүргізілді:
- «PIRLS инструментарийлері және оны бағалау технологиясы» жинағы шығарылды (32 дана.: 16 – қазақ, 16 – орыс тілінде);
- PIRLS-қа қатысуға елдік жарна төленді;
- Ұлттық үйлестірушілердің міндетті халықаралық кездесуіне қатысты (Латвия, Рига қ.);
- PIRLS–2016-да қатысу нәтижесі бойынша қысқаша шолу әзірленді.
IEA PIRLS–2016 нәтижелерін 2017 жылғы желтоқсанда ресми жариялады.
Зерттеуге қатысу нәтижесінде Қазақстан 50 елдің ішінен 27-орынды иеленді. Елдің 4-ші сынып оқушыларының орташа көрсеткіші 536 балды құрады.
|
|
54-іс-шара
TIMSS халықаралық жаратылыстану-математикалық білім берудің сапасын зерттеуге қатысу
|
млн.
тг.
|
*
|
БҒМ
2016-2019 жылдардағы желтоқсан
|
59,5
|
75,2
|
75,2
|
РБ
|
099
113
|
Іс-шара орындалды
2017 жылғы сәуірде TIMSS-2015 халықаралық зерттеуіне қатысуға 56 250 АҚШ доллары және 56 250 евро көлемінде елдік жарна төленді, сондай-ақ 1 870 АҚШ доллары мүшелік жарна (негіздеме - IEA мен «АТО» АҚ арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық туралы 2017 жылғы 16 наурыздағы шарт).
IEA (International Association for the Evaluation of Educational Achievement) Халықаралық қатысушылардың оқу жетістіктерін бағалау жөніндегі қауымдастықтың технологиясына сәйкес TIMSS – 2019 апробациясына халықаралық инструментарийді және нұсқаулық материалдарды әзірлеу жұмыстары жүргізілді.
Апробация қатысушыларының репрезентативті және өлшенген іріктемесін құру IEA (International Association for the Evaluation of Educational Achievement) міндетті талаптарының бірі болып табылады. Зерттеу қатысушыларын аты-жөнімен іріктеп анықтау үшін Қазақстанның барлық білім беру ұйымдарының 4-ші және 8-ші сынып қатысушылары туралы статистикалық ақпарат Халықаралық IEA DPC (IEA Data Processing and Research Center) деректерін өңдеу орталығының WinW3S халықаралық ақпарат базасына енгізілді.
|
|
55-іс-шара
ICILS халықаралық компьютерлік және ақпараттық сауаттылықты зерттеуге қатысу
|
млн.
тг.
|
*
|
БҒМ
2016-2019 жылдардағы желтоқсан
|
52,4
|
50,2
|
50,2
|
РБ
|
204
109
|
Іс-шара орындалды
2017 жылы Қазақстанды ICILS-2018 халықаралық компьютерлік және ақпараттық сауаттылықты негізгі зерттеуге қатысуға дайындау іс-шаралары өткізілді:
- WinW3S деректер қорында апробациялық зерттеу қатысушыларының тізімі құрылды және IEA Халықаралық деректерді өңдеу орталығына жолданды;
- апробациялық зерттеуді өткізу үшін инструментарий әзірленді, атап айтқанда ICILS бағдарламалық қамтамасыз етуі жүктеп алынды және USB-жинақтағыштар тексерілді;
- мектеп үйлестірушілерін және тестілеу әкімшіліктерін ICILS зерттеу рәсімі туралы ақпараттандыру мақсатында Қазақстанның бес өңірінде (Астана қ., Атырау, Алматы облыстары, ШҚО, ОҚО) оқыту семинары өткізілді;
- Қазақстанның бес өңірінде (Астана қ., Атырау, Алматы облыстары, ШҚО, ОҚО) халықаралық іріктеме нәтижесінде таңдалған 38 мектепте апробация өткізілді;
- IEA Coding Expert бағдарламалық қамтамасыз ету көмегімен қатысушылардың жауаптарын (тест тапсырмалары мен сауалнамаларды) кодтау жүргізілді және одан әрі IEA өңдеуі үшін халықаралық деректер қорына енгізілді;
- аудармаға түзету, верификация және ICILS 2018 негізгі зерттеуіне арналған инструментарийлерді бейімдеу жүргізілді.
|
|
56-іс-шара
Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың PISA Халықаралық зерттеулеріне қатысу
|
|
*
|
БҒМ, ЖАО
2016-2019 жылдардағы желтоқсан
|
РБ есебінен көзделген қаражат шеңберінде
|
66,0
|
66,0
|
|
РБ
|
Іс-шара орындалған
2017 жылы Қазақстанның PISA-2015-ке қатысу нәтижесі туралы ұлттық есеп жарияланды. Мектептегі үйлестірушілер мен тест-әкімшіліктеріне оқыту семинарлары өткізілді.
PISA-2018 апробациялық зерттеуі компьютерлік нысанда өткізілді.
Жаһандық құзыреттілік бағыты бойынша тест тапсырмаларының аудармасы, верификациясы және бейімдеу жүргізілді.
PISA-2018 негізгі зерттеуіне қатысатын мектептерді іріктеу нысаны толтырылып, ЭЫДҰ-ға жолданды.
|
|
57-іс-шара
Мектепте бес күндік оқытуға кезең-кезеңмен көшу (2016 жылы – 1-сынып; 2017 жылы – 2, 5, 7-сыныптар; 2018 жылы – 3, 6, 8, 10-сыныптар; 2019 жылы – 4, 9, 11, 12-сыныптар)
|
|
|
ЖАО
2016-2019 жылдардағы қараша
|
талап етілмейді
|
|
|
|
|
Іс-шара орындалған
Жаңартылған білім беру мазмұнына көшу шеңберінде бес күндік оқу аптасына кезең-кезеңмен көшу іске асырылады.
2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап барлық 1-7-сыныптар аптасына 5 күн оқиды. 8-11-сыныптарға бес күндік оқу аптасын енгізу туралы шешімді әр мектептің әкімшілігі қабылдайды және оны қорғаншылық кеңеспен, ата-аналар комитетімен келіседі.
«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына өзгертулер енгізілді. 2017-2018 оқу жылынан бастап сабақтың ұзақтығы 40 минутты құрайды. Үй тапсырмасының көлемі (1 оқу күні), оны орындауға жұмсалатын уақытты ескере отырып, өзгертілді, әр сынып бойынша үй тапсырмасының көлемі шамамен екі есеге төмендеді.
|
|
58-іс-шара
Ақпараттық және білім беру ресурстарына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету (ашық электрондық контенттің көлемі 2020 жылға қарай - 100 %)
|
млн. тг.
|
*
|
БҒМ, ЖАО, АКМ 2017-2019 жылдардағы желтоқсан
|
0
|
333,2
|
333,2
|
|
|
Іс-шара орындалды
Қазіргі уақытта bilimland.kz ресурстары елдің 7015 мектебінде сәтті қолданылуда. Сонымен бірге, білім беру ресурстарына барлық «Назарбаев зияткерлік мектептері», 4 мемлекеттік колледж, Мирас балабақшасы, ТАМОС және Мирас халықаралық мектебі жекеменшік мектебі қосылған. Қолданушылардың жалпы саны 500 000 астам адамды құрайды.
|
|
59-іс-шара
Сандық білім беру қорларының ұлттық каталогын үш тілде дамыту
|
млн. тг.
|
*
|
2017-2019 жылдардағы желтоқсан
|
|
|
|
|
|
Іс-шара орындалды
2017 жылғы қыркүйекте bilimland.kz платформасына «Орыс әдебиеті бойынша аудиохрестоматия» жаңа курсы қосылды. «Виртуалды зертхана» жаңартылды: HTML 5 нысанында стимуляторлар қосылды, оның артықшылығы мобильді қондырғылармен үйлесімділік және жұмыстың жылдамдығы, сондай-ақ, визуалды тренажерлардың дизайны мен қызметі жақсартылды.
BILIMLAND 187 мыңнан астам оқытушы тіркелген, оның ішінде күніне 20 мыңнан астам қолданушы 15 минуттан астам уақытқа кіреді. Танымал пәндер қазақ және ағылшын тілі, сонымен бірге информатика және математика болып табылады.
BILIMLAND контентін дамыту үшін 2018 жылы Қазақстан тарихы, биология және физика бойынша жаңа пәндерді әзірлеу жоспарлануда (қолданушыларға геймификация және бейімділік беретін жаңа персоналданған электронды сабақтар).
Сонымен бірге, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарында жаңа ақпараттық ресурстарды ашу жоспарлануда. Аталған ресурстық орталықтарға АКТ инструменттерін білім беруде қолдану әдістемесі бойынша барлық жаңалықтар жолданатын болады.
|
|
|