-
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы « »
№ қаулысымен бекітілді
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 ақпандағы № 203 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 6, 52-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мынадай құрамда телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелерi жөнiндегi комиссия құрылсын:
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы, төраға;
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының орынбасары, төрағаның орынбасары;
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі Ақпарат департаментінің директоры, хатшы;
Комиссия мүшелері:
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі Байланыс департаментінің директоры;
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі (келiсiм бойынша);
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі;
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің байланыс бас басқармасының бастығы;
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының орынбасары;
«Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры;
Қазақстан телерадио хабарларын таратушылардың ұлттық қауымдастығының атқарушы директоры;
«Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамының бас директоры (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Әл-Фараби» атындағы Қазақ ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны журналистиканы зерттейтін ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі (келісім бойынша);
«Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығының республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары (келісім бойынша);
«Еуропа құқығы және адам құқықтары институты» қоғамдық бірлестігінің сарапшысы (келісім бойынша);
Қазақстандағы «Internews Network» халықаралық ұйымы өкілдігінің директоры (келісім бойынша);
«Қазақстан Республикасы телерадио хабарларын таратушылар қауымдастығы» Қоғамдық қорының төрағасы (келісім бойынша);
Қазақстан журналистер одағы басқармасының төрағасы (келісім бойынша);
«Нұр Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының бірінші орынбасары (келісім бойынша);
«Әлеуметтік әріптестік орталығы» корпоративтік қорының бас директоры (келісім бойынша);
«Бас редакторлар клубы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша);
Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшесі (келісім бойынша).»;
3- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат агенттігі болып белгіленсін.».
2. «Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 1238 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 46, 508 - құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеге:
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі болып табылады.
Комиссияның жұмыс органы комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 17, 18, 19-тармақтармен толықтырылсын:
«17. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін комиссия хатшысы хаттама ресімдейді.
18. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс.
Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.
Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
19. Дауыс беру парақтарымен қоса, комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.».
3. «Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 маусымдағы № 828 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 58, 796-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларына:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Конкурсты өткізуді ұйымдастырушы комиссияның жұмыс органы болып табылатын Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі (бұдан әрі – ұйымдастырушы) болады.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарлама ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің www.aci.gov.kz интернет-ресурсында ол өткізілетін күнге дейін кемінде күнтізбелік қырық күн қалғанға жарияланады.
4. «Мiндеттi теле-, радиоарналардың тiзбесiн қалыптастыру бойынша конкурс өткiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 шілдедегі № 970 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 63, 886-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мiндеттi теле-, радиоарналардың тiзбесiн қалыптастыру бойынша конкурс өткiзу қағидаларына:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Конкурсты өткізуді ұйымдастырушы ретінде Комиссияның жұмыс органы болып табылатын Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі (бұдан әрі – ұйымдастырушы) әрекет етеді.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Конкурсты өткізу туралы шешімді ұйымдастырушы қабылдайды. Конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарлама, ол өткізілетін күнге дейін қырық күнтізбелік күн қалғанда бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат агенттігінің www.aci.gov.kz интернет-ресурсында жарияланады. Конкурс туралы ақпараттық хабарлама мынаны қамтуға тиіс:
1) өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу күні;
2) үміткерлердің өтінімдері салынған конверттерді ашу күні, орны және уақыты.»;
12-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«12.Конверттерді ашу қорытындысы екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат агенттігінің www.aci.gov.kz интернет-ресурсында жариялануы тиіс.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Конкурс қорытындысы қол қойылған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің www.aci.gov.kz интернет-ресурсында жарияланады.».
5. «Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiктердiң белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 1198 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 71, 1030 - құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиіліктердің белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу қағидаларына:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Комиссияның жұмыс органы болып табылатын Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі конкурсты өткізуді ұйымдастырушы (бұдан әрі – ұйымдастырушы) ретінде әрекет етеді.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарлама оның өткізілуіне кемінде отыз жұмыс күні қалғанда бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің www.aci.gov.kz интернет-ресурсына жарияланады.
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Конкурс қорытындылары Комиссия конкурс бойынша шешім қабылдаған күні отырыста жарияланады, Комиссия төрағасы мен мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді және екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің www.aci.gov.kz интернет-ресурсына орналастырылады.».
Достарыңызбен бөлісу: |