Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы №636 қаулысы. Күші жойылды



жүктеу 422,02 Kb.
Pdf просмотр
бет4/13
Дата25.11.2017
өлшемі422,02 Kb.
#1977
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

жағдайда, Бағдарлама Операторы республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің 

тиісті құжаттама қоса берілген қосымша өтінімдерінің негізінде халықтың саны 

бойынша критерийлерді және жұмыс нәтижелерін есепке алмай, ВАК-тың қарауына 

қаражатты қайта бөлу жөнінде ұсыныстар енгізеді. 

      

Республикалық бюджетті нақтылаған кезде жоғарыда көрсетілген рәсімдер 



сақталады, бюджеттік өтінімдерді ұсыну мерзімін Бағдарлама операторы белгілейді. 

      


Лимит бойынша ұсынылған қаражатты нысаналы пайдалануды және Бағдарламада 

көзделген нәтижелерге (нысаналы индикаторларға) қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін 

республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен жергілікті атқарушы 

органдар арасында мынадай негізгі параметрлер бойынша нысаналы трансферттер 

жөніндегі нәтижелер туралы келісімдер (бұдан әрі – Келісім) жасалады: 

      


1) жұмыссыздық деңгейі; 

      


2) тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылғандардың қатысушылардың 

жалпы санындағы үлес салмағы; 

      

3) өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жалпы санындағы нәтижелі жұмыспен 



қамтылғандардың үлесін ұлғайту; 

      


4) еңбекке қабілетті азаматтардың халықтың аз қамтылған құрамындағы үлесін 

қысқарту; 

      

5) Бағдарлама бағыттарының әрқайсысында мемлекеттік қолдау шараларымен 



қамтылған Бағдарламаға қатысушылардың үлесі; 

      


6) әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасына жұмысқа 

орналастырылған, оның ішінде Бағдарлама шеңберінде кәсіптік оқудан өткен адамдар 

қатарынан Бағдарламаға қатысушылардың үлесі; 

      


7) инфрақұрылымдық жобалар бойынша құрылатын жұмыс орындарының (тұрақты және 

уақытша) саны және орташа айлық жалақының мөлшері. 

      

Республикалық меншіктегі объектілерді күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша 



2013 жылы басталған жобалар жұмыстар толық аяқталғанға дейін қаржыландырылады. 

      


Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.06.2014 

№ 

726



 

қаулысымен (01.04.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

 

6. Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың 



мониторингі 

      


10. Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысқа мониторинг жүргізу үшін: 

      


1) нормативтік құқықтық базаны жетілдіру; 

      2) 

мемлекеттік, салалық бағдарламалар мен аумақтарды дамыту бағдарламалары, 

сондай-ақ жеке сектор бастамасы шеңберінде іске асырылатын жобаларда сұранысқа ие 

мамандықтар бөлінісінде ағымдағы бос жұмыс орындары және жұмыс орындарын құру 

болжамы туралы ақпаратты қамтитын жалпыұлттық дерекқорды (бұдан әрі – Жалпыұлттық 

дерекқор) қалыптастыру және дамыту бойынша шаралар қабылданатын болады. 

      


Жалпыұлттық дерекқор: 

      


1) нақты кәсіпорындар мен мамандықтар бөлінісінде ағымдағы бос жұмыс 

орындарын; 

      

2) нақты мамандықтар мен елді мекендер бөлінісінде еңбек ресурстарына 



қажеттіліктің жедел (1 жылға арналған) болжамын; 

      


3) мамандықтар топтары және облыстар бөлінісінде еңбек ресурстарына 

қажеттіліктің орта мерзімді (5 жылға арналған) болжамын қамтитын болады. 

      

Жалпыұлттық дерекқорды және ағымдағы бос жұмыс орындары мен болжамдалатын 



жұмыс орындары, сұранысқа ие мамандықтар туралы мәліметтерді ұсыну нысандарын 

қалыптастыру тәртібін Бағдарлама операторы мүдделі орталық мемлекеттік органдардың 

келісімімен бекітеді. 



7. Бағдарламаға қатысушылар 

      


11. Жұмыссыз, ішінара жұмыспен қамтылған, табысы аз, өзін-өзі жұмыспен 

қамтыған адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ 

оралмандар және қатысу басымдылығы Бағдарламада белгіленген азаматтардың өзге де 

санаттары Бағдарламаға қатысушылар болып табылады. 

      

Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.10.2014 



№ 

1066


 

қаулысымен.

 

      


12. Бағдарламаға қатысу үшін басым құқық мынадай санаттарға: 

      


1) оқуды аяқтағаннан кейін үш жыл ішінде жалпы білім беру мектептерінің 9, 

11-


сыныптарын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары 

білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілерді және оқушыларын қоса алғанда, 

жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастарға; 

      


2) он сегізден жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, 

жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; 

      

3) еңбек қызметімен айналысу үшін денсаулық жағдайы бойынша қарсы айғақтары 



жоқ мүгедектерге; 

      


4) ауылды жерлерде тұратын әйелдерге; 

      


5) зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 50 жастан асқан адамдарға; 

      


6) жалпыға бірдей белгіленген зейнетақы жасына дейін зейнеткерлікке шыққан 

зейнеткерлерге; 

      

7) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) 



қауіпті жұмыстарда бұрын істеген және мемлекеттік жәрдемақыларды алушы болып 

табылатын адамдарға; 

      

8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босатылған адамдарға; 



      

9) бас бостандығынан айыру орындарынан және (немесе) мәжбүрлі емдеуден 

босатылған адамдарға; 

      


10) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына, жұмыс беруші – жеке тұлға 

қызметін тоқтатқанға немесе қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуына 

байланысты жұмыстан босатылған адамдарға беріледі. 

      


Бағдарламаға қатысушылардың құрамына енгізу кезінде дәйексіз деректер 

ұсынған адамдар Бағдарламаға қатысушылар құрамынан шығарылады және мемлекеттік 

қолдау шараларын көрсетуге жұмсалған мемлекеттік шығыстар сомаларын бюджетке өз 

еркімен, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртібімен өтейді. 

      

Ескерту. 12-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.06.2014 



№ 

726


 (01.04.2014 

бастап қолданысқа енгізіледі); 08.10.2014 

№ 1066

 

қаулыларымен.



 

8. Бағдарламаның негізгі бағдарламаларын іске асыру 

1. Бірінші бағыт: 

инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық 

шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету 

      


13. Аталған бағыт мынадай жұмыс және объектілер түрлері бойынша 

инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жолымен халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді 

көздейді: 

      


1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін күрделі, орташа және 

ағымдағы жөндеу (сумен жабдықтау, кәріз объектілері, газбен, жылумен, электрмен 

жабдықтау жүйелері); 

      


2) әлеуметтік-мәдени объектілерді (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік 

қамсыздандыру, мәдениет, спорт, ойын-сауық және демалыс объектілерін) күрделі және 




жүктеу 422,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау