Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы «28» қазандағы №1222 қаулысымен



жүктеу 483,8 Kb.
Pdf просмотр
бет23/34
Дата23.12.2019
өлшемі483,8 Kb.
#24793
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34

        1) қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтер алу және өз мүдделерін қорғау 

құқығымен байланысты мәселелер жөнінде консультация беру заңнамамен белгіленген құқықтарды 

және пайда болуы мүмкін бұзушылықтардан қорғау тәсілдерін толық түсіндіру береді; 

        2) қызмет алушыларға әлеуметтік-құқықтық мәселелер (азаматтық, тұрғын үй, отбасылық, 

еңбек, зейнетақы, қылмыстық заңнамалар және басқа мәселелер жөнінде) жөнінде консультация 

беру олар білгісі келетін заңнама актілері және көтеріліп отырған мәселелердегі құқықтары туралы 

толық түсінік береді, осы мәселелерді шешу үшін қажетті құжаттарды (өтініштер, арыздар, 

анықтамалар және басқа да құжаттар) дайындауда және тиісті мекенжайларға жіберуде қажетті 

көмек көрсетеді; 

    3) қызмет алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе шектейтін мемлекеттік органдар мен 

ұйымдардың лауазымдық тұлғаларының әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағым дайындауда көмек 

көрсету оларға шағымдарда шағым жасалған іс-әрекеттің мәнін заңды түрде сауатты жазуға 

көмектесуге негізделеді; 

        4) құжаттарды (жеке басын куәландыру, заңнама бойынша тиісті жеңілдіктерді алуға, бала 

асырап алуға және балаларды, ТҚА бұзылған балаларды отбасылық тәрбиелеудің басқа 

нысандары, мүгедектердің жұмысқа орналасуы үшін және т.б.) рәсімдеуде құқықтық көмек көрсету 

қызмет алушыларға мақсатына қарай қажетті құжаттардың мазмұнын түсіндіруді, құжат мәтінін 

баяндауды және жазып беруді (қажетіне қарай) немесе нысанды бланкілерді толтыруды, ілеспе 

хаттар жазуды қамтамасыз етеді; 

    5) құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін адвокаттың тегін көмегін алуға жәрдемдесу қызмет 

алушыларға заңды құқықтарын заңды түрде қорғауға және оның мәселесі бойынша объективті 

шешім қабылдау мақсатында заңды көмекке кепілдік береді; 

        6) отбасында қызмет алушыға немесе оның отбасы мүшелеріне жасалған физикалық және 

психикалық зорлық-зомбылыққа кінәлі адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға жәрдемдесу 

сотқа жүгіну үшін зардап шеккен адамдардың қажетті құжаттарын дайындауға, жәбірленушінің 

құқын қорғау және кінәлілерді жазалау мақсатында сот процесіне қатысуға негізделеді. 

7. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді тоқтату 

 және тоқтата тұру шарттары 

51. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді тоқтату: 

1) қызмет алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар 

үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының, қорғаншының) өтініші; 

2) мүгедектік алынған, үшінші топ мүгедектігі белгіленген жағдайда; 

3) стационарлық жағдайда немесе үйде арнаулы қызмет көрсетілген кезде; 

4) қызмет алушы ішкі тәртіп ережесін бұзған кезде; 

5) ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы шартты бұзған жағдайда жүзеге 

асырылады. 

52. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді қалпына келтіру осы стандарттың 3-бөлімінде көзделген 

тәртіппен жүзеге асырылады. 

Арнаулы әлеуметтік қызметті көрсету 51-тармақтың 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша 

тоқтатылған қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметті көрсетуді қалпына келтіру арнаулы 

әлеуметтік қызмет көрсету тоқтатылғаннан кейін бір күнтізбелік жыл асқаннан кейін ғана жүзеге 



асырылады. 

53. Қызмет алушыда жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болуға медициналық қарсы 

көрсетілім пайда болған жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметті көрсету тоқтатыла тұрады. 

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді қалпына келтіру қызмет алушы жартылай стационарлық 

үлгідегі ұйымда болуға медициналық қарсы көрсетілім болып табылатын сырқаттың жоқтығын 

растайтын медициналық құжатты ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады. 

54. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді тоқтату және тоқтата тұру жартылай стационарлық 

үлгідегі ұйым басшысының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады. 

55. Бұл ретте міндетті түрде шығару эпикризі, жартылай стационарлық үлгідегі ұйым 

мамандарының ұсынымдары ресімделеді, ол қызмет алушының не оның заңды өкілінің қолына 

беріледі. 

 

8. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымды басқару 



56. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымды уәкілетті орган немесе құрылтайшы лауазымға 

тағайындайтын және босататын басшы басқарады. 

57. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын жартылай стационарлық үлгідегі 

бөлімшені уәкілетті органның немесе құрылтайшының келісімі бойынша осы заңды тұлғаның 

директоры лауазымға тағайындайтын және босататын меңгеруші басқарады. 

58. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның штаттық нормативтерін уәкілетті орган немесе 

құрылтайшы осы стандартқа 4-қосымшада көзделгеннен кем емес көлемде бюджет қажеттіліктерін 

және мүмкіндіктерін ескере отырып бекітеді. 

59. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда шағымдар мен ұсыныстар кітабы ресімделеді, ол 

жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның басшысында сақталады және қызмет алушылар мен 

олардың заңды өкілдерінің бірінші талабы бойынша беріледі. 

60. Шағымдар мен ұсыныстар кітабын ұйым басшысы апта сайын, ал уәкілетті орган және/немесе 

құрылтайшы – ай сайын қарайды. 

    61. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңды және жеке 

тұлғалардан қаражат аудару үшін жартылай стационарлық ұйымның (заңды тұлғаның құрылымдық 

бөлімшесі болып табылатын жартылай стационарлық ұйымды қоспағанда) демеушілік, 

қайырымдылық және өзге де шоттары болады. 

Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік 

қызмет көрсету стандартына 

1-қосымша 

 

Нысан 


Жергілікті атқарушы органның немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген мемлекеттік 

ұйымның басшысы 

____________________________________________________________________ 

(Жергілікті атқарушы орган немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген мемлекеттік ұйым 

басшысының Т.А.Ә.) 

ӨТІНІШ 



жүктеу 483,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау