«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Төтенше жағдайлар комитеті Шығыс Қазақстан облысы
Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-
құтқару жұмыстары қызметі (Өскемен қаласы)» мемлекеттік мекемесінің Кадр жұмысы бөлімі туралы ереже
Жалпы ережелер
Кадр жұмысы бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Шығыс қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Қызмет) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің заңдарын және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Басқарманың құрылымы, штат саны ІІМ ТЖК штат кестесімен айқындалады.
Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері
Міндеті: мемлекеттік кадр саясатының құрама бөлігі ретінде Қызметтің
бөлімшелерінде бірыңғай кадр саясатын жүзеге асыру.
Функциялары:
Қызметтің бөлімшелерінде Қазақстан Республикасы Президентінің,
Президент Әкімшілігінің, Қауіпсіздік кеңесінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кадр саясаты саласында шешімдерін іске асырады, оларды төмен тұрған бөлімшелердің орындауын бақылайды, Комитетті осы қызметтің жай-күйі және нәтижелері туралы хабардар етеді, Қызметтің бөлімшелеріне кадр жұмысы мәселелері бойынша ұйымдастыру-әдістемелік және практикалық басшылықты жүзеге асырады;
Қызметтің бөлімшелерінде кадр саясатын жетілдіру бойынша
ұсыныстар әзірлейді;
3) кадрлармен жұмыстың басым бағыттарын айқындайды, осы қызметті жетілдіру бойынша Департаментке ұсыныстар енгізеді;
4) Қызмет бөлімшелерінің қатардағы және басшы құрамдағы тұлғаларының қызмет өткеру, зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын, өзге нормативтік құқықтық актілерін өзгерту және толықтыру бойынша Департаментке ұсыныстар енгізеді;
5) кадрларды даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастырады;
6) Комитетке және мүдделі мемлекеттік органдарға белгіленген нысанда тиісті статистикалық есептілік ұсынады, құрама есептер мен мәліметтерді зерделейді және талдайды;
7) Қызметтің жұмыс жоспарына ұсыныстар енгізеді;
8) Бөлімнің перспективті және ағымдағы жоспарларын әзірлейді.
5. Міндеті: қызметтердің кадрларымен және Қызметтің бөлімшелерімен жұмыс жай-күйін зерделеу және талдау, оларға практикалық және әдістемелік көмек көрсету, оң жұмыс тәжірибесін жинақтау және тарату.
Функциялары:
кадрлармен жұмыс жай-күйін кешенді зерделеуді жүзеге асырады, кадрларды іріктеу, орналастыру, кадрлардың тұрақтамауын және ауысуын азайту, қызметкерлерді оқыту және тәрбиелеу бойынша шаралар қабылдайды;
үміткерлерді қызметке және оқуға іріктеу сапасын арттыру, қызметкерлерді уақтылы және сапалы аттестаттау жолымен білімі, жасы және қызмет өтілі бойынша кадрлардың сапалық құрамын жақсарту жұмысының жай-күйін талдайды және шаралар қабылдайды;
кадр жұмысының озық (жаңа) нысандары мен әдістерін зерделеуді, қорытуды және таратуды жүзеге асырады, кадрмен қамтамасыз ету мәселелері бойынша семинарлар, кеңестер өткізеді;
Комитеттің нұсқаулары мен сұрау хаттарын іске асыру, есептілік жасау мақсатында аналитикалық, ақпараттық, анықтамалық және өзге материалдар әзірлеуді жүзеге асырады;
кадрлық қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтардың, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын уақтылы және сапалы қарауды қамтамасыз етеді.
6. Міндеті: Комитетте, Департаментте бірыңғай ұйымдастыру-штаттық саясатты іске асыру.
Функциялары:
1) Қызметтің органдары мен бөлімшелерінің құрылымдарын және штаттарын жетілдіру, үлгілік ұйымдастыру-штаттық құрылымдарға, нормативтер мен штаттық сан лимиттеріне сәйкес төтенше жағдайлар бөлімшелерінің қызмет желілері бойынша жүктемені талдауға негізделген қолда бар штаттық санын оңтайлы пайдалану бойынша ұсыныстар енгізеді;
2) Қызметтің құрылымдық бөлімшелерінің штаттық санын есепке алуды жүргізеді;
7. Міндеті: төтенше жағдайлар бөлімшелерінде үміткерлерді қызметке іріктеу, қатардағы және басшы құрам тұлғаларының қызмет өткеру тәртібі мен жағдайларына бірыңғай талаптарды қамтамасыз етеді, олардың іске асырылуын ұйымдастыру мен бақылауды жүзеге асырады.
Функциялары:
1) конкурстық негізде үміткерлерді қызметке іріктеуді, Қызметтің бөлімшелерінің кадрларын жинақтау, іріктеу және орналастыруды жүзеге асырады, кадрларды қызметке бекіту шараларын қабылдайды, ұсынуға кадр резервін қалыптастырады, олармен жоспарлы жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді, қызметкерлерді аттестаттауды өткізеді;
2) Қызметтің бөлімшелері кадрларының білім деңгейі бойынша сапалық құрамын жақсарту жұмысын жүзеге асырады;
3) Қызметтің номенклатурасы бойынша жеке құрам бойынша сәйкес бұйрықтарының жобаларын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
4) қызметкерлерге қатардағы, офицерлік, басшы құрамның әскери және арнайы атақтарын беру, марапаттау және көтермелеу туралы материалдарды қарастырады және ресімдейді, номенклатураға сәйкес Комитетке материалдарды жібереді, жеке құрам бойынша сәйкес бұйрықтар дайындайды, төтенше жағдайлар бөлімшелерінің қызметкерлеріне қызметтік куәліктер ресімдеуді және беруді жүзеге асырады және оларды есепке алуды жүргізеді;
5) қызметкерлер лауазымдарының санаттарына біліктілік талаптарын әзірлейді;
6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес конкурстар өткізуді және қызметкерлердің лауазымдарын жинақтауды ұйымдастырады;
7) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдарына орналасу үшін кадр резервін қалыптастыруға қатысады, оларды аттестаттауды және біліктілігін арттыруды жүргізеді;
8) төтенше жағдайлар бөлімшелерінен жұмыстан шыққан адамдарға зейнетақы тағайындау үшін материалдарды уақтылы және сапалы әзірлеуді жүзеге асырады;
9) төтенше жағдайлар бөлімшелерінің кадрларын есепке алудың бірыңғай жүйесін қалыптастырады, оның ішінде орта, аға және жоғары басшы құрамдағы тұлғаларды дербес, штаттық-лауазымдық, жоспарлы және статистикалық есепке алу, қатардағы және басшы құрамдағы тұлғалардың қызмет өткеру мәселелері және төтенше жағдайлар бөлімшелерінің кадрларымен жұмыс бойынша мұрағаттық-іздестіру және анықтамалық қызметті ұйымдастырады және жүзеге асырады;
10) Қызметтің қызметкерлерінің жеке істерін сапалы жүргізу және сақталуын, жұмыстан шыққан қызметкерлердің жеке істерін ресімдеуді және мұрағатқа сақтауға беруді қамтамасыз етеді;
11) Қызметтің бөлімшелері жеке құрамының қызмет өткеру мәселелерімен байланысты еңбек даулары бойынша материалдарды қарайды;
12) кадрларды есепке алудың автоматтандырылған жүйесін қалыптастырады, Қызметтің қызметкерлерінің дербес деректеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізеді, олардың сақталуын және құпиялығын қамтамасыз етеді;
13) Еңбек Кодексіне сәйкес штаттан тыс қызметкерлерді жинақтау, олармен еңбек шарттарын ресімдеу бойынша материалдарды дайындауды жүзеге асырады.
8. Міндеті: кадрларды басқарудың ақпараттық жүйесін дамыту және оны пайдалануды ұйымдастыру, деректер базасын және статистикалық есептілікті құру.
Функциялары:
1) Қызметтің кадрларды басқару жүйесін пайдаланушылардың қызметін ұйымдастыру-әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
2) ағымдағы жай-күйді, осы жүйені жаңғырту мүддесінде ықтимал пайдалану мақсатында ақпараттық технологиялар саласында перспективті әзірлеуді бақылайды;
3) бағдарламалық қамтамасыз етуге техникалық қызмет көрсету, жаңғырту және техникалық құралдармен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру мәселелері бойынша ақпараттық-техникалық қызмет, қаржы және тылдық қамтамасыз ету басқармаларымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
4) кадрларды есепке алудың автоматтандырылған жүйесіне дербес деректерін толықтырулар мен өзгертулер енгізеді және олардың сақталуын, құпиялылығын қамтамасыз етеді.
9. Міндеті: Министрлік айқындайтын ведомстволық білім саласында саясатты іске асыру.
Функциялары:
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті «Көкшетау техникалық институты» Мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі - КТИ) қызметкерлерді арнайы алғашқы оқыту курстарында оқытуға, кадрлардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға өтінімдер қалыптастырады;
Қазақстан Республикасы КТИ-да оқытуға үміткерлерді іріктеу бойынша кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізеді;
КТИ түлектерін бөлісуді және жұмысқа орналастыруды жүзеге асырады;
жас мамандармен жұмыс жүргізеді, КТИ түлектерінің қызметке бекітілуін және бейімделуін жүзеге асырады;
Міндеті: кәсіби, қызметтік, дене және психологиялық даярлығын ұйымдастыру.
Функциялары:
1) кәсіби даярлық бойынша материалдық-техникалық базаны жетілдіру, психологиялық қызметті дамыту, Қызметтің қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене даярлығының жай-күйін талдауға негізделген қызметкерлерді сапалы оқыту бойынша шараларды әзірлейді және іске асырады;
2) Қызметтің құзыреті шегінде кәсіби және психологиялық даярлық бойынша тиісті бұйрықтар мен өзге де нормативтік актілердің жобаларын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
3) кәсіби, қызметтік, дене, психологиялық даярлық бойынша тұрақты сабақтар ұйымдастырады, Қызметтің кәсіби және психологиялық даярлық бойынша оқу-әдістемелік ұсынымдармен, құралдармен қамтамасыз етеді;
4) Қызметтің қызметкерлерінің нысанды киімді кию тәртібін сақтауына бақылауды қамтамасыз етеді, маусымды киім нысанына көшу кезінде Қызметтің жеке құрамының саптық байқауын ұйымдастырады және өткізеді.
11. Міндет: тәрбие жұмысын ұйымдастыру.
Функциялары:
1) алға қойылған міндеттерді табысты орындау, ұжымдардағы моральдық-психологиялық климатты жақсарту, тәртіп пен заңдылықты нығайту мақсатында Қызметтің қызметкерлерімен тәрбие жұмысын ұйымдастырады және өткізеді.
2) ішкі істер органдары қызметінің саласында мемлекеттік-құқықтық саясат, жаңа қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу мәселелері бойынша Қызмет қызметкерлері арасында ақпараттық-насихат жұмысын ұйымдастырады.
3) кәсіби дәстүрлерді сақтау және дамыту, төтенше жағдайлар бөлімшелерінің, Қызметтің нақты ұжымының тарихын, қызметкерлердің ерлігі мен батырлығын, олардың қызметтік борышын үлгілі орындауын зерделеу және насихаттау бойынша жұмысты ұйымдастырады.
4) идеологиялық және тәрбие жұмысы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Қызметтің қызметін ақпараттық-аналитикалық және әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
5) тұрғын үй-тұрмыстық комиссиясы отырысында материалдарды әзірлейді, жинайды.
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша салалық бағдарламаларды орындайды.
7) Қызметте әлеуметтік-құқықтық жұмысты ұйымдастырады.
8) жеке тәрбие жұмысын ұйымдастыру және жүргізу, тәлімгерлікті дамыту мәселелері бойынша Қызметтің бөлімшелерінің барлық деңгейлердегі басшыларына әдістемелік көмек көрсетеді.
9) ұжымдарда дұрыс моральдық-психологиялық климатты қолдауға, мәдени демалысын ұйымдастыруға Қызметтің қызметкерлерінің ықпалын күшейту үшін олардың жұмысын үйлестіреді.
10) қызметкерлердің мәдени және рухани деңгейін көтеру, Қызметтің беделі мен мәртебесін арттыру мәселелері бойынша шығармашылық одақтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастырады.
11) қызметкерлерді эстетикалық тәрбиелеу және Қызметтің мәдени-ағарту жұмысын өткізу бойынша жұмысты ұйымдастырады;
12) Қызметтің қызметкерлерінің еңбек және қызметтік тәртіпті, күн тәртібін сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
13) Қызметтің қызметкерлерінің еңбек және күн тәртібін бұзушылық фактілері бойынша қызметтік тексерулер жүргізеді.
12. Құқықтары мен міндеттері:
Бөлімнің өз құзыреті шегінде:
Қазақстан Республикасы Комитет органдары, мекемелері мен білім ұйымдарының құрылымдық және төменгі бөлімшелерінен, кадрлық аппараттарынан міндеттерді орындауға қажетті құжаттар, анықтамалық және өзге материалдар сұратуға және алуға;
төменгі бөлімшелерге Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша орындауға міндетті нұсқаулар жіберуге;
Бөлім қызметкерлерін Министрлікте, Комитетте, Департаментте және басқа мемлекеттік органдарда өткізілетін кеңестерге, семинарларға қатысуға жіберуге;
басқарушылық шешімдерді әзірлеу үшін белгіленген тәртіпте Қызметтің құрылымдық бөлімшелерін қатыстыруға;
жекелеген жұмыстарды жүзеге асыру үшін шарт негізінде ғылыми қызметкерлерді және мамандарды қатыстыруға;
белгіленген тәртіппен кеңестер, жұмыс кездесулерін, ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар өткізуге;
Қызмет басшылығының тапсырмасы бойынша Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда және ұйымдарда мүддесін білдіруге;
Алқа шешімдерімен, Мнистрліктің, Комитеттің, Қызметтің жоспарларымен және бұйрықтарымен көзделген іс-шаралардың орындалуына бақылауды жүзеге асыруға;
ұйымдастыру-штаттық тәртіптің сақталуына бақылауды жүзеге асыруға;
бағынышты бөлімшелердің кадр жұмысы қызметіне тексеруді жүзеге асыруға, практикалық және әдістемелік көмек көрсетуге;
қызметкерлерді Қызметке жұмысқа орналасуға үміткерлерді психодиагностикалық тексеру, қызметтік ұжымдарда әлеуметтік-психологиялық зерттеулер, сондай-ақ Қызметтің жеке құрамының қызметін психологиялық қамтамасыз ету бойынша теориялық және практикалық сабақтар жүргізуге;
қызметкерлерге, Қызметке оналасуға үміткерлерге заңнаманы білуге тест жүргізуге және дене дайындығын тексеруді жүзеге асыруға;
Бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыру үшін өз құзыреті шегінде өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқы бар.
13. Бөлімнің міндеттері:
Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің, Министрдің және басқа мемлекеттік органдардың тапсырмаларының орындалу барысы туралы Министрліктің Кадр жұмысы департаментіне, Комитеттің Кадр жұмысы басқармасына, Департаменттің Кадр жұмыстары бөліміне ақпарат беру;
Министрліктің Алқа шешімдерінде, Министрліктің, Комитеттің, Департаменттің, Қызметтің жедел кеңестерінде және жоспарларында көзделген іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
Қызметтің жедел және аппараттық кеңестерінің материалдарын әзірлеуге қатысу;
іс жүргізуді, құпиялылық режимін қамтамасыз ету іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ету;
5) әскери, қызметтік және еңбек тәртібін, ішкі тәртіп қағидаларын сақтау;
6) алға қойылған міндеттерге сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де міндеттер белгіленеді.
3. Бөлім қызметін ұйымдастыру
14. Қазақстан Республикасы Президентінің заңнамалық актілеріне, актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Бөлімнің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыруға қажетті өкілеттіктері бар.
15. Бөлімді Қызметтің бастығы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын бастық басқарады.
16. Бөлім бастығы бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауап береді.
17. Бөлім бастығы Қызметтің басшылығына Бөлімнің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.
18. Осы мақсатта бастық:
1) бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
19. Бөлім атынан Қызметтің құрылымдық бөлімшелеріне жіберілетін құжаттарға Қызметтің бастығы, Бөлім бастығы қол қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |