«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты» рмм


Өртке қарсы қорғаныс құралдарының тағайындалуы, топтастырылуы және оларға ұсынылатын негізгі талаптар



жүктеу 1,85 Mb.
бет3/12
Дата30.05.2018
өлшемі1,85 Mb.
#18478
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Өртке қарсы қорғаныс құралдарының тағайындалуы, топтастырылуы және оларға ұсынылатын негізгі талаптар

Автоматты өрт сөндіру қондырғысы: от сөндіргіш құрал түрі бойынша (сулы, көбікті, газды және аэрозольды, булы, ұнтақты және жинақты); өрт ошағына әсер ету сипаты (сөндіру әдісі) бойынша – барлық беттік бойынша бір уақытта сөндіретін, локальды-беттік, бөлмелерді көлемдік сөндіру, технологиялық аппараттарды локальды-көлемдік сөндіру, жинақты; жіберу әдісі бойынша – механикалық, пневматикалық, гидравликалық, электрлік, жинақты жібергішпен; инерциондылығы бойынша - өте тез әсер етуші ( 0,1 с), тез әсер етуші немесе кіші инерционды (0,1 с    3 с) болып топтастырылады.




Автоматты өртке қарсы қорғаныс құралдарына негізгі талаптар

АӨҚҚҚ бірқатар тапсырмаларын шешу кезінде жалпыландырылған түрдегі қорғалатын объектілердің маңыздылық және өрт қауіптілік дәрежесін анықтау қажеттілігі пайда болады. Бұл мақсат үшін өртке қарсы қорғанысты нормалау кезінде отандық және шетел практикасында қолданылатын объектілерді топтастыру әдісін пайдалану ыңғайлы деп ұсынылады.

Қолда бар барлық ұсыныстарды жалпыландыра отырып, объектілердің қауіптілік дәрежесі бойынша олардың келесі топтастырылуын ұсынуға болады.

1-ші топ – өрт дамуының кез-келген қауіптілік дәрежесі бар объектілер, бірақ олар материалдық шығындарға соқтырмайды.

2-ші топ – өрт дамуының орташа және жоғары қауіптілік, сол сияқты өрт дамуының аз қауіптілік дәрежесі бар объектілер, бірақ біршама материалдық құндылықтар концентрациясымен.

3-ші топ – уникалды объектілер; қорғанысты тағайындаулы объектілер; сол сияқты өрт жарылыстарды тудыратын объектілер, адамдар өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін объектілер.

АӨҚҚҚ қондырғыларының тиімділігі мен жұмыс қабілеттігін қамтамасыз ету үшін өңдеу, жобалау және монтаждау кезінде бірқатар арнайы және жалпы талаптар сақталуы тиіс.

Жалпы болып келесі талаптар болып табылады:

қондырғы қарапайымдылығы; сенімділік, сақталғыштығы және мәңгілігі, эргономика және техникалық эстетика талаптарына сәйкестігі; минималды өлшемдер, масса және металлосыйымдылық.


Арнайы талаптар келесіге жүгінеді: қорғалатын бөлмеде адамдар болған кезде көлемдік өрт сөндіру қондырғыларын орнату үшін қозғалтқышты қолдық басқаруға ауыстыру; қорғалатын бөлмелерде болатын және қондырғыға қызмет көрсететін адамдар өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін; өртті жоғары анықтау және сөндіру тиімділігі; көлемдік өрт сөндіру қондырғыларын іске қосу сәтінде желдетуді автоматты түрде сөндіру мүмкінділігі; көлемдік өрт сөндіру АӨСҚ іске қосылуы алдында адамдарды көшіру қажеттілігі туралы ескертуші дабылдағыштардың бар болуы; оның іске қосылуынан кейін қондырғының жұмыс қабілеттігін тез арада қалпына келтіру мүмкіндігі.

Жоғарыда аталған талаптарды ескере отырып, АӨҚҚ қондырғыларының есептемелері келесі негізгі принциптермен базаланады: іске қосу тездігі; тиімділік; функциялаудың беріктілігі мен тиімділігі; экономикалық тиімділік.


Өрт автоматикасы құралдарының техникалық деңгейін бағалау


Қайта құрылатын (өңделетін) өрт автоматикасы құралдарының техникалық деңгейі сәйкес келуші өнімдерді өңдеу кезінде отандық және шетелмен салыстырғанда сызба-конструкторлық шешімдердің прогрессивтілігін сипаттайды.

Кез-келген өнімнің техникалық деңгейін бағалау техникалық деңгейдің картасы мен сапалығы картасын, сол сияқты патенттік формулярды құру жолымен өткізіледі. Техникалық деңгейдің кезеңдері мынадай.


  1. Тағайындаулы өнім тізімін құру және оның қолданылу аймағын анықтау.

  2. Оның техникалық деңгейін анықтау үшін өнімнің берліген түрі сипаттамасын таңдау.

  3. Таңдалған өнім түрінің сипаттамаларын сандық бағалау.

  4. Таңдалған өнім түрінің техникалық деңгейін бағалау әдістемесін нақтылау.

  5. Бірдей тағайындаулы өнімдердің техникалық деңгейін жинақты бағалау.

  6. Анализденетін өнімдердің техникалық жетістігін бағалау үшін, техникалық жетістік көрсеткішінің жоғары мәніне ие болатын эталонды таңдау.

  7. Қайта өңделетін және эталонды өнімнің техникалық жетістігін салыстыру жолымен анализденетін өнімдердің техникалық деңгейін бағалау.

ҚР ҚНжЕ 2.02.-15-2003 «Ғимараттар мен имараттардың өрт автоматикасына» сәйкес анықтамалары бар терминдер келтірілген.

Автоматты өрт сөндіру қондырғысы – өрттің бақыланушы факторы қорғалатын бөлмеде шекті мәндерден жоғарылаған кезде автоматты түрде іске қосылатын өрт сөндіру қондырғысы.

Автономды өрт сөндіру қондырғысы – ішкі тұтыну көздері мен басқару жүйелеріне тәуелсіз өртті анықтау және сөндіру функцияларын автоматты түрде жүзеге асыратын өрт сөндіру қондырғысы.

Аэрозольды өрт сөндірудің автоматты қондырғысы (автоматты ӨСҚ, АӨСҚ) – өртті автоматты құрылғыларды қолдану көмегімен анықтайтын электрлік қосқышы бар от сөндіргіш генератор негізінде жасалған автоматты өрт сөндіру қондырғысы, онда от сөндіргіш зат ретінде от сөндіргіш аэрозоль қолданылады.

Қондырғының дистанционды іске қосылуы – қорғалатын бөлмелерде немесе оның қасында, диспетчерлікте немесе өрт постысында, қорғалатын имараттаың немесе жабдықтың қасында орналастырылатын қосқыш элементтерден іске қосылу.

Дренчерлі өрт сөндіру қондырғысы – дренчерлі шашыратқыштармен жабдықталған өрт сөндіру қондырғысы.

Қондырғы инерционділігі – өрттің бақыланушы факторы сезгіш элементті игеру сәтінен қорғалатын аймаққа от сөндіргіш затты беруді бастағанға дейінгі уақыт.

Өрт сөндіргіш затты беру қарқындылығы – уақыт бірлігінде аудан бірлігіне берілетін от сөндіргіш зат мөлшері.

Қондырғының жергілікті іске қосылуы – сорғыш станция немесе өрт сөндіру станциясы бөлмесінде орнатылған қосқыш элементерден, сол сияқты өрт сөндіру модульдерінде орнатылатын қосқыш элементтерден іске қосылуы.

Өрт сөндіру модулі – корпусында модуль қозғалтқышына қосқыш импульс әсер еткен кезде от сөндіргіш затты беру және сақтау функциялары біріккен құрылғы.

Модульды өрт сөндіру қондырғысы – қорғалатын бөлмеде немесе оның қасында орнатылған өрт сөндіру функциясын өздігінен орындауға қабілетті бір немесе бірнеше модульдерден тұратын өрт сөндіру қондырғысы.

Импульсты өрт сөндіру модулі – от сөндіргіш затты беру ұзақтылығы 1 с дейін өрт сөндіру модулі.

От сөндіргіш зат – жануды тоқтату үшін жағдайлар құруға мүмкіндік беретін физико-химиялық қасиеттерге ие зат.

От сөндіргіш концентрация – Жануды қолдамайтын ортаны құратын, көлемдегі от сөндіргіш зат концентрациясы.

От сөндіргіш заттың есептік мөлшері – нормативты құжаттардың талаптарына сәйкес анықталған және өрттің пайда болу жағдайында тез арада қолданылуға дайын өрт сөндіру қондырғысында сақталатын от сөндіргіш зат мөлшері.

От сөндіргіш зат резерві – қайта тұтану немесе өрт сөндіру қондырғысы өзінің тапсырмасын орындамаған жағдайда тез арада қолданылуға дайын от сөндіргіш зат мөлшері.

Өрт дабылдағыштарының жүйесі – бір объектіде монтаждалған және жалпы өрт постынан бақыланатын өрт дабылдағыштары қондырғысының жиынтығы.

Сумен толтырылған спринклерлі өрт сөндіру қондырғысы – барлық құбырлар сумен (сулы ерітіндімен) толтырылған спринклерлі өрт сөндіру қондырғысы.

Ауалы спринклерлі өрт сөндіру қондырғысы – сумен (сулы ерітіндімен) толтырылған құбырлар, қалғандары – қысым астындағы ауамен келтірілген спринклерлі өрт сөндіру қондырғысы.

Спринклерлі өрт сөндіру қондырғысы – спринклерлі шашыратқыштармен жабдықталған, автоматты өрт сөндіру қондырғысы.

Өрт сөндіру станциясы – арнайы бөлмелерде орналастырылған, өрт сөндіру қондырғысының ыдыстары мен жабдықтары.

Көлем бойынша локальды өрт сөндіру қондырғысы – бөлме көлемінің бір бөлігіне немесе жеке технологиялық бірлікке әсер ететін көлемді өрт сөндіру қондырғысы.

Беттік бойынша локальды өрт сөндіру қондырғысы – бөлме ауданының бір бөлігіне немесе жеке технологиялық бірлікке әсер ететін беттік өрт сөндіру қондырғысы.

Көлемдік өрт сөндіру қондырғысы – қорғалатын бөлме көлемінде жануды қолдамайтын ортаны құратын өрт сөндіру қондырғысы.

Беттік өрт сөндіру қондырғысы – жанғыш беттікке әсер ететін өрт сөндіру қондырғысы.

Өрт дабылдағыштары қондырғысы (ӨДҚ) – өртті, өңдеу, өрт туралы хабарды берілген түрде ұсынуды анықтау үшін техникалық құралдар жиынтығы.

Өрт сөндіру қондырғысы – от сөндіргіш затты шығару арқылы өртті сөндіруге арналған стационарлы техникалық құралдар жиынтығы.

Газды өрт сөндірудің орталықтандырылған қондырғысы – газдары бар баллондар өрт сөндіру станциясында орналасқан газды өрт сөндіру қондырғысы.



4.2 Автоматты өртке қарсы қорғауды қолданудың қажеттілігін негіздеу
Өрт автоматикасы құралдарын енгізу және пайдалану мол шығынды қажет етеді, оны қолдану қажеттілік мәселесі көп жағдайда терең экономикалық мәселе болып табылады және оны шешу үшін үлкен ұйымдастырушылдық және зерттеу жұмыстарын жүргізу керек.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының өртке қарсы қызметінде АӨҚҚ түрлерін таңдау және қолдану қажеттігі негізінде екі әдіс қолданады: нормативті және есептеу-графикалық.

Нормативті әдіс. Оның негізі мынадай, АӨҚҚ негізінен нормативті актілермен, бұйрықтармен, ведомстволық нормаларға сәйкес басқарылатын үлкен өндірістік бөлмелер, тұрғын үйлер, министірліктер мен ведомоствалардың қызығушылығындағы қоғамдық және әкімшілдік ғимараттар иемденеді. Біздің жағдайымызда «Мега-Шығыс» сауда үйінің сауда залдарына автоматты өртке қарсы қондырғыларды орналастыру ҚР ҚНжЕ 2.02.15-2003 сәйкес жасалады.

Автоматты өртке қарсы қондырғының нормада көрсетілгендей қолдануды талап ететіндіктен, берілген жағдайға тиімді қондырғыны таңдаймыз



Есептеу-графикалық әдіс өте кең тараған. Әдістің негізі мынадай жолдан тұрады:

1
. Ішкі және сыртқы факторларды ескере отырып бөлменің жалпы өрт қаупін анықтаймыз Ожал:

мұндағы kMv - жалпы өрт күшін (массалық) шамасын ескеретін коэффициент Mv; Kopn – өрттің таралу қаупі бойынша қорғалатын нысан тобын ескеретін коэффициент; Коб – жақын өрт бөлімшесіне арақашықтықты ескеретін коэффициент; Кжан – қорғалатын ғимараттың отқа төзімділік дәрежесін ескеретін коэффициент; Кpn – қорғалатын нысанда өрттің пайда болу қаупі тәуекелін ескеретін коэффициент.



2
. Қорғалатын бөлменің ең маңызды ішкі факторларын және құны көрсеткішін ескере отырып өрт қаупін анықтаймыз Оі:

мұндағы Кп.т – жалын, жоғарғы температура сияқты өрттің қауіпті факторларының әсер ету қаупін ескеретін коэффициент; Кд – уытты жану өнімдерінің және түтіннің адамдарға қауіпті әсерін ескеретін коэффициент; Кс – қондырғылар мен материалдарды қоса отырып ғимараттың жобалық және тепе-теңдік бағасын ескеретін бағалық (құндылық) коэффициенті



Ожал және Оіш коэффициенттерінің мәндерін номограммаға енгіземіз (4.1-сурет) және автоматты өрт қондырғысының түрі мен қажеттілігін анықтаймыз. Есептің шешімі үздік сызықтарымен көрсетілген.

1 аймақ – АӨҚ қажет етпейді; II - аймақ – АӨҚ қолдануды ұсынады; III аймақ–; IV аймақ – өзінің жеке өрттен қорғау қызметі бар нысандар үшін АӨД қолдануды ұсынады, ал өзінің жеке өрттен қорғау қызметі жоқ нысандар үшін АӨСҚ қолдануды ұсынады; V аймақ – АӨСҚ қолдану міндетті деп есептеледі; VI аймақ – АУП қолдану міндетті деп есептеледі, және де нысандық өрттен қорғау қызметті сынады (жеке пост).

Егер де мына жағдайда, номограмманың көмегімен шешілген есептің шешімі альтернативті болса (АӨД – нысандық өрттен қорғау бөлімі болғанда немесе нысанды қалалық өртке қарсы бөлім қорғайтын болса, онда АӨСҚ болу керек), қалалық өртке қарсы бөлім қорғайтын нысан үшін автоматты өрт қондырғысына байланысты салыстырмалы ақырғы шешім тез және дер кезінде өртке қарсы бөлімшенің жетуіне тәуелді қабылданады (бұл жағдайда өрттен келетін шығын минимальді).


жүктеу 1,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау