7.3 Қозғалыс құралдарымен өрт сөндіру нұсқасында негізгі экономикалық көрсеткіштерді анықтау
Өртті қозғалатын күшпен, яғни өрт сөндіру бөлімшелерімен сөндіру кезінде, өртті сөндіру және жанудың таралуын қақпайлап, локализациялауға дейінгі, өрт оқпандарын беруге дейінгі өрттің даму уақыты маңызды орын алады.
Формулаға сәйкес минуттағы өрттің еркін даму уақытын анықтаймыз.
с.г. = бір + қаб + .инф. + сб. + б.р. + сл. =
5+1+0,5+0,75+2,25+3=12,5мин
Есептеулерге сәйкес 3 минут өрттің еркін дамуынан кейін өрт температурасы 290 0С құрайды. Бұл температурада өрт ауданы 125 м2 құрайды.
Өрттен түсетін шығынды анықтаймыз:
У1 = 3000 * 125=375000тенге
Нұсқаларды салыстыру және экономикалық тиімділікті таңдау
Негізгі көрсеткіштердің шамаларын анықтағаннан кейін нұсқалардың экономикалық тиімділігін таңдау анализіне өтеміз. Қолданыстағы типтік әдістемеге сәйкес бұл таңдау салыстырылған бір нұсқаның жіберілген шығынның минимумына негізделеді.
Нұсқаның экономикалық тиімділігін анықтау ЕН және ТН. нормативті мәндердің салыстыру нәтижесіне негізделген
Нұсқаның экономикалық негізділігі есебін анықтағаннан кейін, жылдық экономикалық нәтиже шамасын есептеуге болады.
мұндағы С1 – алғашқы нұсқа кезіндегі инженерлік-техникалық есепті шығару шеңберіндегі күнделікті шығындар – 490 000 т.
ЕН – қор салудың экономикалық тиімділігін салыстыру коэффициенті – 0,15;
К1 – алғашқы нұсқа бойынша капиталдық шығын – 241 000 т.;
С2 – екінші нұсқа кезіндегі инженерлік-техникалық есепті шығару шеңберіндегі күнделікті шығындар– 381300 т.;
У1, У2 – өрттен түсетін материалдық шығын
У1 – 107100 тн.
У2 – 225900 тн.
К2 – екінші нұсқа бойынша капиталдық шығын – 48 000 тн.;
В
Г – тәжірибеге жаңа инженерлік-техникалық шешімді енгізудегі жылдық көлем –1.
Алынған көрсеткіш екінші нұсқаның дұрыстығын, яғни өрт сөндірудің автоматты қондырғысы экономикалық тиімді екендігін растайды.
Техникалық қызымет көрсету және өрт сөндіру қондырғысын күтіп ұстау
Жүйені қолдануға дайын күйінде ұстауға, приборлар мен элементтердің зақымдануының және уақытынан бұрын істен шығуын болдырмауға бағытталған іс-шараларды жүргізу сумен өрт сөндіру қондырғысына техникалық қызмет көрсетудің негізгі мақсаты болып табылады.
Өрт сөндіру қондырғысына техникалық қызмет көрсету және жөндеу құрылымы келесі жұмыс түрлерін қамтиды:
● техникалық қызмет көрсету;
● жоспарлы ағымдағы жөндеу;
● жоспарлы күрделі жөндеу;
● жоспардан тыс жөндеу.
Ағымдағы қызмет көрсетуге қондырғының жоспарлы жұмысын бақылау, анықталған ақауларды жою, баптау, реттеу, босату және тексеру жатады. Ағымдағы жөндеудің көлеміне ішінара бөлшектеу, жетектерін және кабельді имараттарды ауыстыру және жөндеу кіреді. Жабдықтарды өлшеу және сынау, сондай-ақ анықталған ақауарды жою жүргізіледі. Сонымен қатар, күрделі жөндеудің көлеміне ағымдағы жөндеумен қарастырылған жұмыстар, қондырғының ескірген элементтерін ауыстыру, жабдықтардың пайдалану мүмкіншіліктерін жақсарту кіреді. Жоспардан тыс жөндеу ағымдағы немесе күрделі жөндеу көлемінде жүзеге асырылады және өрттен, апаттан кейін жабдықтардың қанағаттанарлықсыз пайдалануынан соң немесе оның алдын алу үшін жүргізіледі.
Техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмысты жүргізу барысында «Өрт сөндіру және күзет-өрт дабылы қондырғыларын регламенттелген техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және жүргізу туралы нұсқаулықтың» және «ӨСАҚ, түтін шығару, күзет, өрт және күзет-өрт дабылына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесінің» талаптары басшылыққа алынуы тиіс.
Сумен өрт сөндіру қондырғысына техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу жөніндегі жұмысты төртінші разрядтан төмен емес слесарь-сантехниктер жүргізеді.
Техникалық қауіпсіздік бойынша негізгі талаптар
Осы жоба келесі құжаттарда баяндалған қауіпсіздік шараларының талаптарына сәйкес әзірленді:
тұтынушылардың электрқондырғыларды техникалық пайдалану ережесі;
тұтынушылардың электроқондырғыларды пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережесі;
өрт сөндірудің автоматты жүйесіне қатысты бөлігінде белгіленген мерзімде бекітілген қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттама;
ӨСАҚ-ға пайдалану құжаттамасы.
Техника қауіпсіздігін сақтау қондырғыны пайдалану кезіндегі қауіпсіз жұмыстың қажетті талабы болып табылады. Техника қауіпсіздігін бұзу бақытсыз жағдайларға алып келуі мүмкін. Қызмет көрсететін персонал техника қауіпсіздігі бойынша кіріспе жалпыламалы нұсқаулықтан және жұмыс орнында еңбектің қауіпсіз тәсілдеріне арналған нұсқаулықтан өткенннен кейін ғана жұмысын атқаруға жіберіледі. Кіріспе нұсқаулығы жұмысқа жаңадан қабылданғандардың барлығымен жүргізіледі. Нұсқаулық беру кезінде мамандығы бойынша сол жұмыс орнындағы міндеттерімен таныстырылады. Нұсқаулықтан өту техника қауіпсіздігінің журналында көрсетіледі.
Сумен өрт сөндіру қондырғысын пайдалану «Сумен өрт сөндіру қондырғысын пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес жүргізіледі. Сулы өрт сөндіру қондырғысымен жабдықталған объектіде жұмыс атқаратын персонал көрсетілген қондырғының бар екендігі туралы хабардар етіледі, оның жұмыс істеу қағидасы мен қауіпсіздік ережелері туралы нұсқаулық беріледі. Қондырғыны пайдалану кезінде оның элементтерінің дұрыс жұмыс атқарып тұрғандығын қадағалау қажет. Ол үшін дабыл құралдарының дұрыстығын бақылау керек. Қондырғыны жөндеу қондырғыны пайдалануға жауапты тұлғаның ұдайы қатысуымен жүргізіледі.
Өрт орын алған жағдайда қорғалатын жайдан шығу жолдары көрсетілуі тиіс, шығу жолдары әрдайым бос болады.
Қондырғыны пайдалану кезінде келесі ережелерді орындау қажет:
Жабдықты құрылымдаумен қайта құрылымдаумен байланысты болатын жөндеу жұмыстары жөнделетін бөлшекте қысымның жоқ кезінде жүргізілуі тиіс;
Тоқөткергіш элементтерге жақын орналасқан құбырларды тазалауға және сырлауға рұқсатнама рәсімдеумен қатар олардан қысымның алынуы кезінде ғана рұқсат етіледі;
Гидравликалық сынақ жүргізумен айналысатын тұлғалар сынақ барысында қауіпсіз жерлерде немесе арнайы қарастырылған экранның сыртында болуы тиіс;
құбырларды гидравликалық және пневматикалық сынау ережелеріне және талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс;
жұмыс істеп тұрған кезде қозғалтқышты майлауға және механизмдердің қозғалатын бөлшектерінің бұрандамаларын бұрауға рұқсат етілмейді;
басқару бөлшектері орналасқан жайда техника қауіпсіздігі туралы нұсқаулық және плакаттар ілініп тұруы тиіс;
электржабдықтарды жөндеу жөніндегі жұмыстар электрқоректенуден ажыратылғаннан кейін ғана жүргізіледі;
реттеу, жөндеу және профилактикалық жұмыстарды жүргізу кезінде қондырғы тұтынушыларының қоректену сұлбасын мұқият зерделеу және қажетті қондырғыларды тоқтан ажырату қажет;
электржабдықтармен жұмыс атқару кезінде диэлектрлі төсемдер және қолқаптар болуы тиіс;
оқшаулаудың зақымдануынан орын алуы мүмкін болатын электржабдықтың барлық қажетті бөлшектері жерлендірілуі (нөлденуі) тиіс. Қорғаныс жерлендіру (нөлдендіру) ЭҚЕ-ға сәйкес жүргізіледі.
Қоршаған ортаны қорғау
Адамдардың өмірін және материалдық құндылықтарды сақтап қалу өрт сөндіру үшін пайдаланылатын судың негізгі мақсаты болып табылады. Өзінің тиімділігіне қарай су қомақты өрт орын алған жағдайда қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін болатын шығынды азайту үшін пайдаланылады. Құрамдас бөліктері бойынша өртке қарсы қорғанудың автоматты жүйесі қоршаған орта үшін зиянсыз. Өрт сөндіру құралы ретінде пайдаланылатын су, оның табиғи құрамдас бөлігі болып табылады.
Қысқартулар
- АӨСҚ: Автоматты өрт сөндіру қондырғысы.
- ӨҚТҚ: Өрт хабарын қабылдау-тексеру құралдары.
- ӨБҚ: Өрт сөндіруді басқару құралдары.
- ӨХ: Өрт хабарлағышы.
Қорытынды
Орындалған дипломдық жобада мен, Қызылорда қаласындағы А.Байтұрсынов көшесінде орналасқан «Винтаж» сауда үйінің және басқа да бөлмелерде мүмкін болатын өрттен қорғауда, сулы автоматты қондырғыны ұсынамын.
Жасалған дипломдық жобада карастырғандай ҚР ҚН 2.02-11-2002 «Ғимараттар, имараттар және бөлмелерді автоматты өрт дабылдағышымен, автоматты өрт сөндіру және өрт туралы адамдарды хабарлау қондырғыларымен жабдықтау нормалары» 2.5.1 пунктіне сәйкес, «Винтаж» сауда үйінің барлық бөлмелерін автоматтандырылған өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықтауға болатыны анықталды.
Бөлмелердің микроклиматтық және өрттің қауіпті жағдайы, өртті табысты сөніруді ескере отырып сулы автоматты өрт сөндіру қондырғысын пайдалануды ұсындым. Сонымен қатар, қызмет көрсететін және кезекші қызметшілердің өрт сөндіру қондырғысының техникалық жағдайы бойынша нұсқаулықтарды өңдеп және сулы автоматты өрт сөндіру қондарғысының гидравликалық есептері толық есептелді.
Жобалау барысында сауда үйінде болатын өрт қауіпті орталық сараптамасын өткізіп жалпы өрт ауыртпалығын анықтадым. Сонымен қатар жұмыс барсында спринклерлі қондырғысының негізгі тораптарына, қондырғының жұмыс жасау принципіне қойылатын талаптар қарастырылды.
Бұл дипломдық жобамның соңғы бөлімдерінде сумен өрт сөндіру автоматты қондырғысын қолданудың экономикалық негізділігін көрсеттім.
Анықталған экономикалық тиімділіктің негізінде, ұсынған автоматты өрт сөндіру жүйесі орнатылған нысандарда өртті хабарлау жүйесі арқылы сөндіру өрттен болған шығынды барынша азайтады, яғни бұл әдіс тиімді болып саналады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. ҚP Aзaмaттық қopғaныc зaңы 11.04.2014 №188-V.
2. Пожарная тактика. Я. С. Повзик. Москва: ЗАО «Спецтехника» 2001 год.
3. УПТ справочник. Я. С.Повзик. Москва: ЗАО «Спецтехника» 2001 г.
4. ҚР ҚН 2.02-11-2002ж. «Өрт сөндірудің және адамдарды өрт туралы хабарлаудың автоматты қондырғылармен, өрт сигнализациясы қондырғыларымен ғимараттарды, бөлмелерді және бекіністерді жабдықтау нормалары туралы»
5. ҚР ҚНжЕ 2.02.-15-2003. Ғимарат пен имараттың өрт автоматикасы.
6. «Эксплуатация установки пожарной автоматики» Н.Ф. Бубырь, В. П. Бабуров и др. Москва: ВИПТШ МВД СССР 1986 г.
7. Установки пожаротушения автоматические. Справочник С. В. Собурь. Москва: ЗАО «Спецтехника» 2001 г.
8. Установки пожаротушения автоматические. Учебно-справочное пособие. С. В. Собурь. Москва: «Пож.Книга» 2008 г.
9. ҚР ҚН 2.02-11-2002ж. «Ғимараттарды, бөлмелерді және имараттарды автоматты өрттік сигналдаудың жүйелерімен, автоматты өрт сөндіру және өрт туралы адамдарға хабарлау қондырғыларымен жабдықтау нормалары» Астана, 2002.
10. «Пожарная автоматика» 2007, Журнал-каталог.
11. ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2002 Ғимараттар мен имараттардың өрт қауіпсіздігі. Астана, 2002.
12. Шурин Е.Т., Юн С.П., Пальцев В.П. Методические указания к курсовому проектированию по дисциплине Пожарная профилактика в строительстве.-М.: ВИПТШ, 1990 - 80 с.
13. Томин С.В., Токарев В.Н. Задачник по пожарной профилактике в строительстве, М 1995 г.
14. Ройтман М.Я. Противопожарное нормирование в строительстве, М/С 1998 г.
15. С.В. Собурь. Справочник «Установки пожаротушения автоматического М., Спецтехника 2001 г.-399 с.
16. Гидравлика и противопожарное водоснабжение. Кошмаров Ю.А. М. 1985 г.
17. Справочник. Пожаро-взрывоопасность веществ и материалов и средства их тушения. Под редакцией А.Н. Баратова и А.Я. Корольченко. М. «Химия», 1990 г.
18. С.В.Собурь, Установки пожаротушения автоматические. Учебное-справочные пособие.-5-е изд. (перераб.).-М., ПожКнига, 2008.-312с.
19. Пожарная техника. Часть II. Пожарное оборудование/Н.М.Дэнкас, К.И.Кравченко, Н.Д.Шебеко и др.-М.: ВНИИПО, 1997.-200с.
20. В.Г.Григорьев, В.И.Горячев, Т.П.Кузнецова. Инженерная графика. –Ростов н/Д: Феникс, 2004.-416с.
21. ҚР СТ 1167-2002 Өрт сөндіру автоматикасы. Жіктелуі. Терминдер мен анықтамалар.
22. ҚР СТ 1187-2003 Өрт хабарлағыштары. Жалпы техникалық талаптары.
23. Чекмарев А.А., Осипов В.К. Справочник по машностроительному черчению. М., 1994.
24. Гаевой А.Ф., Усик С.А. Курсовые и дипломне проектировние. Промышленные и гражданские здания. Л., 1987.
25. ГОСТ «Единая система конструктор ской документации» (ЕСКД). Общие правила выполнения чертежей. М.,1983.
Достарыңызбен бөлісу: |