«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты» рмм



жүктеу 1,85 Mb.
бет4/12
Дата30.05.2018
өлшемі1,85 Mb.
#18478
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

4.3 Өрт сөндіру құралдарын негіздеу
Қорғалатын нысанның ерекшеліктерін, сауда үйіне қарайтын заттар мен материалдардың өрт қаупі және физико-химиялық қасиеттерін ескере отырып, өрт сөндіру құралы ретінде су және сулы ерітінділерді аламыз.

Әр түрлі заттар мен материалдардың жануымен байланысты, су өте кең таралған өрт сөндіру құралы болып табылады. Судың өрт сөндіру құралы ретіндегі қасиетін көрсететін негізгі факторларды атасақ: арзандылығы, жылу сыйымдылығының жеткілікті жоғары болуы, жоғары жабық булану жылуы, көптеген заттар мен материалдарға қарағанда химиялық бейтараптылығы. Судың өрт сөндіру құралы ретінде ең негізгі жеткіліксіз қасиеті оның жоғарғы электр өткізгіштігі (әсіресе суға оның өрт сөндіргіштік және эксплутациялық қасиетін артыратын қосындыларды қосқаннан кейін), төменгі суландырғыштық қабілетінің болуы және т.б.

Су тиімді суытқыш агент болып табылады, яғни жанған нысанның көрші нысандарын қорғау үшін, өрт сөндіру құралдарымен мұнай өнімдерін сөндіру кезінде резервуарлардың суытуда кеңінен қолданылады.

Судың ең тиімді өрт сөндіру қасиеті оны тозаңдатып және өте тозаңдатып бергенде артады. Соңғы жылдары суды тамшысының орташа диаметрі 50 мкм–ге жақын аэрозольді тозаңдату кеңінен қолданады. Су осыған байланысты сұйықтар мен газдар арасындағы аралық жағдайды алады да, сұйық та, газ тәрізді де өрт сөндіру құралдарының қызметін атқарады. Судың аэрозольдық орталығы қыздыру жолы арқылы, болмаса арнайы тозаңдатқыштар арқылы қысымда қаныққан газ (СО2 су ерітіндісінде) арқылы жетеді.

Суды онымен күшті әрекеттесетін және жылу, жанғыш заттар, сонымен қатар улы белсенді заттар бөлетін заттарды сөндіруге қолдануға болмайды. Ондай заттарға металдар, металлорганикалық қосылыстар, металдардың карбидетері мен гидридтері, қыздырылған көмір мен темір жатады.

Сонымен қатар, сумен мұнай және мұнай өнімдерін өшіруде қолдануға болмайды, өйткені қалдықты лақтыруы немесе шашырауы мүмкін. Сонымен бірге, шаңдарды жарылыс қауіпті орта түзуден сақтау үшін судың тұтас ағысын қолданбау талап етіледі.



4.4 Өрттен қорғауда автоматтық жүйені таңдау
Сумен өрт сөндіру қондырғылары біздің республикамызда да, шет елдерде де кеңінен таралған. Олар қарапайым құрылысымен және қызмет көрсету ыңғайлылығымен өте тиімді. Бұл қондырғыларды ұзақ уақыт эксплутациялау тәжірибесі көрсеткеніндей, олар өртке қарсы қорғаудың ең сенімді және тиімді техникалық құралдары болып табылады. Олар өрт сөндіретін автоматты қондырғыларымен жарақтандырылған нысандарда пайда болған өрттердің 96%-ын сөндіруде және оқшаулауда тиімді болып табылған.

Сумен өрт сөндіру қондырғылары әртүрлі салаларда қолданылады, олар мақта, лен, ағаш, маталар, пластмасса, резеңке, жанғыш және ұнтақ, заттар, өрт қауіпті сұйықтар бар заттар мен материалдарды қолданатын нысандарды пайдаланылады. Сонымен қатар, бұл қондырғылар технологиялық қондырғылар, кабельді құрылыстар, мәдениет ошақтарын (театрлар, мәдениет үйлерін,сауда үйлері және соған ұқсас құрылыстар) қорғауда да пайдаланылады. Жұмыс істеу принципіне байланысты сумен өрт сөндіру қондырғысы су шашатын түтікті және дренчерлі болып екіге бөлінеді.

Су шашатын түтікті қондырғылар жергілікті сөндіру кезінде қолданылады және бөлмеде тозаңдатылған сумен өрттерді оқшаулау үшін қолданылады. Нысанның температуралық жағдайына тәуелді олар үш түрге бөлінеді:


  • Сумен істейтін, барлық жүйе құбырлары жыл бойы сумен толып тұруы керек; ауа температурасы 50С төмен емес жылытылатын бөлмелерде қолданылады;

  • Ауамен істейтін, бақылау-жібергіш орталығына дейін құбырлар сумен толтырылуы керек, ал кезекші тәртіпте тұрған қалған жүйе барлық кезде қысылған ауамен толтырылған болуы керек;

  • тәуліктік орташа температурасы 80С төмен жылытылмайтын бөлмелерде, жылыту кезеңінің ұзақтылығы 240 күнге созылатын аудандарда қолданылады;

  • ауа-сумен істейтін, жыл мезгілдерінің жылы кезінде сумен, ал салқын кезінде – ауамен істейді.

Сондықтан өрт сөндіргіш құрал ретінде суды таңдаймыз, себебі бұл туралы негіздемелер жоғарыда қарастырылған. Бірақ әрбір зат (материал) үшін бірнеше өрт сөндіру құралы ұсынылатындықтан, қорғалатын нысанның өрт қаупін талдау есебінен, бөлменің микроклиматын, конструктивтілігін, көлемді-жоспарлау және коммуникативтік шешімдерін ескере отырып таңдауды суға тоқтатамыз, өйткені бұл өрт сөндіру құралы ең тиімді болып есептеледі.

Өрт сөндіру әдісін таңдауды мүмкін болатын сипатпен, өрттің даму жылдамдығымен және алынған өрт сөндіру құралы есебінен жүргіземіз. Біздің жағдайымызда аудан бойынша сөндіру әдісі ең тиімді болып есептеледі.

Алынған сөндіру әдісі және өрт сөндіру құралының түрлеріне байланысты және өрттің дамуының мүмкін болатын жылдамдығын таңдай отырып сумен өрт сөндірудің су шашатын түтікті қондырғысын таңдаймыз. Қорғалатын бөлменің конструктивті ерекшеліктерін ескере отырып, қоздырғыш ретінде ИП 212-41М УС 02 типті түтінді хабарлағышты таңдаймыз.

4.5 Өрт сөндіру қондырғысының негізгі тораптарына және жұмыс істеу принциптерін қысқаша сипаттау
Қондырғының нақты сызбасы 4.2-суретте көрсетілген. Қондырғы мына сипатта жұмыс істейді. Өрт пайда болған кезде су шашатын түтіктің тез балқығыш бекіткіші ашылады (5) су таратқыш жүйеден (6) өрт ошағына беріледі. Таратқыш 4 және магистралды 8 құбырға қысым түсіп, содан кейін СШ (КПУ) 7 клапанмен бақылау-жіберуші торталығын клапаны ашылады да, ашылған су шашатын түтік жүйесіне қарай суды жібереді. Су бұл кезеңде автоматты су қоректендіргіштен 14 ашық клапанды БЖТ-ге келіп түседі. Өртті сөндірудің басталуымен бірге су БЖТ-нен сақина тәрізді судыбысты клапанмен СШ және құбырмен қысым дабылына 3 келіп түседі. Импульс қысым дабылынан электрожүйе арқылы дабыл құрылғысына беріледі, ол дабыл дыбысының көмегімен өрттің пайда болу және сөндірудің басталғандығын қабылдайды, ал жарықтық көрсеткіш оның пайда болу орнын көрсетеді. Автоматты су қоректендіргіштен өртті сөндіруде суды беру ұзақтығы оның сыйымдылығына, сонымен қатар ашылған су шашатын түтіктердің санына тәуелді.

Автоматты су қоректендіргіштің (пневмобак немесе импульсті құрылғы) 14 қысымы құлаған кезде электро контактілі манометрдің (ЭКМ) 16 байланысы есептеуден төмен тұтылады, импульс одан сыммен электроқалқаншаға 2 беріледі, одан жібергіш құрылғы жұмыс істейді де және өрт сорғышының 11 әрекетін жетектейтін электроқозғалтқыш 12 іске қосылады. Сумен қамтамасыз ету көзінен 13 сорғыштың көмегімен қоректендіретін құбыр 6 арқылы БЖТ-нің 7 секцияларына беріледі, суландырғыштар оны өрт ошағына береді. Бұл уақытта пневмобактің 14 жұмыс істеуі кері клапан арқылы тоқталады. Қажеттілік жағдайында қалқаншаға 2 өрт дабылы станциясы 1 қосылуы мүмкін. Қондырғының жұмысы БЖТ ысырмасының жабылуымен сорғышпен бірге электродвигателді сөндіре отырып тоқтайды. Жұмыс біткеннен кейін өрттің жалғасын бақылау үшін қондырғының жұмысын қалпына келтіреді. Ол үшін ашылған су шашатын түтіктерді жаңасына ауыстырады, БЖТ ысырмасын ашатын пневмокепекке немесе импульсті құрылғыға су толтырады.



Егерде таратқыш жүйе (БЖТ-нен су шашатын түтіктерге дейін) ауамен толтырылған болса, су шашатын түтіктер ашылғанда жүйеден ауа шығады, жүйедегі қысым құлайды, әрі қарай қондырғының жұмыс істеуі жоғарыда жазылған бойынша жүреді. 4.1.Сурет.




4.2. Сумен өрт сөндіретін су шашатын түтікті

қондырғының сызбасы


1 – өрт дабылы станциясы; 2 – басқару және бақылау қалқаны; 3 – әмбебап қысым дабылы; 4 – таратқыш құбыр; 5 – су шашатын түтік ; 6 – қоректендіретін құбыр; 7 – бақылау-жіберуші торталығын; 8 – магистралды құбыр; 9 – қалыпты ашық ысырма; 10 – электромагнитті жетекті ысырма; 11 – сорғыш; 12 – электроқозғалтқыш; 13 – су құбыры; 14 – пневмокепек немесе импульсті құрылғы; 15 – компрессор; 16 – электроконтактілі манометр.
Өрт сөндірудің су шашатын түтікті қондырғысының

негізгі элементтері
Су шашатын түтікті суарғыштар автоматты жұмыс істейтін қондырғы болып табылады және бір уақытта екі қызмет атқарады: қоздырғыштық (өрт датчигі) және суарғыш. Әрекет принципі бойынша бұл суарғыш күшті әрекетті. Түрлері байланысты сушашатын түтіктер мынадай болады:

В – иілген розеткалы;

П – жалпақ розеткалы;

Н – қабырғада орындалатын;

Э – балқығыш элементті;

К – шыны колбалы.

Ең кең тараған су шашатын түтікті шашыратқыш болып иілген розеткалы (ИШ) және жалпақ розеткалылар (ЖШ) болып табылады. Негізгі көрсеткіштері 3.1 кестеде берілген

4.1-кесте

Су шашатын түтіктердің техникалық сипаттамасы


Шығар тесіктің диаметрі, мм

Байланыстыра-тын резьба, дюйм

Суарғыш алдындағы минимальді жұмыс қысымы, МПа(кгс/см2)

Бір суландырғыш алатын аудан, м2 кем дегенде

8

3/8

0,06 (0,6)

12

10

½

0,1(1)

12

12

½

0,1(1)

9

15

½

0,05(0,5)

12

20

¾

0,06(0,6)

12

Су шашатын түтіктің тез балқығыш бекіткіші оның балқу температурасы көрсеткішімен алдастырылады. Көрсеткіштік үшін су шашатын түтікті суландырғыштардың штуцері мен стремечкосының бекіткішінің балқу температурасына байланысты эмаль бояумен әр түрлі түске бояйды (3.2-кесте).


4.2-кесте

Тез балқығыш дәнекердің сипаттамасы


Дәнекердің балқу температурасы, 0С

Штуцер бояу түсі

Химиялық құрам, %

қорға-сын

кадмий

висмут

қалайы

72

-

27

10

50

13


93

ақ

31,2

0,156

49,944

18,7


141

көк

30

30

-

50


183

қызыл

75

75

-

25


Дәнекердің балқу температурасы бойынша су шашатын түтікті бөлме эксплутациясының қалыпты жағдайында ауа температурасының максималды мүмкіндігіне тәуелді таңдайды. Өрт пайда болған кезде жылу энергиясының әсерінен тез балқығыш бекіткіш түсіп қалады. Еркін жол ашылған су розеткаға созылып өрт ошағының үстіне шашырайды.

Бұдан басқа, боялған спиртті үйме орталығында дәнекерленген сезімтел элементі бар су шашатын түтіктерде кең түрде қолданылады. Төменде жылу бекіткішінің бұзылуының нақтылы көрсетілген температурасына тәуелді сұйықтық түсі берілген (4.3-кесте).

4.3 кесте


Жылу бекіткішінің бұзылуының нақтылы көрсетілген температурасы, 0С

Сұйықтық түсі

51

Сарғыш


72

Қызыл


93

Жасыл


141

Көгілдір


182

Күлгін


240

Қара

Өрт сөндірудің су шашатын түтікті қондырғысының бақылау-жіберуші орталығының магистралды құбыр мен таратқыш жүйе арасындағы байланыстырушы буын болып табылады және қондырғының жұмыс қабілеттілігіне бақылау жүргізеді; кез келген су шашатын түтіктердің жұмыс істеуіне жарықпен және дыбыстық қауіп-қатер дабылын бер құрылғысының қосылуын; қоректендіретін және таратқыш құбырлардан техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде су алып кету.

Су қондырғыларында ең кең тараған болып құрамына ВС сулы дыбысты клапаны кіретін бақылау-жіберуші орталығын есептелінеді. Сулы дыбысты клапандардың тесігінің шартты диаметрі 100 және 150 мм болатын және соған нақтылы көрсетілген су шығындары 30 және 50 л/с сәйкес келетін екі типі шығарылады.

Бақылау-жіберуші торталығын сызбасында ішкі қуысында сулы дыбысты клапан тәрелке тәрізді клапанға бөлініп екі камерадан тұрады: Жоғарғы және төмеңгі, жұмыс орталығында олар қысымды сумен толып тұрады.

Сондықтан клапан ерге тығыз жатады, және дыбысты құбырмен тығынды кран арқылы жеткізетін дыбыс каналына судың баруын жабады.

Өрт сөндіру қондырғысының бір су шашатын түтігін ашқан кезде сулы дыбысты клапанның жоғарғы камерасында қысым азайады, осының салдарынан тарелкелі клапан көтеріледі де таратқыш жүйеге суды жібереді. Осы уақытта су құбырмен дабыл құрылғысына келіп түседі.

Клапан СШ тарелке тәрізді клапан өзегіне бекітілген компенсатормен жарақтандырылған, ол клапанды ашпай жүйедегі мүмкін болатын кішкене саңылауларды компенсациялау үшін және су қоректендіргіштен құбырға берілетін кездейсоқ соққыларды жұмсарту үшін арналған, ал соққылар компенсатор каналы арқылы өзгеріссіз жүйеге беріледі, нәтижесінде тарелке тәрізді клапан көтерілмейді және қондырғының жұмыс істеуіне жалған дабыл берілмейді. Таратқыш жүйеден судың ағуы комбинирленген кранның үлкен бұрамасы көмегімен іске асады.

Жұмыс істегеннен кейін қондырғыны қалпына келтіру үшін тығын кранын және комбинирленген кранның бұрамасын жабады. Ысырманы ақырын ашып және жүйені сумен толтырады. Содан кейін тарелке тәрізді клапанның тығыз отырғандығын тексеру үшін тығын кранын ашады. Тарелке тәрізді клапанды тығыз отырғызу кезінде құйып алу құбырының крестовинасына су тимеу керек. Тексерістен кейін кранды ашық қалдырады. Бақылау-жіберу орталығын зарядтағаннан кейін манометрлердің көрсеткіші бірдей болу керек.

Бекіту-жіберу орталығын клапанының жұмыс істеуін былай тексереді. Комбинирленген клапанның кіші бұрамасын ашады. Осыдан жоғарғы камерада қысым төмен түседі де тарелке тәрізді клапан көтеріліп, суды жүйеге жібереді. Бір уақытта су дабыл клапаны және тығын краны арқылы өтіп қысым дабылына барады да, оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Тексеріс біткеннен кейін комбинирленген кранның кіші бұрамасын жабады. Осыған байланысты клапан өз ұясына «отырады» да дабыл клапанын жауып тастайды.

Қондырғыны бастапқы жұмыс жағдайына келтіру үшін тығын краны мен комбинирленген кран бұрамасын жабу қажет. Ысырманы ақырын ашып, жүйені сумен толтыру керек. Одан кейін тарелке тәрізді клапанның тығыз отырғандығын тексеру үшін тығын кранын ашу керек. Тексерістен кейін кранды ашық қалдыру қажет. Бақылау-жіберу орталығының зарядтағаннан кейін манометрлердің көрсеткіші бірдей болғандығын тексеру керек.



5 Өрт сөндірудің сулы автоматты қондырғысының гидравликалық есебі
5.1 Есептеуге бастапқы берілімдер


  1. 2 [4] қосымшасы бойынша сауда үйі 1-ші бөлім тобына жатады.

  2. 3 [4] кестесі бойынша сумен суландыру қарқындылығын анықтаймыз I=0,08л/(с.м2).

  3. Бір суландырғышпен қорғалатын аудан f=12 м2 тең.

  4. Суландырғыштардың арасындағы қашықтықты ҚНжЕ 2.02.15-2003 1-ші кестесінен анықтаймыз: L=4 м.

  5. Жанбайтын қабырға мен суландырғыш арасындағы арақашықтық L/2=4/2=2м аспауы керек.

  6. Су шашатын түтіктердің сандарын есептейміз:

nор=Fбөл/f=3917,1/12=326 шашыратқыш.

  1. АӨСҚ жұмыс істеу уақытын ҚР ҚН 2.02-11-2002 5-ші кестесінен анықтаймыз:

τ=30 мин.


5.2 АӨҚҚ су шашатын түтіктерінің орналасуы
Қабылданған арақашықтық нәтижесінде сауда үйін қорғау үшін СШ ИНТЕР-Спринклер типті 326 су шашатын түтік қажет. Берілген су шашатын түтіктерді сауда залы бөлмелерінің жоспары бойынша орналастырамыз (4.1-сурет).

Торапты тасымалдау үшін электр дәнекерлі болат құбырларды аламыз және 6 [4] қосымшаның 3-кестесі бойынша әрбір диаметрге меншікті үйкеліс кедергісі мәнін анықтаймыз, мысалы d=25 мм 0,75 тең. Тораптың жекелеген бөлімшелеріндегі су шығынын жуықтап біле отырып құбырдың диаметрін анықтаймыз.



Тораптың гидравликалық есебі


  1. Б

    жүктеу 1,85 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау