Автоматикалық сумен қоректендіруді есептеу
(импульстік құрылым)
Компрессор туғызуға тиісті жартылай ау толтырылған сиымдылықтағы (импульстік құрылым) максимальді қысымды:
Нк=(Нсу+10/α) – 10=(49,29+10/0,75)-10=69,05 м
мұндағы α – кепектің сумен толтыру коэффициенті (α =0,5-0,75).
Осыған сәйкес, манометрдің жұмыс істеу қысымы мынаған тең:
Нм =69,05 – 10 =59,05 м.
5.4 Қызмет көрсететін және кезекші қызметшілердің нұсқамасы
Қызмет көрсететін қызметшілердің нұсқамасы әдістемелік нұсқауы бойынша және зауыт дайындаушылардың нұсқамалар негізінде жасалады.
Күн сайын қондырғының негізгі бөліктеріне (құбырлар, суландырғыш, кері клапандар, ілмекті арматуралар, манометрлер, пневмосиымдылықтар, сорғыштар, электрбасқару шкафы, электроқозғалтқыштар және т.б.) тексеріс жүргізеді, олардың бұзылуының болмауын, коррозиясын, кірлеуін, тесілуін, байланыстардың беріктігін, поломбаларының болуын.
Күн сайын қысымды, су деңгейін, ілмекті арматуралардың жұмыс жағдайын бақылап отыруы керек..
Күн сайын негізгі және қосымша қоректендіру көздерін бақылау жасау және қоректендірудің жұмыс жағдайында қосымшаға автоматты түрде ауысуын тексеру.
Ай сайын МӨБ қызметкерлерінің қатысуымен автоматтық режимде қондырғының жұмысқа қабілеттілігін тексеру.
Жыл сайын қондырғыдағы және резервуардағы суды ауыстыру.
Жыл сайын ООТ-ке метерологиялық тексеріс жүргізу.
Үш жылда бір рет электр тізбегінің оқшаулау кедергісін өлшеу.
3,5 жылда бір рет құбырлардың герметикалығына және мықтылығына гидравликаық және пневматикалық сынақ жасау.
Өрт сөндіру автоматты қондырғысын регламенттік жұмыс бойынша техникалық қамтамасыз ету және жоспарлы ескерту жөндеуін (ТҚЕ және ЖЕЖ) жылдық жоспар графигі бойынша, зауыт өндірушілердің техникалық документтер есебіне сәйкес және жөндеу жұмыстарын өткізу мерзіміне сәйкес жүргізу керек. ТҚЕ және ЖЕЖ арнайы оқыған қызмет көрсетушімен немесе келісім шарт бойынша лицензиясы бар арнайы мекеме жасау керек.
Қондырғының сөндірілуіне қатысты, ТҚЕ және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде сауда ойын-сауық орталығының басшысы бөлмелерде қажетті өрттен қорғау жұмыстарын жүргізуі керек.
6 Өрт сөндіруде және өрт дабылдағышы жүйесіндегі спринклерлік қондырғының негізгі орталығына қойылатын талаптар
6.1 Жалпы талаптар
Сулы және көбікті спринклерлік қондырғыларды бөлмедегі ауа температурасына байланысты келесідей жобалау қажет: сумен толтырылған – бөлмедегі минимальды ауа температурасы 5°С және одан жоғары кезде; ауалы – минимальды ауа температурасы 5°С төмен емес жылытылмайтын бөлмелер үшін.
Спринклерлік қондырғыларды ғимараттар мен имараттар жабындысының конструктивті элементтерін қорғау үшін арналған қондырғылардан басқа бөлме биіктігі 3,2 м артық емес бөлмелер үшін жобаланады. Соңғы жағдайда қондырғы параметрлері биіктігі 3,2 м артық бөлмелерде 1-ші топты бөлмелерге қондыру қажет.
Спринклерлі қондырғылардың бір секциясы үшін барлық типті 140 спринклерлі шашыратқыштарды қабылдау қажет. Сонымен қоса ауалы қондырғылардың әр секциялары құбырларының жалпы сыйымдылығы 3 м3 артық болмауы қажет.
Басқару орталығының акселатормен қолданған кезде ауалы қондырғылардың құбыр сыйымдылығы 4 м3 дейін артуы мүмкін. Спринклерлі қондырғылардың әр секциясы басқарудың өзіндік орталығын қамтамасыз етуі қажет.
Ғимараттың бірнеше бөлмелерін немесе қабаттарын бір спринклерлі секциямен қорғаған кезде жану мекенін анықтағанда дыбысты беру үшін, сонымен қоса хабарлау жүйесін және түтін шығаруды қосу үшін қоректену құбырында сұйық ағысының сақиналы дабылдағышын орнатуға рұқсат етіледі.
Сұйық ағыны дабылдағышы алдында «Жабық» - «Ашық» күйлері бар бақылау датчиктері бар бекітпе арматураларын орнатуға рұқсат етіледі.
АӨСБ сумен толтырылған спринклерінде сигналды клапан ретінде сұйық ағыны дабылдағыштарын қолдануға болады, оның артында қайтымды клапаны орнатылуы қажет.
6.2 Шашыратқыштарға қойылатын талаптар
Сулы спринклерлі шашыратқыштар өрт сөндіру қондырғыларын автоматты түрде қосуға және өрт көзіне суды шашуға арналған. Қорғалатын бөлмедегі температура спринклерлі шашыратқышты (суретте көрсетілген) ашуға қажетті температураға дейін көтерілгенде жеңіл балқитын құлып 1 балқиды, құлып пластинаға түсіп клапан 8 және шайба 9 рычактарымен 4, 5, 7 бірге түседі. Тұтқаларының 4, 5, 7 сақтау үшін жиналмалы түрде рычакты қысатын бекітпе винті 3 болады. Ағыс құлақша 6 бекітілген розеткаға 2 соғылып, өрт көзіне суды шашады. Құбыр өткізгіштерге спринклер бұрандасы бар штуцер 10 көмегімен бекітіледі. «б» суретінде көлемді кеңейтудің жоғарғы коэффициенті бар сұйықпен толтырылған шыны колба 11 тәрізді құлпы бар спринклерлі шашыратқыш көрсетілген.
Соңғы кездерде қабырғалы типті спринклерлі шашыратқыштар жасалынды, «е» типті сурет, олар адамдар көп келетін жоғарылатылған қабатты ғимараттардағы бөлмелерді қорғау үшін арналады (мысалы, қонақ үйлерде). Балқитын розетка 2 бағыттауыш лопаткамен 18 бірге жұптасып орындалған, ол спринклер горизонтальды орналасқан кезде шашыратылған суды шашыратқыш беті арқылы бірдей таратуды қамтамасыз етеді. Монтаж эстетикасын жоғарылату үшін шашыратқыштар қабырғасында декоративті жапсырмалар 12 жабдықталады. Сулы спринклер шашыратқыштар, «г» суреті от көзі үстінен суды шашырату үшін арналған. Оның негізгі элементі болып штуцер 10, құлақша 6, розетка 2 саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |