1.6 Өртке қарсы шаралар
Жобаланған ғимараттың өрт қауіпсіздігі деңгейі– II.
Ғимараттың өрт қауіпсіздігі конструктивті санаты – С0.
Астынғы қабаттан шығу жолдары қуыстарда орналасқан бөлектелген баспалдақтар арқылы жүзеге асырылады.
Ғимарат төбесі ішкі суағармен қамтылған.
Мүгедектер мен қозғалу қабілеттері шектелген тұрғындардың мүмкіндіктерін толығымен пайдалануға келістірілген шаралар орын алған:
1 қабатқа көтерілу үшін баспалдақтар конструкцияларында ені 1,2 метрден кем емес еңкіштігі 1:12 аспайтын пандустар салынған.
Кіре беріс ені 1,8 метрден кем емес. Есіктер ені 0,9 метрді құрайды.
Бас жоспарда ғимаратқа өрт сөндіру автокөліктерінің өрт шыққан жағдайда тез кіріп өртті уақытылы сөндіруге мүмкіндік беретін, кіріс жолдары жоспарланған.
1.7 Құрылыс конструкцияларының коррозиядан қорғау шаралары
Құрыш конструкцияларын коррозиядан қорғау эмаль бояуымен екі реттен кем емес сырлау арқылы жүзеге асырылу қарастырылған.
Жерге қазылып салынған бетон немесе темірбетон элементтері, битум- гидроизоляциялау материалымен 2 қабат орамдау арқылы қорғау қарастырылған.
1.8 Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шаралар
Жобада нысан аумағындағы жердің құнарлы қабатын сақтауға, жасылдандыруға, гүлзарлар отырғызылғанда қазып алынған жердің құнарлы қабатын пайдалануға бағытталған шаралар жүзеге асырылған.
Учаскенің абаттандыруы, жасылдандыруы, орталықтандырылған тораптар, жер бетінен өткізілген науалар жер асты және жер үсті суағарлардың ластануының алдын алады, жердің сулы және ауалы эрозиясына жол бермейді.
Жобаланған нысанның технологиялық процесстері атмосфераға зиянды заттар шығармайды.
Орнатылған құралдар нормадан тыс шулардың алдын алуға есептелген.
Жобаланған нысан экологиялық тұрғыдан таза.
Құрылыс кезінде қоршаған ортаның ластануына қарсы тағы қосымша шаралар алынуда:
- шаң -тозаңның шығуын қадағалау;
- шудың, дірілдің алдын алу;
- құрылыс қалдықтарын жою;
- науалар ұйымдастыру жер қабаты эрозиясының алдын алу;
- өсімдік жабынды жерлерді жандандыру мен жердің бүлінген құнарлы қабатын жандандыру.
1.9 Конструкциялық шешімдердің қысқаша сипаттамасы
Ғимарат үшбұрышты, жоспардағы көлемдері 60*48 м, колонналар
ені 8,0 м.
Ғимараттың конструкциялық схемасы бүтін темірбетон қаңқа түріндегі, колонналар, диафрагмалар, баспалдақ орындарының қабырғалары, жабын плиталарының сырттай бөрене түрінде жабыны, колонналардың орташа қатары бойынша капителді учаскелері түріндегі кеңістік.
Колонналарды тіреу орындарындағы капителді учаскелері фундамент плитасының қалыңдығы 450 мм / 750мм; бетон класы В 25.
Жоғарғы және төменгі темір торлармен байлау 14 А-III аралығы 200мм көлденең және бойлай бағытта жасалған, тордан кеңістік жабынды құрамында 320А-III + 314А-III / 10А-I (бойлай арматура / хомуттар, аралығы 250мм); төменгі торлары бар капителді учаскелері 20 А-III аралығы 150мм. Фундаменттер бетоннан даярланған қалыңдығы 80 мм, жер бетінде бетон класы В 15 кем емес, сульфаттұрақты цемент негізінде, қалыңдығы 80 мм төселген ұсақтас негізінде жасалған.
Астыңғы қабат қалыңдығы t = 250мм тұтас темірбетоннан ; бетон класы В 25. 12 А-III дан темір тормен, ара қашықтығы бойлай бағытына (тікелей тұтқалар) 200 мм, 10 А-I –дан темір тормен, ара қашықтығы көлденең бағытта 200 мм.
Кесілген колонналар тұтас темірбетоннан -0.500 таңбаға дейін 500*500мм, одан әріде ғимараттың биіктігі бойына кесілім 400*400мм, бетон класы В 25.
Колонналар кесілімі 500*500 мм тормен қапталуы 4 20 А-III + 16 А-III. Колонналар кесілімі 400*400 мм – тормен қапталуы 4 20 А-III + 16 А-III, жоғарғы деңгейінде 8 20 А-III.
Тұтас темірбетоннан диафрагмалар қалыңдығы t = 250 мм және тұтас темірбетоннан баспалдақ алаңдарының қабырғалары мен лифт шахталарының қабырғалары қалыңдығы t=200мм; бетон класы В 25. Тормен қапталуы 12 А-III ара қашықтығы 200 мм бойлай бағытына (тікелей тұтқалар), ара қашықтығы көлденең бағытта 200 мм.,тормен қапталуы 10 А-I.
Тұтас темірбетоннан жабындар t = 200 мм капительдері t = 500 мм, колонналардың орта қатары аралығына ¼ және сыртқы есіктердің бөренелі контурына және бөренелі учаскелердегі кесінділері 400*600(h)мм; бетон класы В 25. Жоғарғы және төменгі тұстарын темір тормен торлау 12 А-III ара қашықтығы 200 мм бойлай және көлденең бағытта тор бойына кең жабындылардан құрамында 8 16 А-III / 6 А-I ( бойлай темір тор / қамыттар, ара қашықтығы 200 мм ); капителді учаскелер төменгі тұсы темір тормен торланған 16 А-III ара қашықтығы 200 мм; капительдердің үстінен қосымша темір тормен торлау 16 А-III ара қашықтығы 400 мм.
Тұтас темірбетоннан жабын плиталары t = 200 мм капительді бөренелері h = 500 мм; бетон класы В 25. Жоғарғы және төменгі тұстарын темір тормен торлау 12 А-III ара қашықтығы 200 мм бойлай және көлденең бағытта тор бойына кең жабындылардан құрамында 8 16 А-III / 6 А-I (бойлай темір тор / қамыттар, ара қашықтығы 200 мм); капителді учаскелер төменгі тұсы темір тормен торланған 16 А-III ара қашықтығы 200 мм.
Жабын плиталары бөренелері кесіндісі 400*600(h) мм – армирланған симметриялы қылып темір тормен торланған 425А-III / 425А-III; көлденеңінен темір тормен торланған 10А-I ара қашықтығы 150 мм.
Жабын плиталары бөренелері кесіндісі 500*600(h) мм– армирланған симметриялы емес қылып темір тормен торланған 425А-III / 620А-III; көлденеңінен темір тормен торланған 10А-I ара қашықтығы 150 мм.
1.10 Технологиялық шешімдер
«Ақтөбе қаласының 12 ықшам ауданындағы сауда кешені» жобалау құжаттамасының технологиялық бөлігі Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы нормалар мен ережелерге сай, тапсырыс берушінің тапсырысы негізінде орындалды.
Сауда кешені 3 қабатты астыңғы қабаты бар ғимарат ретінде жобаланған. Конфигурациясы іргелес аумақтың талаптарына сай жасалған.
Көлемдік-жоспарлау шешімдерде кешенді тартымды ыңғайлы ететін функционалды зоналардың өзара орналасуы шешеді.
Кешен құрылымы ішкі ортаны қалыптастыратын ең жаңа, жергілікті элементтер мен әлем стандарттары элементтері қосылған концептуалды кестелер негізінде орындалған.
Келушілерге лифт, эскалатор, негізгі өткелдерден алшақ жерде санитарлық орындар қарастырылған. Қабілеттері шектеулі адамдарға пандустар, санитарлық блоктар ҚР ҚЖ 306-15-2005 сай салынған.
Жобада жалға берілетін жалпы көлемі -1090 м² сауда орындарының әр қабатта орналастырылуы жобаланған.
Жұмыс жасайтын адам саны - 90 адам.
Бутиктерді жүктеу үшін жүк, жолаушы көтеретін, кіру орны бөлек лифттер бар.
Ғимараттың сауда бөлігіндегі ең көп адам саны мейрам немесе демалыс күндері сағатына-360 адамға есептелінген.
Келушілерді тағамдандыру үшін, және салтанатты шаралар өткізу мақсатында 190 адамға есептелген мейрамханасы бар.
Мейрамхана 3 қабатта орналастыру қарастырылған.
Мейрамхананы жүктеу дебаркадер арқылы, тауарларды астынғы қабатта орналасқан тоңазытқыш, мұздатқыш камераларына және даярлау цехтарына – көкөніс цехына, ет цехына, балық цехына жеткізу жобаланған.
Жартылай даяр жартылай фабрикаттарды жеткізу үшін арнайы функционалды қақпағы жабылатын ыдыстарда 3 қабатта орналасқан ыстық тағам цехына жеткізу үшін 500 кг есептелген жүк жолаушы лифты қарастырылған.
Мейрамхананың өндірістік мүмкіндігі тәулігіне 2800 шартты ас, сағатына -350. Жұмыс режимы – 2 ауысым.
Мейрамхана жұмысы еттің кесектелген жартылай фабрикат түрін пайдалануға қабылданған.
Мейрамхананың өндірістік алаңдары мен жайлары құрал-жабдықтарды орнату нормалары мен оларды орнату нормативті талаптарына сай қабылданды.
Қарастырылған даярлау цехтары – көкөніс, ет, балық – тоңазытқыш және мұздатқыш камераларымен, салқындату үстелдерімен, арнайы өндірістік үстелдермен, ыдыс жуатын шұңғылшалармен, ет турағышпен, сүйек кесетін аралармен, көкөніс тазартқыш, кескіш, таразылар, пышақ зарарсыздандырушылармен жабдықталған. Даяр жартылай фабрикаттар ыстық тағам цехына ыстықтату үшін арнайы қақпақтары жабылатын ыдыста жүк түсіру бөлігінде орналастырылған лифт арқылы жолданады. Ыстық тағам цехы электроплиталар, электрқуыма ыдысы, электр табалармен, электр төңкерілетін табалармен, электр тоғымен пісіретін қазанмен, электр мармитпен, жылытатын автоматтармен, эл.пиццамен, май және түтін аулағыш құрылғылары бар фильтрлермен, мұздатқыш және салқындатқыш үстелдермен, мрамордан жасалған арнайы салқындатқышы бар, пицца, мраморлы материалмен жабдықталған арнайы мұздатқыш үстел,даярлайтын үстелдермен, шұңғылшалармен, өндірістік үстелдермен,арнайы стеллаждармен қамтылған.
Ұн бұйымдарынан қамыр даярлау үшін (лагман, манты, пицца т.б.) астыңғы қабатта орналастырылған, планетарлық миксерлер мен қамыр былғағышпен, мұздатқыш және салқындатқыш үстелдермен, қамыр ысатын машинамен, сусымалы тағамдарға арналған кондитерлік үстелмен, өндірістік үстелдермен, ыдыс жуатын шұңғылшалармен, стеллаждармен қамтылған ұн цехы қарастырылған.
Қамыр араластыруға ұн илейтін құрғақ тағамдар цехында орналастырылған құрлығыдан өткізілген ұн пайдаланылады.
Жұмыртқаларды даярлау 4 жуу ваннасы бар, салқындату шкафтары бар, өндірістік үстелдері, стеллаждары бар, сапасын тексеру үшін овоскоп орналастырылған, жуу орнында жүргізіледі.
Салқын тағамдар салқындатқыш үстелдер, слайсер, куттер, өндірістік үстелдер, жуу шұңғылшасы, жабық бактерецидтік шамы (рециркулятор) бар салқын цехта даярланады.
Даяр тағамдар үлестіріп беру орнынан даяшылар арқылы таратылады.
Үлестіріп беру орнында ыдыстарға арналған шағын шкафтары бар,қысқа толқынды пештері бар, электр су қайнатқышы бар үстелдер орнатылған.
Сусындар бар арқылы таратылады. Ол орын мұздатқыш және салқындатқыш үстелдермен, есіктері әйнектерден жасалған тоңазытқыш, кофемашинамен, кофе уатқышпен, мұз жасағыш шеп, шырын сыққышпен, цитрустар езгішпен, блендермен, коктейльдерге арналған миксерлермен, екі бөлігі бар жуу орнымен, стакандар жуғышпен жабдықталған.
Бар жүктеу Q= 500 кг лифт арқылы жүргізіледі.
Бар үстелі өзіндік дизайн жобаға сай орындалады.
Асханалық аспаптарды санитарлық өңдеу ыстық цехта қарастырылған ваннасы бар, ілмелі сөресі бар, ылғал тартатын шатыры бар, стеллаждары бар орнында жүргізіледі.
Асханалық ыдыстар асханадағы ыдыс жуатын 5 бөлігі бар ваннасы, ылғал тартатын шатыры бар, ілмелі ыдыс кептіретін сөресі бар, стеллаждары бар орында жүргізіледі.
Тағам қалдықтары дөңгелегі мен қақпағы бар шан ішіндегі арнайы қаптарға салынып, 500 кг есептелген лифт арқылы бірінші қабатта орналасқан мұздатқыш жәшік, тағам шандарын шашыратып жуатын краны бар орынға жеткізіледі.
Жұмысшылар саны 26 адам. Оларға астынғы және 3 қабатта кіруге арналған бөлек кіріс есіктері бар, ал даярлау және ыстық цех қызметкерлеріне бөлек киініп-шешіну бөлмелері мен шайынатын орын және санитарлық орындар қарастырылған.
Қоршаған ортаны қорғау шаралары.
Бұл жобада қолданылған жабдықтар конструкция сенімділігі, энергия ресурстарын ұтымды пайдалануымен ерекшеленеді, экологиялық тұрғыдан таза, шу, атмосфераға зиянды заттар шығармайды, Еуропа қауіпсіздік қоғамының барлық талаптарына сай, барлық қажетті сертификаттары алынған. ISO 9001 кепілдік сапа стандартына сай, СЕ сапа стандарттарына, Қазақстан Республикасы мен РФ Мемлекеттік стандарттарына сай сертификатталған.
- жабдық екі қабатпен жабдықталған, бұл қоршаған ортаға жылылық пен шу шығарылмауын қадағалайды. Жайларың ішіндегі шу деңгейі рұқсат етілген деңгейден төмен (80 дб төмен). Қозғалатын жабдықтан резіңкеленген дөңгелектермен жабдықталған. (тележка, поддондар);
- технологиялық жабдықтар жұмысы электр тоғымен жұмыс жасайды.
1.11 Шаруашылық-ішуге жарамды-өртке қарсы су құбыры
Шаруашылық-ішуге жарамды-өртке қарсы сумен қамтамасыз етілу үшін сауда кешені жобасында д. 100 мм қала су құбырына қосылып 1,8 атм., қысыммен берілетін су алу жобаланған.
Ғимаратқа ∅40 көлемдегі, су өлшейтін торабы бар бір су құбырын кіргізу қарастырылған.
Сумен қамтамасыз ету жүйесі суды ішу мақсатында, технологиялық қажеттілікке, өртке қарсы пайдалану мақсатында жобаланған.
Шаруашылық-ішуге жарамды-өртке қарсы су қажеттілігі - 3,75 л/с; 5,07м³/сағ; 71,66 м³/ тәулігіне.
Ғимарат көлемі 40400 м3, биіктігі 3,3м, деп есептелігенде ішкі өртті сөндіру үшін өрт сөндіруге қажетті су мөлшері 2,6 л/сек 2 ағысы, сыртқы өртті сөндіруге – 25 л/сек. Ішкі өртті сөндіру орнатылған өрт сөндіру крандары арқылы жүргізіледі.
Ғимаратқа кірісте су өлшейтін сериясы 5.901-1, 0 шығарылған су торабы бар.
Магистралды жолдар жертөле төбесі бойына салынған және құрыштан жасалған су газ өткізетін мырышпен қапталған, тоқтан оқшауланған, МЕМСТ 3262-75* сай құбырмен өткізілген.
Сұ құбырларының сыртқы жолдары Ақтөбе қаласының техникалық шарттарына сай жобаланған.
Сыртқы құбырлар диаметрі ø 110х5,3 МЕСТ 18599-2001 полиэтилен қабылданған.
Техникалық жайларда екі темірбетоннан жасалған біреуі өңделмеген екіншісі тазартылған су сақтауға арналған сұйыққоймалар салыну жобаланған. Өңделмеген су,су сорғышпен құмды белсендірілген көмір қосылған фильтр арқылы бірінші сұйыққоймадан жұмсартылып ауыстырылып екінші сұйыққоймаға құйылып сол жерден ғимараттағы су қажет нысандарға, коллекторларға жеткізіледі.
Кіріс су құбырында пайдаланылған суды есептегіш қондырғысы бар.
Мейрамханаға 2 қабаттағы асханаға берілетін, жалға алынған жайларға берілетін ыстық, салқын суға да пайдаланылғанған су мөлшерін есептейтін су есептегіші қойылған. Сумен қамтамасыз ету жолдарында суды бактериялардан тазартатын ультрафиолет шамдары орнатылған.
Өңделмеген сұйыққойма қасында ғимарат айналасындағы ландшафтты сумен қамтитын сорғыш орнатылған.
Магистралды салқын су құбырлары цинкпен қапталған құбырмен құрастырылып тұтастығы және сылақ астымен ӨҚҚ құбырмен, ал ыстық су ППР темір тормен қапталған тұрбалардан құрастырылған, қажетті жерлерде су тоқтататын крандар орнатылған.
Магистралды салқын су құбырлары каучуктен жасалған жылу ұстау қабілеті бар оқшаулағышпен қапталған, ыстық су құбырлары мен айналмалы су беретін құбырлар шыныталшықты жылу ұстау қабілеті бар, алюминиден жасалған қақтамамен оралған оқшаулағышпен қапталған.
Ақтөбе қаласының 12 ықшам ауданындағы сауда кешені өрт қауіпсізідігі бойынша А класына жататын орташа қатерлі ғимараттар қатарына жатады. Бұл кластағы өртке қажет су есебі:
Спринклерлер үшін су көлемі:
Дизайн ағымы: 6.1 л. мин./м2
Ықпал ету көлемі: 144 м2
Q:6.1*144=878.4 лт/мин=52.7 м3
Өрт шкафтарына қажетті су мөлшері:
2 шкаф бір мезгілде жұмыс жасағандағы 1 өрт шкафына су қажеттілігі 200 л/мин;
Жалпы қуаттылығы : 52.7+ 24=76.7 м3 .
Таңдалып алынған өрт сөндіргіш сорғы қуаттылығы 113м3/сағатына WILO маркалы, сериясы FFS екі сорғышы бар және қосымша сорғысы бар, шамамен 500 gpm сай келеді.
Ғимараттың спринкерлік автоматтандырған жүйесі өрт шыққан жағдайда, келушілерді ғимараттан шапшаң шығаруға мүмкіндік береді, жауапты қызметкерлерімен қосылады, ауа температурасы төмендетіледі. 21 үй жертөлесінде орналасқан өңделмеген сұйыққоймадағы су қабаттар бойынша спринкерлік су құбырларына беріледі. 3 спринкерлі зоналар бөлектелген. Сулы өрт сөндіру жүйесінде кейін алмастырып пайдаланылатын дымқылданған өрт сөндіру клапандары қарастырылған.
Спринкерлер жүйесінде су жолдау қысымы түсіп кеткен жағдайда клапандар автоматты түрде суды жүйеге жолдайды.
Жүйеде бір бірінен 3-3,5 м қашықтықта, капсуласы бар, 68 С жеткенде сынып кететін және су ағынын ашатын спринкерлік дөңгелектер орналастырылған.
Жай –бөлмелердің біреуінде өрт шыққан жағдайда сол жайдағы, бөлмедегі ауа температурасы көтеріліп спринклер капсуласы жарылады, су шашу жүйесі іске қосылады, шашылған су ауа температурасын түсіргеннен кейін бөлмеде, жайда болған адамдарды эвакуациялануына мүмкіндік беріледі.
Өрт болмаған жағдайларда, өрт шкафтарын мақсатсыз пайдалану салдарынан өрт сорғыштарынан су кетудің, жүйедегі температураның төмендеуінің алдын алу үшін жүйеде қосымша сорғыш қарастырылған. Ол жүйедегі қысымның төмендеуінің алдын алады, егер қосымша сорғыш қысым төмендеуін тоқтата алмаған жағдайда негізгі сорғыш іске қосылады.
Өрт сөндіргіш сорғылар автоматты түрде аптасына бір рет тексеріледі.
Өрт сөндіргіш клапандардың қадағалау тетіктері өкілеттілігі жоқ адамдар клапандарды жауып тастаған жағдайда ғимараттың өрт сөндіру торабына мәлімет алу үшін қосылады. Одан басқа, өрт сөндіру тұрбалар жүйесінде су қозғалысын қадағалайтын қадағалау тетіктер орнатылады.Өрт сөндіру машиналары ғимараттың өрт сөндіру жүйесіне қосылуы үшін 21 үй ауласында өрт сөндіруге қосылу тетігі орнатылған, қажетті жағдайда өрт сөндірушілер сол тетік арқылы ғимараттың өрт сөндіру жүйесіне өрт сөндіргіш жең арқылы қосылып жүйеге су толтыруға мүмкіндіктері қарастырылған.
Өрт сөндіру шкафтары 20 метрлік матадан тігілген шланг және 6 килограммдық ұнтақ өрт сөндіргіштен тұрады. Олар өрт шыққанда жауапты өкілетті адамдар қосуға құқылы.
1.12 Ыстық сумен қамтамасыз ету және айналмалы су құбыры
Ғимаратты ыстық сумен қамтамасыз ету техникалық жайда орналастырылған жылу алмастыру жүйесінде жүргізіледі және ыстық су екі электр тоғы арқылы жылытылатын сұйыққоймада жиналады, жаз мезгілінде қалалық жылыту жүйесінен түсетін жылыту айырылғанда су температурасын 50 С дейін көтеретін электрлі су жылыту жүйесі іске қосылады.
Ыстық су айналмалы жүйесі пайдаланылмаған судың үнемі айналып тұруы ыстық су қажет нысандары үнемі ыстық сумен қамтамасыз етуге жол береді.
Ыстық сумен қамтамасыз ету жылыту орнында орнатылған, ыстық судың магистралды су құбырларымен айналуын қамтамасыз ету меңгеру торабынан басталатын етіп жобаланған.
Жылыту нысаны жайындағы пайдаланылған суға есеп жүргізу мақсатында су беретін және суды айналдыратын су құбырларына су есептегіш орнатылған.
Магистральды жолдар жертөле төбесі бойына салынған және құрыштан жасалған су газ өткізетін мырышпен қапталған, тоқтан оқшауланған,
МЕСТ 3262-75* сай тұрбалармен өткізілген.
1.13 Тұрмыстық және өндірістік кәріз жүйесі
Сауда кешені ішінде ішкі тұрмыстық және өндірістік кәріз жүйесі қарастырылған.
Ағынды сулардың шығыны есебі: 6,95 л/с, 5,07 м³/сағатына, 68,64 м³/тәулігіне.
Жоба ҚР ҚНжЕ 2.04.01-85, 2.04.03-85 талаптарына сай және жобалау тапсырысына сай жасалған.
Тұрмыстық ағын суларды санитарлық-техникалық құралдардан бұрып әкету кәріз жүйелері, өндірістік ағын суларды тағам дайындау жабдықтарынан бұрып әкету кәріз жүйелері бөлек жобаланған.
Кәріз жүйелері науалары қалың қабатты пластиктен қажетті диаметрде тіке және көлденең тұрба құбырларынан құрастырылып 21 үйдің жертөлесінде орналасқан кәріз шұқырына бұрылып жасалған.
Сол шұқырда екі фекалды уатқышы бар сорғышпен 1 –ші қолданыстағы, 2-сі қосалқы жиналады, одан 21 үй ауласында орналасқан кәріз құдығы арқылы қалалық кәріз жүйесіне жіберіледі.
2-ші қабаттың кәріз жүйесінің су ағындары жертөле қабаттағы төбе бойымен сыртқа көрсетілген белгі тұсынан шығарылып сол жерде жобаланған бетон шұқырдан тіке қалалық кәріз жүйесіне қосылады.
Асхана жолдарындағы кәріз жүйесінде жуғыштар астында май аулайтын құрылғылар орнатылған.
Кәріз құбырларының көлденең тұстарын кәріз бағанасы бағытында 1% еңкіш етіп құрастыру қажет.
Жабын арқылы өткен жерлері жабын қалыңдығы бойына цементтелуі керек.
1.14 Жылумен және салқындату жүйесімен қамту
Көмектес, өндірістік, баспалдақ жайларынан басқа барлық орын-жайлардағы ішкі ауа параметрлерін ұстану мақсатында жылыту және салқындату жүйесі қарастырылған.
Жылыту жүйесі екі тұрбалы, тұйық төменгі ажыратқышпен.
Жылыту құралдар ретінде құрыштан жасалған панельды РККР типтес радиаторлар қабылданған.
Жылыту жүйесінің бағаналары, магистральдары, құрыш су газ құбырларынан, МЕСТ 3262-75* және электр тоғымен пісірілген МЕСТ 10704-91 тұрбаларынан даярланған.
Магистральды құбырлары тұрба тәріздес иілгіш "K-FLEX", б=9 мм оқшаулаушыдан.
Көмектес жайлардан басқа барлық бөлме жайлардағы қажетті ауа параметрлерін ұстану екі режимде жұмыс жасайтын вентиляторлы жеткізгіштер арқылы жүзеге асырылады.
- жылдың салқын мезгілінде - ішкі ауаны жылыту режимінде,
- жылдың жылы және өткінші мезгілінде, қажет жағдайда ішкі ауаны салқындатқыш режимінде.
Вентиляторлы жеткізгіштердің "Carrier" фирмасының тік және көлденең ілмелі төбе аралығына және еденде орнатылатын түрлері қабылданды.
1.15 Өрт дабылдағышы
Жобаның бұл бөлігі жобалау тапсырмасы, құрылыс жоспарлары, нормативті құжаттар негізінде даярланған.
Өрт қауіпсіздігін қамтмасыз ету мақсатында өрт дабылдағышы құрылғысын орнату қарастырылған. Бөлме жайларда жылу ИП-101-29 датчиктері, ИП-212-64 түтін датчиктері, орнатылады, КПСВВ-1х2х0,5мм сымымен желілер жүргізіледі.
Кабельдер :
- кабель-каналдарда ПВХ 26х16 қабырға бойына;
- кабель-каналдарда ПВХ 15х10 төбе бойына;
- гофр тұрбаларда ПХВ ілмелі төбелерде;
- ПВХ ∅=25 мм тұрбаларда бағана ішінде.
Қабылау тексеру құрал ретінде "Рубеж-2А" ППКОП 019-256-1.
Құрал 1 қабаттағы кезекші бөлмесінде орнатылады.
Өртке қарсы қабылдау- тексеру құрылғысы:
- автоматты хабарландырушылардан электр белгілерін қабылдап дыбыс және жарық дабылдағышын қосады;
-дабылдағыш шлейфының сынбағанына тексеріс жүргізеді;
-өрт шыққан жағдайда инженерлік желілерді меңгереді.
Жүйе адресті сауалнамалық болғандықтан өрт хабарламасын хабарландырушы қабылдап ӨТП –на жолдайды, ол хабарландырушылардан сауалнама арқылы ақпарат алады.
Адресті шлейф байланыстың цифрлік жолы болады,ол бойынша құрылғы мен адресті құрылғы арасында ақпарат алмасу жүргізіледі, оған ең көбі 250 адресті құрылғы қосуға болады. Меңгеру компьютерімен байланысы үшін гальваникалық шешілген RS-485 интерфейсы бар.
Инженерлік жабдықтарды меңгеру адресті РМ-1, реле модулі арқылы жүргізіледі.
Өрт шыққан жағдайда өрт шлейфы бойынша белгі РМ-1 арқылы ауа алмастыру жүйесін сөндіру схемасына түседі.
Өрт дабылдағышын паспортқа сай, техникалық сипаттамаға сай, қолдану нұсқаулығына сай құрастыру қажет.
1.16 Өрт туралы жарияландыру
Жобаның бұл бөлігі жобалау тапсырмасы, құрылыс жоспарлары, нормативті құжаттар негізінде даярланған.
Жобада персоналды өрт шыққан жағдайда орталықтандырылған желі арқылы хабардар ету қарастырылған.
Хабардар ету жүйесі 3 тип бойынша орындалған.
Орнатуға төбеге жапсырылатын СS-03 типтегі дауыс зорайтқыштар алынған.
Хабардар ету дабылы КПСВВ 1х2х1,5 кабелі арқылы күзет бөлмесінде орнатылған орталық құрылғыдан тарату жүйесіне беріледі.
Дабыл жүйесіне қуаттылықты күшейтетін РАМ-480А түріндегі 5 комутаторланған шығыс орындары бар қуаты 480 Вт күшейткіш алынған, оның ішіне FM тюнер, CD ойнатқыш, дауыс микросхемасының файлы, гонг дабылын күшейткіш, микрофон панелі, сөйлеу түріндегі дабылды хабарламаның автоматты түрде қосылуы орнатылады. Автоматты хабардар ету жүйелері электр қуатымен қамтамасыз етілу сенімділігі жағынан I категориядағы электрқабылдағыштар қатарына жатады. Қосымша электр қуатымен қамтамасыз ету негізгі дабылдың дабыл белгісін бермеген жағдайда қосылады.
Тосын жағдайлардың алдын алу және жарылыс, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету инженерлі-техникалық шаралары.
Жоба жасақталғанда Қазақстан Республикасының нормативті құжаттарындағы талаптар сақталынған.
«Ақтөбе қаласының 12 ықшам ауданындағы сауда кешені» ғимараты өрт тұрақтылығы бойынша II деңгейде. Онда конструктивті, көлемді-жоспарлау және инженерлік-техникалық шешімдер арқылы қамтамасыз етілетіні:
Адамдарды сыртқа эвакуациялау (ғимарат алаңына);
Адамдарды құтқару;
Өрт сөндірушілер құрамының өрт орнына жетуі мен өрт сөндіру құралдарын пайдалануы;
Автотранспорттың, соның ішінде өрт сөндіру техникасының ғимараттың негізгі кіру орындарына еркін кіруі;
Өрттің ғимарат қасындағы орндарға тарамауы;
Эвакуациялау жолдарында өртенбейтін немесе өртке тұрақты аптау материалдары пайдаланылуы;
Ғимараттың салмақ түсетін негізгі элементтері өртенбейтін материалдардан жасалған және ҚР ҚНжЕ2.02-05-2009 талаптарына сай өртке тұрақтылық шегі бар;
Орын жайлар жоспраламасы және эвакуациялы шығу орындары ҚР ҚНжЕ 3.02-08-2010, ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009 және ҚР Үкіметі қаулысымен 16.01.2009 жылы бекітілген «Өрт қауіпсіздігінің жалпы талаптары» техникалық регламентіне сай жобаланған.
Қолданыстағы жобада өртке қарсы автоматты сумен өрт сөндіру жүйесін қосу қарастырылған:
Температураның көтерілуінен автоматты түрде өрт немесе жану ошағын анықтау;
Өрттің бастапқы шегінде автоматты түрде сөндіру;
Өрт шыққаны туралы автоматты түрде кезекші персоналға жариялау;
Өрт жағдайында ғимараттың инженерлік жүйесін автоматты түрде меңгеру;
Қорғалуға жататын барлық жайларда автоматты өрт дабылдамасы мен ауа алмастыру жүйесін автоматты түрде сөндіру қарастырылған.
2 тарау. Ғимараттың өрт қауіптілігінің сипаттамасы
Ғимаратта жанғыш материалдар көп мөлшерде болуы мен өрт таралу көздерінің түрлі жолдары өрт қауіптілігін туындайды. «Сити» сауда орталығың өрт қауіпсіздігі жанғыш болып келетін тауардың көп болуына және түрлі тұтану көздері және өрттің тарау жолдары болуына байланысты.
«Сити» сауда орталығында қатты жанғыш материалдар мен заттар (жиһаз, қағаз, мата), сұйықтықтар және газдар жануы мүмкін. Көбіне өрт пайда болу себебі тауар сату және сақтау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін дұрыс пайдаланбау болып табылады.
Ғимаратта қатты жанғыш заттар мен газ және сұйық материалдар жануы мүмкін (жиһаз,қағаз,мата) . Ғимараттың өрт жүктемесі 50 ден 300 кг/м2 дейін.Жану өнімдері және жалын сауда орталығында көлденең, тік, есік, терезе өтпелері, баспалдақ торлары, желдету жүйесі және басқа да инженерлі коммуникациялар арқылы таралуы мүмкін. Сауда өндірісі орнындағы заттар мен материалдардың ылғалдылығы 8 – 10 % құрап, осы материалдардың тез тұтануына және оттың таралуына әсерін тигізеді. Осы кезде түтін тігінен тез тарайды, бірінші қабатты түтіннің басуы сонымен түсіндіріледі. Ашық оты және ұшқын, механикалық энергия және химиялық реакциялардың жылу көрінісі, атмосфералық электр тұтану көздері болуы мүмкін. Ғимараттарда жану мен жалын өнімдері есік, терезе, технологиялық өтпелер, лифт шахталары, кіреберісі, желдету және басқа да тұрғын үй-коммуналдық арқылы көлденеңінен және тігінен тарала алады. Эвакуация жолдарын жанғыш материалдармен әрлеу дәліздерде және залдарда немесе баспалдақ торларында кілемдерді пайдалану өрттің қарқынды таралуына әкеледі. Түтін тігінен ерекше таралады. Кейде өрттің таралуы жасырынды болады: ішкі аспалы төбелер, алынбалы едендерде (жасанды еден) және т.б.Тез тұтанғыш және өрт қауіпті тауары бар сауда бөлімдерін (аэрозолды қораптағы парфюмерия, пластмасс және синтетикалық материалдардан жасалған бұйымдар, тұрмыстық химия тауарлары) бірінші қабатта, құтқару жолдары мен есіктеріне жақын орналастырылмауы адамдарды құтқаруды қиындатады.
Адамдар жаппай жиналатын және бөлмелердің қиындылығы мен жоспарлауын білмеу, адамдарды эвакуациялау кезінде ұйымдастырушылық жетіспеу өрт кезінде адамдар өлімі болуы мүмкін
Статистикалық берілгендердің анализі өрттің себептері мыналар болып табылатының көрсетеді:
Электроқондырғыларды және электро аспаптарды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу және олардың ақаусыздығы.
Электро газ пісіру және басқа жөндеу жұмыстарды өткізу барысында өрт қауіпсіздік ережелерін орындамау;
Оттегі баллондарды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу;
Электро тоғының және атмосфералы электрлі жылулық құбылыстары;
Жылыту аспаптарды, кондиционерлерді, желдету қондырғыларды пайдалану ережелерін бұзу;
Отты байқаусыз пайдалану (темек шегу, құбырларды қыздыруға ашық отты пайдалану, территорияда жалындарды жаңдыру) және т.б. Өрттің пайда болу кезегінде адамдарды қауіпсіз көшіруге бағытталған сақтандыру шаралардың арасында ерекше орның оларды уақытында ұйымдастырылған көшіру сұрағы тұрады. Адамдардың сәтті көшіруі ойланған конструктивті – жоспарлы шешімдермен ғана емес, сонымен қатар ұйымдастырылған шараларымен жүзеге асырылады. Осындай ұйымдастырылған шараларға өрт туралы хабарлау жүйелерді еңгізу, адамдарды көшірудің жалпы және жеке жоспарлары жатады.
Қоғамдық ғимараттарда электро қалқан бөлмелері, трансформатор шағын станциялары от төзімділік шегі 0,75 сағ. Кем емес жаңбайтын материалдардан тұратың ара қабырғаларымен оқшауланады.Электро қондырғылары бар желдету камералары басқа бөлмелерден оқшауланады. Аудан бойынша отсектерге бөлу. Секционды емес қоғамдақ ғимараттардың жертөледарын от төзімділік шегі 1 сағаттан кем емес жаңбайтын материалдардан тұратын қабырғаларымен 500 м2өртке қарсы секцияларға бөледі. «Сити» сауда орталығында өрт кезінде адамдардың мерт болуы мүмкін, себебі мұндай ғимараттарда адам көп болады, бөлмелердің орналасуын дұрыс білмегендіктен, адамдарды құтқаруды ұйымдастыруға әсерін тигізеді.
3 тарау. Жоба материалдарының сараптамасы
Жоба шешімдерінің жеке әдістеме тексерісін және құрылыс конструкцияларын, ішкі жоспарының, өртке қарсы бөгетерінің, көшіру жолдар мен шығулардың, желдету жүйелерінің түтінге қарсы қорғанысының, жарлыс қарсы қорғанысының, өрт сөндірушілерінің сәтті жұмысын қамтамасыз ететін техникалық шешімдерінен, объект бас жоспарының сараптамасының және кесте құруынан тұрады.
Жобалау кезінде өрт қауіпсіздік ережелерінің бұзушылықтарын табудың негізгі әдісі ретінде сәйкестіру болып табылады. Осы әдісі барысында жобамен көзделген шешімдер өрт қауіпсіздік талаптарына сәйкес келушілігіне тексеріледі және соныңда қорытынды жасалынады. Көптеген жағдайларда бұл сәйкестіру нақты сандық көрсеткіштермен, ал кейбір кездерде сапалық көрсеткіштермен көрсетілуі мүмкін. Мысалы: көшіру жолдар мен шығулардың сараптамасы кезінде бөлме немесе ғимараттан шығулардың бар болуы сапалық баға болатын болса, ал осы шығулардың минималды, максималды және жалпы еңі сандық көрсеткіші болып табылады.
Барлық тексерілетін элементер және техникалық шешімдерді сараптау кестеге еңгізеді. Жобаның архетиктуралы – құрылыс бөлімін тексерген кезде құрылыс конструкциялардың, ішкі жоспарының, өртке қарсы бөгеттердің, көшіру жолдар мен шығулардың, өрт сөндірушілердің сәтті жұмысын қамтамасыз ететін техникалық шешімдерінің сараптамасы өткізіледі.
Құрылыс конструкциялардың сараптамасы
Құрылыс конструкциялардың сараптамасын ғимаратың қажеті от төзімділік шегін арнайы немесе кешенді нормативті құжатармен анықтаудан бастайды.
Қоғамдық ғимараттардың қажетті от төзімділігі, тағайындалуына, қабат ауданына, сыйымдылық пен қабаттылығына байланысты нормалар бойынша анықталады.
Ғимараттың қажетті от төзімділік дәрежесін сәйкес арнайы және кешендік құжаттардың сәйкес пунктері бойынша біле отырып, құрлыс конструкциялардың қажетті от төзімділік шегі және конструкциялар бойымен оттың рұқсат тарау шегі көрсетіледі. Егер осы берілгендер жоқ болса, онда қажетті от төзімділік шегі мен конструкциялар бойымен оттың таралу рұқсат шегі әдебиет (14) екінші кестесі бойынша анықталады. Құрлыс конструкциялардың сараптау кестесіне ғимаратта бар барлық құрылыс конструкциялар кіреді.
Конструкциялардың тізімі және олардың қысқаша сипаттамасы түсіндіру хат, сызбалар көмегімен алынады.
Кейбір кезде архитектура құрылыс сызбаларынан басқа конструкциялардың, саймандардың, есіктердің, каталогтары пайдаланылады. Олардың нөмірі мен сериасына түсіндіру хатында және жобаның жұмыс сызбаларында сілтеу жасалынады.
Әдеттегідей бір ғимаратта бір типті унифицерленген конструкциялар пайдаланылады, сондықтанда әрбір бөлек бөлме және цех үшін сәйкестігі бойынша тексерісін өткізуге қажет емес.
Жоба материалдары сараптамасы кезінде бірінші ретте мыналар тексеріске жатады:
1. Сыртқы қабырғалар, ішкі қабырғалар, баспалдақ тор қабырғалары.
2. Қаңқалы қабырғалар: бағаналар, ригельдер, қаңқа толтыруы, қаңқалы қабырғалар элементтерінің қиысу түйіндері.
3. Ара қабырғалар.
4. Бағаналар.
5. Ара жабындылар (жертөле үстінде, қабат аралық , шатырлы).
6. Сатылар: ( аланшалар, марштар, косоурлар, баспалдақтар).
7. Ішкі қабырғалардың, ара жабындылардың, ара қабырғалардың, саты элементтерінің қапталануы.
8. Тасушы жабындылар: тасушы элементтер (балкалар, фермалар, прогондар, аркалар), жамылғы, жылытқыш, шатыр.
9. Ілмелі төбелер.
10. Есіктер (есік ілмелері және қорабшалары): ішкі қабырғалар және ара қабырғаларында, сыртқы қабырғаларында, паспалдақ тор қабырғаларында, шатырға кіреберісте, өртке қарсы бөгеттерде.
11. Терезе ойықтарының толтырылуы: сыртқы қабырғаларда, Ішкі қабырғаларда және ара қабырғаларда, баспалдақ тор қабырғаларында, өртке қарсы бөгеттерде.
Конструкциялардың нақты от төзімділік шегі және оттың таралу шегі (15) кесте мен пунктері бойынша анықталады. Құрылыс конструкцилардың от төзімділік шегі көптеген факторларға тәуелді және конструкциялардың бөлек түрлеріне ғана тән.
Қабырғалар мен ара қабырғалардың нақты от төзімділік шегі материалға, қалындығына, конструктивті орындалуына, от қорғау қабатының түріне байланыста болады.
Бағана және колоналардың от төзімділік шегі материалға, көлденен қима өлшеміне, арматура өсіне дейінгі қашықтық қыздыру әдісіне, от қорғау қабатының түрі мен қалындығына тәуелді.
Темірбетонды балкалардың от төзімділік шегі көлденен қима еңіне, арматура өсіне дейінгі қашықтығына, арматура классына, балка қабырғаның еңіне тәуелді болады.
Бір жақты қызу кезінде балкалардың от төзімділік шегі темірбетон плиталарға сияқты анықталады.
Темірбетон ара жабын және жабын плиталарының от төзімділік шегі олардың түріне, тірелу әдісіне, тұтастау контуры бойынша, бетон түріне, арматура класына тәуелді болады.
Қабырғалы темірбетон плиталардың от төзімділк шегі 6 және 7 таблица бойынша балкаларға сияқты алынады. Қабырға қалындығы ретінде екі плита қалындығы алынады.
Темірбетонды фермалар және аркалардың от төзімділік шегі конструктивті элементтін көлденен қима еңіне, бетон түріне арматура өсіне дейінгі қашықтығына, арматура классына тәуелді.
Болат және ағаш балкалары бойынша от төзімділік шегі, болат және ағаш фермалардың, рамалардың аркалардың от төзімділік шегі дайындау материалына тәуелді.
Есіктер және терезе ойықтардың толтырулардың от төзімділік шегі дайындау материалына, конструктивті элементінің қалындығына конструктивті дайындау ерекшеліктеріне тәуелді болады.
Ілмелі төбесі бар ара жабын мен жабындылардың от төзімділік шегі ілмелі төбесіне, ілмелі төбе қалындығына тәуелді болады.
Мынаны ескеру керек:
- жаңбайтын материалдардан орындалған конструкциялар таралмайтын болып саналады (таралу шегі 0 – ге тең); жаңғыш материалдардан орындалған конструкциялар;
- жаңғыш материалдан орындалған конструкциялар тігінен 25 сантиметр, көлденен 40 сантиметр таралу шегі болады..
- қиын жаңатын немесе жаңбайтын материалмен қапталған жаңғыш материалдар орындалған конструкциялар әдетегідей таралу шегі көлдене 25 сантиметр, тігінен 40 сантиметр болады.
Әрбір конструкция үшін нақты от төзімділік шегің анықтағанан кейін оның пайдалану облысы табылады (ғимаратта қарастырылып жатқан конструкцияны пайдалануға болады). Бұл ғимаратың нақты от төзімділік шегін анықтау үшін қажет.
Нақты және қажетті от төзімділік туралы берілгендерді еңгізгінен кейін құрылыс констукциялардың сараптау кестесінде конструкциялардың өрт қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы қортынды жасалынады.
Осында жалпы ғимарат үшін және оның параметірлеріне келісі өрт қаупсіздік шарты орындалуы тиіс:
О тр. = О ф. (1)
П ф.≥ П тр.; . (2)
L≤ L. (3)
Мұндағы: П ф., П тр - құрылыс конструкциялардың нақты және қажетті от төзімділік шегі.
L, L - құрлыс конструкциялар бойымен оттың рұқсат таралу шегі
(18) п.1.14. кесте1 сәйкес БММ 2 қабатты ғимарат үшін ауданы 3002 м2және сыйымдылығы 600 бала кезінде қажетті от төзімділік шегі II кем емес болуы тиіс.
ІІ от төзімділік дәрежелі ғимарат үшін конструктивті шешімдер: тасушы және қоршаушы конструкциялар нағыз және жасанда тас материалдардан, бетон немесе темірбетонан, ғимараттын жабындыда қорғалмаған болат конструкцияларды пайдалануға рұқсат етіледі.
Кесте 1
|
Конструкция аталуы және олардың қысқаша сипаттамасы
|
Жобамен қабылданған
|
Тәлімдеме пункттеріне сілтеме
|
ОТД қандай ғимараттарда пайдалануға болады
|
Норма бойынша қажет
|
Норма пункттеріне сілтеме
|
Қорытынды
|
Пф
САҒ
|
LФ
СМ
|
Птр
САҒ.
|
Lдоп
СМ.
|
|
Сыртқы қабырғалар:
Темірбетон МЕСТ 530-95-2002 бойынша қалындығы 500мм
|
4
|
0
|
кесте 10, п.2
|
I
|
2,5
|
0
|
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009 кесте 2
|
Сәйкес келеді
|
|
Ішкі тасушы қабырғалар, темірбетон, қалындығы 120 мм
|
2,5
|
0
|
кесте
3 п. 2.24
|
I
|
2,5
|
0
|
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009 кесте 2
|
Сәйкес келеді
|
|
Баспалдақ тор қабырғалары: кірпіштен МЕСТ 530-95-2002 бойынша, қалындығы 200мм
|
2,5
|
0
|
кесте 4 п. 2.24
|
I
|
2,5
|
0
|
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009 кесте2
|
Сәйкес келеді
|
|
Кірпіш ара қабырғалар
|
2
|
0
|
кесте
3
п. 2.23
|
I
|
0,5
|
0
|
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009 кесте2
|
Сәйкес келмейді
|
|
Көп қуыстары бар темірбетонды плиталардан тұратын ара жабын, плита қалындығы 120 мм, жылытқышы бар, арматура өсіне дейінгі қашықтығы 45 мм, контур бойынша тіріледі.
|
2
|
0
|
кесте 8
|
I
|
0,75
|
0
|
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009 кесте 2
|
Сәйкес келеді
|
|
Сатылар, тұтас темірбетонды баспалдақ алаңшалар.
|
3
|
0
|
кесте8 п.
2.27
|
IIIб
|
1
|
0
|
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009 кесте2
|
Сәйкес келеді
|
|
Шатыр Гидрооқшаулау – мырышталған шатырлы болат, қалындығы 0,8 мм.
|
Нормаланбайды
|
|
Барлық бөлмелерде есік пен терезелер ағаштан жасалынған.Еден керамикалы және ағаш.
|
Нормаланбайды
|
Достарыңызбен бөлісу: |