Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің



жүктеу 1,01 Mb.
бет3/10
Дата09.01.2020
өлшемі1,01 Mb.
#26116
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

1.3) Тәуекелдерді басқару

Мақсатқа қол жеткізуге ықпал ететін тәуекелдердің аты

Тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар

1

2

Сыртқы тәуекелдер

Өнеркәсіп салаларын дамыту және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау

Халықаралық бағыттарда өнімді өткізудің төмендеуі

Металлургиялық өнімдерді ішкі нарыққа өткізу, сауда миссияларын ұйымдастыру мен өткізу

Экономикалық және қаржы дағдарысы

Әлемдік қаржы дағдарысы басталған жағдайда мынадай баламалы іс-шаралар іске асырылады:

1) ішкі инвестициялардың өсуін қолдау;



2) БЭК елдеріне экспорттау үшін тиімді жағдайлар жасау

Ішкі нарығындағы импорттық өнімдерге отандық өнімнен ауыстыру (ДСҰ кіргеннен кейін )

Тарифтік емес кедергілерді жасау (техникалық реттеу)

Әлемдік қаржы дағдарысы салдарынан отандық экспортталатын өнімге бағаның түсуі

Химия өніміне баға түскен жағдайда ішкі нарықтың сұранысына жеңілдіктер беру арқылы ынталандыру жөніндегі шараларды қабылдау

Импорттық баждар

Отандық экспорттаушының субсидиялар беру бойынша мәселені пысықтау

Ішкі нарығындағы импорттық өнімдерге отандық өнімнен ауыстыру (ДСҰ кіргеннен кейін )

Отандық тауарлардың бәсекелестікке қабілеттілігі бойынша ықпаландыру шараларын жасау

Экономика салаларының энергия тиімділігін арттыру

Экономикалық және қаржы дағдарысы

Әлемдік қаржы дағдарысы басталған жағдайда энергия тиімділігін арттыру бойынша ықпаландыру шаралары іске асырылады

Инвестициялық ахуалды жақсарту, оның ішінде экономиканың шикізат емес секторына ТҰК тарту

Тікелей және шетелдік инвестициялардың өсуіне әлемдік дағдарыстың әсері

Инвестициялық заңнаманы одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау, соның ішінде ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес Қазақстанның қолайлы инвестициялық беделін жетілдіру бойынша жұмыс белсенділігі, 2014-2015 жылдарға Қазақстан Республикасына шетел және отандық инвестицияларды тарту бойынша нақты жоспарды іске асыру; инвесторларға сервистік қызмет пен мемлекеттік қолдау шараларын көрсету, соның ішінде «Бір терезе» шеңберінде; инвесторлардың құқығын қорғау бойынша инвестициялық омбудсмен қызметін тиімді қамтамасыз ету; шетелде халықаралық өкіл жүйесін құру және іске қосу.

Ұлттық инновациялық жүйесінің дамуына жәрдемдесу

Шетелдік инновацияның жоғары бәсекеге қабілеттілігі

«Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластердің дамуы : шетелдік инновацияларды тарту

Халықаралық жүйемен техникалық реттеу және метрологияның ұлттық жүйесін сәйкестікке келтіру деңгейін көтеру

ILAC, РАС халықаралық ұйымдарының тарапынан ұлттық аккредиттеу органын теріс сарапшылық бағалауы

Белгіленген мерзімдерде халықаралық ұйымдардың сарапшылық бағалауларын өткізу

Бәсекелестікке қабілетті туристік индустрияны құру

Өңірлердегі бәсекелес нарықтардың тартымдылығын жоғарылату

- Туристік нарықтың даму үрдістерін мониторинглеу және болжау;
- Елдің шетелдегі оң туристік имиджін ілгерілету жөніндегі имидждік қызметті жандандыру;

- Саланы дамыту мәселесі бойынша елдің мүдделі мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл тереңдету;

- Халықаралық ұйымдармен, соның ішінде Бүкіләлемдік туристік ұйыммен (БТҰ) ынтымақтастықты күшейту;

- Қолайлы инвестициялық климатқа жағдайлар жасау.



Экономика мен қоғамның ғарыш құралдары мен көрсетілетін қызметтерiне өсiп келе жатқан қажеттiлiктерін қанағаттандыру

Әлемдік қаржылық дағдарысқа байланысты халықаралық ғарыш нарығының конъюнктурасы мен құрылымының өзгерістері.

Мынадай шараларды іске асыру арқылы спутниктік навигация, ЖҚЗ қосымшалары, байланыс саласындағы ғарыш қызметтерін тұтыну ішкі нарығын құрастыру:

1) тиісті салаларда ғарыш қызметінің жетістіктерін қолдану бойынша мемлекеттік органдар, ұйымдар және жеке компаниялармен өзара іс-қимылды тереңдету және кеңейту;

2) мемлекеттік органдар, ұйымдар және жеке компаниялардың байланыс, ЖҚЗ, спутниктік навигация ғарыш қызметтеріне сұранысы бойынша деректер базасын құру;

3) ЖҚЗ деректерін таратуды техникалық реттеу саласында, Қазақстан Республикасының кеңістіктік деректер ұлттық инфрақұрылымын құру саласында нормативтік-техникалық базасын құрастыру.



Ғарыш байланысы шетелдік операторларының баға демпингі

Байланыс саласындағы уәкілетті органмен ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

Ұзақ мерзімді келісімшарттарды жасасу арқылы шетелдік спутниктік операторлардың баға демпингі салдарынан туындайтын өзгерістерді және тарифтік саясат ыңғайлығын ескере отырып, баға саясатын құрастыру.



Ресейдің зымыран-тасығыштардың ұшыруын «Байқоныр» ғарыш айлағынан жаңа «Восточный» ғарыш айлағына ауыстыруы

«Байқоныр» кешенінің ұзақмерзімді даму тұжырымдамасының әзірлеуі және қабылдануы

Зымыран технологияларды бақылау халықаралық режимінің шектеулер мен санкциялар әрекеті (ЗТБР)

1) Қазақстанның осы режимге кіру мәселесі бойынша ЗТБР мүше-мемлекеттерімен белсенді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

2) бейбіт мақсаттарда ғарыш кеңістігін пайдалану бойынша Қазақстанды насихаттау;

3) шетелдік мемлекеттермен – ЗТБР мүшелері болып табылмайтын әріптестік қатынастарды кеңейту.


Қазақстанның аумағында зымыран-ғарыш қызметінен төтенше жағдайлар және экологиялық апаттар тәуекелі

1) зымыран жанармайының (амил, гептил) жоғарытоксинді құрамдауыштарын пайдаланатын ТЗ пайдалануын кезеңдеп қысқарту және оларды экологиялық таза ТЗ толығымен ауыстыру жөнінде Ресей Федерациясымен өзара қатынасты нығайту;

2) Қазақстанның орындаған талаптарын ескере отырып, ҒА ұшыру және зымырандардың ұшыруын сынау және тасымалдағыш-зымырандардың жекелеген бөліктерінің құлау жаңа аудандарының жоспарларына қорытындыларды келісу;

3) ТЗ баспалдақтарының құлау аудандарында топырақты рекультивациялау және объектілерді кәдеге жарату іс-шараларын жүргізу;

4) Қазақстан аумағында зымыран-ғарыш қызметінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі заманауи ғылыми базасын құру;

5) ғарыш қызметін экологиялық нормалау жүйесін дамыту және нығайту;

6) Үкіметаралық келісімдер бойынша:

2005 жылғы 2 маусымдағы Ресей Федерациясының жалға алу талаптарында «Байқоңыр» кешенінің аумағында экология және табиғатты пайдалану жөніндегі;

1994 жылғы 28 наурыздағы өнеркәсіптік апаттар, катастрофалар, стихиялық апаттардың алдын алу және олардың салдарларды жою саласындағы ынтымақтастық жөніндегі;



«Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымырандарды іске қосу барысында апаттардың туындау жағдайында өзара әрекеттесу тәртібі жөніндегі РФ міндеттерін орындауды қамтамасыз ету.

Ішкі тәуекелдер

Өнеркәсіп салаларын дамыту және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін

жағдайлар жасау

Ел ішінде дайын өнімге сұраныстың болмауы

Импортты алмастыру өндірісін құру. Шығарылатын өнімнің қосылған құнын өсіру.

Ұлттық компанияларымен сатып алу көлемдерін азайту.

Ұлттық компаниялардың сатып алуларына қазақстандық қамтуды арттыру бойынша жұмысты күшейту.

Ұлттық компаниялары, жер қойнауын пайдаланушылары және жүйе құраушы кәсіпорындарымен сатып алу көлемдерін азайту.

Жер қойнауын пайдаланушылары және жүйе құраушы кәсіпорындары мен ұлттық компаниялардың сатып алуларында жергілікті қамтуды арттыру бойынша жұмысты күшейту

Экономика салаларындағы энергия тиімділіктің арттыруы

Елдің энергетикалық және өнеркәсіптік кәсіпорындардың ескірген энергия тиімділігі жоқ жабдықты қолдану салдарынан шығарылған өнімнің энергияның жұмсалуы жоғары.

Энергия үнемдеу және энергия тиімділіктің арттыру бойынша өңірлік іс-шаралар жоспарларды істеу және кәсіпорындарда энергия аудитін жүргізу.

Инвестициялық ахуалды жақсарту, оның ішінде экономиканың шикізат емес секторына ТҰК тарту

Индустрияландыру картасының жобасын іске асыру мерзімін өзгерту ықтималдығы

Тұрақты негізде Индустрияландыру картасының инвестициялық жобасына үздіксіз мониторинг жүргізіледі, егер күрделі мәселе туындаған жағдайда, туындаған мәселелерді шешу бойынша тез арада шаралар қолданылады.

АЭА инфрақұрылымының аяқталмауы

Инфрақұрылым құрылысын аяқтауға қаржы бөлу мәселесі бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен қарым-қатынас

АЭА қатысушыларының тауарлары мен қызметтеріне (жұмыстарына) сұраныстың төмендігі

Потенциалды инвесторларды тарту үшін маркетингтік іс-шаралар өткізу, соның ішінде қазіргі қатысушылардың потенциалды тауарлары, жұмыстары және қызметтер тапсырысы.

Ұлттық инновациялық жүйесінің дамуына жәрдемдесу

Ұлттық инновация жүйесі элементтерінің шамалы байлыныстылығы мен шашыраңқылығы

- Индустрияландыру міндеттерінің шешімдеріне ғылыми-зерттеу қызметін қайта бағдарлау;

- Ұлттық инновациялық жүйесі эелементтерінің синергиясы үшін (өнеркәсіп пен ғылыми-зерттеу қызметінің субъектілері) платформаларды (технологиялық) дамыту



Халықаралық жүйемен техникалық реттеу және метрологияның ұлттық жүйесін сәйкестікке келтіру деңгейін көтеру

Ұлттық стандарттарды қолдануға отандық кәсіпорындардың дайын еместігі

Қабылданатын ұлттық стандарттар және техникалық қайта жабдықтау қажеттігі туралы қабылданатын ұлттық стандарттар туралы түсіндіру жұмыстарын өткізу

Стандарттау жөніндеге нормативтік құжаттарды қолдануда кәсіпорындардың, заңды, жеке тұлғалардың қызығушылықтарының төмендігі

Ірі, орта және шағын кәсіпорындардың және индустриализациялаудың Картасына кіретін экспортқа бағытталған кәсіпорындардың ішінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Жер қойнауын пайдаланудың ұтымды және кешенді пайдалануды қамтамсыз ету және Қазақстан Республикасының аумағының геологиялық зерттелуін жоғарылату

Пайдалы қазбалар кенорындарының (қорлар) анықталмауы. Әлемдік тәжірибеге сәйкес кенорындар анықталуы немесе анықталмауы да мүмкін, пайдалы қазбалардық кен шоғыры белгілі бір аудана болмау мүмкін

Пайдалы қазбалар кенорындарының (қорлар) анықталмауы. Әлемдік тәжірибеге сәйкес кенорындар анықталуы немесе анықталмауы да мүмкін, пайдалы қазбалардық кен шоғыры белгілі бір аудана болмау мүмкін

Бәсекелестікке қабілетті туристік индустрияны құру

Табиғи және техногенді апаттар

- Саланы дамыту және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өнеркәсіптік бақылау мен экологиялық мониторинг мәселелері бойынша елдің мүдделі мемлекеттік органдарымен, оның ішінде Бүкіләлемдік туристік ұйыммен (БТҰ) өзара іс-қимылды тереңдету.

- Тұрақты түрде туристік аймақтардағы форс-мажорлық жағдайлар туралы және ауыстырымдылық туристік аймақтар туралы уақытылы ақпараттандыру бөлігінде БАҚ-мен өзара әрекет жасау және Интернет-ресурста ақпаратты жандандыру.



Экономика мен қоғамның ғарыш құралдары мен көрсетілетін қызметтерiне өсiп келе жатқан қажеттiлiктерін қанағаттандыру

Ғарыш жобаларын іске асыру барысында қазақстандық мердігерлердің шарттық міндеттемелерді сақтамауы, өнім берушілердің міндеттемелерді уақытылы орындамауы

1) жобалардың конкурстық құжаттама және техникалық тапсырма сапасын қамтамасыз ету;

2) мемлекеттік сатып алу рәсімдері шеңберінде әлеуетті мердігерлерді сапалы іріктеуді ұйымдастыру және жүргізу;

3) іске асырылып жатқан жобаларда мердігерлердің міндеттемелерді орындамауынан келген залалды өтеуді шарттарда қарастыру;

4) басталған жобаларды бұдан әрі іске асыруды жалғастыру жөніндегі өзге баламалы мердігерлерді іздеу.




2-Стратегиялық бағыт.

Экономика қажеттілігін қамтамасыз ету және транзиттік әлеуетін іске асыру үшін көлік инфрақұрылымның озық дамуы

1.1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

Теміржол, автомобиль, өзен, əуе көлік түрлерін, автомобиль жəне теміржолдарды, кеме жолдарын білдіретін республиканың көлік кешеніне шаруашылықаралық жəне мемлекетаралық байланыстарды жүзеге асыруда маңызды рөл беріледі.

Коммерциялық тасымалдаумен айналысатын дара кəсіпкерлердің тасымалдау көлемін бағалауды ескере отырып, көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау көлемі 2015 жылдың қаңтар-қазанына 2 850,8 млн. тоннаны құрады, бұл 2014 жылдың қаңтар-қазаны көлемінен 8,7% артық. 2013 жылы 3 277,1 млн. тоннаны құрады, бұл 2012 жылдың көлемінен 8,7% артық.

Коммерциялық тасымалдаумен айналысатын дара кəсіпкерлердің тасымалдау көлемін бағалауды ескере отырып, жолаушыларды тасымалдау 2015 жылдың қаңтар-қазанына 2 850,8 млн. адам құрады, бұл 2014 жылдың қаңтар-қазаны көлемінен 1,03% артық. 2013 жылы 20 001,5 млн. адамды құрады.

Сонымен бірге, Қазақстан Еуропа мен Азияның арасындағы коммуникациялық ағынның орталығында орналасқан және ұлттық транзиттік ресурстарды іске асыруға қабілеті орасан зор көлік әлеуетіне ие. Нақты айтқанда, құрлықішілік тасымалдарды жүзеге асыру кезінде Солтүстік-Оңтүстік және Батыс-Шығыс бағытындағы бағыттардың көпшілігінде өңірді айналып өту мүмкін емес, соның өзі ортаазиялық көлік дәліздерінің басымдылық жағын көрсетеді.

«Ұлы Жібек жолын» жаңғырту – кешенді еуразиялық трансқұрлықтық көпір құру өзекті мәселе болып отыр.

2015 жылдың қорытындысы бойынша транзиттік тасымалдау көлемі 15,25 млн. тонна болды, ал транзиттік тасымалдау кірісі 183,8 млрд. теңгені құрады, ол 2014 жылға қарағанда 3,8 млрд. теңгеге өсті.

2014 жылдың қорытындысы бойынша транзиттік тасымалдау көлемі 17,5 млн. тонна болды, ал транзиттік тасымалдау кірісі 180 млрд. теңгені құрады.


Иран Парсы шығанағы мен Үнді мұхиты порттарына, сондай-ақ Түркия мен ЕО нарығына шығатын жолдағы маңызды дәліз болып табылады және жаңа көлік дәліздері мен инфрақұрылымдық объектілерді дамытуға барынша күш жұмсайтын болады.

Қазақстан Республикасының трансқұрлықтық тасымалдарды жүзеге асыру саласындағы транзиттік әлеуетін дамыту көбінесе республика аумағындағы көлік дәліздері мен олардың тармақтарын дамытуға байланысты.

2016 жылға қарай Достық станциясынан Ақтау теңіз портына дейін
1 200 км қашықтықты қысқартатын «Бейнеу-Жезқазған» теміржолын салу жобасын іске асыру жоспарланады. Жоба Қазақстандағы көлік дәліздерінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Қазақстан аумағы арқылы 70 халықаралық әуе дәлізі өтеді. Алматы, Астана, Қарағанды және Атырау әуежайларында «EL AL» (Израиль), «KLM» (Нидерланд), «FedEx» (АҚШ) және т.б авиакомпанияларының Боинг-747 жүк тасымалдайтын тағы басқа әуе кемелері тұрақты түрде жанармай құюды жүзеге асырады.

Қазақстандағы ең ірі жоба Батыс Еуропа елдеріне шығу арқылы Қазақстан мен Ресей аумақтарымен өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трансқұрлықтық автокөлік дәлізін ұйымдастыру жобасын іске асырылып жатыр. Жоба құрамында Орталық Азия елдерінен, соның ішінде Өзбекстан мен Қырғызстаннан шығатын барлық дәліздерді реконструкциялау көзделген. Бағыттың жалпы ұзақтығы 8 445 км, оның ішінде: Ресей арқылы – 2 233 км, Қазақстан арқылы – 2 787 км (2 552 км – реконструкциялауға жатады), Қытай арқылы – 3 425 км құрайды.

Көлік логисткалық жүйесі Қазақстан өңірлері арасында экономикалық желінің жүзеге асырылуының негізгі құралы, сондай-ақ әлемдік нарықта қазақстандық тауарларды экспорттаудың негізгі жетекшісі болып табылады.

Ресейге, Қытайға және Оңтүстік Кореяға, Еуропаға, Орта Азияға жүк ағындарына қосымша көлік-логистикалық жүйесінен қызмет көрсетуді талап ететін, Қазақстанның экспорттық операциялар көлемі 2020 жылға 1,5 есе 96 млн.тоннадан 147 млн.тоннаға дейін жоғарылауы мүмкін.Тауар айналымының ең үлкен өсімі Қытай Халық Республикасы және Еуропа мен Ресей елдері арасында болжануда.
Автожол саласы

2016 жылғы жағдай бойынша Қазақстанда автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 176,2 мың км құрайды. Олардың 96,5 мың км астамы жалпы пайдаланымдағы жолдар (республикалық маңызы бар жолдар - 23,7 мың км, жергілікті – 72,8 мың км), 68,7 мың км елді мекендер көшелері және шамамен


11 мың км өнеркәсіптік кәсіпорындарға, кеніштерге, фермерлік және орман шаруашылықтарына, басқа өндірістерге техникалық жолдар рөлін атқаратын кіреберістер түріндегі шаруашылық жолдары.

2016 жылдың 1 қаңтарына республикалық маңызы бар автожолдар желісі келесі жағдайда: жақсы – 44%; қанағаттанарлық – 40%; қанағатсыз – 16%;

2016 жылдың 1 қаңтарына облыстық және аудандық маңызы бар автожолдар желісі келесі жағдайда: жақсы – 18 %; қанағаттанарлық – 47%; қанағатсыз – 35%.

Автожол саласындағы ең ірі жоба іске асырылуда – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізінің қайта жаңартуы. Осы жобаны қаржыландыру 2 көзден қарастырылған: займ қаражаты, республикалық бюджет.

Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шенберінде Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс, Алматы-Өскемен, Көкшетау-Петропавл-РФ шек, Бейнеу-Ақтау, Ақтөбе-Атырау-Астрахан, Орал-Тасқала жобаларының құрылысы мен реконструкциясы жалғастырылды..

2017 жылдан ХҚҰ тартылған сыртқы қарыздар есебінен Орталық-Батыс дәлізінің, Құрты-Бұрылбайтал(Орталық-Оңтүстік), Ұзынағаш-Отар, Ақтөбе-Мақат, Жетібай-Жаңаөзен автожолдарының реконструкциясын бастау жоспралануда.

Нарықтық тәсілдерді енгізу жаңалық болып табылады және осы мақсаттар үшін ақылы жүйені енгізумен мемлекеттік-жеке серіктестік механизмдерін қолдану айтарлықтай маңызды. Бұл бағытта «ҮАААЖ» жобасын іске асыру жоспарлануда.
Азаматтық авиация

Қазақстан Республикасында 50 авиакомпания және әуе кемелерін пайдаланушылар қызмет көрсетеді, оның ішінде 22 авиакомпания коммерциялық әуе тасымалдарын орындайды, 27-і авиациялық жұмыстарды орындайтын (авиациялық-химиялық, орманды бақылау, мұнай-газ құбырларын айналып ұшып өту және басқа жұмыс түрлері) әуе кемелерін пайдаланушылар және 1 – жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылар болып табылады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде 867 әуе кемесі есепте тұр, оның ішінде 438-і қолданыстағы ұшуға жарамдылық сертификатына ие.

Қазіргі уақытта Қазақстан 26 шетелдік мемлекетпен 88 халықаралық маршрут бойынша аптасына 425 әуе қатынасын орындайды.

Қазақстан ТМД елдерімен 50 маршрут (аптасына 236 рейс), Таяу Шығыс елдерімен 15 маршрут (аптасына 92 рейс), Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен 14 маршрут (аптасына 69 рейс) және Еуроодақ елдерімен 9 маршрут бойынша (аптасына 28 рейс) ұшуды орындайды.

Мемлекет басшысының ұшу географиясын кеңейту жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде 2015 жылы 8 жаңа маршрут ашылды (Астанадан Қазанға, Сеулге, Парижге, Тбилисиге, Дубайға, Атыраудан Минеральные воды, Алматыдан Минскге, Қызылордадан Мәскеуге).

Ішкі авиақатынастар саласында 39 бағыт бойынша тұрақты ұшу жүзеге асырылады.

Соңғы он жылдарда Қазақстанда жолаушылар тасымалының елеулі өсімі байқалады. Қазақстандағы әуе тасымалы рыногының дамуы кірістің өсуімен, еліміздегі тұрғындардың іскери белсенділігімен, сондай-ақ туризмнің дамуымен байланысты.

Қазақстандық авиакомпаниялар тасымалдаған жолаушылар саны 2015 жыл кезеңінде 5,9 млн. адамды құрады, 2014 жылғы аналогиялық кезеңмен салыстырғанда өсім (5,5 млн. адам) 8% құрады. 2015 жылғы кезеңінде әуе жолымен тасымалданған жолаушылар айналымының үлесі 10,6 млрд. жкм (2014 жылғы аналогиялық кезеңде – 9,7 млрд.жкм) құрайды.

Жолаушылар тасымалынан басқа, Қазақстанда ең жедел және қолайлы тасымал түрі болып табылатын жүктерді әуеде тасымалдау жүзеге асырылады.

2015 жылғы кезеңінде жүктерді әуеде тасымалдау 17,2 мың тоннаны құрады, 2014 жылғы аналогиялық кезеңде 19,1 мың тоннаны.

Республиканың транзиттік әлеуетін одан әрі дамыту бойынша үлкен жұмыс жүргізілді, оны тиімді пайдалану азаматтық авиация үшін қосымша табыс табуға және оны дамытудың жоғарғы серпінін сақтауға бағытталған шара болып табылады.

2015 жылы транзиттік авиаұшу көлемі 171,3 млн. ұшақ-километрді, ал 2014 жылы – 179,8 млн. ұшақ-километр құрады.
Су көлігі

Қазақстанның Каспий теңізіндегі жағалау көлік инфрақұрылымы қолданыстағы екі теңіз портын қамтиды – Ақтау және Баутино.

Бұл ретте, Ақтау порты Ақтау порты экспортты-импортты және транзиттік бағыттағы жүктерді өткізуге қатыстырылады, оның Каспий бассейінінде жүк тасымалдауды қамтамасыз етудегі үлесі шамамен 25 % құрайды. Баутино порты теңіздегі мұнай операцияларын қолдау базасы ретінде мамандандырылған.

2014 жылы Ақтау порты арқылы 10,3 млн. тонна аударылған, ол 2013 жылмен салыстырғанда 6% артты.

Теңіз порттары арқылы жыл сайын өткізілетін жүктердің негізгі номенклатурасы мұнай, металл, бидай, паромдық және басқа да жүктер құрайды. Бұл ретте Ақтау порты арқылы өткізілетін мұнай көлемі біртіндеп төмендеуде, сонымен қатар құрғақ жүктерді өңдеу бойынша порттық қуатты ұлғайтудағы қажеттілік туындайды.

2-кесте. Ақтау порты арқылы аударымдар серпіні (мың т)



Жүктердің номенклатурасы

2010ж.

2011ж.

2012ж.

2013ж.

2014ж.

Мұнай

9 568

8 491

7 591

7 150

5 954

Құрғақ жүк

2 818

2 844

2 479

1 601

2 344

Паромдық жүктер

464

841

936

920

1 966

Барлығы

12 850

12 176

11 006

9 671

10 264

Каспий бассейніндегі теңіз тасымалдау нарығында Қазақстан флоты


5 %-ды құрайды, ол 12-13 мың тонналық жүк көтеретін 8 танкерден және
2 құрғақ жүкті кемеден тұрады.

Ақтау порты арқылы өткізілетін мұнайдың жалпы көлемінің


шамамен 70%-ын отандық танкерлер тасымалдайды.

Құрғақ жүктердің барлық көлемі шетелдік кеме компанияларымен тасымалданған, алайда, көрсетілген қызметтерді әртараптандыру мақсатында жүктерді теңіз арқылы тасымалдау нарығында құрғақ жүкті флотты кезең-кезеңмен ұлғайту көзделеді.

Сонымен қатар, Қазақстанның сауда флотының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесі шешімді талап етуде, ол үшін Каспий маңындағы мемлекеттерден төмен емес деңгейде қазақстандық кеме қатынасы компаниялары үшін тең жағдайлар жасауы қажет.

Су көлігіндегі қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін ХТҰ қабылдаған конвенциялар талаптарына сәйкес теңіз көлігінде бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданатын болады. Атап айтқанда, Порттың теңіз әкімшілігін құру, навигациялық қауіпсіздікті күшейту, соның ішінде, Құрық портымен Жайық-Каспий арнасында кемелер қозғалысын басқарудың қосымша жүйелерін орнату болжануда.

Өзендегі кеме қатынасы Ертіс, Орал, Қиғаш, Есіл, Іле, өзендерінің бассейндерінде, Қапшағай су қоймасында және Балқаш көлінде жүзеге асырылады. Пайдаланылатын су жолдары учаскелерінің жалпы ұзақтығы 4108,5 км құрайды, соның ішінде 4040,5 км-де кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты іс-шаралар іске асырылады.

Ішкі су жолдары бойынша жүк тасымалдауды 659 кемесі бар жеке меншік кеме иелері жүзеге асырады, олардың 248 пайдаланылмайды және жөндеуді қажет етеді.

Өзен көлігі республиканың көлік жұмысының жалпы көлеміндегі үлес салмағы аз. 2014 жылда ішкі су көлігімен 1 294,6 мың тонна жүк тасымалданған, ол 2013 жылмен салыстырғанда 18,5 % ұлғайды (2012 жыл – 1273,5 мың тонна).
Темір жол саласы

Қазақстанның көлік жүйесінде теміржол көлігі жетекші рөлге ие. Тасымалдаудың қашықтығының алыс болуы, ТМД және Балтық елдерімен салыстырғанда жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың салыстырмалы түрдегі арзан тарифтері теміржол көлігін пайдаланушылар үшін неғұрлым қажетті етуде.

Қазақстан теміржолының пайдалану ұзындығы 14,8 мың км (оның ішінде екі жолды желілер – 4,9 мың км (34 %), электрлендірілген желілер –
4,1 мың км (28%), тығыздығы – 1000 шаршы км-ге 5,5 км, жүк тасымалдылығы – 21,8 млн. тонна-км құрайды.

Елдің жалпы жүк айналымы мен жолаушылар айналымындағы теміржол көлігінің үлесі шамамен 60 %-ды құрайды, бұл ретте барлық көлік түрлерімен тасымалдаудан түскен кірістердегі оның үлесі 20 % құрайды.

Жүк вагондары меншік иелерінің жүк вагондарын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге бағалық реттеудің болмауы жылжымалы құрамды жаңарту үшін қолайлы жағдай жасайды.

Парктің тозу деңгейі 2014 жылы 56,2% құрады (2012ж. - 63%; 2013ж.-61%).

Республикада облысаралық қатынастардағы теміржол жолаушылар тасымалын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша конкурстық негізде субсидиялардың бөлінуімен мемлекеттік және жеке меншік компаниялар жүзеге асырады.

Реттеудің қолданыстағы практикасына сәйкес қатынас түрі мен жүк тегіне байланысты тарифтер сараланған. Нәтижесінде тасымалдардан түсетін кірістер қатынастар түрімен және жүк тегімен айқындалатын нарық сегментіне байланысты ерекшеленеді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Қазақстан Республикасының нарығындағы жалғыз жүк тасымалдаушы болып табылады. Бұл ретте тасымалдауды жүзеге асыру үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Локомотив» АҚ, «Қазтеміртранс» АҚ жылжымалы құрамын, басқа да теміржол әкімшіліктерінің мүкәммалдық вагондары мен операторлық компаниялар вагондарының жеке паркін пайдаланады.
Автомобиль көлігі

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша Коммерциялық тасымалдаумен айналысатын дара кəсіпкерлердің тасымалдау көлемін бағалауды есепке алғанда, республика автокөлігімен 2014 жылы 3 128,5 млн. тонна жүк тасымалданды, 2013 жылмен салыстырғанда өсім 4,9 %-ды құрады (2012 жыл – 2 718,1 млн.тонна, 2011 жыл – 2 475,5 млн.тонна).

2014 жылда жүк айналымы 155,1 млрд. ткм құрады, 2012 жылмен салыстырғанда жүк айналымы өсім 6,8%-ды құрады.

2014 жылда 21 253,1 млн. жолаушы тасымалданды, 2013 жылмен салыстырғанда 6,4%-ға өсті (2012 жыл – 18 455,1 млн.адам, 2011 жыл – 16 619,6 млн.адам).

2014 жылда жолаушылар айналымы 215,2 млрд. ткм құрады, 2013 жылмен салыстырғанда 5,8%-ға өсті (2012 жыл – 183,4 млрд. пкм, 2011 жыл – 164,0 млрд. пкм). 2014 жылдың қорытындысы бойынша халықаралық қатынаста 6,3 млн. тонна жүк тасымалданды.

Тұрақты қатынаста 137 халықаралық және 254 аса облысаралық тұрақты жолаушылар маршруттары бар.

Автомобиль паркі жоғары тозумен сипатталады – қолдану мерзімі
12 жылдан асатын автокөлік құралдарының үлесі 70%-ды құрайды, соның ішінде 78%-ды автобустар және 60%-ды жүк автомобильдері құрайды.
1.2) Негізгі проблемаларды талдау

Транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту

Қазақстанның сатушы әріптестерінің халықаралық стандарттары мен жүйелері кейбір көлік инфрақұрылымының техникалық параметрлерімен үйлеспейтінінің себебі өңірлік интеграцияның жолында және сату-көлік жүйесін дамытуда едәуір кедергінің болуында.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында көлік-коммуникация жүйелерін орналастырудың теңгерімсіздігі, бірыңғай экономикалық кеңістігін дамытуына және тұрғындардың оңтайлы өсуіне кедергі етеді.

Жүк таситын тасымалдаудың маңызды келелі мәселелерді келесі топтарға бөлуге болады:



  1. инфрақұрылымдық шектеулер мен көшпелі составтың жетіспеушілігі;

  2. жүкті АКҚ (отыратын тягачтар) өндірудің жоқтығы;

  3. логистикалық сервистерінің төмен дәрежесі;

  4. экспедиторлық қызметінің жетілмегендігі;

  5. әкімшілік кедергілер.

Қазақстанның транзиттік және экономикалық әлеуетін іске асыруды, сондай-ақ экономикалық өсуді қамтамасыз етуді көлік-логистикалық жүйесінен негізгі халықаралық көлік дәліздеріне жоғары ықпалдастыруын, оның ішінде жүк ағының бөлінуі, жоғары жылдамдығы, уақытылы, тасымалдаудың қолжетімділігі және сенімділігі, сондай-ақ көлік қызметтердің пайдалануын ыңғайлығы үшін талап етеді.

Автожол саласында пайдаланудағы жол-пайдалану техникасының жоғары тозуы анықталуда; қалпына келтіру жұмыстарының жоғары капитал қажеттілігі, республикалық маңызы бар автожолдар желісін жеткіліксіз қаржыландыру және жолдар қызметінің жөндеуаралық мерзімдерінің сақталмауы, пайдаланудағы жолдардың төмен техникалық параметрлері (білікке түсетін салмақ есебі, санаттар және т.б.), 2 жолақ қозғалысты жолдарда авариялар мен өлімнің жоғары қауіптілігі, жергілікті бюджеттерден жеткіліксіз қаржыландыру салдарынан облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары дамуының төмен деңгейі, және 1 861 ауылдық елді-мекенге қатты жамылғысы бар кіреберіс автожолдардың жоқтығы.

Азаматтық авиация саласындағы негізгі проблемалар:

1) әуе кемелерін қабылдау-ұшыру үшін бірқатар өңірлік әуежайлардың ИКАО халықаралық стандарттарына сәйкес келмеуі;

2) авиакөлік инфрақұрылымының жердегі техникамен, жүк қоймаларымен және терминалдармен жарақтануының қажетті деңгейде болмауы;

3) авиация персоналының жетіспеушілігі болып табылады;

4) Қазақстан өңірлерінде авиакөлік қызметтерінің қол жетпеуі.

Азаматтық авиация саласы қалыптасуының бастапқы кезеңдегі әуежайлар инфрақұрылымын дамыту, мемлекеттік бюджеттен қаржылық қолдауды талап етеді.

Қазіргі таңда азаматтық авиациясы үшін ұшқыш құрамы кадрларының жетіспеушілігі пайда болды. Әскери ұшқыштар мен азаматтық авиация ұшқыштардың орта жастары 40-45 жастан артады, атап айтқанда әуе көлігін басқару үшін зейнеталды жас.

Азаматтық авиация мұқтаждығы үшін қажетті ұшу-кардлық потенциалын дайындау.

Су көлігі саласында порттық және қызмет көрсету инфрақұрылымының жеткіліксіз қуаты, білікті отандық мамандардың тапшылығы, кеме қатынасы шлюздерінің техникалық қауіпсіздіктің жеке талаптарына сәйкес келмеуі, сауда флотының жеткіліксіз саны, мемлекеттік техникалық флоттың тозғандығы байқалады.

Осыған байланысты теңіздегі сауда флотын дамыту, мемлекеттік техникалық өзен флотын ауыстыру, Шүлбі шлюзінің қорғаныш гидротехникалық құрылысты салу, кеме қозғалысы мен теңізде құтқару операцияларын басқарудың мамандандырылған жүйесін құру бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет.



Темір жол саласында негізгі құралдардың тозуын төмендету бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр (2012 ж. – 63%; 2013 ж. – 61%; 2014 ж. – 56,2%), сонымен бірге жолаушылар жылжымалы құрамының тапшылығын төмендету жұмысы жүргізіліп жатыр (2012 ж. – 120 бірлік; 2013 ж. – 148 бірлік; 2014 ж. – 159 бірлік). Бұдан басқа, сервистің төмен деңгейін жақсарту жұмысы жүргізілуде, сондай-ақ теміржол көлігін жаңарту мен дамытуды қаржыландырудың жеткіліксіздігі байқалады. Тариф белгілеудің қолданыстағы қағидаттары мен реттеу тетігі тасымалдаушының клиентке бағдарлануына жол бермейді. Елдің транзиттік әлеуетін барынша тиімді іске асыру қажет және теміржол желілерін дамытуға жаңа (жеке) субъектілерді тарту қажет, олар өз кезегінде көлік-коммуникация кешенінде бәсекелес ортаны құруға және көлік құралдары паркін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Автомобиль көлігі саласында инфрақұрылым объектілері мен көліктің қанағаттандырарлықсыз жағдайы, қауіпсіздік шараларына жеткіліксіз түрде тиімді бақылауды сақтау көліктегі қауіпсіздіктің қазіргі жағдайын күрделі ретінде анықтайды.

Жалпы заманға сай серіктік және телекоммуникациялық жүйелердің көмегімен жүк және жолаушылар тасымалдарының мониторингін толымды іске асыруға мүмкіндік беретін автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің жетілмегендігі байқалады.

Көліктегі апаттылық деңгейіне себерші болатын негізгі факторлар:

1) көлік процесіне қатысушылардың тәртібі мен біліктігінің төмендігі;

2) тасымалдарды ұйымдастырудың технологиялық процестерін сақтамау;

3) бақылау органдарының материалды-техникалық жабдықталуының жеткіліксіздігі;

4) көлік құралдарының қанағаттандырарлықсыз техникалық жағдайы мен тозуы.

Заң шығару деңгейінде тұрақты жолаушылар маршруттарындағы автобустарды жаңарту бойынша, сондай-ақ автокөлік саласында автоматтандыруды дамыту бойынша міндетті талартар енгізілген.

Басқа мәселе саны 100 адамнан асатын елді мекендерді тұрақты автобус қатынастарымен қамту болып табылады, 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша 78,5%-ды құраған (6 623 ауылды елді мекенге 5 200 бірлік).

Халықтың мобильділігін қамтамасыз ету мақсатында инфрақұрылым мен автомобиль жолдарын дамытуды ескере отырып, елді мекендерді тұрақты автобус қатынасымен толық (100%) қамтамасыз ету қажет.


1.3) Тәуекелдерді басқару

Мақсатқа қол жеткізуге ықпал ететін тәуекелдердің аты

Тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар

1

2

Сыртқы тәуекелдер

Геополитикалық тәуекелдер

Қазақстан Республикасы халықаларық көлік дәліздерінің дамуы бойынша халықаралық және өңірлік ұйымдардың белсенді өзара іс әрекеті осы тәуекелдің төмендеуіне әсер етеді

Бағалық тәуекелдер

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін дамыту.

Әуе тасымалдарының бәсекелес нарығын құру



Бұл тәуекелдердің төмендеуі мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін дамытуына байланысты;

Шығыс-Батыс бағытында көлік инфрақұрылымның және жаңа транзиттік маршруттарын құруы



Техногендік және экологиялық тәуекелдер

Осы қауіпті төмендету үшін озық техникалық және экологиялық регламенттер, стандарттар, көлік активтерінің модернизациясын енгізуді қажет етеді;

ТЖМ-мен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп Құтқару жұмыстары мен авариялық жағдайларды жоюды ұйымдастыру бойынша іс-қимыл жоспарын әзірлеу; «Облжолзертхана» РММ техникалық қамсыздануын ең жақсы халықаралық тәжірибелер негізінде жоғарылату;

Автожол саласын қабылданған техникалық шешімдердін өмірлік циклін мониторингтеу мүмкіндігімен басқару процессінің автоматтандыру;

Білім беру мемлекеттік бағдарламалары, оның ішінде «Болашақ» шеңберінде автожол саласындағы инновацияларды басқару бойынша мамандарды дайындау;

Ең жақсы халықаралық тәжірибелер негізінде «Облжолзертхана» РММ-нің техникалық қамсыздануын жоғарылату.


Әлеуметтік тәуекелдер

Қоғамдық қабылдауды диагностикалау жүйесін енгізу: жолдардың көлік-пайдалану жағдайының сапасы, жол-құрылыс жұмыстарының сапасы.

Теңіз көлігіндегі бағалық тәуекелдер

Теңіз тасымалдарының бәсекелестік нарығын құру

Ішкі тәуекелдер

Жоғарғы пайдаланушылық жүктеудің салдарынан көлік инфрақұрылымының өндірістік қуатының төмендеу қаупі

Темір жол жылжымалы құрамын алу;

Сауда флотын құрғақ жүк кемелерімен, паромдармен және танкерлермен толықтыру;

ИКАО (қауіпсіздікті күшейту) категориялы әуежайлардың санын көбейту




жүктеу 1,01 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау