Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің


-бөлім. Аяны/саланы дамытудың басым бағыттары



жүктеу 1,01 Mb.
бет4/10
Дата09.01.2020
өлшемі1,01 Mb.
#26116
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

3-бөлім. Аяны/саланы дамытудың басым бағыттары


1-Стратегиялық бағыт. Елдің индустриалдық-инновациялық дамуы үшін жағдайлар жасау, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ғарыш инфрақұрылымын дамыту

Өнеркәсіп салаларын дамыту және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау

Қара металлургияны дамыту

Қара металлургияны дамыту болат алу үшін жоғары сапалы шикізат өндірісі, ферроқорытудың жаңа түрлерінің өндірісі, болаттың жаңа түрлерінің өндірісі және жоғарылегирленген болаттың түрлерін кеңейту бойынша басым бағыттарды іске асыруға бағытталатын болады.



Шаралар: өндіріс көлемін және өнімнің қосымша құнын ұлғайтуға, сонымен қатар қоршаған ортаға кері әсерлерін төмендетуге бағытталған, жалпы инвестициялық көлемі 400 млрд. теңгеден асатын ірі инвестициялық жобалар бизнес құрылымның ұсыныстарына сәйкес іске асырылатын болады.
Түсті металлургияны дамыту

Елдің түсті металлургиясын дамыту базалық металдар (мыс, алтын, титан, алюминий) өндіруді кеңейтуге, бұйым өндірісінің (илектер, сымдар, бейіндер мен қорытпалар, фольгалар, зергерлік бұйымдар, аралас салалар үшін бұйымдар) көлемін ұлғайтуға бағытталатын болады.



Шаралар: бизнес құрылымның ұсыныстарына сәйкес инвеситициялық көлемі 800 млрд теңге болатын ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылатын болады. Жылдық қуаты 6 мың тонна титан құймаларын және 15 мың тонна ильменитті шоғыр өндіретін өндіріс құру бойынша инвестициялық жобалар іске асырылатын болады.

Қазақстанда бұрын өндірілген никел өндірісі, кобальт-никел кенінің «Горностаевск» кенорнында қуаты 40 мың тонна тауарлы ферроникел өндіретін металлургиялық комбинаттың құрылысы бойынша мәселелер пысықталуда.


Машина жасау

1. Автокөлік құралдарын, олардың бөлшектерін, жабдықтарын және қозғалтқыштарын өндіру.

Басымды бағыт – автокөлік құралдарын, олардың бөлшектерін және қозғалтқыштарын өндіру – Қазақстандағы машина жасаудың жалпы көлемінде елеулі үлес алатын экономиканың жаңа индустриясы.

Қазақстан Республикасы автомобиль өнеркәсібінің ары қарай даму стратегиясы отандық компаниялардың General Motors, Hyundai, Kia, Peugeot, Renault-Nissan-Avtovaz, Skoda, Toyota, Iveco секілді әлем көшбасшыларымен ынтымақтастығында негізденеді. Бұл стратегия Қазақстанға қысқа мерзімде технологиялық қалуды, келешекте ғаламдық автомобиль экожүйесіне енуге көмек беретін құзыреттілікті шұғыл өсіруді орындауға көмек береді.

Шаралар:

- автомобильдердің ірі сериялы өндірісіне бағытталған жобаларға қолдау көрсету;

- өзіндік автоқұрауыштық базаны құру;

- ішкі сұранысқа дем беру;

- шикізат емес тауарларын сату нарығын кеңейту;

- техникалық реттемелеу инфрақұрылымын құру; ішкі нарықтағы тауарлардың қауіпсіздігі мен сапасын арттыруға бағытталған техникалық реттемелеу жүйесін жетілдіру және мақсатты экспорт нарығындағы техникалық тосқауылды жеңіп өту; кешенді кәдеге жарату жүйесінің құрылуын ынталандыру;

- автомобиль өнеркәсібі секторын білікті кадрлармен қамтамасыз ету.

2. Электр машиналарын және электр жабдықтарын өндіру.

Басымды бағыт - Сектор өндірісі өнімінің ішкі нарығы 3,5 млрд. АҚШ долларын құрайды, оның ішінде 2,9 млрд. АҚШ доллары импортқа қатысты. Ішкі нарықтың және басымды тауар топтары бойынша макроөңірлер нарықтарының импорттық сыйымдылығы 1 млрд. АҚШ долларын және сәйкесінше 38 млрд. АҚШ долларын құрайды.



Шаралар:

- еңбек өнімділігін арттыру;

- шикізаттық емес тауарларды сатуға арналған нарықтарды кеңейту;

- қазіргі бар кәсіпорындардың қуаттылығын модернизациялау;

- ішкі нарықта өнімнің қауіпсіздігін және сапасын арттыруға бағытталған техникалық реттемелеу жүйесін жетілдіру және мақсатты экспорттық нарықтардағы техникалық кедергілерді еңсеру;

- қаржылық қорлардың қолжетімділігін арттыру;

- жаңа өндірістер пайда болуы үшін жағдай жасау; технологиялар және ҒЗТҚЖ трансфефтін қолдау.

3. Ауыл шаруашылық техникасының өндiрiсi

Қазақстандағы ауыл шаруашылық техникасының машина жасау өнiмiне деген сұраныс импорт (80%-ға) есебiнен басымды түрде анағтандырылады. Қазақстанда ауыл шаруашылық техникасының едәуiр ескiру деңгейiмен (80%-ға дейiн) сипатталатын ауыл шаруашылық техникасына деген жоғары жасырын сұраныс бар.

Агроөнеркәсiп кешенiне (бұдан әрi - АӨК) жаңа технологияларды енгiзу ауыл шаруашылық машиналарының жаңа түрлерiнiң өндiрiсн дамытуға алып келедi. Агротехникаға сұранысты мемлекеттiк қолдау және сатып алушыларды жеiлдiктi қаржыландыру жүзеге асырылады.

Шаралар:

- iшкi сұранысты ынталандыру;

- ауыл шаруашылық техникасын сатып алу кезiнде ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердi субсидиялау механизмдерiн жетiлдiру; ауыл шаруашылық техникасының өзiндiк өндiрiсiнiң көлемiн жабдықтаудың жалпы көлемiнде 30%-ғажеткiзу;

- жоғары өнiмдi бәсекеге қабiлеттi өндiрстердi дамытуды ынталандыру;

- Қазақстанда сатылы оқшауландырумен ауыл шаруашылық техникасының бiрлескен өндiрiсiн құру үшiн шетелдiк инвесторларды тарту;

- бар кәсiпорындардың қуаттылығын модернизациялау; өнiмдiлiктi арттыру.



4. Темiржол техникасының өндiрiсi

Қазақстан iрi вагон және локомотив парктерiбар және темiржол техникасының бәсекеге қабiлеттi өндiрiсiн дамытудың маңызды келешегi бар елдердiң ондығына кiредi. Темiржол техникасын басымды түрде КО және ТМД елдерiнiң аумағына экспорттау бұл сектордың ерекшелiгi болып табылады.



Шаралар:

- iшкі нарықта өнiм сапсын және қауiпсiздiктi арттыруға бағытталған техникалық реттемелеу жүйесiн жетiлдiру және мақсатты экспорттық нарықтағы техникалық кедергiлердi жеңу;

- халықаралық талаптарды есекеала отырып темiржолдық машина жасау стандарттарын үйлестiру;

- шикiзаттық емес тауарларды сатуға арналған нарықты кеңейту;

- жылжымалы құрамға арналған жоғары технологиялық бұйымдардың жекелеген түрлерiнiң жаңа өндiрiстерiн құру;

- негiзгi құрауыштар мен керек-жарақтардың жабдықтаушыларын дамыту; қаржылық қорлардың қолжетiмдiлiгiн арттыру.



5. Тау-кен өндiрiсi өнеркәсiбiне арналған машиналар мен жабдықтардың өндiрiсi

Қатты пайдалы қазбалардың негiзгi түрлерiнiң қоры және деңгейi бойынша Қазақстан минералдық-шикiзаттық базасы дамыған елдiң бiрiншi ондығына кiредi. Импорттық жабдықты жөндеу жұмыстарын жүргізуде, бар кәсіпорындардың керек-жарақ және қосалқы бөлшектердің өндірісінде, тау-металлургия кешенінің (бұдан әрі – ТКМ) бар кәсіпорындарын жоспарланған модернизациялау ж»не жаңа кен орындарын пайдалануға беру нәтижесінде қазақстандық тау-кен өндіру компанияларының сұранысы өсуде.



Шаралар:

- жаңа жоғары технологиялық өндiрiстер құру;

- бар кәсiпорындардың өндiрiсiн модернизациялау және қор сыйымдылығын төмендету;

- әртараптандыруды ынталандыру және нарықта сұранысқа ие өнiмдi шығару;

- iшкі нарықта өнiм сапсын және қауiпсiздiктi арттыруға бағытталған техникалық реттемелеу жүйесiн жетiлдiру және мақсатты экспорттық нарықтағы техникалық кедергiлердi жеңу; технологиялар және ҒЗТҚЖ трансфертін қолдау, офсеттік саясат.


жүктеу 1,01 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау