9
фонетикалық, грамматикалық заңдары жайында балабақша жасынан түсінік
беру тіптен көзделмейді.
1. Балалардың тілді қабылдау ерекшеліктері
Арнайы зерттеулер екі тілді қатарынан жастайынан үйренген баланың
психикасында ешқандай тежелістер болмайтындығын дәлеледеп отыр. Қайта
мұндай жеткіншектердің тіл ерекшеліктерін жақсы аңғаратындықтары, тіл
қатынасына ерекше дайындықпен жауапты қарайтындықтары, еске сақтау,
ойланып, дәл сөйлеуге қабілетті келетіндіктері байқалды. Қос тілді отбасында
бала тілді еркін қабылдап жаттығады, ал айналасындағылар орыс тілінде
сөйлеп тұрса, балада мемлекеттік қазақ тілін үйренуіне қажеттілік болмайды.
Сондықтан қазақ тіліне үйрету арнайы оқыту үдерісінде баланың ана тілінде
сөйлеу тілінің жақсы қалыптасқанынан кейін басталады.
Сөйлеу тілінің әдеби түрі жазба әдеби тілінен қоректенеді. Ал балабақша
балаларының жазу және оқу мүмкіндіктерінің болмауы себепті сөйлеу тілі
қалай да біршама қарапайым формада, яғни қысқаша берілген сұраққа түсініп,
жауап беру түрінде болатындығы балабақша жасындағы бала тілінің табиғи
ерекшеліктері.
Қазақ тілі тарихында жазба әдеби тіл жасалмай тұрып-ақ, ауызша тіл
қаншама бай, көркем, шешен тіл болғаны белгілі. Беттесіп сөйлеуде бола
беретін психологиялық күй, интонациялық, тағы да басқа сөз бедерлерін жазба
әдебиетте дәл сол қалпында қағазға түсіру оңай емес. Бұл жағынан алғанда
ауызекі сөйлеу тілінде артықшылық бар, яғни өз ойын жеткізуде тілі жетпей
жатқан бала ым-ишаратпен, іс-әрекетімен айтайын дегенін қайтсе де
түсіндіруге тырысады. Шетел зерттеушілерінің пайымдауынша, 3 жаста
баланың екі тілде сөйлеуі жиі болмайтын жағдай. Кейбір балабақшаларда
оқытуды 3 жастан бастап жүргенмен, әрі осы жаста баланың тілді үйренуі
жедел қарқында көрінгенімен, олар жекелеген сөздерді жатқа ғана білетін және
ұғатын болады. Қазақ тілін дұрыс тілдік жүйесімен, тиімді дидактикалық
материалдарымен, баланың тілді қабылдау қабілеттерін есепке ала үйрету
маңызды болып шығады. Ана тіліне қосақтап екінші тілді тиімсіз жағдайда
оқытуды Ж. Аймауытов баланы жайдақ атқа теріс отырғызып жібергенмен
бірдей екендігін кезінде тегін айтпаған. Екінші тілдің қабылдануында еске
ұстайтын ұстанымдар да баршылық. Солардың ішінен қазақ тілін оқытуға
қонымдысын ескеруіміз керек.
Заманымыздың беделді педагогы әрі психологы Ш.А. Амонашвили
балаларды екінші тілде ауызша сөйлеуге үйрету әдістемесін жасауда үш
ұстанымға сүйенуді дұрыс деп есептейді. «Біріншіден,–дейді ғалым, -
балалардың бойында басқа тілді үйренудің ешқандай қиындығы жоқ деген
түсінікті қалыптастыру керек. Үлкен адамдар орыс тілінде қате жіберіп
сөйлеуден ұялады, ал менің балаларымда ондай қорқыныш болмауы керек.
Олар тіпті ыммен немесе ана тіліндегі сөздерді қосып сөйлесіп, қателессе де
болады. Ең негізгісі–оларды сол тілде бір-біріне тіл қатуға, тілді түсінуге
бағыттау. Менің оларды орыс тілін меңгеру процесіне жасайтын басшылығым
10
тіпті сезілмейтін болады, өйткені мен арнайы түрде ұйымдастырылатын
сөйлесу, бір-біріне тіл қату ситуацияларына өзім араласып отырамын» [10].
Ш. А. Амонашвилидің тіл үйретуде ұстанған екінші ұстанымы – балалар
бойына қысқа мерзім аралығында үйреніп отырған тілде бір-бірін түсінетіндей,
тіпті өзара сөйлесе алатындай сезім-сенімдер туғызу ұстанымы. Баланың
күшіне, өз қабілетіне деген шынайы сенімді қалай қалыптастыратындығы
жайлы психолог ғалым былай деп түсіндіреді: «Бала маған ол тілде бір
нәрселерді айтпақ болғанын сезіп, мен оған басымды изеймін. Егер оларға
ертегі немесе тақпақтар оқып отырсам, олардың мазмұнын сөздердің көмегімен
ғана емес, экспрессияның әсерімен түсінікті ете түсуді ойластырамын. Жаңа
сөздер мен сөз тіркестерін анық естілетіндей ашық дауыспен жеткіземін».
Зерттеушінің еңбегінде ұсынатын үшінші басты ұстанымы – балаларға
тілді тез меңгерту үшін тілдік қатынасқа негізделген ситуациялық жағдайлар
туғызу. «Бала тілді бөлшектеп үйренбеуі керек,–деп атап көрсетеді ғалым, – тіл
әр уақыт бір тұтастықта, баю, жетілу тұрғысында қабылдануы тиіс. Мұндай
тұтас қабылдауды мен «тілді сезіну» деп атаймын. Балалардың өзге тілді өте
жоғары дәрежеде қабылдауына педагогпен немесе өзара тілдік қарым-
қатынасқа түсіретін жағдайлар, сол сияқты ерекше ұйымдастырылған тілдік
әрекеттер қатты әсерін тигізеді».
Сонымен, республикамыздың орыс тілінде оқытып, тәрбиелейтін
балабақшалардағы бүлдіршіндерді мемлекеттік тілге үйрету ісінде басты орын
олардың ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға берілуі керек. Балалардың
бірнеше көркем шығармаларды, сөйлем құрылымдарын жатқа білуі оның сол
тілде сөйлеуінің көрінісі бола алмайды. Сөз қорын дамыту, грамматикалық
дағдыларды дамыту, дыбыстық мәдениетке баулу – барлығы да баланың сол
тілде байланыстырып сөйлей білу қабілеттерін қалыптастыруға ыңғайластырып
алған жағдайда ғана баланың ауызекі сөйлеу тілі қалыптасады.
Ситуациялық әрекет кезінде бала әңгімеге қызығып, бір-екі сөз айтып та
жатады. Бала ситуацияға қатысты ең маңызды, қажетті сөзді атаған болса, оны
құптап отыру керек. Әңгімеге осылайша бір сөзбен қатысып, баланың ойын
жеткізуін байланыстырып сөйлеудің ең кішкене бөлшегі деп алуымызға
болады. Академик Л. В. Шербаның пайымдауынша , «сөйлеу тілінің қысқа
бөліктері деп бірнеше сөздер тобын айтамыз». Ондай бөліктерді ол
«синтагмалар» деп атаған.
Ана тілін жетік білмейтін балаларды қазақ тілінде ауызша сөйлеуге
үйретуде қысқа синтагмалар («Күншуақ» бағдарламасы бойынша) алғашқы
сабақтардан-ақ беріледі. Ал қазақша түсініп сөйлесетін балалар тобында ондай
синтагмалар үш-төрт жасынан қалыптасқан. Мысалы, «Бұл кім?», «Бұл –
Мұрат.», «Тыңдап тұрған кім?», «Тыңдап тұрған – Мұрат.» Қазақ тілін алғаш
рет үйрету жүйесінде, яғни таза орыс тілді топтарда, қарым-қатынасқа түсіретін
қысқа синтагмалар үшінші, төртінші сабақтарда амандасу, танысуға үйрету,
«Не бар, не жоқ?» ойынын ойнату кезеңдерінде, «А» тобындағы балалар
(қазақша түсінбейтіндер) «Ә» тобындағылардың (қазақша сөйлейтіндерінің)
ықпалымен «Сәлемет пе, сәлеметсіз бе», «Апай, сау болыңыз», «Қуыршақ бар,
доп жоқ» деген қысқа сөйлем үлгілері түрінде беріледі. Дегенмен, мұндай
Достарыңызбен бөлісу: |