30
жалпылау дәрежесінде үйренілуіне бағытталуы тиіс. Өйтпейінше сөздің
дыбыстық құрылымын ғана есте сақтауды емес, сөздің лексикалық мағынасын
толық түсінуді талап ететін тіл үйрену заңдылығы бұзылады [40].
Жинақтап айтқанда, сезімдік қабылдауларына сүйене келе, тәрбиешілер
қазақ тілін екінші тіл ретінде үйреніп отырған балалардың сөздің жалпы
мағынасын түсінуіне (жалпылаудың бірінші дәрежесі-зат атауларын) қол
жеткізеді, затты қарастыру кезінде дидактикалық ойындар арқылы оны
қолымен ұстап немесе қозғалтып байқап, тыңдап, иіскеп, дәмін сезіп көру
арқылы түрлі сөз тұлғаларын қабылдайтын болады. Тіл үйретуші үлкеннің
сөздік әдісінде әңгімелесуді, мазмұндауды бастапқыда және ара-тұра орыс
тілінде жеткізуі, біртіндеп әңгімені қазақ тілінде естіп, айтылғанды балалар
сезіммен қабылдай бастағанда қазақ тілінде қолдануы тиімді болмақ. Әр
тақырыпқа сәйкес өлеңді, ұйқасты мәтіндерді (қосымшада) бой сергіту,
фонетикалық тіл жаттықтыру мақсатында қолданып отыру қазақ тілінің
балаларға
лирикалық
әуезді
үлгілерін
қабылдата
түседі.
Көркем
шығармалардың кейбір түрлерін 3 жастан бастап дыбыстарды анық айтқызуға
қолдансақ, 5 жастан сөздер мен сөз тіркестерін бекітуге және өздеріне таныс
сөйленімдік элементтері көп көркем мәтіндерді түсініп қабылдатуға болады.
4. Балаларды көркем сөзге мәтінді мәнерлеп айтқызу арқылы баулу
Егер лексикалық және грамматикалық бірліктерді түсінумен қатар балада
олардың мәнерлігіне бейімділік пайда болса, онда ол ана тілін де, басқа тілді де
жақсы меңгере бастайды.
Грамматикалық және лексикалық мағыналарды меңгере отырып, балалар
сөйлеуге қатысты алғанда сыртқы дүние тілде қалай бейнеленетінін (іштей сезу
арқылы) өз сөзінде, ал мәнерлеп сөйлеу әдістерін үйрене отырып, балалар
әуезді тіл адамның ішкі дүниесінде қалай бейнеленетінін, адам болмысқа өз
сезімін, өз бағасын қалай білдіретінін көркем сөзде (бұл да ішкі сезім арқылы)
сезінеді.
Тәрбиеші өзінің сөйлеу мәдениетін жетілдіруге іздене отырып, ең алдымен
оның компоненттеріне — лексикасына, грамматикасына, фонетикасына, сөйлеу
тілінің синонимдік жағынан бай болуына назар аударуы керек. Ол — тілде
мұндай лексикалық қосымшалардың не үшін көп болатындығын, олардың
қандай мағыналық және эмоциялық белгілермен ерекшеленетіндігін, өз сөзінде
қай кезде қолдану керектігін анықтап алуға тиіс. Ол кәсіби мамандығына
сөздікті үнемі пайдалану қажеттілігін қалыптастыруы керек. Сөйлеу
мәдениетін көтеруге талпынған тәрбиеші морфологиянын, синонимдердің
мәнерлі болуын есте ұстағаны жөн, сондай-ақ өзінің сөзінде синоним, синоним-
жалғаулардың, синоним-сөздердің, жай және күрделі сөйлемдер құрылысына
синонимдерінің барлық байлығын қолдануға тырысуы қажет.
Ана тілінің синонимдерін білу болашақ педагогтерге өзінің тілін
жақсартуға ғана көмектеспейді, сонымен бірге балаларды тілге үйретудің жеңіл
және өте тиімді тәсілін бойына сіңіреді: Егер бала әлдебір грамматикалық
форманы түсінбесе, онда оған тиісті синонимді айта қойса (әрине, орта және
ересек топтарда) бәрі түсінікті болады.
31
Тіл мәдениетінің бірден-бір компоненті – тіл мәнері, яғни интонация.
Интонацияның негізгі тәсілдеріне, біріншіден, логикалық екпін, екіншіден,
дауыс темпі (дауыс шапшаңдығы), үшіншіден, ритм (дауыс ырғағы).
жатқызылады.
1. Төмендегі мысалдардан интонацияның негізгі тәсілдері бойынша бір
сөздің негізгі мағынасын аңғартуға логикалық екпіннің қандай рөл атқарып
тұрғанын аңғару қиын емес. «Ақ түс» өлеңін жаттатуға даярлайық:
Аппақ, аппақ, бәрі аппақ,
Ақ қар аппақ, бор аппақ.
Ақ бұлт, қырау, мақта аппақ,
Ақ сүт, айран, қант аппақ.
(Е. Өтетілеуов)
Логикалық екпін бастапқы екі жолда «аппақ» сөзіне, ал соңғы жолдарда
санамаланып айтылатын бірыңғай мүшелерге (зат есімдерге) түсіп, ақ түстің
қайсыларына қатысты екендігін даралап көрсетеді. Осылайша логикалық екпін
сөйлемдегі мағынасы басым сөзге түсіп, айқындап тұрады. Логикалық екпінде
дауыс жоғарылап барады да, дауыс әуеннің жылдамдығы күшейіп, сөйлем
аяқтарда бәсеңдеп барып бітеді. Логикалық екпінді анықтау үшін контекстегі
сөйлемнің бағытына, ойдың неге қаратылғанына қарау керек. Сөйлемдегі сөз
төркініне, нені айтпақшы, нені түсіндірмекші, соны білу қажет. Жай
сөйлемдерде екпін бір-ақ жерде кездессе, құрмалас сөйлемдерде логикалық
екпін біреу емес, бірнеше болуы мүмкін.
Дауыстың логикалық және бейнелеу эмоциялық мәнерлігі дауыс
жылдамдығы мен төмендеуін айқындауда үлкен қызмет атқарады, яғни дауыс
жылдамдығы дауыс қарқыны болып саналады.
Добым, добым, домалақ,
Бара жатсың домалап,
Зымырайсың, қутыңдайсың,
Бірақ менен құтылмайсың.
Бұл өлеңнің айтылуында тездік, жылдамдық басым. Кідіріс (пауза) пен
екпін дауыс жылдамдығы мен бәсеңдеуіне байланысты оқылады. Дауыс
қарқыны (темпі) көркем шығармалардың идеялық-эмоциялық мазмұнына, сол
шығармалардағы образдардың ұнамды, ұнамсыз болып келуіне және олардың
іс-әрекеттеріне қарай әр түрлі шапшаңдықта өзгеріп отырады. Көркем
шығармалардан алынған үзінділердің оншалық қажет емес орындары жылдам
оқылады да, оқиғаның шарықтау шегі өте жай, бәсең оқылады.
Шығармалардағы кейіпкерлердің іс-әрекеттерін көрсету үшін кейіпкерлердің
ерекшеліктеріне байланысты түрде оқылады. Мысалы, И. Крыловтың “Есек
пен бұлбұл” мысалындағы есектің дөрекілік, осалдық қасиеттерін беру үшін
есектің өзі біршама жай оқылады. Мысалдағы бұлбұл әні әр түрлі ойды
жеткізуіне қарай әр түрлі қарқында оқылады.
2. Мәнерлі оқудың бейнелеу тәсілдері дауыс қарқынының өзгеруіне үлкен
әсер етеді. Олар мыналар:
Достарыңызбен бөлісу: |