Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 1,48 Mb.
Pdf просмотр
бет8/57
Дата19.11.2018
өлшемі1,48 Mb.
#21482
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   57

 
17 
құрылысын тиімді әдіс-тәсілдермен қабылдатуда білікті болу үйретушіге тілдік 
мақсатты толық жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 
Қазақ  тіліне  оқыту  жұмысын  ойдағыдай  жүргізу  үшін  балалардың  жас 
ерекшіліктері  мен  жеке  ерекшеліктерін,  әрқайсысының  зейін,  қабылдау,  еске 
сақтау,  ойлау,  қиялдау  ерекшеліктерін,  сезім,  ерік,  пен  жеке  дарындылық 
қасиеттерін жақсы біліп алу керек. Қай жастағы бала болмасын зейіні тұрақсыз, 
олардың кейбірінің сабақ үстінде әсерленуі күшті, ой бөлісу қабілеті тіпті жоқ 
десе  де  болады,  сондықтан  қазақ  тілінің  жекелеген  сөздеріне  қатысты  тірек-
сызбаларды  дұрыс  іріктеу,  олардың  әрбірін  мәніне  қарата  балаларға  ажырата 
қолдануды  әдетке  айналдыру  тиісті  нәтижеге  қол  жеткізеді.  Әңгіме  оқығанда, 
тақпақ  жаттағанда  әрдайым  қолданылып  келген  сызбаларды  баланың  өздері 
танып,  зейінін  тұрақтандыруы,  олардың  тіл  үйренуге  деген  құлшыныстарын 
арттыра түседі.  
Естиярлар  мен  ересек  балалар  топтарында  тірек-сызбалармен  қатар 
үйретіліп  отырған  шығарма  сөздеріне,  персонаждарына  қатысты  бояуы  қанық 
тартымды  салынған  суреттер  беріледі.  Ал  мектепке  даярлық  тобында  тақпақ 
мәтіні  жартылай  сурет  арқылы,  жартылай  сөз  арқылы,  күрделендіре  отырып, 
сөз  сызбаларын  ұсынуға  болады  [4-қосымша].  Әрине,  қазақ  баласына,  өз  ана 
тілінде  тәрбиеленетін  балаға  бұл  әдіс  қиын  емес,  оларға  грамматикалық 
жағынан  күрделі  формалы  сөздердің  негізіне  және  оған  жалғанатын 
қосымшасына  назар  аударту  үшін  ғана  осы  әдісті  қолдану  тиімді.  Жалпы  қай 
ұлт  баласына  болмасын  сөздің,  не  тіркестің  мән-мағынасын  қабылдатуда, 
балаларды  қазақша  білім  алуға  дағдыландыруда  оқыту  тәсілдерін  түрлендіре 
пайдаланған жөн. Мұндай кезде мектепке дейінгі шақтағы балалар бойындағы 
бейнелілік,  нақтылық,  аса  сезімталдық  сияқты  ерекшеліктердің  қабылдау  мен 
ойлау ерекшеліктеріне сәйкес келу жағы қадағаланғаны дұрыс. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
18 
ІІ ТАРАУ 
СӨЗДІК ҚОРДЫ ДАМЫТУ 
 
«1-1,5  жас  аралығында  баланың  сөздік  қоры  30-40  шамасында  болады. 
Екі  жасқа  аяқ  басқанда,  Абай  атамыз  айтқандай,  жылтыраған,  шықылдаған 
ойыншықтарға,  заттарға  көңіл  аударып,  зат,  ойыншық  аттарын  өздігінен  атай 
бастайды. Екі-үш сөзден сөйлемшелер құрап, есімдіктермен  мынау, анау, мен, 
сен, қалай, кім, не, т.б., сын есімдермен үлкен, кішкентай, т.б., домалақ, ұзын, 
әдемі,  жаман,  т.б.  жаңа  да  талпынып  айта  бастаған  сөздерінде  дыбыстық, 
грамматикалық  қателер  жібереді.  Бұл  кезеңдегі  қателерге  назар  аударылмай, 
баланың сөздік қорын сан жағынан молайтуға назар салынуы керек. Қойылған 
сұраққа  сәбидің  бірден  жауап  беруге    талаптануы  осы  кезде  баламен  сөздік 
жұмысын  суреттер  арқылы  да  дамытуын  қажет  етеді,  бала  сөздігі  300-400-ге 
жетеді. Ал үш жасында бала өз атынан сөйлеуге (Мынау менің... Маған қарашы 
көзім  қандай,  қолым  қандай?),  өзінің  жақсы  көретін  ойыншықтары,  үй 
жануарлары, олардың төлдері жайлы жақсы көру сөздерін сезім білдіре айтуды 
(«Бөпені  уату»,  «Қуырмаш»  ермек  тақпақтар)  ұнатады.  Ана  тілін  сезіммен 
қабылдау,  өзге  тілдің  құрылымдық  ерекшеліктерін,  айтылу  әуезін  сезіну,  оны 
қабылдау  дағдыларының  қалыптасуы  2,5-3  жас  аралығында  айқын  көрініс 
береді.  4-5  сөзден  тұратын  сәби  сұрақтарын  бұл  кезде  жауапсыз  қалдырмау 
керек.  Сәбилермен  сөйлесе  бастау  кезеңі  3  жаста  оның  диалогты  сөйлеу  тілі 
негіздерін құрайды» [26]. 
2-3 жастағы сәбилерге тән психологиялық табиғи ерекшеліктерді ескеріп, 
ата-аналар,  педагогтер  қауымы  сөздік—альбомды,  «Тілашарды»  [27]  дұрыс 
пайдаланса,  сәби  тілінің  белсенді  сөз  қоры  арта  түспек.  «Суреттi  сөздiкте» 
берілген суреттер баланың жақыннан танитын ойыншықтары, заттары; көшеде, 
аулада көргенде қызықтыратын құбылыстарды, жанды-жансыз қарекет иелерін 
аңғарта  таныстыратын,  өз  елінің  ерекше  тұрмыстық  ерекшеліктерін  білдіретін 
тақырыптарды қамтыды.  
Екі  жастағы  бала  тәрбиешіні  тыңдайды  да,  жаңа  сөздерін  іштей,  не 
бірлесе  қайталай  қабылдап,  ойыншықпен  ойнайды.  Кейін  өзі  ойыншыққа 
жақындап  бұл  сөздерді  өзі  қайталауға  талпынады.  Ойнау  кезінде  бала  ол 
сөздердің  жалпы мағынасын  (мысалы, жүн, жұмсақ) ұғады, бұл сөздер,  иттың 
ғана  емес,  әтештің,  аттың  тағы  басқа  жануар,  хайуанат,  құстардағы  терінің 
түгінде  кездесетінін  түсінетін  болады.  Еліктеу  әдісі  бұдан  гөрі  ересек 
балаларды  тілге  үйрету  кезінде  кез  келген  ойын  үстінде  пайдаланылады. 
Заттармен  ойын  ойнау  кезінде  балалар  оларды  бір  орыннан  екінші  орынға 
ауыстырады, лақтырады, көрсетеді, итереді, шұқылап егеді, бұрайды, заттарды 
бақылайды  және  олардын  сапасын,  қимылын  атайды.  Мұнда  да  тәрбиешінің 
баламен  дұрыс  сөйлесуі,  интонациямен  бала  игеретін  жаңа  сөздерді  бөліп 
айтуы үлкен рөл атқарады. 
Балалар  кейбір  түсінбей  қалған  сөздерін,  ауыр  тиетін  грамматикалық 
формаларды  меңгеруі,  толық  мағлұмат  алуы  арнайы  сөздік  қорды    дамыту 
сабақтарында жүзеге асырылады. 


 
19 
4  жасқа  қараған    бала  әрекетінде  тілді,  сөйлеуді  меңгеруде  мазмұндық 
және құрылымдық-формалық бағыт айқын байқалады. Балалардың  осы кезеңде 
өздігінен  сөз  шығарғыштық  белсенділігі  басым  болуына  байланысты  оларға 
сөздің  мағыналық  және  формалық  құрылысы  туралы  нақты  білім  берілу 
көзделеді. Заттарды жеке-жеке аталымдарымен қоса, жалпы аталымы болатыны 
кей сөздердің дерексіз, белгісіз нысандарды да белгілі бір сөздермен берілетіні 
балаға  біртіндеп  түсіндіріледі.  Осындай  жас  ерекшеліктеріне  қарай  тіл 
жетілісін ескеріп, балалармен сөздік жұмысын жүргізу әдістерін білу керек. 
 
1. Сөздік қор туралы түсінік.  
Кез келген тілдегі сөздік қор өзінің ішкі құрылымы және қарым-қатынасы 
жағынан  белгілі  бір  жүйе  құрайды.  Сөздердің  жүйесін  үшке  бөліп 
қарастырамыз: біріншісі – сөздердің шығу тегіне қарай – түбір сөздер, туынды, 
біріккен,  тіркескен,  т.б.  әр  түрлі  сөздер  болып  келуі,  екіншісі  -  сөздердің 
қолданылу  орындарына  қарай,  яғни  байырғы  сөздер,  кірме  сөздер, 
неологизмдер,  историзмдер,  қарапайым  тұрмыстық  сөздер,  терминдер,  әдеби 
қолданыстар, т.б.; үшіншісі – сөздердің стильдік мәніне қарай топталуы ауызекі 
сөйлеуі тілі, кітаби -жазба тілі қолданыстары [28]. 
Сөздердің  басым  бөлігі  көп  мағыналы  болады.  Жүйелілік  қатынастары 
жағынан  топтастырғанда  олардың  көп  мағыналы  түрлерімен  қатар,  сөз  тудыру 
формаларына  негіз  болатын  ұя  сөздер,  тақырыптық  сөздер,  синонимиялық  
қатарлар, антонимдес, т.б. сөздер деп бөле беруге болады. 
Негізгі  сөздік  қорға  жалпы  сөз  жиынтығынан  кез  келген  уақытта  ең  жиі 
қолданылатын  сөздер  жатқызылады.  Қарапайым  сөйлеу  тілі  негізгі  қордағы 
сөздерсіз  қалыптаспайды.  Негізгі  сөздік  қорға  жататын  сөздер  жалпыға  бірдей 
түсінікті,  қолданымдық  жиілілігі  басым,  оларды  қолданушыларға  қажеттілігі 
басым сөздер. Оқыту мақсатына қарай әр сабақта айналаға кеңінен таныс сөздер 
алдымен алынады. 
Балабақшаның  ересек  және  мектепке  даярлық  топ  балаларына  (5-7жас) 
ыңғайластырылып  құрылған  сөздік  минимум  тілдік  бірліктер  ретінде  тілдік 
әрекеттерге  бастайтындай  етіп  берілген.  Балалардың  тілдік  әрекетінің  көрінісі 
олардың  өздігінен  сөзге  араласуынан,  яғни  қазақ  тілінде  сөйлеуінен  көрінеді. 
1987-2000  жылдары  бойы  жасалып  келе  жатқан  мектепке  дейінгі  балалардың 
типтік  бағдарламаларын  [29]  өзара  салыстырып  қарағанымызда,  олардың 
тақырыптар  жүйесі,  мазмұны  жағынан  өзгергендігін  байқаймыз.  Балабақшада 
арнайы түрдегі  екі жылдық қазақ тілін оқыту сабақтарында бала тілінде сөздік 
қорды қалыптастыруда мынадай міндеттер қойылады:  
а)  Балалардың  айналасындағылармен  қазақ  тілінде  қарапайым  тілдік 
қатынасқа түсе алатындай сөздік қорларын дамытуға қажетті жағдайлар туғызу;  
ә)  Айналадағы  таныс  заттардың жекелей  қазақша  аталымдарын,  сындық-
сапалық  белгілерін,  қимыл-қозғалыстарының  аталымдарын  дұрыс,  дәл  атай 
білуге үйрету және үйренген сөздерін еркін қолдана білуіне басшылық жасау;  
б) Сөздік жұмысын жүргізудің әдіс-тәсілдерін сабақта және сабақтан тыс 
уақытта  тиімді  қолдана  алу.  Балалардың  баратын  топтарына  орай  сөздік  
жұмысын жүргізуде бір-бірімен өзара байланысты сөздер үйретіледі және бұған 


жүктеу 1,48 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау