1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
БАҚРАДЕНОВА АЛТЫН
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ
АУЫЗША СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУ
Павлодар
2012
2
УДК 372.881.1
ББКК 74.261.3
Б 21
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми
кеңесінің шешімімен оқу құралы ретінде ұсынылды.
Пікір білдіргендер:
Жұмабекова Ф.Н.– педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор
(Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ)
Кененбаева М.А.– педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
(Павлодар мемлекеттік пединституты)
Б 21 Бақраденова А.Б. Мектеп жасына дейінгі балалардың ауызша сөйлеу тілін дамыту.
Оқу-әдістемелік құрал. – Павлодар: ПМПИ баспасы, 2012. - 153 бет.
ISBN 9965-652-40-6
Бұл оқу-әдістемелік құралында мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ тілін оқыту
әдістемесі берілген. Өзге ұлт балаларының мемлекеттік тілді екінші тіл ретінде үйрене
білуіне және орыстілді ортада тәрбиеленген баланың қазақша сөйлеу тілін қалыптастыруға
арналған теориялық бөлім мазмұны, балабақшада өткізілетін қазақ тілі сабақтарын
жинақтаған практикалық бөлімі бүгінгі технология талаптарына сәйкестендірілген. Құрал
мектеп жасына дейінгі мекемелерде, тәрбиешілер дайындайтын колледждер мен
пединституттарға, балабақшадағы қазақ тілі мұғалімдеріне, тәрбиешілеріне, ата-аналар
қауымына арналған.
ISBN 9965-652-40-6
УДК 372.881.1
ББКК 74.261.3
© Бақраденова А.Б., 2012
© ПМПИ, 2012
3
АЛҒЫ СӨЗ
Білім берудің барлық салаларында мұғалімдер мен тәрбиешінің кәсіби
шеберліктеріне жаңаша көзқарастар туындап отыр. Ұрпақтың болашағы бүгінгі
оқу мен тәрбиені жеке тұлғалық сипатта дамытуымызға байланысты. Осыған
орай балалар бақшасынан бастап тіл сабақтарын дұрыс ұйымдастырып,
баланың мемлекеттік тілге бүлдіршін шағынан дұрыс оқытудың қажеттілігі
айқындалды. Мектепке дейінгі кезеңде қазақ тіліне үйрету республика
балабақшаларының барлық түрлерінде – ұлты басқа тілді балаларды
тәрбиелейтін балбақшаларда да, қазақ балабақшаларында да, әсіресе аралас
балабақшаларда да – міндетті мемлекеттік іс болып отыр. Мемлекеттік тілге
үйретудің басты мақсаты – баланың қазақ тілінде ауызекі сөйлеу тілін
қалыптастыру. Бұл мақсатқа жеткізу 3-4 жастағы балаларға жеңіл сабақтар
үстінде қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсетіндей сөз қоры мен
қарапайым грамматикалық құрылымды тілдесімге жаттықтырудан басталып
[1], 5-7 жас аралығындағы балаларға қазақша байланыстырып сөйлеуге үйрету
жүйелі түрде ұйымдастырылатын қазақ тілі сабақтарында [2], арнайы оқыту
әдістері арқылы жүзеге асырылады.
Балабақшадағы бүгінгі қазақ тілі мамандарының қазақ тілін оқытуға
арналған әдістемелік білім қорлары жоқ. Әр түрлі саладан келген мұғалімдер өз
жұмыстарын осы саладағы еңбегі барысында қалыптасқан кәсіби шеберлігі мен
өз тәжірибелерінен түрлі дидактикалық материалдарды жинақтауы арқасында
ғана жүргізіп келеді. Осы қажеттіліктің орнын толтыру мақсатымен арнайы
жазылып отырған бұл оқу құралында бүлдіршіндердің қазақша сөйлеу тілін
қалыптастырып дамытуға қажетті әдістемелік нұсқаулар мен модуль арқылы
жіктелген тақырыптар бойынша сабақ үлгілері беріліп отыр.
Құрал 1992 жылы «Рауан» баспасынан «Орыс тілінде жұмыс істейтін
балабақшада қазақ тілін оқыту методикасы» атты балабақша тәрбиешілеріне
және педагогикалық институттардың, педучилищелердің мектепке дейінгі
балалар мекемелеріне тәрбиешілер даярлайтын бөлімдеріне арналып,
ҚР Халыққа білім беру министрлігі рұқсатымен 5000 дана көлемінде
шығарылған алғашқы оқу құралының (авторлары А. Бақраденова, Б.
Баймұратова) [3], 2001, 2005 жылдары «Изучаем казахский язык» деген
аталыммен 6-7 жастағы балаларға арналған, 5-6 жастағы ересек топқа лайықты
деп ұсынылған «Күншуақ» атты «Алматы-кітап» баспасынан жарық көрген
әдістемелік оқулық нұсқаулары [4], авторларының (Б. Баймұратова, З. Д.
Еденбаева) ұсынған бағдарламалары мен сабақ жоспарлары, Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» [5], Тіл туралы Заңдары [6] және
Мемлекеттік жалпы міндетті 5-тен 6-жасқа дейінгі мектепалды дайындық
жастағы балабақша стандарты [7] негізінде жазылды.
Он бес жылға таяу іс-тәжірибе көрсеткендей, орыс тілінде тәрбиеленген
бала сөздігін қалыптастыру мен сөйлеуге үйретуде ойын-жаттығулар мен сурет,
көрнекі құралдарды қарастыру аздық етеді. Жекелей бағдар мен дамыта оқыту
бағдарламаларының маңызы мектепте ерекше көрініс беріп отырған тұста
мектепалды кезеңіндегі бүлдіршіндерге талаптар жаңаша қойылуда. Бірінші
Достарыңызбен бөлісу: |