Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты



жүктеу 1,09 Mb.
бет1/5
Дата28.11.2017
өлшемі1,09 Mb.
#2232
  1   2   3   4   5



Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

2012 жылғы «14» тамыздағы

323-ө-м бұйрығымен бекітілді


Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің

бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығ(37-шығарылым)




1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы ( бұдан әрі - БТБА) (37- шығарылымы) «Ағаш дайындау өндірісінің жалпы кәсіптері», «Ағаш дайындау жұмыстары», «Ағаш ағызу», «Ағаш шырынын ағызу», «Қамыс дайындау және өңдеу» бөлімдерінен тұрады.

2. Бұл шығарылымның шығуы өндіріс технологиясына енген өзгерістер, өндірістегі ғылыми-техникалық прогрестің ролінің артуымен, жұмысшылардың біліктілігінің, арнайы және дайындықтарының, сапа, ішкі және сыртқы нарықтағы өнімнің бәсекеге қабілеті деңгейіне қойылатын талаптардың өсуімен, еңбекті қорғауымен байланысты.

3. Жұмыс разрядтары еңбек жағдайы ескерілмей (еңбектің күрделілік деңгейіне әсер етуші және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды арттырушы айрықша жағдайларды қоспағанда), олардың күрделілігіне бойынша белгіленді.Әр кәсіп бойынша тарифтік-біліктілік сипаттаманың екі бөлімі бар. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімі жұмысшы орындай білуге тиіс жұмыстардың суреттемесін қамтиды. «Білуге тиіс» бөлімінде арнаулы білімге, сондай-ақ ережелерді, нұсқаулықтар мен басшы материалдарды, жұмысшы қолдануға тиісті әдістер мен құралдарды білуіне қатысты жұмысшыға қойылатын негізгі талаптар қамтылған.

4. Тарифтік-біліктілік сипаттамасында жұмысшы кәсібінің осы разрядына анағұрлым тән жұмыстардың тізбесі келтіріледі. Бұл тізбе жұмысшы орындай алатын және орындауға тиісті жұмыстардың барлығын қамти алмайды. Жұмыс беруші қажетті жағдайда, жұмыс ерекшелігін ескере отырып, тиісті разряд жұмысшылары кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында қамтылған жұмыстарға сәйкес келетін жұмыстардың қосымша тізбесін әзірлей алады.

5. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде көзделген жұмыстармен қатар, жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, айлабұйымдарды, құралдарды жинастыру, сондай-ақ оларды тиісінше ұстау, белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындауға тиіс.

6. «Білуге тиіс» бөлімінде қамтылған теориялық және практикалық білімдермен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ереже мен нормаларды; жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін; орындалатын жұмыс (қызмет) сапасына қойылатын талаптарды; жарамсыздықтың түрлері мен оның алдын алу және жоюдың тәсілдерін; өндірістік дабылдатқышты; жұмыс орнында еңбекті ұтымды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды білуге тиіс.

7. Біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында санамаланған жұмыстармен қатар, біліктілігі анағұрлым төмен жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстарды орындай білуге, сондай-ақ осы кәсіптегі разряды төмен жұмысшыларға басшылық жасай білуге тиіс. Осыған байланысты, анағұрлым төмен разряд кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында келтірілген жұмыстар, анағұрлым жоғары тарифтік-біліктілік сипаттамасында, әдетте келтірілмейді.

9. Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды толтырған кезде, сондай-ақ тарифтік разряды өзгерген кезде, оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.

10.Қолданылуға ыңғайлы болу мақсатында, БТБА-да алфавиттік көрсеткіш (1-қосымша) көзделген, онда жұмысшылар кәсіптерінің атауы, разрядтардың диапазондары және беттердің нөмірленуі қарастырылған.

11. 2002 жылы басып шығарылған БТБА-ның қолданыстағы шығарылымдары және бөлімдері бойынша олардың атауларын көрсете отырып, осы бөлімде көзделген жұмысшы кәсіптері атауларының тізбесі «Ағаш дайындау өндірісінің жалпы көрсеткіштері» бөліміне сәйкес 2-қосымшада келтірілген .

12. 2002 жылы басып шығарылған БТБА-ның қолданыстағы шығарылымдары және бөлімдері бойынша олардың атауларын көрсете отырып, осы бөлімде көзделген жұмысшы кәсіптері атауларының тізбесі «Ағаш дайындау жұмыстары» бөліміне сәйкес 3-қосымшада келтірілген .

13. 2002 жылы басып шығарылған БТБА-ның қолданыстағы шығарылымдары және бөлімдері бойынша олардың атауларын көрсете отырып, осы бөлімде көзделген жұмысшы кәсіптері атауларының тізбесі «Ағаш ағызу» бөліміне сәйкес 4-қосымшада келтірілген.

14. 2002 жылы басып шығарылған БТБА-ның қолданыстағы шығарылымдары және бөлімдері бойынша олардың атауларын көрсете отырып, осы бөлімде көзделген жұмысшы кәсіптері атауларының тізбесі «Ағаштың шырынын ағызу» бөліміне сәйкес 5-қосымшада келтірілген.

15. 2002 жылы басып шығарылған БТБА-ның қолданыстағы шығарылымдары және бөлімдері бойынша олардың атауларын көрсете отырып, осы бөлімде көзделген жұмысшы кәсіптері атауларының тізбесі «Қамыс даярлау және өңдеу» бөліміне сәйкес 6-қосымшада келтірілген.



2-бөлім. Ағаш дайындау өндірісінің жалпы кәсіптері
1. Аңшы
Параграф 1. Аңшы, 3-разряд
16. Жұмыс сипаттамасы:

бекітіп берілген обходта, қорықта, аңшы шаруашылығында, өндірістік учаскелерде жабайы жануарлар мен орман егістіктерін браконьерлерден қорғау;

азық дайындау;

аңшылық етуге және балық аулауға құқық беретін құжаттарды тексеру, жайылымдардағы жабайы аң мен құстың жылжуын бақылау, қоректендіру алаңшықтарын, аншлагтарды тиісті күйде ұстау; жабайы жануарларды есепке алу;

ағаш отынын дайындау, мал жаю, шөп шабу және орманды пайдаланудың өзге де жанама түрлеріне құқық беретін құжаттарды тексеру, белгіленген ережелердің орындалуын бақылау;

ормандағы өрт сөндіру жұмыстарына қатысу;

ағаш кесуге, шөп шабуға, мал жаюға және орманды пайдаланудың өзге де түрлеріне арналған жерлерді бөлу, орман өсіруді жоспарлау жүргізу кезде жерде шекаралар, меже белгілерін, кварталдық тоғай жолдарын, визирлерді және тағы басқа белгілеу;

ағаш кесетін жерлерді бөлу және таксациялау, ағаш кесілетін жерлерді, дайындалған ағаш материалдарын, орман егістіктерін, сөл ағызу жерлерін, орындалған орман жұмыстарын куәландыру;

тіркелген обходы, қорығы, аңшылық шаруашылығы, өндірістік учаскесі шегінде аңшыларды тіркеу;

аңшылық етудің ережелері мен мерзімдерін және орман тәртібін бұзғандарға қатысты хаттама әзірлеу;

орманды заңсыз шабу, мал жаю және орманды пайдаланудың өзге де заңсыз түрлерін доғарту жөніндегі шараларды қолдану;

көпірлердің, өрт бақылау мұнарасын, телефон желісін, шектегіш белгілерін, орман өсіру жоспарланған және орман шаруашылығы белгілерін дұрыс күйде ұстау, обходта зиянды жәндіктердің ошақтары, ағаштардың ауруы, ағаштардың жел мен дауылдан құлауы, сүрек діңнің кебуі және орман шаруашылығына зиян келтіру мүмкін өзге де құбылыстар анықталғаны жөнінде орман мекемесіне дер кезінде хабарлау.

17. Білуі тиіс:

басқаруға берілген обходының, қорығының, орман шаруашылығының, өндірістік учаскенің шекараларын;

аңшылық ету ережелерін;

орманды дұрыс пайдалану және орман шаруашылығын жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарды, бұйрықтарды, үкімдерді;

орман егу және оман отырғызу, орман өсімдіктерін күту, орман тұқымдарын және ормандық тұқым материалдарын дайындау жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуын және технологиясын;

ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін және өрт сөндірудің практикалық әдістерін;

аңшылық ету кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін;

орман шаруашылығындағы агротехника мен жұмыстар технологиясын.

Параграф 2. Аңшы, 4-разряд
18. Жұмыс сипаттамасы:

бекітіліп берген обходында, қорығында, аңшы шаруашылығында, өндірістік учаскелерінде жабайы жануарлар мен орман егістіктерін браконьерлерден қорғау;

азық дайындау;

фенологиялық күнделікке күнделікті жазулар енгізу; аңшылық етуге және балық аулауға құқық беретін құжаттарды тексеру, ормандағы жабайы аң мен құстың жылжуын бақылау, қоректендіру алаңшықтарын, аншлагтарды тиісті күйде ұстау; жабайы жануарларды есепке алу;

ағаш отынын дайындау, мал жаю, шөп шабу және орманды пайдаланудың өзге де жанама түрлеріне құқық беретін құжаттарды тексеру, белгіленген ережелердің орындалуын бақылау;

ормандағы өрт сөндіру жұмыстарына қатысу;

орман шаруашылығы мен орман өсімдіктерімен жұмыс жүргізу; ағаш кесуге, шөп шабуға, мал жаюға және орманды пайдаланудың өзге де түрлеріне арналған жерлерді бөлу, орман өсіруді жоспарлау жүргізу кезде жерде шекаралар, меже белгілерін, кварталдық тоғай жолдарын, визирлерді және тағы баска белгілеу;

ағаш кесетін жерлерді бөлу және таксациялау, ағаш кесілетін жерлерді, дайындалған ағаш материалдарын, орман егістіктерін, сөл ағызу жерлерін, орындалған орман жұмыстарын куәландыру;

бекітілген обходы, қорығы, аңшылық шаруашылығы, өндірістік учаскесі шегінде аңшыларды тіркеу;

аңшылар мен жергілікті халық арасында аңшылық жөніндегі заңдар, орманды қорғау мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу; орманды заңсыз шабу, мал жаю және орманды пайдаланудың өзге де заңсыз түрлерін доғарту жөнінде шаралар қолдану;

көпірлердің, өрт бақылау мұнарасын, телефон желісін, шектегіш белгілерін, орман өсіру жоспарланған және орман шаруашылығы белгілерін дұрыс күйде ұстау, обходта зиянды жәндіктердің ошақтары, ағаштардың ауруы, ағаштардың жел мен дауылдан құлауы, сүрек діңнің кебуі және орман шаруашылығына зиян келтіру мүмкін өзге де құбылыстар анықталғаны жөнінде орман мекемесіне дер кезінде хабарлау.

19. Білуі тиіс:

өсімдіктер мен жануарлардың төлдеуін қорғау және оларды пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді;

тапсырылған обходының, қорығының, орман шаруашылығының, өндірістік учаскенің шекараларын;

аңшылық ету ережелерін;

орманды пайдалануды және аңшылық шаруашылықты дұрыс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарды, бұйрықтарды, үкімдерді;

орман егу және орман отырғызу, орман өсімдіктерін күту, орман тұқымдарын және ормандық тұқым материалдарын дайындау жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуын және технологиясын;

ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін және өрт сөндірудің практикалық әдістерін;

орман заңдарын, аңшылық ету ережелерін бұзу үшін жауапкершіліктің нормаларын;

аңшы ит қосу және итпен қуу ережелерін;

аңшылық ету кезіндегі қауіпсіздік техникасын;

орман шаруашылық агротехникасы мен жұмыстар технологиясын.

Параграф 3. Аңшы, 5-разряд
20. Жұмыс сипаттамасы:

бекітілген обходында, қорығында, аңшы шаруашылығында, өндірістік учаскелерінде жабайы жануарлар мен орман егістіктерін браконьерлерден қорғау; азық дайындау; бүкіл биотехникалық іс-шаралар кешенін жүргізу; фенологиялық күнделікке күнделікті жазулар енгізу; аңшылық етуге және балық аулауға құқық беретін құжаттарды тексеру, ормандағы жабайы аң мен құстың жылжуын бақылау, қоректендіру алаңшықтарын, аншлагтарды тиісті күйде ұстау; жабайы жануарларды есепке алу;

ағаш отынын дайындау, мал жаю, шөп шабу және орманды пайдаланудың өзге де жанама түрлеріне құқық беретін құжаттарды тексеру, белгіленген ережелердің орындалуын бақылайды;

ормандағы өрт сөндіру жұмыстарына қатысу;

орман шаруашылығы мен орман өсімдіктерімен жұмыс жүргізу; ағаш кесуге, шөп шабуға, мал жаюға және орманды пайдаланудың өзге де түрлеріне арналған жерлерді бөлу, орман өсіруді жоспарлау жүргізу кезде жерде шекаралар, меже белгілерін, кварталдық тоғай жолдарын, визирлерді және тағы басқа белгілеу;

ағаш кесу жерлерін бөлу және таксациялау, ағаш кесілетін жерлерді, дайындалған ағаш материалдарын, орман егістіктерін, сөл ағызу жерлерін, орындалған орман жұмыстарын куәландыру;

тіркелген обходы, қорығы,аңшылық шаруашылығы, өндірістік учаскесі шегінде аңшыларды тіркеу;

аңшылар мен жергілікті халық арасында аңшылық жөніндегі заңдар, орманды қорғау мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу; орманды заңсыз шабу, мал жаю және орманды пайдаланудың өзге де заңсыз түрлерін доғарту жөнінде шаралар қолдану;

көпірлердің, өрт бақылау мұнараларын, телефон желісін, шектегіш белгілерін, орман өсіру жоспарланған және орман шаруашылығы белгілерін дұрыс күйде ұстау, обходының санитарлық күйін бақылау және онда зиянды жәндіктердің ошақтары, ағаштардың ауруы, ағаштардың жел мен дауылдан құлауы, сүрек діңнің кебуі және орман шаруашылығына зиян келтіру мүмкін өзге де құбылыстар анықталғаны жөнінде орман мекемесіне дер кезінде хабарлау.

21. Білуі тиіс:

өсімдіктер мен жануарлардың төлдеуін қорғау және оларды пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді;

тапсырылған обходының, қорығының, орман шаруашылығының, өндірістік учаскенің шекараларын; аңшылық ету ережелерін;

орманды пайдалануды және аңшылық шаруашылықты дұрыс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарды, бұйрықтарды, үкімдерді;

орман егу және орман отырғызу, орман өсімдіктерін күту, орман тұқымдарын және ормандық тұқым материалдарын дайындау жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуын және технологиясын;

ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін және өрт сөндірудің практикалық әдістерін;

орман заңдарын, аңшылық ету ережелерін бұзу үшін жауапкершіліктің нормаларын;

аңшы ит қосу және итпен қуу ережелерін;

аңшылық ету кезіндегі қауіпсіздік техникасын;

орман шаруашылық агротехникасы мен жұмыстар технологиясын.

2. Орманшы


Параграф 1. Орманшы, 2-разряд
22. Жұмыс сипаттамасы:

орман дақылдарын отырғызу, плантациялар, қорықтар отырғыза бастау жөніндегі дайындық және қосалқы жұмыстары;

машина арқылы отырғызылған екпе көшеттерді қолмен жөндеу, көшеттердің дұрыс егілуін бақылау, қорықтардағы егістіктерді қолмен суару;

қазып алынған екпе көшеттерді іріктеу және уақытша отырғызу;

дайын шіліктен, өзге де материалдардан шарбақтар, механикалық қоршаулар жасау;

қорықтар мен плантацияларды қоршау, құрғату (суармалау) желілер үстінен өтпе жолдар мен көпірлер жасап орнату;

орманды қорғау жұмыстарын жүргізу кезінде дайындық жұмыстары;

орман кесетін жерді тазарту, қарағайдың қылқанын дайындау, сұрыптау, тазарту және буып – түю;

тін мен шел қабықтан, мочалодан шикізат дайындау, шетперден сыпырғылар, бұйымдар жасау.

23. Білуі тиіс:

орман дақылдарын өндіру әдістері мен тәсілдерін;

ормантану негіздерін, ағаш шебері және балташы жұмыстарының негіздерін;

көшеттерді отырғызу агротехникасын;

егіс материалдарын дайындаудың ережелері мен әдістерін;

ағаш және бұта тұқымды көшеттердің стандарттарын, отырғызу сапасына қойылатын талаптар;

егіс материалды көму ережелерін;

ағаш кесілген жерлерді тазарту ережелерін, қарағай қылқанын дайындаудың әдістері мен стандарттарын;

шикізатты дайындау ережелерін;

шетперден бұйымдар жасау технологиясын;

жұмыстарды атқарудың озық әдістері мен қауіпсіздік техникасының ережелері;

аспаптар мен оларды қолдану ережелерін.

Параграф 2. Орманшы 3-разряд


24. Жұмыс сипаттамасы:

атты және қол аспаптарын, құралдары және қажетті материалды тексеру және дайындау;

орман егестерін, қорықтар, плантациялар егуге топырақ дайындау;

орман дақылдарын, екпе көшеттерді, тікпе көшеттерді қолмен және салт атпен күту;

егістік материалды дайындау; ағаш және бұта тұқымдарын жинау, өңдеу және егуге дайындау; екпе және тікпе көшеттерді қазып алу, сұрыптау, тиеу және түсіру;

егістік және көшет материалдан қысқы уақытта сақтауға дайындау;

табиғи жағуарына көмектесу (топырақ бетіндегі қыртысты алу және топырақты қопсыту);

өрттің алдын алу жұмыстарын өткізу кезінде топырақты минерализациялау;

ұшақтарға улы химикаттарды тиеу, зиянды жәндіктермен және орман ауруларымен жүргізілетін күрес нәтижелерінің есебін жүргізу;

этномофаунаның қоныстығының тығыздығын тексеру үшін топырақты зерттеу (тұзақ шұқырларды қазып алу), қоршағыш және тұзақ арықтарын орнату, ағаштарға желім шығыршықтарын салу, ұядағы жұмыртқаларды мұнайлау, тұзақ ағаштарды тізу;

ағаштың қабықтарын, өрт сөндірушілер балтасының саптарын дайындау, себеттер тоқу;

бұталар мен өсіп тұрған ағаштардан қолмен тұқым жинау;

өсіп тұрған қылқан жапырақты ағаштардан бүршіктер жинау;

кесілген ағаштардың жемістері бар бұтақтарын дайындау;

калқа астында дайындалған бұтақтарды кептіру, бұтақтардан жемісті сілкіп түсіру немесе сындырып алу, тұқымдарды желдетіп алу, елеп алу, кептіру және ыдыстарға салу, сақтайын жерге тасымалдау;

қылқан жапырақты ағаштардың бүршіктерін кептіргіш камераларға себу;

кептіргіш камералардың пешін жағу;

аралары ашылған бүршіктерді камерадан түсіру, тұқымдарды ыдыстарға салу, тұқымды сақтауға тапсыру;

сөрелердегі сақтауға қойылған тұқымдарды қопсытып отыру;

бүршік кептіретін және тұқым сақтауға арналған қоймаларды жинау, оларды әктеу және зарарсыздандыру.

25. Білуі тиіс:

топырақтану негіздерін (топырақтың механикалық құрамын, құрылымын, топырақтың негізгі қасиеттерін), ормантану, орман, тұқым ісінің, ормандық тауартанудың, орманды қорғау жұмыстарының негіздерін;

топырақ өңдеудің және орман дақылдарын, екпе және тікпе көшеттерді күту агротехникасын, ағаш түрлерін, тұқымдардың пісу және оларды жинау уақытын;

бүршіктерді өңдеу тәртібін, тұқымдарды сақтау ережелерін, көшет материалдарын, жемістерді, бүршіктерді, емен жаңғақтарын, тұқымдарды, дайындау агротехникасын, оларды сорттау;

сақтау және олардың стандарттарын;

бүршіктерді кептірудің температуралық режимін;

ағаш материалдарының техникалық шарттары мен стандарттарын;

орман жұмыстарын орындау, аттарды күту ережелерін, түрлі құралдары, аспаптарды және құрылғыларды пайдалануды, жұмыстарды атқару барысындағы қауіпсіздік техникасын.

Параграф 3. Орманшы, 4-разряд
26. Жұмыс сипаттамасы:

тіркегіш құралдары, аспаптарды және құрылғыларды тексеру және жұмысқа әзірлеу, оларды жұмыс ауысымы бойы күту, егістік және көшет материалдарын дайындау;

екпе және тікпе көшеттерді, қалемшелерді отырғызу, тұқым егу;

орман дақылдарын, екпе және тікпе көшеттерді механикалық құралдар арқылы күту;

топыраққа минералды тыңайтқыштар енгізу, ерітінділер, эмульсиялар, уланған еліктіргіштер дайындау; екпе және тікпе көшеттерді, ағаш түрлерінің табиғи төлдерін, шөп өсімдіктерін себелеу;

жерді жырту арқылы екпе көшеттерді алу, топырақты минерализациялау, табиғи жаңартылуына қолдау жасау және ат жегілетін соқалар мен механизмдердің қолданылумен жүргізілетін жұмыстар;

ағаш кесетін жерлерді белгілеп бөлу және орманды жоспарлау жұмыстарын атқару, оның ішінде моторланған аспаптарды қолдану арқылы сынама алаңшықтардың салынуын бастау, ағаштарды есептеу, тұқым шаруашылықтарын өлшеу, визирлерді, кварталдық орман жолдарын және шекара сызықтарын қазу, тазалау және өлшеу, сәнді ағаштарды шабу жөніндегі жұмыстар кешені;

топырақ пен орман паталогияларына қатысты зерттеулер жүргізу үшін шұңқырлар дайындау.

27. Білуі тиіс:

ормантанудың, орман жоспарлаудың, топырақтанудың, орман жаңғыртудың, орман қорғаудың, орманды пайдаланудың және орман тауартанудың негіздерін;

топырақты өңдеудің, екпе және тікпе көшеттерді, қалемшелерді отырғызудың, тұқым егудің, егістіктерді және отырғызылған көшеттерді күту агротехникасын;

екпе ағаштардағы ақауларын, орман зиянкестерін және орман ауруларын, тіркегіш және аспалы трактор және ат күшімен жүретін машиналар мен құрылғылардың, моторлы аспаптардың құрылымын және қолдану ережелерін;

жұмыстар атқару барысындағы қауіпсіздік техникасын.

Параграф 4. Орманшы, 5-разряд


28. Жұмыс сипаттамасы:

ағаш отырғызатын машиналарды, ат күшімен жүретін және қол аспаптары мен құрылғыларды дайындау, жұмыс ауысымы бойы оларды техникалық күту;

жабық тамыр жүйелі көшет материалдарын өсіру жөніндегі жұмыстар кешені, екпе тікпе көшеттерін механиканы қолданып отырғызу;

қалемшелерді ұластыру, жеміс ағаш және ағаш мектептері мен плантациялардағы көзбақтау;

қорықтарды жаңбырлату қондырғылары, мотопомпалар арқылы суару;

орман өртін мотопомпалар, тракторлы, атты және қол бүріккіштердің көмегімен өшіру;

орман шабу орындарын және орман жоспарлау жерлерін бөлу жөніндегі жұмыстар кешені.

29. Білуі тиіс:

ормантану, орман жаңғырту, орман жоспарлау, топырақтану, орман қорғау, орманды пайдалану және орман тауартану негіздерін;

көшет материалдарын, оның ішінде тамыры жабық жүйелі көшеттерді өсірудің әдістерін, тәсілдерін, технологиясын, субстраттар дайындау әдістерін, қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар тұқымдарын ұластыру әдістері мен техникасын;

улы химикаттардың сипаттамасын, улы химикаттардың ерітінділерін, эмульсияларын дайындау ережелерін, орманды қорғау жұмыстарын өткізудің технологиясын және химиялық күрестің нәтижелерін есепке алу әдістерін;

ормандағы өртпен күресу әдістері мен тәсілдерін;

ағаш кесуді жүргізудің технологиясын;

орманды күту әдістерін, сүректің ақауларын, орман зиянкестерін және орман ауруларын анықтау әдістерін;

орман отырғызуға, аурулардан және этномозиянкестерден қорғауға арналған тіркегіш және аспалы тракторлі машиналар мен құрылғылардың;

тоғын – механикаландырылған тізбектердің құрылымын, оларды қолдану және техникалық қызмет көрсету ережелерін;

жұмыстарды атқару барысындағы қауіпсіздік техникасын.

Параграф 5. Орманшы, 6-разряд


30. Жұмыс сипаттамасы:

жұмыстар атқаруға қажетті моторлы құралдарды, аспаптарды және құрылғыларды дайындау, жұмыс ауысымы барысында оларды шамамен жөндеу және күту:

жас бұталарды механикаландырылған аспаптар арқылы күту;

моторлы қол аспаптарын қолданып орманда жеміс – жидек көшеттерін отырғызғанда шұңқырлар дайындау, орман дақылдарын өсіру және оларды арасы қашық өлшегіш материалмен отырғызу;

жарылыс арқылы өртке қарсы орлар жасағанда аммонал заряды астына шпурлар бұрғылау;

қажетсіз өсімдікпен, этномозиянкестермен және орман аурулармен күресу мақсатында моторлы қол аспаптарын қолданып орман учаскелерін, орман дақылдарын, қорықтарды химиялық заттармен өңдеу.

31. Білуі тиіс:

орман өсірушілікті;

орман қалпына келтіруді, топырақтануды, орман шаруашылық жұмыстарының механизмін;

руды, пайдаланудың техникалық ережелерін және моторландырылған құралдармен қызмет көрсетуді;

бензинді қозғалтқыштар базасындағы аэрозалды генераторларды, өндірістің технологиясы мен агротехниканың негізгі талаптарын;

орман шаруашылығының;

орман мәдениетінің;

орман қорғаудың және басқа да орман шаруашылығында орындалатын жұмыстардың үздік әдістерін;

улы химикаттар эмульсиясын;

ерітінділерді дайындау ережесін;

химиялық күрес нәтижелері әдістерінің есебін;

ыстықтай майлайтын материалдардан шығыс нормаларын, оларды үнемдеу бойынша шараларды;

техникалық қауіпсіздік, өндірістік тазалық сақтау және көрсетілген механизмдерді пайдалану кезінде өртке қарсы қорғануды және ыстық майлайтын материалдармен:

химикаттармен және жырылғыш материалдармен жұмыс жасау ережелерін.

3. Ағаш дайындау өндірісі мен ағаш ағызу бақылаушысы
Параграф 1. Ағаш дайындау өндірісі мен ағаш ағызу бақылаушысы
32. Жұмыс сипаттамасы:

күшіне енген мемлекеттік стандарттарға және техникалық шарттарға сай дөңгелек, жарылған, жонылған, араланған ағаш материалдарының, солқылдақ шыбықтар, осмол, ағаштар, живицалар, баррас, қара май, технологиялық жоңқа, ағаш қалдықтары, көмір, қабық, мочал, ағаш көгін, кіші ағашхимиясы өнімдерінің пайдалану мақсатын, сапасын, түрлерін, өлшемдерін, санын, көлемін анықтау және оларды белгілеу;

ағаштар мен шыбықтардың орташа көлемін анықтау;

ағаш материалдары мен басқа өнімдерді қабылдау мен тапсыру тіркеу құжатнамасын жүргізу.

33. Білуге тиіс:

бағалау негіздері мен ағаш тауартану негіздерін;

ағаш ақаулары мен тұқымын;

ағаш дайындау өндірісі мен ағаш ағызу өнімдеріне қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды;

ағаш материалдарын және басқа өнімдерді тасымалдаудың негізгі шарттарын;

шетелге шығарылатын және арнайы тапсырыс ағаш материалдарына қойылатын талаптарды;

ағаш өнімдері;

ағаштар пен шыбықтардың көлемін анықтайтын бақылау-өлшеу аспаптары мен кестелерді қолдану ережелерін.

Көмір, қабық, мочал, ағаш көгі, кіші ағашхимиясы өнімдерін қабылдау және тапсыруды орындағанда -3-разряд;

Ағаштар, шыбықтар, технологиялық жоңқа, осмол, живица, баррас, қара май, жарылған, жонылған, араланған ағаш материалдарын, ағаш қалдықтарын, дөңгелек ағаш өнімдерін қабылдау және тапсыруда; ағаш материалдарын көлікке салғанда, ағаш ағызуда іріктегенде, ағашты судан шығарғанда қабылдау және тапсыруда - 4-разряд;

Шыбық (қырқып кесу) өнімдерін қабылдағанда және тапсырғанда 5-разряд.

4. Машинист-краншы


Параграф 1. Машинист-краншы
34. Жұмыс сипаттамасы:

жүк машиналарын немесе барлық типті крандарды, тракторларға монтаждалған әр түрлі жүйелердің өзі жүретін жүктеу машиналарын тасығанда, ағаш тасу көліктеріне салғанда, ағаш тасу көліктерінен ағаш материалдарын, ағашхимия өнімдерін, осмол, томарларды түсіргенде басқару, ағаш дайындау технологиялық үрдісіне қатысу, ағашты қоймада қатарлап үю;

жүккөтеретін механизмдер мен жүк тиейтін құрылғыларды реттеу;

арқан, блок, чокер, жүккөтеру механизмдерінің және құрылғыларының беріктігін тексеру;

қолданылып жатқан механизмдер мен машиналарға техникалық қызмет көрсетулер мен жөндеу жұмыстарының барлық түріне қатысу;

қызмет көрсетіліп жатқан механизмдер, машиналар, құрылғылардың ақауларын табу және жөндеу.

35. Білуге тиіс:

жүктеу машиналары, крандардың барлық түрлері, әр түрлі жүйенің өзі жүретін жүк тиейтін машиналарының құрылымын, құрылысының ерекшеліктерін, қолдану ережелерін;

пайдалану мақсаты мен жұмыс істеу принципін;

қолданған кезде машиналар мен механизмдердің сорғылары мен қақпақтарын реттеу тәсілдерін, ағашты тасу, салу, қатарлап жинаудың тәсілдерін;

арқандарды қолданудың техникалық шарттарын, крандар мен арқандарды басқару сызбасы мен шектік жүктемесін, автомашина, тіркеу жабдығы, вагон, платформаларды жүктеу ережелерін;

қызмет көрсетіліп жатқан машиналар мен механизмдердің ақауларының шығу себептері мен оларды жөндеудің тәсілдерін.

Жүк көтеру шегі 2 тонн ( бұдан әрі – т) дейін жүк машиналары мен крандардың барлық түрін басқару 4-разряд;

Жүк көтеру шегі 2-ден 5 т дейін жүк машиналары мен крандардың барлық түрін; жүк көтеру шегі 5-тен 25 т дейін тұрақты мұнара және козловой крандарды басқарғанда, ағаш жүгін және басқа да жүкті иілгіш арқан көмегімен қатарға қойғанда, салып, тасығанда - 5-разряд;

Әр түрлі жүйенің тракторларға монтаждалған, өзі жүретін жүк тиеу машиналарын, жүк көтеру шегі 5-тен 7 т дейін барлық жүк машиналары мен крандарын, әр түрлі жүк ұстағыш құралдар орнатылған, жүк көтеру шегі 25 т асатын тұрақты мұнара және козловой крандарды басқарғанда; ағаш және ұқсас жүктерді тиеу, түсіру, қатарлап жинау, тасу жұмыстарын орындағанда; ағаш жүгін тасып, салып, түсіріп, қатарлағанда грейферлі, жүк көтеру шегі 5т дейін тұрақты мұнара және козловой крандарды басқарғанда; барлық жұмыстарды орындағанда жүк көтеру шегі 10 т асатын кабелді крандарды басқарғанда 6-разряд;

ағаш және ұқсас жүктерді тиеу, түсіру, қатарлап жинау, тасу жұмыстарын орындағанда әр түрлі жүйенің тракторларға монтаждалған, өзі жүретін жүк тиеу машиналарын, жүк көтеру шегі 7 т асатын жүк машиналары мен крандарын, грейферлі, жүк көтеру шегі 5 т асатын тұрақты мұнара және козловой крандарды басқарғанда -7-разряд.

5. Парашютшы (десантшы) – өрт сөндіруші
Параграф 1. Парашютшы (десантшы) – өрт сөндіруші, 6-разряд
36. Жұмыс сипаттамасы:

қол аспаптары мен өрт сөндіру техникалық құралдар(өрт сөндіргіш, мотопомпа, бензинмоторлы ара, жарылғыш зат, антипирен, химикаттар) көмегімен орман өртін сөндіру;

өрт сөндірушіге бекіген парашют, түсіру құрылғысы, парашют-десанттық, жорықтық керек-жарақтар, өрт сөндірудің техникалық құралдарының жұмысқа даярлығын, жөнделуін, сақтығын қамтамасыз ету;

орман өртін сөндіруге даяр емес алаңдарға парашютпен секіру, ұшақ пен тікұшақтан түсіру құрылғылар көмегімен түсу;

көршілес авиаөртсөндіру топтарымен, ұшақ(тікұшақ) экипажымен, авиабөлімшемен радиобайланысты қамтамасыз ету;

физикалық, теориялық, іс жүзіндегі дайындықты жетілдіру, парашютпен үйрету және тәжірибе мақсатында секіру, түсіру құрылғыларын пайдаланып түсу;

өрттің шығу деңгей жоғары уақытта орман өрті орын алмағанда және маусымаралық кезеңдерде – авиабөлімшеде кезекшілікте болу, шаруашылық-құрылыс жұмыстарын жүргізу, парашют-десанттық және жорықтық керек-жарақтарды, өрт сөндірудің техникалық жабдықтарын жөндеу;

өртке қарсы іс-шараларға, орман өрттерінің шығу себептерін анықтауға, өрттің шығуына кінәлілерді табуға қатысу.

37. Білуге тиіс:

қол құралдары, өрт сөндірудің техникалық аспаптары мен жару жұмыстарын қолданып орман өртін сөндірудің әдіс-тәсілдерін;

авиаөрт сөндіру тобының парашютшы(десантшы)-өрт сөндірушінің жұмысын регламенттейтін ережелер мен нұсқаулықтарды, парашют, түсіру құралдары;

өрт сөндірудің техникалық құралдарының материалдық жағын, қолдану;

сақтау мен жөндеу ережелерін және олармен жұмыс істегендегі техникалық қауіпсіздік ережелерін;

авиабөлімшеде қолданылатын жүк парашюттарын салу мен жинақтау ережелерін;

авиаормансақтау жұмыстарын жүргізу мен технологиясын.

38. Орташа кәсіптік білім қажет.

Орман өртін сөндіргенде, шаруашылық-құрылыс тағы басқа жұмыстарда жедел топтың жұмысшылары мен жұмылдырылған жұмысшыларды басқарғанда, олардың техникалық қауіпсіздік ережелерін бұзбауын қадағалауды жүзеге асырғанда, орман өртін сөндіруде жаңа техника мен технологияларды енгізу жұмыстарын ұйымдастырғанда-7-разряд.

Ескертпе. Орман өрттерінің орталықтарына түкенде тікұшақтан түсіру құралдарын қолданған өрт сөндірушілер «Десантшы-өрт сөндіруші» деп аталады.

6. Ағаш дайындау, ағаш ағызу, ағаш шырынын ағызудағы көмекші жұмысшы
Параграф 1. Ағаш дайындау, ағаш ағызу, ағаш шырынын ағызудағы көмекші

жұмысшы, 1-разряд


39. Жұмыс сипаттамасы:

сыпырғыш пен сыпыртқыларды жасау, мүк даялау;

маттарды өру;

шабу, сал байлайтын орынды қабықтардан, қиындылардан, қоқыстан, қардан тазарту;

қатарларды қардан тазалау;

дөңгелек ағаштарды, томарларды осмолға шапқанда, шпал аралағанда және басқа жұмыстардан қалған қалдықтардан тазарту;

қалдықтарды арнайы орынға жинау, үйіп, өртеу;

аммонитті мөлшерлеп орау үшін крафт қағазынан немесе қағаз қаптардан пакет жасау, аммонитті пакеттерге бөліп салу;

ағаш ағызуда әр түрлі күрделі емес, қосымша, дайындық жұмыстарына қатысу;

разряды жоғарырақ ағаш дайындау, ағаш ағызу, ағаш шырынын ағызудағы көмекші жұмысшының қадағалауымен басқа да ағаш дайындау, ағаш ағызу жұмыстарын жүргізу.

40. Білуге тиіс:

сыпыртқы, сыпырғыш жасаудың, мүк даярлаудың, ағаш ағызуда қосымша жұмыстарды атқарудың тәсілдерін;

ағаш дайындау мен ағаш ағызу жұмыстарынан қалатын қалдықтарды тазартудың;

қатарларды қардан тазартудың ережелерін, аммонитті салуға арналған пакеттерді жасауға техникалық шарттарды;

талдарды шабудың ережелерін;

қолданылып жатқан құралдарды пайдалану ережелерін.

Параграф 2. Ағаш дайындау, ағаш ағызу, ағаш шырынын ағызудағы көмекші жұмысшы, 2-разряд
41. Жұмыс сипаттамасы:

сақтықпен қаралатын заттарды(сұйықтық, отқауіпті және улы заттар тағы басқа), күлдей материалдарды(үгілетін цемент, ұсақталған әк, гипс, улыхимикаттар тағы басқа) арту, түсіру, салу, оларды арбада тасымалдау, шаналар мен жеткізіп салатын құрылғыларда тасымалдау;

каррожабдықтар мен ағаш қазықшаларды жасау мен жөндеу;

ағызуға арналған орман аумағына каррожабдықты тасымалдау, жұмыс аяқталғаннан соң оны әкету және сақтау орындарына жеткізу;

сумайжылыту құрылғысына жанармай құю, су мен майды жылыту, қолданылып жатқан машиналарға маусымның суық кезеңінде жанармай құю, ағаш шабуда сумайжылыту жабдығын күту.

42. Білуге тиіс:

ерекше сақтықты қажет ететін жүктерді және күлдей материалдарды тиеу, салу, шығару, тасу тәсілдерін;

жүкті қабылдағанда ілеспе құжаттарды рәсімдеу тәртібін;

жүктерді іріктеу тәртібін;

каррожабдығын жасау мен жөндеудің техникалық шарттарын.

7. Ағаш дайындайтын жабдықтарды жөндеу слесарі
Параграф 1. Ағаш дайындайтын жабдықтарды жөндеу слесарі, 5-разряд
43. Жұмыс сипаттамасы:

орман шаруашылық, ағаш даярлау құралдарының агрегаттарын, түйіндерін, электро-, гидрожабдықтарын, және қозғалтқыштарын, бақылау-өлшеу және арнайы аспаптарды, орман шаруашылық және ағаш даярлау жұмыстарына арналған машиналарды (трактор, ағаш даярлау машиналары, шығырлар, бұта кесу машиналары, салу құралдары мен крандарды) шабу машиналарын, қозғалмалы электростанцияларын, жол-құрылыс машиналарын, ағашты атыраулық топтастыру агрегаттарын, техникалық қызмет көрсетудің стационарлы және қозғалмалы құралдарын, әр түрлі маркалы бұта кесу құрылғыларын, тағы басқа да қолданылып жатқан машиналар мен жабдықтарды жөндеу, бөліктеу, сынау және оларға техникалық қызмет көрсету;

қолданылып жатқан аспаптарды, электромеханизмдер, станоктар, іріктеу құрылғыларын ткелей өндіріс орындарында, орман шаруашылық жұмыстарын жүргізгенде, ағашты дайындағанда, ағызғанда жөндеу мен реттеу.

44. Білуге тиіс:

орман шаруашылық, ағаш дайындау, жол-құрылыс машиналары, қолданылып жатқан құралдар, бақылау-өлшеу және арнайы аспаптардың құрылымы мен құрастыру ерекшеліктерін;

қызмет көрсетіліп жатқан механизмдер, машиналар, жабдықтарды жөндеу және реттеу ережелерін;

ағаш дайындау машиналарын сынау әдістері мен тәртібін, олардың ақауларын табу мен түзету тәсілдерін;

сынау стендері мен диагностикалық жабдықтың құрылымын;

ағаш дайындау машиналары мен жабдықтарына жоспарлы техникалық қызмет көрсетулер мен ағымдағы жөндеуді өткізудің ережелерін.

Параграф 2. Ағаш дайындайтын жабдықтарды жөндеу слесарі, 6-разряд


45. Жұмыс сипаттамасы:

орман шаруашылық, ағаш шабу құралдарының күрделі агрегаттарын, түйіндерін(трактор, ағаш даярлау машиналары, шығырлар, бұта кесу машиналары, салу құралдары мен крандарды), шабу машиналарын, техникалық қызмет көрсетудің стационарлы және қозғалмалы құралдарын, топтастыру агрегаттарын, әр түрлі маркалы бұта кесу құрылғыларын және басқа да ағаш дайындау жабдықтарын тікелей өндіріс орындарында, шаруашылық жұмыстарын жүргізгенде, ағаш дайындағанда, ағаш ағызғанда техникалық қызмет көрсету, жөндеу, бөлшектеу, құрастыру, реттеу, сынау;

ағаш дайындау машиналарын, жабдықтарды, тракторлар және топтау агрегаттарына техникалық қызмет көрсету, ұзақ сақтауға қою;

ағаш дайындау машиналарын және жабдықтарын полигондарда жөндеу, құрастыру, қалпына келтіру, реттеу, кешенді сынақтар өткізу, техникалық талаптар бойынша қолдануға тапсыру;

қолданылып жатқан машиналар агрегаттары мен түйіндерінің электржабдықтарының ақауларын анықтау, жөндеу және реттеу;

қабылдау-тапсыру құжатнамасын рәсімдеу.

46. Білуге тиіс:

ағаш дайындау машиналары, технологиялық, диагностикалық жабдықтардың құрылымы, құрастыру ерекшеліктері, кинематикалық және электрлік сызбаларын;

ағаш дайындау машиналары мен жабдықтарының техникалық күйін бағалау әдістерін, ескірген тетіктерін қайта қалпына келтіру және беріктендіру тәсілдерін;

ағаш дайындау машиналары мен жабдықтарына диагностика өткізу, техникалық қызмет көрсету, жөндеудің әдістерін, оларды ұзақ мерзімге сақтауға қою.


8. Ағашты шабу, тасу дайындығындағы тракторшы
Параграф 1. Ағашты шабу, тасу дайындығындағы тракторшы, 5-разряд
47. Жұмыс сипаттамасы:

қозғалтқыш қуаты 73,5 киловатт ( бұдан әрі – кВт) (100 ат күшіне) дейін тракторларды, тарту жабдықтарын және әр түрлі жүйенің топтау агрегаттарын басқару: ағаш шабуды дайындағанда, ағаш жару, ағаш тиеу пунктарда, жоғарғы, орталық құралдарда жүктің барлық түрін(соның ішінде, арнайы және басқа үлкен емес жүктерді) тасымалдағанда, ағаш жару орындарынан ағашты шығарғанда; ағашты тиегенде және қатарлағанда; ағаш жару орындарын шабылған қалдықтардан, бұтақтар мен ағаш бастарынан тазартқанда; ағаш тасу жолдарын, ағаш тиеу орындарын тазартқанда; ағашты атыраулық топтауда және ағашты суға салғанда;

қозғалтқыш қуаты әр түрлі, қалдықтарды артудың механизацияланған құралдарымен жабдықталмаған, әр түрлі жүйе тракторлары негізіндегі қозғалмалы шабу және тасымалдау машиналарын басқару;

қолданылып жатқан машиналар, механизмдер, жабдықтарды реттеу, ақауларын анықтау және жою;

тракторларды, тарту жабдықтарын, шабу машиналарын, топтау агрегаттарына техникалық қызмет көрсету;

тракторлар, тарту жабдықтары, шабу машиналары, топтау агрегаттары, олардың тіркеме және аспалы құралдарын жөндеу.

48. Білуге тиіс:

трактор, тарту жабдықтары, шабу машиналары, топтау агрегаттарының, олардың тіркеме және ілме жабдықтарының құрылымы мен құрылысын;

трактор, тарту жабдықтары, шабу машиналары, топтау агрегаттарының қозғалтқыш, электро-, пневмо- және гидрожабдықтарының құрылымы, жұмыс істеу принципі, реттеудің ережелерін;

ағашты шабудың ең дұрыс тәсілдерін, томарларды тамырымен жұлуды;

ағаш шабуда жүктердің қозғалуы мен тасу ережелерін;

отынның негізгі түрлері мен майлау материалдарының сорттарын;

қолданылып жатқан ағаш дайындау машиналары, механизмдер;

жабдықтардың ақауларын табу және жөндеу әдістерін;

дабыл қағу жүйесін;

шабу машиналарында пышақтарды орналастыру ережелерін;

технологиялық жоңқаға техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттарды.

Ағаш дайындағанда, осмол даярлау үшін томарларды жұлғанда қозғалтқыш күші 73,5 кВт (100 ат күшіне) асатын тракторды басқарғанда, ағаш, томарды бұталағанда, ағаш дайындау орнынан қоқыстарды шығарғанда кез келген қозғалтқыш күшті тракторды басқарғанда; кез келген қозғалтқыш күшті тракторлар негізінде құрылған, қалдықтарды салу механизациясы жабдықтары орнатылған қозғалмалы шабу машиналарын басқарғанда, шыбық пен ағаштарды бұталауға қатысқанда -6-разряд.



жүктеу 1,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау