Сабақ жоспары «Бекітемін» Оқу ісінің меңгерушісі 20



жүктеу 3,22 Mb.
бет1/8
Дата25.11.2017
өлшемі3,22 Mb.
#1559
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________2016 ж

___________________

Пән аты: Информатика

Класы: 10 «Б»

Қоғамдық - гуманитарлық бағыт
Тақырыбы: Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

Сабақ мақсаты:

А) ЕТ кабинетіндегі жұмыс кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесімен таныстыру.

Б) Төтенше жағдайларда әрекет ету ережелерін үйрету. Көзді ьалдырмау жаттығуларын үйрету.

В) ЕТ кабинетінде тәртіп сақтауға, жұмыс кезінде қоғам мүлкіне асқан жауапкершілкпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: Қауіпсіздік ережесі жазылған плакаттар. Слайд шоу.

Сабақ түрі: Дәстүрлі

Сабақ әдісі: Түсіндірмелі баяндау, әңгіме түрінде.

Сабақ типі: Кіріспе сабақ

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

ЕТ кабинетіндегі жұмыс кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесімен таныстыру.

Көзді талдырмау жаттығуларын жасауды үйрету.

Өртсөндіргіш құралдарын пайдалануді меңгерту.

ТҚ журналын толтыру.

Сабақты қорытындылау

Техникалық құралдармен жабдықталғандықтан және токпен жұмыс жасайтын құралдарды пайдаланатындықттан кабинет – арнаулы кабинет болып саналады. Сондықтан, оқушылардың өмірін, денсаулықтарын сақтау мақсатында, мектептің дүние-мүліктерін бүлдірмей қолдану мақсатында арнайы ережелер қарастырылған. Бұл ережелермен оқушы жыл басында міндетті түрде тансуы керек. Оқушылармен осы ережелермен танысып, бұлжытпай орындауға міндетті. Мұғалім ережелерді таныстыру керек және олардың орындалуын қадағалау қажет. Компьютердің адамға тигізетін әсерлерін түсіндіру керек. Егер оқушылар зақымданған жағдайда алғашқы көмек көрсетілуі керек.

Қауіпсіздік техникасы ережелері.

Қауіпсіздік техникасы ережелерін мына пункттерге бөлуге болады:



  1. Жалпы;

  2. ДК - де жұмыс істеу алдындағы;

  3. Жұмыс кезіндегі;

  4. Апатты жағдайдағы;

  5. Жұмыс аяқталғандағы:

Қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптарға мыналар жатады:

  1. Сымдарды, жалғаушы ашаларды, розеткаларды, штекерлерді қозғауға; жабдықты мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады.

  2. Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерлік сыныпқа кіруге және одан шығуға болмайды.

  3. Мұғалімнің рұқсатынсыз сынып ішінде жүруге болмайды.

  4. ДК-де ылғалды қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды.

  5. Қорабы немесе сымдары зақымданған ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады.

  6. ДК-мен қатар үстел үстіне портфель, сөмке, кітап қоюға тыйым салынады. Үстел үстінде тек қалам мен дәптер ғана жатуы тиіс.

  7. Пернетақта үстіне ештеңе қоюға болмайды.

  8. Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жұмыс істеп отырған оқушылардың көңілін алаңдатуға, басқа жұмыспен айналысуға болмайды.

ДК-де жұмыс істеу алдындағы қауіпсіздік талаптары:

  1. Қоректендіру көзіне қосылған ДК-ді мұқият қарап, оңашалануының және компьютер корпусы мен сымдарының ақауы жоқ екеніне көз жеткізу керек.

  2. Сымдары жұмыс кезінде байқаусыззда ілініп кететіндей болып салбырап тұрмағанына көңіл аудару керек.

  3. Жұмыс орнын тексеру және пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керектігін ескеру керек.

ДК жұмысы кезіндегі қауіпсіздік талаптары:

  1. ЭЕМ жұмысы кезінде көздің экраннан оңтайлы арақашықтығын (60-70 см) сақтау қажет. Жұмыс істеуге ыңғайлы, тиімді қашықтық – 50 см.

  2. Сыныпқа сырттан кірген мұғалімдер мен үлкен кісілерге оқушылардың тұруының қажеті жоқ.

  3. Көздің талуы немесе шаршауы жағдайында оқушылар орнынан тұрмай-ақ көздің талуын немесе шаршауын басатын бірнеше жаттығу орындауына болады.

  4. Оқушылар электр тогымен зақымдану кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін, өртсөндіргішпен жұмыс істеу тәсілдерін және өрт сөндіру тәсілдерін білуі тиіс.

  5. Оқушылар көздің талуы және шаршауын болдырмайтын жаттығуларды білулері керек.

Апат (төтенше) жағдайындағы қауіпсіздік талаптары:

  1. ДК жұмысы кезінде ақау байқалса, күйген иіс немесе бөгде дыбыс пайда болса, компьютер жұмысын бірден тоқтатып, аппаратураны ток көзінен ажыратып, мұғалімге немесе кабинет меңгерушісіне хабарлау керек.

  2. Қажет болғанда өрт сөндіруге көмектесу керек.

  3. Қажет болғанда, электр тогынан зақымданғандарға дәрігерлік алғашқы көмек көрсету керек.

  4. Компьютерлік сыныпта өрт болған жағдайда, оны су шашып сөндіруге болмайтынын білуі тиіс. Құмды немесе көбікті өртсөндіргішті пайдалануға болады.

  5. Егер зақымданған кісі электр тогының әсерінде болса, онда оны жалаңаш қолмен қозғауға болмайтынын білуі тиіс. Электр тогын өткізбейтін материал пайдаланып, зақымданған адамды босатып алу керек.

ДК жұмысын аяқтағандағы қауіпсіздік талаптары:

  1. Мұғалімнің айтуы бойынша аппаратураны ток көзінен ажырату керек.

  2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек.

  3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналында белгі жасау керек.

Алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері:

Адамның электр тогымен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері:

  1. Токтан ажырату (таратушы тақтадағы тумблерді ажырату) керек.

  2. Электр тогын өткізбейтін қолда бар құралдарды пайдаланып, зақымданған адамды ток әсерінен босату керек.

  3. Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.

  4. Зақымданған адамды мұқият қарап шығып, зақымдану дәрежесіне қарай оған көмек көрсету керек.

Күйген кездегі көмек көрсету:

Адам күйікке шалынған жағдайда:



  1. Ауырғанды басатын, тыныштандыратын дәрі беру керек.

  2. Күйген жерге дәрі (винилин) жағу керек.

  3. Күйген жараның бетіне микроб түспейтіндей етіп, алдымен целлофанмен орап алып, суық суда ұстау керек.

  4. Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.

Талып қалғандағы көмек көрсету:

Адам талып қалған жағдайда:



  1. Талып қалған адамды тегіс жерге шалқасынан, басын солға ұрып жатқызу керек.

  2. Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.

Тынысы тоқтап қалғандағы көмек көрсету:

Адамның тынысы тоқтап қалған жағдайда:



  1. Адамның аузын ашып тілін көру керек, егер тілі көмекейіне қарай түсіп кетсе – қолмен тартып шығарып қалыпты орнына келтіру керек.

  2. Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.

  3. Тыныс алуы қалпына келгенше немесе дәрігер келгенге дейін жасанды түрде тыныс алдырту (ауызды ауызға тақап) жасау керек.

Көзді талдыртпау және шаршатпау жаттығулары:

Бірнеше ондаған минут қозғалмай отырып компьютермен ұзақ уақыт бірсарынды жұмыс істеген кезде жағымсыз сезім, дене ұйығандай болып, шаршау пайда болады, көз талады. Осыларды болдырмау үшін сабақ барысында 1-2 рет (оқушы жасына байланысты) келесі жаттығуларды орындау керек.



Көздің талуын болдырмау жаттығулары:

  1. Қарау бағытын өзгерту: алысқа-мұрын ұшына, солға –оңға, төмен-жоғары.

  2. сағат тілі бағытымен және қарсы бағытта көзді айналдыра бұрып қарау.

  3. Көзді жұмып, қолмен жауып, 1-1,5 минут отыру.

Шаршауды болдырмау жаттығулары:

  1. Сағат тілі бағытымен және қарсы бағытта басты айналдыра бұру.

  2. Басты кезекпен екі жаққа бұру.

  3. Саусақтарды жұмырыққа жұму, қолдың ұшын босаңсыту.

  4. Оңға-солға бұрылып, қолды сермеп, керіліп-созылу.

Сынып журналында және еңбек қауіпсіздігі бойынша оқушылар нұсқамадан өткізу (инструктаж) журналында тиісті тіркеулер жасау қажет.

Техникалық қауіпсіздік және тәртіп сақтау ережелерімен оқушылар толық танысқаннан кейін, арнайы журналға қол қояды. Бұл оқушының ережелермен танысып, оларды бұлжытпай орындайтындарына кепіл болады. Егер тәртіп бұзылған жағдайда оқушы жауапқа тартылады. Журналда әр оқушының олрындары (компьютер нөмірлері) де көрсетіледі.


Сабақ аяқталды.Сау болыңыздар.


САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі «___________» ________2014 ж
___________________

Пән аты: Информатика

Класы: 10 «Б»

Қоғамдық - гуманитарлық бағыт

I. Сабақтың тақырыбы: Әлемнің ақпараттық бейнесі. Ақпараттық жүйелер мен ресурстар.

II. Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.

Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

III. Сабақтың түрі: аралас сабақ

IV. Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық

V. Сабақтың көрнекілігі: копьютер, топтама, тест сұрақтары т.б.

VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық

VII. Пайдаланған әдебиеттер: Н.Ермеков, М.Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.

VIII. Сабақтың барысы:

А) ұйымдастыру кезеңі

Б) сабақ сұрау

В) Бағалау

Г) Жаңа сабақ

Д) Бекіту

Е) Үйге тапсырма

Ж) Қорытынды



Жаңа сабақ

Ақпарат - адамнан да ерте туған құбылыс.


Ақпарат ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада қолданылатын көп мағыналы ұғым. Латын тілінде “informatio” - түсіндіру, мазмұндау деген мағынаны білдіреді.
Сонымен, ақпарат деп қоршаған орта мен онда болып жатқан әртүрлі құбылыстар туралы мәліметтер жиынтығын айтамыз.
Ақпараттану (Информатика) – электронды есептеу машина (ЭЕМ) арқылы ақпаратты жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән.
Ақпарат алу дегеніміз – бізді қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлұматтар мен мәліметтер алу деген сөз.
Ақпаратты жүйелер – ақпаратты арнайы ұйымдастырылған түрде сақтауға арналған және онымен түрлі әрекеттер жасауды және оны енгізуді қамтамасыз етуші, сонымен бірге түрлі белгілері бойынша іздеу салушы, есеп жасаушы жүйелер.
Ақпараттық жүйе жобасы деп – нақты бір программалық ортада ақпараттық жүйені құру және пайдалану бойынша жобалық шешімдердін сипаттамасы бар жобалық-конструкторлық және технологиялық құжаттаманы айтамыз.
Сонымен ақпараттық жүйе (АЖ) дегеніміз - қандай да бір нысанды басқаруға қажетті қойылған қоғамдық мақсаттарға жету барысындағы ақпараттарды жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу, іздеу және беру үшін қолданылатын құралдар, «дәстүр және персоналдардың өзара байланысқан жиыны.
Бағыныңқы жүйе дегеніміз – қандай да бір белгі бойынша ерекшеленген жүйенің бөлігі.
Ақпараттық қамтамасыз ету – АЖ мен ақпараттық технологияға қажетті элементерінің бірі басқарыталын нысанның күйін және басқару шешімін сипаттайтын ақпаратты бейнелейді.
Техникалық қамтамасыз ету – ақпараттық жүйенің жұмыс жасауға арналған техникалық жабдықтар кешені.
Математикалық қамтамасыз ету – Аж-нің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға арналған математикалық әдістер, модельдер, алгоритмдер және программалар жинытығы,сонымен қатар, ол техникалық құралдар кешенінің қалыпты қызметіне жағдай жасайды.
Программалық қамтамасыз ету – есептеу техникасын қолдану арқылы, ақпарат жүйесіндегі мақсаттар мен есептерді жүзеге асыруды қолдайтын программалар жиыны.
Оқушылар оқулықпен жұмыс жасай отырып, берілген сұрақтарға өз бетінше жауап береді.

Жаңа сабақты бекіту

IX .Үйге тапсырма

Әлемнің ақпараттық бейнесі. Ақпараттық жүйелер мен ресурстар.

X . Сабақты қорытындылау

Жаңа материалды пысықтау,оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,бағалау.



XI . Бағалау.

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі «___________» ________2014 ж ___________________

Пән аты: Информатика

Класы: 10 «Б»

Қоғамдық - гуманитарлық бағыт

Сабақтың тақырыбы: Білім берудің ақпараттық ресурстары



Сабақтың мақсаты:

  • Білім беру ақпараттық ресурстарына, білім беру электрондық ресурстары туралы түсінік беру.

  • Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

  • Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Білім порталдарын және каталогтарын пайдалануға үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: түсаукесер.

Сабақтың әдістері: сөйлесу, сұрақ-жауап, көрнекілік қолдану, тәжірибелік әдіс.

Сабақтың типі: тәжірибелік элементі бар жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.

Өтілетін орны: информатика сыныбы.

Сабақтың барысы

  1. ¥йымдастыру кезеңі Оқушыларды ұйымдастырып, түгендеу.

  2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру.

  1. Жаңа тақырыпқа кіріспе кезеңі

Теория

Ақпараттық ресурс әлеуметтік басқару үдерісіндегі қызметтің ерекше түрі болып табылатын ақпараттық қамтамасыз етудің негізін құрайды.



Білім беру ақпараттық ресурстары дегеніміз - ақпараттың кез келген түрі немесе оку үдерісінде қолдануға арнайы жасалған программалық өнімдер. Білім беру электрондық ресурстарына:

  1. Оқу материалдары (электрондық оқулықтар, оқу кұралдары, рефераттар, дипломдар);

  2. Оқу-әдістемелік материалдар (электрондық оқу бағдарламалары, эдістемеліктер);

  3. Ғылыми-әдістемелік материалдар (диссертациялар);

  4. Қосымша мәтіндік жэне суретті материалдар (дэрістер, зертханалық жұмыстар);

  5. Тестілеу жүйесі (білімді электронды тексеру тестілері);

  6. Электрондық кітапханалар;

  7. Білім саласының электрондық мерзімді басылымдары;

  8. Білім саласының мерзімді басылымдарының электрондық мазмұны жэне мақалалар аңдатпалары;

  9. Білім беру ресурстарына белгілі сайт адресі немесе сілтемелер жатады.

  1. Бекіту кезеңі

Тапсырма: Оқулықта берілген білім порталдарының жэне каталогтарының кез келгенін пайдаланып, солар туралы ақпарат жинап, осы сайттардың қызметтері жөнінде айтыңдар.

  1. Қорытынды кезең

  1. Бүгін сабақта не білдік?

  2. Не үйрендік?

  3. Қандай тәжірибелік жұмыс жасадық?

  1. Бағалау кезеңі

Оқушылар тапсырманы орындаған жэне білімді меңгерген деңгейіне байланысты бағаланады.

  1. Үйге тапсырма

  1. Тақырыпты оқу.

  2. Тақырып бойынша 4 сұрақ ойластырып келу.


САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі «___________» ________2014 ж ___________________

Пән аты: Информатика

Класы: 10 «Б»

Қоғамдық - гуманитарлық бағыт
Сабақтың тақырыбы: Ақпараттық және программалық қамтамасыз етудің диалектикасы

Сабақтың мақсаты:

  • Жаңа тақырыпты түсіндіру, элемнің ақпараттық бейнесі, ақпаратгық үдерістер туралы түсінік беру.

  • Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

  • Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: мәтіналғы (сканер), принтер, web-камера, модем, тұсаукесер. Сабақтың әдістері: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, көрнекілік қолдану, тәжірибелік

әдіс.

Сабақтың типі: тәжірибелік әлементі бар жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.

Өтілетін орны: информатика сыныбы.

Оқушылар білуі тиіс: компьютердің құрылысын.

Оқушылар меңгеруі тиіс: аппараттық жэне программалық қамтамасыз етуді, программалақ жүйелерді.

Сабақтың барысы

  1. ¥йымдастыру кезеңі

Оқушыларды ұйымдастырып, сыныпта оқушыларды түгендеу.

  1. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру

  1. Жаңа тақырыпқа кіріспе кезеңі

Теория

Компьютердің дамуы мен модернизациясы бірін-бірі толыктыратын екі бағытта жүзеге асырылады. Ол - аппараттық жэне программалык камтамасыз ету.

Аппараттық қамтамасыз етудің дамуы

Аппараттық камтамасыз ету перифериялык кұралдарға қажетті компьютердің электрондық толтырылымын күрайды. Процессор, электрондық платалар, монитор, пернетақта - бұлардың барлыгы аппараттық камтамасыз етуге жатады. Компьютердің заманауи аппараттық камтамасыз етілуі көлемінің барынша кішіреюіне жэне өнімділігінің үлкеюіне әкеледі. Мысалы, казіргі үялы телефондарда компьютердің процессорлары орнатылған.

Программалық қамтамасыз етудің дамуы

Компьютердің ұзак мерзімді жадында сақталған барлық программалар жиынтығы оның программалық камтамасыз етуін құрайды. Программалық камтамасыз ету жан- жақты даму үстінде (1-сурет).

Сонымен катар бекітілген белгілер бойынша жіктеуге қиындық тудыратын дэстүрлі емес программалар пайда болды. Жүйелі программалық қамтамасыз ету дегеніміз - ком­пьютер желілері мен компьютер жұмысын қамтамасыз ететін программалар жиынтығы. Базалық программалық қамтамасыз етуге операциялық жүйе мен операциялық қабықша. Базалық программалық қамтамасыз етудің кеңейтілуіне қосымша орнатылатын програм­малар жатады, оларды функционалдық белгілері бойынша төмендегідей топтауға болады:

  1. Компьютердің жұмыс істеу қабілеттілігін анықтайтын программалар.

  2. Компьютерді вирустардан қоргайтын вирусқа қарсы программалар.

  3. Дискілерге арналған программалар.

    • Бағдарлы-мәселелік;

    • жалпыға арналған;

    • жүктеу 3,22 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау