Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі


-сұрақ. Еңбек жағдайлары зиянды жұмыс істейтін адамдар қандай жәрдемақы алады?



жүктеу 0,79 Mb.
бет3/7
Дата01.01.2018
өлшемі0,79 Mb.
#6863
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7

1-сұрақ. Еңбек жағдайлары зиянды жұмыс істейтін адамдар қандай жәрдемақы алады?
Жауап:

Қолданыстағы Қазақстанның еңбек жағдайлары ерекше жұмыстарда істейтін адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінде:



  1. еңбек жағдайларын ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істейтін адамдарға 9 айлық есептік көрсеткіш және еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істейтін адамдарға 8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік арнайы жәрдемақы;

  2. белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен кезде ең төменгі күнкөріс деңгейінен 50 пайыз мөлшерінде берілетін базалық зейнетақы төлемі;

  3. 63-58 жасқа жеткен және 1998 жылғы 1 қаңтарға еңбек өтілінің болуы кезінде ынтымақты (еңбек) зейнетақы;

  4. қызметкерлер жалақысының 10 пайызы мөлшерінде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне міндетті зейнетақы жарналарын аударған кезде берілетін жинақтаушы зейнетақы;

  5. өз қызметкерлерінің пайдасына өзінің бастамасы бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына жұмыс берушілер төлейтін ерікті кәсіптік жарналардың есебінен берілетін зейнетақы;

  6. белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін жалпы еңбек қабілетін жоғалту жағдайына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін сақтандыру төлемдері;

  7. еңбек жарақатынан және кәсіптік аурулардың салдарынан еңбек қабілетін жоғалтқан кезде сақтандыру компанияларынан төленетін өмірлік сақтандыру төлемдері қамтылған.



2-сұрақ. Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды зейнетақымен қамсыздандыруды ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесі не дейді?
Жауап:

Әлемде пайдаланылатын арнайы режимдерді қамтитын зейнетақымен қамсыздандырудың мемлекеттік жүйелері мынадай схемаларға бөлінеді: жекелеген, араласқан, бірлескен.

I. Жекелеген жүйелер экономиканың жекелеген салалары қызметкерлерінің не жұмыспен қамтылған халықтың жекелеген топтарының дербес кәсіптік зейнетақы жүйелерінің жұмыс істеуін көздейді.

Дербес кәсіптік зейнетақы жүйесі саланың немесе кәсіптің ерекше шарттарына икемделген. Осы схемаға жататын қатысушылар міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын дербес кәсіптік зейнетақы схемаларына жүзеге асырады және жалпы схема бойынша міндетті зейнетақы жүйесіне қатыспайды. Аталған жүйелерде зейнетақы төлемдері ынтымақты негізде жүзеге асырылады.



II. Аралас зейнетақы жүйелері жұмыспен қамтылған халықтың жекелеген топтары үшін арнайы ережелерді қамтитын жалпыға ортақ ұлттық мемлекеттік зейнетақы жүйесін білдіреді.

Қызметкерлер міндетті зейнетақы жарналарын жалпыұлттық зейнетақы жүйесіне жүзеге асырады, онда жарналардың мөлшерлемесі еңбек жағдайларына қарай сараланады. Еңбек жағдайлары қалыпты жұмыста істейтін қызметкерлердің жарналар мөлшерлемесіне қарағанда еңбек жағдайлары зиянды жұмыста істейтін қызметкерлердің жарна мөлшерлемесі жоғары, бұл оларға зейнеткерлікке ерте шығуға мүмкіндік береді. Зейнетақы төлемдері ынтымақты негізде жүзеге асырылады.

Қазақстан аралас зейнетақы жүйесін таңдады.

III. Бірлескен зейнетақы жүйелері жалпыға ортақ ұлттық зейнетақы жүйесін білдіреді, мұнда жұмыскерлердің жекелеген санаттары жүйеге теңдей қатысқан жағдайда зейнеткерлікке ерте шығу құқықтарына ие болуы мүмкін.

Жарна мөлшерлемесі жүйеге қатысушылардың барлығы үшін бірдей. Мемлекеттік зейнетақы жүйесін қаржыландыру зейнетақы жарналарының немесе жалпы салықтардың есебінен жүзеге асырылады.



3-сұрақ. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарынан міндетті жарналарға өту жұмыс берушілердің өнімінің өзіндік құнына әсері қалай болар екен?
Жауап:

Қолданыстағы заңнамада ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын жұмыс берушілер салық жеңілдігіне ие. ҚР Салық кодексінің 110-бабы 3-тармағына сәйкес салық төлеушілердің зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төлеген ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамада белгіленген шектерде ұстап қалуға жатады.

Ұсынып отырған өзгерістерде аталған нормалар сақталады, бұл жұмыс берушіге жүктеменің көбеюіне алып келмеуге және өнімнің өзіндік құнына әсер етпеуге тиіс.

4-сұрақ. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына өту және оларды төлеу кезіндегі тетігі қандай?
Жауап:

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бұрынғы міндетті зейнетақы жарналары сақталған жағдайда, жұмыс беруші есебінен 5 пайыз мөлшерінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізу көзделген. Бұл олардың жүйеге үздіксіз қатысқаны (30 жылдан кем емес) және жүйелі түрде аударғаны (жылына 12 рет) кезінде зейнеткерлікке ерте шығуы үшін жеткілікті зейнетақы жинақтарына мүмкіндік береді.

Жаңа жүйе еңбек жағдайлары зиянды өндірістерде жұмыс істейтін қызметкерлерге ғана қолданылатын болады. Өндіріс түрлерінің тізбесін және зиянды өндірістерде жұмыс істейтін қызметкерлер кәсіптерінің тізімін Үкімет бекітеді және мерзім сайын қайта қаралып отырады.

Ұсынылып отырған қайта құрулардың нәтижесінде жұмыс берушіге де жүктеме азаяды, өйткені кәсіптік зейнетақы жарналарына төленетін сома салық төлемдерін жүзеге асырған кезде шегерімге жатқызылады.



Бірақ жұмыс берушілердің міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына жұмсайтын шығындары ахуалына байланысты еңбек жағдайлары олардың жақсаруын ынталандырып отырады.



жүктеу 0,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау