Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің


-тарау. Мүгедектердi арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету тәртібі



жүктеу 0,94 Mb.
бет6/6
Дата25.11.2017
өлшемі0,94 Mb.
#1920
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6

2-тарау. Мүгедектердi арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету тәртібі
7. Кресло-арбаларға мұқтаж мүгедектер немесе олардың заңды өкілдері не мүгедектен нотариалды түрде куәландыруды талап етпейтін сенімхат алған өзге адамдар (бұдан әрі – өтініш беруші) тұрғылықты жері бойынша Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасына, Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына (бұдан әрі – қалалық басқармалар), қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімдері) өтініш және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты береді.

8. Қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері өтінішті қабылдау кезінде мүгедектің жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) мынадай:



  1. жеке басын куәландыратын құжат туралы;

2) тұрақты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы;

3) мүгедектікті белгілеу туралы;

4) мүгедектікке алып келген өндірістегі жазатайым оқиға туралы (еңбек жарақатын алған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектер үшін);

5) мүгедектікті белгілеуге кінәлі жұмыс беруші-жеке кәсіпкер қызметінің тоқтатылғаны немесе заңды тұлғаның таратылғаны туралы (еңбек жарақатын алған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектер үшін) мәліметтерді алу үшін сұрау салуды қалыптастырады.

9. Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) мүгедектің жеке басын куәландыратын құжат;

2) заңды өкілдің немесе сенімхат алған адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – көрсетілген адамдар өтініш берген жағдайда;

3) тұрақты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы);

4) мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;

5) еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиға туралы актінің және жұмыс беруші-жеке кәсіпкер қызметінің тоқтатылғаны немесе заңды тұлғаның таратылғаны туралы құжаттың көшірмелері – жұмыс беруші-жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайларда, еңбек жарақатын алған және (немесе) кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедек өтініш берген кезде;

6) ОЖБ-дан үзіндінің көшірмесі.

Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, кейіннен құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

10. Қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің өтінішті қабылдаған маманы өтініш берушіден қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын, өтініш беруші осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес ұсынған құжаттардың электрондық көшірмелерінің түпнұсқаларға сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

11. Қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің маманы өтініштегі деректерді, сондай-ақ ОЖБ-ның орындалуы не орындалмауы жөніндегі деректерді «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізеді.

12. Қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері өтініштер және ОЖБ негізінде кресло-арбалардың тізбесі мен санын көрсете отырып, оларға қажеттілікті қалыптастырады.

Облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары (бұдан әрі – облыстық басқарма) жұмыспен қамту бөлімдері ұсынған қажеттілік негізінде кресло-арбалардың тізбесі мен санын көрсете отырып, оларға жиынтық қажеттілікті облыс бойынша айқындайды.

13. Облыстық басқарма (қалалық басқарма) мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кресло-арбаларды сатып алуды жүзеге асырады.

14. Қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері кресло-арбаларды беруді мүгедектің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), туған күнін, тұратын жерін, алған кресло-арбаның атауын, алған күнін, алғаны туралы белгіні көрсете отырып тізім бойынша жүргізеді.

15. Бөлмеде жүріп-тұруға арналған кресло-арбалар мүгедектерге 7 жыл, серуендеуге арналған кресло-арбалар 4 жыл пайдалану мерзіміне берiледi.

16. Жұмыспен қамту бөлімдері кресло-арбаларды бергеннен кейін бір ай ішінде мүгедектің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), туған күнін, тұрғылықты жерін, алған кресло-арбаның атауын, берілген күнін, алған адамның қолын көрсете отырып, кресло-арба алған мүгедектердің тізімдерін облыстық басқармаға ұсынады.

Мүгедектердi арнаулы жүріп-тұру

құралдарымен қамтамасыз ету   

қағидаларына қосымша         

Нысан
Астана мен Алматы қалаларының, аудандардың

және облыстық маңызы бар қалалардың

жергілікті атқарушы органының басшысына

____________________________

____________________________



Оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік және кәсіптік

бөлігіне сәйкес оңалту құралдары мен қызметтерін ұсынуға

өтініш
Тегi ____________________________________________________________

Аты ___________________________________________________________

Әкесiнiң аты (бар болса) __________________________________________

Туған күнi ______________________________________________________

Мүгедектiгi _____________________________________________________

Жеке басты куәландыратын құжат түрі _____________________________

Құжаттың нөмірі: ______________ кім берген: _______________________

Берілген күні: «___» ________ ________ жылы

Жеке сәйкестендіру нөмірі:_________

Тұрақты тұратын (тіркелген) жерінің мекенжайы:

Облыс _________________________________________________________

қала (аудан) ____________________ауыл: ___________________________

көше (шағын аудан)________________________ үй _____ пәтер _________

Телефон _______________________________________________________


Қызметтер ұсыну үшін құжаттар қабылдауды сұраймын:

_________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________

(протездік-ортопедиялық көмек, сурдотехникалық құралдар, тифлотехникалық құралдар, міндетті гигиеналық құралдар, жеке көмекшінің қызметтері, ымдау тілі маманының қызметтері, санаторий-курорттық емделу, кресло-арбалар)__________________

(қажетінің асты сызылсын, жазылсын)

Міндетті гигиеналық құралдар және (немесе) кресло-арбалар ұсынуға өтініш беру кезінде: салмағы ______ кг, бойы _________ см, бөксе ауданы __________ см жазылу керек.

Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:



Р/с

Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтар дың саны

Ескертпе

1










2










3










4










5










6










7









Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалту құралдары мен қызметтерін ұсыну үшін құжаттарды ресімдеуге қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімімді беремін.

«____»__________ 20____ жыл.
__________________________________________________________________________

(Өтініш берушінің қолы (заңды өкілінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


__________________________________________________________________________

(Өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы)


«____»__________ 20____ жыл.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------

(қию сызығы)


Азамат __________________________________ өтініші қабылданды.

Өтініш қабылданған күн «____» __________20 ____ жыл.


____________________________________________________________________________

(Өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы)
жүктеу 0,94 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау