Мүгедектерді санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етуге
медициналық қарсы көрсетілімдер
1. Жіті сатысындағы барлық аурулар, асқыну сатысындағы немесе жіті іріңді процестермен асқынған созылмалы, сондай-ақ стационарлық емдеуді қажет ететін, оның ішінде хирургиялық араласуды талап ететін барлық аурулар.
2. Оқшаулау мерзімі аяқталғанға дейінгі инфекциялық аурулар.
3. Жіті және жұқпалы түрдегі барлық венерологиялық аурулар.
4. Қатерлі жаңа өскіндер.
5. Аурулар өздігінен жүріп-тұра алмайтын және өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын, ұдайы күтімді қажет ететін (көру ағзасының аурулары бар адамдарға арналған, омыртқа жұлыны ауыратын науқастарға арналған мамандандырылған санаторийлерде емделуге тиіс адамдардан басқа) барлық аурулар.
6. Психикалық аурулар. Нашақорлық пен созылмалы маскүнемдіктің барлық түрлері.
7. Құрысу талмалары және олардың эквиваленті, ақыл-ес кемістігі, мінез-құлықтың және әлеуметтік бейімделуінің айқын байқалатын бұзылыстары бар адамның патологиялық дамуы.
8. Синкопалдық жай-күйі.
9. Кез келген жерде шоғырланған эхинококкоз.
10. Әртүрлі жағдайда жиі қайталанатын немесе көп қан кетулер.
11. Акушерлік паталогия болған жағдайда барлық кезеңдегі жүктілік немесе 18 аптадан бастап қалыпты жүктілік (санаторий-курорттық емделуге жіберу сәтінде).
12. Туберкулездің белсенді кезеңіндегі барлық формалары (туберкулездік емес профильдегі курорттар мен санаторийлер үшін).
13. Кез келген текті кахексия.
Мүгедектерге және мүгедек
балаларға санаторий-курорттық
емделудi ұсыну қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Өтiнiштердi тiркеу және жолдамаларды беру журналы
Р/с №
|
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
|
Мүгедектiгi
|
Үйінің мекенжайы және телефоны
|
Өтiнiштi қабылдау күні
|
Өтiнiштi кім берді
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1.
|
|
|
|
|
|
2.
|
|
|
|
|
|
3.
|
|
|
|
|
|
(кестенің жалғасы)
Емдеушi дәрiгерлер ұсынған санаторий
|
Жолдама берілген санаторийдiң атауы
|
Жолдама берілген кезең
|
Өтiнiш берушiнiң не жолдама алған адамның қолы
|
Жолдаманың қайтарылған күнi және себептерi
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ескертпе: Журнал өтiнiштердiң келiп түсу шегіне қарай қатаң дәйектiлiкпен толтырылады.
Мүгедектерге және мүгедек
балаларға санаторий-курорттық
емделудi ұсыну қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Астана мен Алматы қалаларының, аудандардың
және облыстық маңызы бар қалалардың
жергілікті атқарушы органының басшысына
____________________________
____________________________
Оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік және кәсіптік
бөлігіне сәйкес оңалту құралдары мен қызметтерін ұсынуға
өтініш
Тегi ____________________________________________________________
Аты ___________________________________________________________
Әкесiнiң аты (бар болса) __________________________________________
Туған күнi ______________________________________________________
Мүгедектiгi _____________________________________________________
Жеке басты куәландыратын құжат түрі _____________________________
Құжаттың нөмірі: ______________ кім берген: _______________________
Берілген күні: «___» ________ ________ жылы
Жеке сәйкестендіру нөмірі:_________
Тұрақты тұратын жерінің мекенжайы (тіркелген):
Облыс _________________________________________________________
қала (аудан) ____________________ауыл: ___________________________
көше (шағынаудан)________________________ үй _____ пәтер _________
Телефон _______________________________________________________
Қызметтер ұсыну үшін құжаттар қабылдауды сұраймын:
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
(протездік-ортопедиялық көмек, сурдотехникалық құралдар, тифлотехникалық құралдар, міндетті гигиеналық құралдар, жеке көмекшінің қызметтері, ымдау тілі маманының қызметтері, санаторий-курорттық емделу, кресло-арбалар)__________________
(қажетінің асты сызылсын, жазылсын)
Міндетті гигиеналық құралдар және (немесе) кресло-арбалар ұсынуға өтініш беру кезінде: салмағы ______ кг., бойы _________ см., бөксе ауданы __________ см. жазылу керек.
Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:
р/с
|
Құжаттың атауы
|
Құжаттағы парақтар дың саны
|
Ескертпе
|
1
|
|
|
|
2
|
|
|
|
3
|
|
|
|
4
|
|
|
|
5
|
|
|
|
6
|
|
|
|
7
|
|
|
|
Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалту құралдары мен қызметтерін ұсыну үшін құжаттарды ресімдеуге қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
«____»__________ 20____ жыл.
__________________________________________________________________________
(Өтініш берушінің (заңды өкілінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
__________________________________________________________________________
(Өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы)
«____»__________ 20____ жыл.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------
(қию сызығы)
Азамат __________________________________ өтініші қабылданды.
Өтініш қабылданған күн «____» __________20 ____ жыл.
____________________________________________________________________________
(Өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы)
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
міндетін атқарушының
2017 жылғы 28 сәуірдегі
№ 103 бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 22 қаңтардағы
№ 26 бұйрығына
3-қосымша
Мүгедектердi протездік-ортопедиялық көмекпен
және техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мүгедектердi протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) есту аппараты – мүгедектерге медициналық көрсетілімдерге байланысты берілетін және құлақ iшiндегi, түтiк iшiндегi, құлақ сыртындағы, қалтадағы, көзiлдiрiк ұясындағы, ауыстырып қондырылатын, ауа және сүйек арқылы дыбысөткiзгіш болып бөлінетін микрофоннан, күшейткіш-түрлендіргіштен және телефоннан (динамика) тұратын электроакустикалық құрылғы;
2) есту аппаратын, сөйлеу процессорын ауыстыру – бұрын мемлекеттік бюджет есебінен орнатылған (ауыстырылған) есту аппаратын, сөйлеу процессорын бір мезгілде алып қоя отырып, есту аппаратын, сөйлеу процессорын беру;
3) есту қабілеті бұзылған мүгедек балаларды кохлеарлық имплантациядан кейін есту-сөйлеуге бейімдеу – сурдологиялық зерттеп-қарауға, консультация беруге, сөйлеу процессорын баптауға, оларды пайдалануды оқытуға және жаттықтыруға, әлеуметтік-психологиялық жұмыс жүргізуге, естуді қабылдауды, ауызша сөйлеуді және танымдық қызметті дамытуға бағытталған ата-аналар (заңды өкілдер) қатысатын іс-шаралар жүйесі;
4) кохлеарлық имплант – ішкі құлақтың жоқ немесе зақымдалған есту рецепторларының функциясын атқаратын және бас миының есту орталығына электрлік импульстерге түрленген дыбыстық ақпарат беретін медициналық аспап;
5) кохлеарлық имплантация – бұл естуді қалпына келтіруге және терең есту мүкістігі немесе саңыраулығы бар адамдарды әлеуметтік бейімдеуге бағытталған іс-шаралар жүйесін электродтық естуді протездеу түрі;
6) кохлеарлық имплантқа арналған сөйлеу процессоры – кохлеарлық имплантқа берілетін механикалық табиғаттың дыбыс толқынын электрлік импульсқа айналдыратын күрделі электрондық медициналық құрылғы (бұдан әрі – сөйлеу процессоры);
7) күрделi протездiк-ортопедиялық құралдар – корсеттер, аппараттар, туторлар, обтураторлар, жамбасты мүшелегендегі, қол мен аяқтың қысқа және ұзын тұқылдарындағы протездер, қатты бекiтiлетiн протездер және күрделi ортопедиялық аяқкиiмдi қоса алғанда, басқа да протездiк-ортопедиялық құралдар;
8) мiндеттi гигиеналық құралдар – табиғи физиологиялық қажеттiлiктер мен мұқтаждықтарды қанағаттандыруға арналған құралдар;
9) протездiк-ортопедиялық көмек – мүгедектердi протездiк-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету жөнiндегi медициналық-техникалық көмектiң мамандандырылған түрi және оларды пайдалануды үйрету;
10) протездiк-ортопедиялық құралдар – қол мен аяқты немесе дененiң басқа да мүшелерін алмастыратын, аурудың немесе денсаулықтың бұзылуы салдарынан организмнiң бұзылған немесе жоғалтқан функцияларының орнын толтыратын құралдар;
11) сурдотехникалық құралдар – есту кемiстіктерiн түзеуге және олардың орнын толтыруға арналған техникалық құралдар, оның iшiнде байланыс пен ақпарат берудi күшейтетін құралдар;
12) техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар – протездiк-ортопедиялық және сурдо-тифлотехникалық құралдар мен мiндеттi гигиеналық құралдар;
13) тифлотехникалық құралдар – мүгедектердiң көру кемiстiгi нәтижесiнде жоғалтқан мүмкiндiктерiн түзеуге және олардың орнын толтыруға бағытталған құралдар;
14) ұсақ протездiк-ортопедиялық құралдар – обтураторлар, бандаждар, қолды ұстағыштар, супинаторлар, пронаторлар, балалардың емдеу бұйымдары.
3. Мүгедектер Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі – ОЖБ) негізінде протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз етіледі.
4. Жұмыс берушінің кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектер ОЖБ-ға сәйкес протездiк-ортопедиялық көмекпен, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдармен, мiндетті гигиеналық құралдармен Қазақстан Республикасының заңнамасына сай жұмыс берушінің қаражаты есебiнен қамтамасыз етіледi.
5. Жұмыс берушi-жеке кәсiпкердiң қызметi тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда, жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедекке протездiк-ортопедиялық көмек, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдар, мiндеттi гигиеналық құралдар мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен беріледi.
6. Мүгедектерге техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар және арнаулы жүріп-тұру құралдары сату және басқа адамға беру құқығынсыз беріледі.
2-тарау. Мүгедектерді протездiк-ортопедиялық
көмекпен қамтамасыз ету тәртібі
1-параграф. Протездiк-ортопедиялық құралдарға тапсырыстарды ресiмдеу және оларды беру тәртiбi
7. Мүгедектер протездік-ортопедиялық көмекпен өтініштер және халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес медициналық-әлеуметтік көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерге сай әзірлеген ОЖБ негізінде қамтамасыз етіледі.
8. Протездiк-ортопедиялық көмек протездеу, мүгедектердi протездiк-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету бойынша медициналық қызметтер көрсетуден, сондай-ақ оларды пайдалануды үйретуден тұрады.
9. Протездік-ортопедиялық көмекке мұқтаж мүгедектер немесе олардың заңды өкілдері не мүгедектен нотариалды түрде куәландыруды талап етпейтін сенімхат алған адамдар (бұдан әрі – өтініш беруші) тұрғылықты жері бойынша Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасына, Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына (бұдан әрі – қалалық басқармалар) немесе қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімдері) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік және кәсіптік бөлігіне сай оңалту құралдары мен қызметтерін ұсынуға өтініш (бұдан әрі – өтініш) және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты береді.
10. Қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері өтінішті қабылдау кезінде мүгедектің жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) мынадай:
1) жеке басын куәландыратын құжат туралы;
2) тұрақты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы;
3) мүгедектікті белгілеу туралы;
4) ОЖБ-да әзірленген іс-шаралар туралы мәліметтерді алу үшін сұрау салуды қалыптастырады.
Еңбек жарақатын алған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектер протездік-ортопедиялық көмек алуға өтініш берген жағдайда қосымша мынадай:
1) мүгедектікке алып келген өндірістегі жазатайым оқиға туралы;
2) кінәсінен еңбек жарақатын алған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан жұмыс беруші-жеке кәсіпкер қызметінің тоқтатылғаны немесе заңды тұлғаның таратылғаны туралы мәліметтер сұратылады.
11. Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) мүгедектің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) заңды өкілдің немесе сенімхат алған адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – көрсетілген адамдар өтініш берген кезде;
3) тұрақты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе село және (немесе) ауыл әкімдерінің анықтамасы);
4) мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі;
5) еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиға туралы актінің және жұмыс беруші-жеке кәсіпкер қызметінің тоқтатылғаны немесе заңды тұлғаның таратылғаны туралы құжаттың көшірмесі – жұмыс беруші-жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайларда, еңбек жарақатын алған және (немесе) кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедек өтініш берген кезде;
6) ОЖБ-дан үзіндінің көшірмесі.
Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар өтінішке Ұлы Отан соғысының қатысушысының, мүгедегінің немесе жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедегіне теңестірілген адамның куәлігін қоса береді.
Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, кейіннен құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
12. Өтінішті қабылдаған қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің маманы өтініш берушіден қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын, өтініш беруші осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес ұсынған құжаттардың электрондық көшірмелерінің түпнұсқаларға сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
13. Қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің маманы өтініштегі деректерді, сондай-ақ ОЖБ-ның орындалуы не орындалмауы жөніндегі деректерді «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – «Е-Собес» ААЖ) енгізеді.
14. Облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары (бұдан әрі – облыстық басқармалар), қалалық басқармалар өтініштердің және ОЖБ негізінде протездiк-ортопедиялық құралдарға қажеттілікті олардың тiзбесi мен санын көрсете отырып айқындайды.
15. Мүгедектерді, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiн, сондай-ақ жеңілдiктер мен кепілдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестірiлген адамдарды протездiк-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды жөндеу мемлекеттік бюджет қаражатының есебінен жүргiзіледi.
16. Облыстық басқармалар, қалалық басқармалар мен жұмыспен қамту бөлімдері протездiк-ортопедиялық көмекке мұқтаж және осы көмектi мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен алған мүгедектердiң есебiн жүргiзедi. Облыстық басқармалар (қалалық басқармалар) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларымен бірге мүгедектердi протездiк-ортопедиялық көмек алуға жiберу жұмысын ұйымдастырады.
Мүгедектердi қайта протездеуге жiберу не протездiк-ортопедиялық аяқкиiммен қамтамасыз ету протездердi және басқа да протездiк-ортопедиялық құралдарды ауыстырудың осы Қағидаларда белгіленген мерзiмдерінде жүргізіледi.
17. Протездiк-ортопедиялық көмекке мұқтаж мүгедектерден тапсырыстар қабылдауды облыстық басқарма (қалалық басқарма) мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындайтын өнім беруші (бұдан әрі – өнім беруші) жүзеге асырады.
Тапсырыстың сипаты мен түрiне қарай өнім беруші мүгедектi стационарлық протездеу үшін шақырып алудың қажеттігiне тапсырысты оның қатысуынсыз орындау туралы шешiм қабылдайды. Шақыру алдын ала жiберiледi.
18. Мүгедектерден үйде тапсырыстар қабылдау олардың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
19. Протездеуге келген мүгедектер өнім берушiге:
1) облыстық басқарманың (қалалық басқарманың) жолдамасын;
2) емдеуші дәрiгердiң жолдама-ұсынымын, бастапқы протездеу кезiндегi ауру тарихынан үзiнді көшірмені;
3) рентген суреттерiн;
4) мүгедектің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын;
5) кеуде қуысы ағзаларын флюорографиялық зерттеу нәтижелері туралы дәрігердің қорытындысын ұсынады.
20. Өнім беруші барлық протездiк-ортопедиялық құралдарға протездеу картасын және тапсырыс бланкiсiн толтырады. Протездеу картасы тұрақты, тапсырыс бланкiсi 5 жыл сақталады.
21. Протездеу картасында протездiк-ортопедиялық құралдың, протездiк-ортопедиялық аяқкиiмнiң алдыңғы берiлген және жөнделген уақыты, сондай-ақ мүгедектiң мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен протезделу құқығы көрсетіледi.
22. Тапсырыс бланкiсiне протездiк-ортопедиялық бұйымның құны туралы деректер, адамның мәртебесiн растайтын куәлiктiң нөмiрi, оны кiм және қашан бергенi енгiзіледi.
23. Мiндетті түрде өлшеп көрудi талап ететiн дайын протездiк-ортопедиялық құрал тапсырыс берушінің жеке өзiне беріледi. Өлшеп көру талап етілмейтiн жағдайларда, алуға сенімхаты болса, бұйымды басқа адамға беруге жол беріледi не ол тапсырыс берушінің тұратын жерiне мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен жiберіледi.
24. Өнім беруші ай сайын мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен дайындалған протездiк-ортопедиялық құралдар мен протездiк-ортопедиялық аяқкиімнің есебiн жүргiзедi және белгіленген нысан бойынша олардың тiзілiмiн, сондай-ақ ақы төлеу үшін облыстық басқармаға (қалалық басқармаға) ұсынылатын орындалған қызметтердi қабылдап алу-тапсыру актiсiн (еркін нысанда) жасайды.
25. Күрделi протездiк-ортопедиялық құралдар кезектілік тәртiбiмен, тапсырыстар өндiрiске берiлген күннен бастап 45 жұмыс күнінен асырылмай дайындалады.
26. Ұсақ протездiк-ортопедиялық құралдар осы тәртіппен, тапсырыстар өндiрiске берiлген күннен бастап 7 жұмыс күнінен асырылмай дайындалады.
27. Тапсырыс берушінің өлшеп көруге келуiн күту кезiнде бұйымның жатып қалған уақыты протездiк-ортопедиялық құралдың дайындалу мерзiмiне енгiзiлмейдi.
28. Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық аяқкиiмдi жөндеу олардың өз қаражаты есебiнен кезектілік тәртiбiмен жүргiзіледi.
29. Протездеуге барумен, өнім берушінің медициналық стационарына жатқызумен, протездеу уақытында қамтамасыз етумен байланысты шығыстарды өнім беруші мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен төлейдi.
30. Жол жүру (өнім берушіге дейiн және керi қарай) темiр жолда – қатты плацкарт вагон, мүгедектер үшін арнайы вагон тарифi бойынша, су жолдарында – екiншi класс тарифi бойынша, тас немесе топырақты жолдарда – белгіленген тарифтер бойынша, ұсынылған билеттiң немесе темiржол вокзалы, автовокзал, айлақ кассасы берген анықтаманың негiзiнде өтеледі.
Мүгедектерге жолақы төлеу жылына екi сапардан асырмай жүргізіледі. Бiрiншi топтағы мүгедектер мен мүгедек балаларды ертiп жүрушілерге, бандаждармен қамтамасыз етілуге құқығы бар адамдарға жол шығыстары бiр сапарға ғана өтеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |