Қазақстан республикасы дін істері және азаматтық ҚОҒам министрлігі азаматтық қоғам істері комитеті



жүктеу 4,78 Mb.
бет12/14
Дата01.01.2020
өлшемі4,78 Mb.
#25691
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

9 ұсыным

«Тұрақты даму және елдің барлық деңгейлері мен аймақтарында тиімді енгізу саласындағы мақсаттарды жүзеге асыру механизмдерін әзірлеу бойынша азаматтық қоғам мен Үкіметтің бірлесуі бойынша шаралар қабылдау»



42 т. Тұрақты даму саласындағы мақсаттар туралы БАҚ арқылы халықтың хабардар болу бойынша шаралар қабылдау

(2017 жылы 25 желтоқсан)
2017 жылы орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар БАҚ арқылы Тұрақты даму мақсаттары туралы халықты ақпараттандыру бойынша шаралар қабылдады. Бірыңғай медиа-жоспар аясында ОКҚ алаңында қоғамды, экономикалық өсуді орнықты дамыту, экологиялық орнықтылық, өңірлерді орнықты дамыту сияқты орнықты дамыту мақсатындағы баспасөз конференциялар, дөңгелек үстелдер, сұхбаттар ұйымдастыру көзделген.


БАҚ (Республикалық/

өңірлік деңгей)

Телеарналар

Басылымдар

Интернет-ресурстар

Барлығы

қоғамның тұрақты дамуы туралы

(кедейлікті жою, аштықты жою, денсаулық және әл-ауқат, білім, гендерлік теңдік)

Республикалық

3434 сюжет

3079 материал

7784 материал

34434

Өңірлік

11713 сюжет

8424 материал

экономикалық орнықты өсу туралы

Республикалық

787 сюжет

994 материал

3626 материал

10079

Өңірлік

4072 сюжет

4226 материал

экологиялық орнықтылық туралы

Республикалық

396 сюжет

321 материал

616 материал

2616

Өңірлік

805 сюжет

1094 материал

өңірлерді орнықты дамыту туралы

Республикалық

86 сюжет

80 материал

208 материал

1086

Өңірлік

435 сюжет

485 материал


Ұсыным орындалды.

***
43 т. Тұрақты даму саласындағы мақсаттарды жүзеге асыру бағыттары бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік жобаларды іске асыру мүмкіндігін қарастыру

(2017 жылы 25 желтоқсан)
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінде Тұрақты даму саласындағы мақсаттарды іске асыру саласындағы әлеуметтік жобаларды іске асыру мүмкіндіктері қарастырылды.

  • Қостанай облысында қолжетімді, заманауи энергия көздеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде Қазақстанның жетістіктерін насихаттауға бағытталған жобасы жүзеге асырылды. Осы орайда, жоба облыстың 5 өңірінде қамтылып, жаңартылатын энергия көздері және энергияны үнемдейтін технологиялар бойынша ақпараттық жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, Қостанай облысының 52 инновациялық жобасын табуға мүмкіндік берген облыстық блогерлер және инновациялар конкурстары өтті. Сондай-ақ, пластик қалдықтарын бөлек жинауды насихаттауға бағытталған жобасы жүзеге асырылды. Жобаның қорытындысы бойынша Қостанай қаласы мен Сарыкөл ауданында пластик қалдықтарын бөлек жинау үшін арнайы контейнерлер орнатылды.

  • Қызылорда облысында тұрақты даму саласындағы мақсаттарды жүзеге асыру бағыттары бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында экология саласында 2 жоба, жұмыпен қамту, әлеуметтік саласында 46 жоба, кәсіпкерлікті дамытуда 5 жоба, денсаулық сақтау саласында 5 жоба жүзеге асырылды.


Ұсыным орындалды.

***
10 ұсыным

«Қызмет істемейтін коммерциялық емес ұйымдармен (қоғамдық бірлестіктермен) осы заңды тұлғаларды таратумен байланысты процедураларды жеңілдету арқылы жұмыс жүргізу»
44 т. «Салықтық есептілікті қызмет істемеу себебі бойынша өткізіп алған КЕҰ амнистия жүргізу арқылы қызмет істемейтін КЕҰ жабуды ынталандыру бойынша шаралар қабылдау»

(2017 жылғы 25 желтоқсан)
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық кодексі күшіне енді, ҚР Азаматтық Кодексінің 49 бабының 2 тармағының 3) және 4) тармақшаларында заңды тұлғаларды таратудың жеңілдетілген нормалары қарастырылған:

- орналасқан жері бойынша немесе нақты мекенжайы бойынша заңды тұлға, сондай-ақ заңды тұлға бір жыл ішінде оларсыз жұмыс істей алмайтын құрылтайшылар (қатысушылар) және лауазымды адамдар болмаған;

- қызметін заңнаманы өрескел бұза отырып жүзеге асырған: заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызметті үнемі жүзеге асырған; қызметін тиісті лицензиясыз не заңнамалық актілерде тыйым салынған қызметті жүзеге асырған.


Анықтама

Салық кодексінің 93 бабында 5 жылдан кем емес уақыт жұмыс жасамайтын заңды тұлғаларды тарату тәртібі белгіленді:

  • салықтық есептілікті ұсынбаған;

  • экспорттық-импорттық операцияларды жасамаған;

  • банктік шоттар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын;

  • жеке тұлғалардан мүлік, көлік құралдары салықтары, жер салығы, бірыңғай жер салығы салынатын объектілерді қоспағанда, меншік құқығында көрсетілетін салықтар салынатын объектілер жоқ;

  • әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ.


Ұсыным орындалды.

***

11 ұсыным

«Ашықтық және айқындылық бойынша мемлекеттік органдар рейтингін уақытылы жаңартуды қарастыратын жүйе жүргізу»
45 т. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңын насихаттау және «Ашық үкімет» порталын жетілдіру бойынша БАҚ республикалық науқан жүргізу бойынша мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберінде лоттар қарастыру»

(әр жыл сайын 25 желтоқсанға жақын)
Отандық телекоммуникацияны дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде электрондық цифрлық ақпарат таратуды енгізу, «электрондық Үкіметтің» (соның ішінде «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және «Ашық Үкімет» порталын ілгерілету) жұмысы:

- Астана және Алматы қалалары әкімдіктерімен мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберінде отандық телекоммуникацияны, сандық хабарлауды, электрондық Үкіметтің жұмысын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жариялау бойынша лоттар қарастырылған:



- Ақпарат және коммуникациялар министрлігі 2017 жылғы мемлекеттік ақпараттық саясатқа бағытталған тақырыптар тізімінде мынадай тақырыптарды орналастырған: «Ақпараттық ілеспе және Мемлекет басшысы, Парламент, ҚР Үкіметі, мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарының өкілдері және басқа да қоғамдық ұйымдардың қызметін түсіндіру, «Ақпараттық ілеспе және 100 нақты қадам ұлттық Жоспарын іске асыру барысын түсіндіру.

Анықтама үшін

«Ашық үкімет» енгізу және «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» Заңын әзірлеу «100 нақты қадам-ұлттық Жоспарының 94 қадамы болып табылады.

Осыған орай, «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» ҚР Заңын ақпараттық ілеспесі және «Ашық Үкімет» порталын ілгері жылжыту осы тақырыптық бағыттар аясында жүргізіліп жатыр.


Ұсыным орындалуда.

***
46 т. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңдары және «Ашық үкімет» порталын жетілдіру бойынша заңдардың негізгі ережелерін түсіндіру бойынша БАҚ жұмысты ұйымдастыру»

(жыл сайын 25 желтоқсанға жақын)
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында келесі шаралар қабылдады:

- «Ақпарат беру әдістері, ақпарат иеленушілердің міндеттері» тақырыбы бойынша бірқатар семинарлар мен вебинарлар өткізді, отандық телеарналарда семинарлар өткізу туралы ақпарат таратылды;

- «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның негізгі нормаларын насихаттау мақсатында Министрлік мемлекеттік тілде бейнероликтер әзірледі;

- 9 мемлекеттік орталық органның 137 қызметкері порталдармен жұмыс бойынша оқытудан өтті.
А.ж 1 қаңтардан 12 желтоқсанға дейін БАҚ-да жарияланды:





Республикалық БАҚ

Өңірлік БАҚ

Телеарналар

257 сюжет

930 сюжет

Басылымдар

267 метариал

1180 материал

Интернет-ресурстар

986 материалов

БАРЛЫҒЫ

3620 материал



Ұсыным орындалуда.

***

12 ұсыным

«Азаматтық және коммерциялық секторлармен серіктестікте республикадағы волонтерлік қызметті дамыту және оны халықаралық қозғалысқа енгізудің стратегиялық бағыттарын әзірлеу»

47 т. «Халықаралық тәжірибе негізінде Қазақстан Республикасында волонтерлік қызметтің дамуына нормативті-құқықтық база құру»

(жыл сайын 25 шілде, 25 желтоқсан)
2016 жылғы 30 желтоқсанда «Волонтерлік қызмет туралы» ҚР Заңы қабылданды. Уәкілетті орган болып Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі анықталды.

Заңның 9 - бабының 3), 5) және 7) тармақтарына сәйкес Министрлікпен келесідей заңға бағынысты нормативтік құқықтық актілер қабылданды:







Бұйрықтарды әзірлеуге ҮЕҰ және мемлекеттік органдар өкілдері белсенді қатысты. Сондай-ақ, бұйрықтар жобалары 2017 жылғы қаңтар айында Дін істері және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында, 2017 жылғы ақпан айында Коммерциялық емес құқықтың халықаралық орталығымен (ICNL) ұйымдастырылған Алматы қаласындағы ҮЕҰ кездесуінде талқыланды.


Ұсыным орындалды.

***
жүктеу 4,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау