48 т. «Волонтерлар және волонтерлік кәсіпорындарды қолдау бойынша жеке секторды ынталандыру механизмдерін әзірлеу»
(2017 жылғы 25 желтоқсан)
Волонтерлік қызметті жүйелі түрде дамыту мақсатында Министрлікпен 2018-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы волонтерлік қызметті дамыту бойынша жол картасы (бұдан әрі – Жол картасы) бекітілді.
Жол картасы жобасы түрлі диалогтық алаңдарда ҮЕҰ, мемлекеттік органдар, волонтерлік және халықаралық ұйымдар өкілдерімен талқыланды.
Жол картасын іске асыруға:
мемлекеттік органдар;
волонтерлік ұйымдар;
ҮЕҰ;
бизнес өкілдері;
халықаралық ұйымдар тартылатын болады.
Жол картасының басты бағыттарының бірі болып корпоративтік волонтерлік қызметті дамыту болып табылады. Осы бағытта әлеуметтік жауапты кәсіпкерлік жүргізуге, коммерциялық сектор мен қоғамның тиімді қарым-қатынасына жағдай жасау, сондай-ақ корпоративтік волонтерлік қызметті дамыту бойынша халықаралық тәжірибені зерттеу және талдау жасау жоспарланды.
Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру шеңберінде «Doc.kz» әлеуметтік-волонтерлік орталығы» қоғамдық бірлестігімен «Алматы, Ақмола және Оңтүстік-Қазақстан облыстарында волонтерлік қызметтің даму әлеуетін зерттеу» атты жобасы іске асырылды. Жоба аясында зерттеу жүргізіліп, нәтижелері бойынша волонтерлер мен волонтерлік ұйымдарды қолдау және дамыту бойынша ұсынымдар әзірленді.
Еуропалық одақ елдерінің коммерциялық ұйымдарымен қызметкерлердің волонтерлік бастамаларына корпоративтік мәдениетті және ұйым беделін арттыру мақсатында қолдау көрсетіледі. Корпоративтік волонтерлікті дамыту мақсатында әлеуметтік жауапты кәсіпкерлікті дамыту бойынша волонтерлік бағдарламалар, коммерциялық ұйымдар қызметкерлеріне арналған волонтерлік акциялар әзірленеді және енгізіледі.
Ұсыным орындалды.
***
49 т. «Волонтерлар және волонтерлік кәсіпорындарды волонтерлік бағдарламадар (жобалар) және акциялар жүргізуге тарту бойынша шаралар қабылдау»
(жыл сайын 25 шілде, 25 желтоқсан)
Волонтерлік ұйымдар, волонтерлер мемлекеттік органдармен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында әлеуметтік жобаларды іске асыруға, волонтерлік, қайырымдылық акциялар, республикалық және халықаралық іс-шаралар ұйымдастыруға тартылады.
Өңірлерде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ҮЕҰ 48 әлеуметтік жоба іске асырылды. Аталған жобалар іске асырылды:
Астана қаласында;
Алматы қаласында;
Алматы облысында;
Ақмола облысында;
Атырау облысында;
Шығыс-Қазақстан облысында;
Батыс-Қазақстан облысында;
Қостанай облысында;
Павлодар облысында;
Манғыстау облысында;
Қызылорда облысында;
Оңтүстік-Қазақстан облысында.
Анықтама
«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізуге 16 жастан 60 жас аралығында 4000 жуық волонтер тартылды.
2017 жылғы 5 желтоқсанда Дүниежүзілік банкпен бірлесе жүзеге асырып отырылған Жастар корпусын дамыту жобасының шеңберінде «Еріктілік: біз бірге жақсы болашақ құрудамыз!» атты Бірінші ұлттық форумы өткізілді.
6 желтоқсанда Павлодар қаласында Волонтерлердің республикалық форумы өткізілді.
|
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында волонтерлік корпусты құру бойынша республикалық жоба іске асырылуда. Жоба волонтерлер мен волонтерлік ұйымдарға кеңес беруші, әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсету бойынша волонтерлік орталықтар құруға бағытталған.
Ұсыным орындалуда.
***
50 т. «Қазақстандағы волонтерлік қызмет жағдайын талдау және волонтерлік қызмет әлеуетінің орталық және жергілікті деңгейде дамуы бойынша зерттеу жүргізу»
(жыл сайын 25 шілде, 25 желтоқсан)
«Doc.kz» әлеуметтік-волонтерлік орталығы» қоғамдық бірлестігімен іске асырылған «Алматы, Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстарында волонтерлік қызметтің даму әлеуетін зерттеу» атты гранттық жоба аясында Қазақстандағы волонтерлік қызмет жағдайына талдау және Алматы, Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстарында волонтерлік қызметтің даму әлеуетіне зерттеу жүргізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |