|
Ќазаќстан Республикасы Денсаулыќ саќтау жјне јлеуметтік даму министрініѕ
|
бет | 4/6 | Дата | 25.11.2017 | өлшемі | 1,27 Mb. | | #1753 |
| 4-бөлім. Стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысының архитектурасы
Елдің жалпыұлттық көрсеткіштері
|
Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы және
Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама
|
Сапалы және қолжетімді медициналық қызметтерді ұсыну
Аурулардың ең жоғары кең спектрін диагностикалау және емдеу
Профилактикалық медицина
«Смарт-медицина», қашықтықтан профилактикалау және емдеу, «электрондық медицина» қызметтерін енгізу
16 жасқа дейінгі барлық балаларды медициналық қызмет көрсетудің барлық спектрімен қамту
Медициналық білім беру жүйесін жақсарту
Мемлекетті-жеке меншік әріптестікті дамыту
Жеке медицинаның дамуына жағдай жасау
Заңнамалық деңгейде медициналық жоғары оқу орындары мен мекемелердің халықаралық аккредитациясын өткізуді бекіту
Қазірге дейін ауылдағы медициналық қызмет көрсету сапасы жөнінде көп сын айтылады
Медициналық жоғары оқу орындарының практикалық ғылыми-зерттеу жұмысын құрайтын бөлігіне басты мән беру. Адамзаттың жаңа білімдері мен технологиялық жетістіктерін шоғырландыратын жоғары оқу орындары болуы тиіс. Мысал ретінде, ірі және тиімділігі жоғары медициналық орталықтар болып саналатын АҚШ-тағы университеттік госпитальдерді келтіруге болады. Бұл бағытта да мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту керек
Күтілетін өмір сүру ұзақтығы елімізде 84 жасқа дейін ұлғаяды
Саламатты өмір салтын қалыптастыру және жаппай тарату шеңберінде спортпен айналысуға, оның ішінде жұмыс орындарында айналысуға жағдай жасалады. Жұмыс берушілердің қызметкерлер денсаулығын нығайту жөніндегі бағдарламаларды енгізуі осындай шаралардың бірі болмақ
Тәуекел факторларына бірінші кезекте назар аудару ұзақ мерзімді перспективада едәуір пайда әкелуі мүмкін екенін халықаралық тәжірибе көрсетіп отыр. Осыған байланысты, алкоголь мен темекіні шектен тыс тұтыну, дене қозғалысы белсенділігінің жеткіліксіздігі және дұрыс тамақтанбау сияқты денсаулыққа жағымсыз әсерін тигізетін факторлар туралы халықтың хабардарлығын болуын арттыру жөнінде шаралар қабылданады
Сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының санын және өндірістік жарақаттану деңгейін азайту жөнінде шаралар қабылданатын болады
Ұзақ мерзімді перспективада аурулардың профилактикасы және оларды ерте анықтау денсаулық сақтау саласын дамытудың басым бағыттарына айналады
Денсаулық үшін мемлекеттің, жұмыс берушінің және қызметкердің ынтымақты жауапкершілігі қағидаттарын кезең-кезеңімен енгізу жүзеге асырылатын болады
Кең ауқымды Ұлттық скрининг бағдарламасы іске асырылады, ол өмір циклінің балалық шақтан егде жасқа дейінгі бүкіл кезеңдерін қамтиды
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) барлық қалалық және ауылдық елді мекендерді қамтиды. Жалпы дәрігерлік практика негізінде ұйымдастырылған МСАК жүйесі медициналық көрсетілетін қызметтің негізгі көлемін көрсететін болады
МСАК деңгейінде жұмыс істейтін жалпы практика дәрігерлерінің үлесі жыл сайын ұлғайтылатын болады
Денсаулық сақтау саласында көліктік медицина көмегін, санитариялық авиацияны, телемедицинаны және жылжымалы дәріханалар желісін, апатты медицинаны дамыту үшін барлық қажетті инфрақұрылымдық және материалдық-техникалық жағдайлар жасалатын болады
Әрбір азаматтың денсаулық жағдайы туралы ақпаратты біріктіретін электронды денсаулық сақтау жүйесі енгізілетін болады. 2020 жылға қарай барлық денсаулық сақтау ұйымдары бірыңғай ақпараттық желіге қосылатын болады. Азаматтардың бәрінің электрондық медициналық карталары болады
Қаржылық орнықтылықты қамтамасыз етуді әлеуметтік әріптестердің барлығы (мемлекет, жұмыс беруші, қызметкер) ынтымақты түрде жүзеге асырады. Міндетті медициналық сақтандыруды енгізу мәселелері пысықталады
Азаматтардың медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынуын ұтымды ету мақсатында халық табысының өсу шамасына қарай Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, медициналық көрсетілетін қызметтердің ақысын бірлесіп төлеу тетігін енгізу мәселесі қаралады
|
Экономиканың өсіміне байланысты өмір сүру сапасының стандарттарын кезең-кезеңімен сапалы арттыру
Мемлекет қоғамның әлеуметтік тұрғыдан әлжуаз жағдайы төмен топтарға – зейнеткерлерге, мүгедектерге, еңбекке жарамсыздарға, науқас балаларға және т.б. атаулы қолдауға толық жауапкершілік алады
Жұмыс берушілер халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын жұмысқа белсене тарту, кезінде оларды жалақымен қамтамасыз ете отырып жағдай жасау маңызды. Ең алдымен, бұл мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қатысты. Әлемнің дамыған елдерінде осылай жасайды. Біз олардың толыққанды еңбек етуіне жағдай туғызуға тиіспіз
Мемлекеттік жәрдемақыны шынымен нақты жұмыс істей алмайтындар ғана алуға тиіс. Жұмысқа мүгедектерді қабылдайтын және оларға жағдай жасайтын компаниялар мен корпорацияларды көтермелеу керек.
Біз өз азаматтарымыз үшін экономика мен бюджеттің өсіміне тікелей тәуелді болатын ең төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктерді белгілеуіміз керек
Еңбек төлеміне және ондағы сәйкессіздіктерді қысқартуға қатысты мүлде жаңа амалдар табу шараларын қабылдау қажет
Зейнетақы жүйесін жаңғырту азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін мемлекеттің, жұмыс берушілердің және қызметкерлердің өздерінің ынтымақты жауапкершілігін одан әрі күшейтуге негізделетін болады
Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін одан әрі жаңғырту жөніндегі іс-шаралар кешені әзірленетін болады
Бұған қоса, жинақтаушы зейнетақы жүйесінен, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың жаңа тәсілдері әзірленетін болады
Базалық зейнетақыны кепілдік берілген ең төменгі зейнетақыға трансформациялау мәселесі пысықталып, оны тағайындаудың жаңа критерийлері мен шарттары әзірленеді
Орта мерзімді перспективада кедейлік шегі негізделген төлемдер жүйесінің енгізілуін ескере отырып, ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін кезең-кезеңімен көтерілетін болады, ол атаулы қолдаудың шартсыз нысанынан «өзара міндеттемелер» қағидаттарына көшуді көздейді
Көмек алушының жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына міндетті түрде белсенді қатысуын көздейтін әлеуметтік келісімшарт тетігі енгізілетін болады. Әлеуметтік келісімшарт мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау шараларының кешенін, оның ішінде еңбек нарығына қайтару жолдарын қамтитын болады. Алушының әлеуметтік келісімшартты орындау жөніндегі міндеттемелерді бұзуы әлеуметтік көмек беруді тоқтатуға әкеледі
Арнайы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі шеңберінде егде адамдар үшін олардың жас шектеулеріне және қайта әлеуметтенуге бейімделуі бойынша қызметтер көрсетілетін болады
|
Ашық нарықта үздік шетелдік мамандарды тарту
Бізде жұмыссыздарды оқыту мен қайта даярлаудың еңбек нарығына бейімделген айқын бағдарламалары болуы керек
Бізге көші-қон мәселелерін кешенді түрде шешу бойынша ел өңірлеріндегі еңбек нарығына ықпал ететін шаралар қабылдау қажет
Қызметкерлердің мүдделерін ескере отырып кәсіпкерлікті қолдауды қамтитын еңбек қатынастарының н жаңа үлгісін жасау
Біз әйелдер үшін икемді еңбек түрлерін қалыптастырып, үйде жұмыс жасауларына жағдай туғызуымыз керек
Әйелдерді мемлекеттік және қоғамдық басқару ісіне белсене тартқан жөн, әсіресе, жергілікті деңгейдегі өңірлерде. Олардың бизнес ашып, оны жүргізуіне де қолайлы жағдай жасаған абзал
Елде жыныстық ерекшелігі бойынша кемсітушілікке жол бермеу керек және практикада гендерлік теңдік пен әйелдерге ерлермен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету
Ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 2,5%-ынан кемінде 1%-дан азға төмендейді
Сондай-ақ өндірістік жарақаттану деңгейін азайту жөнінде шаралар қабылданатын болады
Орта мерзімді перспективада өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың еңбек қатынастарын, оның ішінде оқыту, микрокретиттер беру және экономикалық қолайлы өңірлерге көшуге жәрдемдесу есебінен нысандандыру жөніндегі шаралар қабылданатын болады
Орта мерзімді перспективада аналарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің, оның ішінде жұмыспен қамтудың икемді нысандарын (үйде жұмыс істеу, толық емес жұмыс күні) дамыту арқылы жәрдемдесудің арнайы тетіктері әзірленеді
Еңбек етудің ерекше шарттарына мұқтаж азаматтар санатын жұмысқа орналастыру шеңберінде кәсіптік бағдарлау жөнінде консультациялар беріледі және арнайы жабдықталған әлеуметтік жұмыс орындары құрылатын болады
Орта мерзімді перспективада оқытуды бүкіл өмір бойы қаржыландыруға мемлекеттің, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің үшжақты қатысу моделі әрекет ете бастайды. Бүкіл өмір бойы оқу ақысы үшін негізгі жауапкершілік қызметкерге жүктелетін болады
Мемлекет және жұмыс берушілер белгілі санаттағы қызметкерлерді окытуды қаржыландыруда қатысады, соның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар
Мүгедектердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету жұмыс берушілерге арнайы жұмыс орындарын және мүгедектерге олардың өзін-өзі жетілдіруі үшін мүмкіндік беретін арнайы оқу бағдарламаларын құруға жәрдемдесуге негізделетін болады
Еңбекті қорғау жүйесі Халықаралық еңбек ұйымының нормаларына сәйкестендіріліп, ал өндірісте жарақаттану көрсеткіштері дамыған елдердің нормативтеріне сәйкес келетін болады
Жұмыспен қамтуды арттыру жөніндегі бағдарлама шеңберінде еңбек ресурстарының еңбек қызметінің өнімділігі төмен салаларынан табысы әлдеқайда жоғары және перспективалы салаларына көшуі үшін жағдайлар жасалады
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарлама іске асыру шеңберінде қызмет көрсету саласы үшін кадрлар дайындау бойынша жұмыс ұйымдастырылады
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы еңбек ресурстарын жұмыс күші артық өңірлерден еңбек күші жетіспейтін өңірлерге қайта бөлуді қарастырады
Ауылдан қалаға ішкі көші-қонның әлеуметтік салдарының алдын алу мақсатында көшіп-қонушыларды шартты жұмысқа тартуға бағытталған шаралар кешені қабылданады
Жұмысқа орналасуда жәрдем көрсету, көшуге субсидиялар беру және кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті көтеру курстарында оқыту арқылы халықтың ұтқырлығын арттыру жөніндегі шараларды іске асыру жалғасын табады
Осы бағыт шеңберінде Қазақстанға еңбек нарығында талап етілетін шетелдік білікті қызметкерлерді, сондай-ақ кәсіпкерлер мен инвестораларды тарту, оның ішінде келу, тұру және еңбек қызметін жүзеге асыру шарттарын жеңілдету жолымен тарту үшін жағдай жасалатын болады
|
|
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары
|
халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы 73 жасқа дейін ұлғаяды;
ана өлім-жітімі 3 есе азаяды;
нәресте шетінеушілігі 2 есе төмендейді;
жалпы өлім-жітім 30 %-ға төмендейді;
туберкулезбен сырқаттанушылық
20 %-ға төмендейді;
әлеуметтік бағдарланған медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (бұдан әрі – МСАК) басым дамытуға негізделген денсаулық сақтауды қаржыландырудың және медициналық қызметтерге ақы төлеудің тиімді жүйесі құрылды;
денсаулық сақтауды басқарудың халықаралық стандарттарға сай келетін жүйесі құрылды;
азаматтардың өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігін арттырудың жаңа тетіктері енгізілді;
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде жеке медициналық қызмет берушілердің үлесі 20 % -дан кем болмайды;
МСАК-ке жұмсалатын шығыстар деңгейі ТМККК-ге бөлінетін қаражаттың жалпы көлемінің 40 %-ына дейін жеткізілді;
стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары жұмысының негізгі көрсеткіштері (төсек саны, емделудің орташа ұзақтығы және т.б.) тиімділіктің халықаралық стандарттарына сәйкес келеді;
16 жасқа дейінгі балаларды медициналық қызмет көрсетудің бүкіл спектрімен 100 пайыз қамту;
ТМККК шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етудің тиімді жүйесі енгізілді;
қоғамда саламатты өмір салтын қалыптастыру идеологиясы қалыптасты
|
Қазақстан халқы санының өсуі кемінде 10 %-ды құрайтын болады;
зейнетақы жүйесінің барлық деңгейлерінде зейнетақының барабар және әлеуметтік әділ деңгейі қамтамасыз етілді;
жинақтаушы зейнетақы жүйесімен жалдамалы қызметкерлерді 100 пайыз қамтуға және өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты 40 пайыз қамтуға қол жеткізілді;
табысы күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 8 %-ға дейін төмендейді;
арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған адамдардың үлес салмағы мұқтаждар санының 100 %-ын құрайды
|
жұмыссыздық деңгейі 5 %-дан аспайды;
жұмыспен қамтылған халық құрамында білікті жұмыс күшінің үлес салмағы 80 %-ға дейін жетеді;
көшіп келушілер арасынан мамандар санының өсуі шетел жұмыс күшін тарту мемлекеттік квота шеңберінде 70 %-ға дейін қамтылған;
еңбекке жарамды жастағы этникалық репатрианттардың жұмысқа орналасуы үшін 80 % жағдай жасалған;
100 % кәсіби стандарттар өңделген;
ірі және орта кәсіпорындарды ұжымдық-еңбек қатынастары жүйесімен 90-95 пайыздық қамту қамтамасыз етілді;
гендерлік теңдік нығайтылды
|
Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары
1-стратегиялық бағыт.
Азаматтардың денсаулығын нығайту
|
2-стратегиялық бағыт. Халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету
|
3-стратегиялық бағыт.
Жұмыспен қамту саясатын және еңбек қатынастарын реттеуді қалыптастыру, көші-қон процестерін басқару
|
Мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттары
1.1-стратегиялық мақсат
Сапалы медициналық қызметтердің қолжетімділігін жақсарту
|
1.2-
стратегиялық мақсат
Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру
|
1.3-
стратегиялық мақсат
Денсаулық сақтау саласында кадр әлеуеті мен ғылымды дамыту
|
2.1-стратегиялық мақсат
Әлеуметтік қамсыздандыру қызметтерін ұсыну
|
2.2-стратегиялық мақсат
Халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлжуаз топтарына қызмет көрсету тиімділігіне жәрдемдесу
|
3.1-стратегиялық мақсат
Жұмыспен қамту шараларының тиімділігін арттыру және көші-қон процесстерін басқаруды қамтамасыз ету
|
3.2-стратегиялық мақсат Азаматтардың еңбек құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету
|
Бюджеттік бағдарламалар
Бюджеттік бағдарламалар – 2
052 «Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің шеңберінде халықты медициналық көмекпен қамтамасыз ету»
053 «Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, халықты медициналық көмекпен қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту»
|
Бюджеттік бағдарламалар – 1
020 «Денсаулық сақтау жүйесін реформалау»
|
Бюджеттік
бағдарламалар – 7
003 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандар даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету»
004 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың стипендияларының мөлшерін ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
005 «Денсаулық сақтау мемлекеттік ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау»
006 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету»
007 «Білім беру объектілерін салу және реконструкциялау»
013 «Денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»
024 «Назарбаев Университеті» ДБҰ-на нысаналы салым»
|
Бюджеттік бағдарламалар – 1
027 «Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру және олардың төлемдерін жүргізу»
|
Бюджеттік бағдарламалар – 2
048 «Әлеуметтік жаңғыртудың басымдықтарына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру»
058 «Республикалық деңгейдегі еңбек саласындағы мемлекеттік ұйымдарының күрделі шығыстары және инфрақұрылымын дамыту»
|
Бюджеттік бағдарламалар – 3
039 «Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде ауылда кәсіпкерліктің дамуына жәрдемдесуге кредит беру»
044 «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде іс-шараларды іске асыру»
056 «Жұмыспен қамту және кедейшілік базасы бойынша ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету жөніндегі, жұмыспен қамту саясатын жаңғырту бойынша қызметтер көрсету»
|
Бюджеттік бағдарламалар – 1
034 «Еңбекті қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»
|
001 «Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру»
|
055 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделіне көшуге, сонымен қатар оларға лауазымдық айлықақыларына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемеақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
|
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|