Ќазаќстан Республикасы Денсаулыќ саќтау жјне јлеуметтік даму министрініѕ


Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру (2012-2014 жылдар)



жүктеу 1,27 Mb.
бет3/6
Дата25.11.2017
өлшемі1,27 Mb.
#1753
1   2   3   4   5   6

Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру (2012-2014 жылдар)





Іс-шаралар

2012

2013

2014

1

Іске асырылған жобалар

563

1 714

1 979

Жобаларға жұмысқа орналастырылғандар

7 245

23 568

23 793

2

Кәсіпкерлік негіздеріне оқытылғандар

6256

10 310

9 288

Микрокредит алғандар

6 520

11 181

9 607

Қосымша жұмыс орындарына орналастырылғандар

7 134*

9201

10656

3.1

Оқумен қамтылғандар

63 154

48 615

35 740

Оқуды аяқтағандар қатарынан жұмысқа орналастырылғандар

33 489

22 278

19 337

3.2

Қоныс аударғандар, адам

7 914

4 579

3 456

Еңбек етуге қабілетті жастағы адамдар қатарынан жұмысқа орналастырылғандар

2 221

2 431

1 401

* 2011 жылы жұмысқа орналастырылғандарды есепке алғанда


Екінші бағыт шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне 30,5 мың адам оқытылды. 28,7 мың адам микрокредит алды, олардың 70 %-ға жуығы немесе 20,1 мың адам жеке істерін ашып, кәсіпкер атанды. Ауылда кәсіпкерлікті дамыту жаңа жұмыс үшін орындарының ашылуымен сүйемелденді. Бұл қосымша 27 мың адамды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді.

Бағдарлама қатысушыларын оқыту және көшіру шаралары қабылданды.



Үшінші бағыт бойынша кәсіби ұтқырлықты арттыру үшін тегін оқумен 121,4 мың адам қамтылған, оларға сондай-ақ оқу орнына дейін бару үшін жолақыға және тұруға субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді. Оқуды аяқтаған 105,1 мың бағдарлама қатысушысының 87 пайызға жуығы жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындары мен «жастар практикасына» нысаналы топтың 152,8 мыңнан астам өкілі орналастырылды.

Бағдарлама іске асырыла бастағаннан бері (2011 – 2014 жылдары) экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендерге 16,2 мыңға жуық адам көшірілді. Жаңа тұрғылықты жерлері бойынша қоныс аударғандар қатарынан еңбек етуге қабілетті адамдардың 78,3 %-ы жұмысқа орналастырылды.

Бағдарламаның тиімділігінің негізгі көрсеткіші – тұрақты жұмысқа орналастырылған адамдардың үлес салмағы 2014 жылы 83,9 %-ды құрады
2012 жылы - 67,9 %, 2013 жылы – 64,4 %). Бұл ретте соңғы үш жыл ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санынан нәтижелі жұмыспен қамтылған адамдар үлесінің өсуі байқалуда, егер 2012 жылы ол 60,5 %-ды құраса, 2014 жылы - 69,9 % болды (2013 жылы – 61,4 %).

Халықаралық тәжірибені талдау озық елдердегі жұмыспен қамтудың ұлттық саясаттары шеңберінде еңбек нарығындағы белсенді саясат (бұдан әрі – ЕНБС) зор мәнге ие екенін көрсетеді. Қазақстанда ЕНБС шет елдерде қолданылатын көптеген құралдарды қамтиды. Дамыған елдерде белсенді демографиялық тенденциялар аясында жастардың, зейнеталдындағы және егде жастағы адамдарды жұмыспен қамту мәселесі ерекше өткір тұр, үлкен жастағы қызметкерлердің көп болуы, сондай-ақ еңбек нарығынан жас қызметкерлердің шығарылуы соның салдары болып табылады.


Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту
Біздің еліміздің стратегиялық дамуынының негізгі бағдарларының бірі - жоғары білікті жұмысшы кадрлармен қамтамасыз ету, экономиканың жаңа жоғары технологиялық салаларын құру болып табылады.

Жұмыс берушілер тарапынан даярлық және практикалық дағдылар деңгейіне қойылатын ұдайы өсіп отыратын талаптар мамандардың кәсіби құзыреттерімен сәйкес келуге тиіс.

Осы алшақтықты еңсеру үшін 2012 жылдан бастап Қазақстанда өндірістің қазiргi заманғы талаптарына сәйкес келетін және мамандарды даярлау сапасын арттыруға бағытталған жаңа біліктілік жүйесі құрылуда және кәсіби стандарттар әзірленуде.

Ұлттық біліктілік жүйесін ендіру мақсатында 2012 жылы ақпанда Еңбек кодексі Ұлттық біліктілік жүйесінің құрамдас элементтерін әзірлеу, келісу, бекіту мәселелеріндегі ұғымдар, мемлекеттік органдардың құрылымы, өкілеттігі, берілген 10-1-тараумен толықтырылды. 2012 – 2013 жылдары Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Білім және ғылым министрлігімен бірге кәсіби стандарттарды және салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу әдіснамасын айқындады.

2012-2014 жылдары шамамен 345, оның ішінде
2012 – 2013 жылдары – 257, 2014 жылы – 88 кәсіби стандарттар әзірленді.

Халықтың көші-қоны. Халықаралық көші-қон ұйымының бағалауы бойынша Қазақстан көші-қон процестері барынша күшті байқалатын әлем елдерінің қатарына жатады.

Қазіргі кезде республикада көші-қон жағдайы былайша сипатталады:

1) ішкі қарқынды көші-қон. Қазақстанда соңғы жылдар ішінде өңіраралық көші-қон және көші-қон ағындары бағыттарының жоғары көрсеткіші сақталуда. 2012 жылдан 2014 жыл аралығында қоса алғанда, өңіраралық көші-қон процестеріне 1 млн. астам адам тартылды. Халықты ауылдық елді мекендерден өмір сүру деңгейі неғұрлым жоғары және инфрақұрылымы дамыған өңірлерге, экологиялық қолайсыз өңірлерден экологиялық ортасы жақсы өңірлерге көшіру оның құрамдас бөлігі болып табылады.

2013 жылы басым түрде еңбек етуге қабілетті жастағы халықтың ең көп кету ағыны Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалды. Астана, Алматы қалалары, Алматы және Маңғыстау облыстары халықтың келу ағынының негізгі өңірлері болып табылады.

2) шетелдік жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖКХ ) оңтайлы тарту. Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ШЖК тартуға квота белгілеуде. 2014 жылға квота республиканың экономикалық тұрғыдан белсенді халқына 0,7 % мөлшерінде белгіленді, ол 63 мың адамды құрайды (2012 жылы – 1 % немесе 89 мың адам, 2013 жылы – 1,2 % немесе 108 мың адам). 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 30,7 мың рұқсат қолданыста немесе жалдамалы қызметкерлер санының 0,5 %-ы (2012 жылы – шамамен 21,7 мың рұқсат, 2013 жылы 23 мың рұқсат берілген).

Бұл ретте тартылатын ШЖК арасында мамандардың үлесі (шетелдік қызметкерлердің 1-3-санаттары) 70 %-дан кем емес (2012 жылы – 82 %,


2013 жылы – 75,6 %) деңгейде сақталуда.

3) жыл сайын келетін этникалық қазақтардың өсу серпіні тұрақты. Тәуелсіздік жылдары 259 мыңнан астам отбасы немесе 952 мыңнан астам этникалық қазақ тарихи отанына келді (2012 жылы – 15,1 мың отбасы немесе 39,4 мың қазақ, 2013 жылы – 15,3 мың отбасы немесе 34,0 мың қазақ,


2014 жылы – 3,5 мың отбасы немесе 7,5 мың қазақ).

Ішкі көші-қонды жетілдірудегі халықаралық тәжірибеге жасалған талдау көрсеткендей, ШЖК тартудың ашық нарығын құру кезінде жоғары білікті мамандарды тарту үшін үлкен мүмкіндіктер ашылады. Мысалы, Сингапурдың, Канаданың, Гонконгтың, Жаңа Зеландияның иммиграциялық саясаты осындай нарықты құруға бағытталған.


Енбек қатынастары

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында


2013 – 2014 жылдары еңбек заңнамасын жаңарту жұмыстары жүргізілді, оның ішінде:

- 2014 жылы әлеуметтік сұхбаттың тиімділігін дамыту және арттыру мақсатында әзірленген және қызметкерлердің мүдделерін білдіріп, қорғауда еңбек даулары мен жанжалдарының алдын алуда және шешуде кәсіптік ұйымдардың рөлін арттыруға бағытталған «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді.

- сонымен бірге Еңбек кодексіне өзгерістер енгізіліп, жаңа редакцияда Қылмыстық, Әкімшілік кодекстер қабылданды, олардың аясында еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жұмыс берушілер мен қызметкерлердің жауапкершілігі күшейтілген;

- жаңа «Еңбек даңқы» (Еңбек) орденінің енгізілуін көздейтін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізілді.



Еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік шиеленістің алдын алу жөнінде шаралар қабылдануда.

Бұл мақсатта Қазақстан Республикасында азаматтарды еңбек заңнамасының негіздеріне жаппай оқытуды ұйымдастыру жөніндегі


2013 – 2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары іске асырылуда. 2013 –2014 жылдары жаппай құқықтық оқытумен 180 мыңнан астам қызметкер қамтылды,
5,6 мыңнан астам семинар-кеңес өткізілді. Аталған кезеңде шамамен 110 мың дана арнайы анықтама әзірленіп, оларды еңбек ұжымдарына тарату және оқыту үшін өңірлерге жолданды.

Әлеуметтік шиеленіс картасының негізінде ай сайын экономикалық


тау-кен және құрылыс секторларындағы саны 60 мыңнан асатын қызметкері бар 100-ден астам қатер тобындағы кәсіпорынға мониторинг пен бақылау жүргізіледі. Ерекше назарға Маңғыстау облысын, сондай-ақ Қарағанды өңірі мен Астана қаласын қоса алғанда, батыс өңірлерінің кәсіпорындары жиі ілінеді.

Прокуратура органдарының, уәкілетті еңбек органдарының құрамындағы ведомствоаралық жұмыс тобы форматында дәрменсіз борышкерлермен жұмыс, сот актілерін орындау бойынша жалақының дер кезінде төленуіне он күн сайын мониторинг пен бақылау жүргізіліп отырады.

Қабылданған шаралар нәтижесінде жалақы бойынша берешек төмендеп, 12 мыңнан астам қызметкердің құқығы қорғалды, оларға 1,5 млрд. астам теңге төленді. Соңғы үш жылда жалақы берешегі 11 есе төмендеді (2013 жылдың
1 қаңтарына – 1178,7 млн. теңге, 2014 жылдың 1 қаңтарына – 737,9 млн. теңге, 2015 жылдың 1 қаңтарына – 106,3 млн. теңге).

2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 7 232 тексеру жүргізді, тексерулер барысында 21,6 мыңнан астам еңбек заңнамасын бұзушылықтарды анықтады. 2012 жылы – 54,5 мыңнан астам заң бұзушылық, 2013 жылы 33,1 мың еңбек заңнамасын бұзушылық анықталды.

Анықталған бұзушылықтар нәтижелері бойынша заңды тұлғалар мен ұйымдардың лауазымды адамдарына қатысты мемлекеттік еңбек инспекторлары жалпы сомасы 287,4 млн. теңгеге 6,3 мыңнан астам айыппұл салды (2014 жылғы 1 қаңтарға – 463,5 млн. теңге, 2013 жылғы 1 қаңтарға - 486,2 млн. теңге).

2013 жылмен салыстырғанда еңбек жанжалдарының саны екі есеге дейін төмендеді (2012 жылмен салыстырғанда – 1,4 есе).



Жұмыс берушілер тарапынан еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау шаралары қабылдануда.

Елдің ірі және орта кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша енгізілген халықаралық және ұлттық стандарттардың енгізілуі жоғарылағаны байқалады. 2014 жылы енгізілген стандарттардың саны – 1450, бұл көрсеткіш өткен кезеңмен салыстырғанда 14,5 %-ға жоғары (2013 жылы –1426; 2012 жылы – 1266).

Жұмыс берушілерді ынталандыру бойынша шаралар қабылдануда.

Мәселен, зейнетақы заңанамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес жұмыс берушілер өндірістік объектілерді аттестаттаумен расталған зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті еңбек жағдайларын жойған жағдайда міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады. Енгізілетін ерікті мәлімдеу практикасы осыған бағытталған. 2014 жылдан бастап ол Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы және Қызылорда облыстарында пилоттық режимде іске қосылды. Бұл еңбек жағдайларының мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ететін кәсіпорындарға сертификат алуға және қызметкерлердің еңбек құқықтарын кепілді түрде сақтайтын кәсіпорындар тізіліміне кіруге мүмкіндік береді. Мұндай кәсіпорындар 3 жыл көлемінде жоспарлы тексеруге жатпайды, яғни әкімшілік кедергілер болмайды және жұмыс берушілердің шығыстарын азайтады. Қазіргі уақытта сенім сертификатын 24 кәсіпорын алды.

Қабылданып жатқан шаралар өндірістік жарақат деңгейінің төмендеуіне өз септігін тигізді. 2014 жылы жұмыс істейтін 1000 адамға шаққанда жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті 2012 жылмен салыстырғанда 13,3 %-ға төмендеді (2014 жылы – 0,39, 2013 жылы – 0,42, 2012 жылы – 0,45). Бұл ретте салыстыру үшін бұл көрсеткіш Қырғызстанда – 0,5; Ресейде – 3,92; Тәжікстанда – 0,3-ке тең.

Адам өлімімен аяқталған жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті жұмыс істейтін 1000 адамға шаққанда 2014 жылы Қазақстан Республикасында шамамен 0,07-ге тең болды, бұл ретте 2011-2013 жылдары ол орташа алғанда 0,06-ға тең болған, бұл Ресей Федерациясындағы ұқсас көрсеткіштен (0,124) төмен, бірақ бұл көрсеткіш Дания (0,03), Швеция (0,03) немесе Норвегия (0,06) секілді Еуроодақ елдеріндегі көрсеткіштен жоғары.



Әлеуметтік әріптестік жүйесі дамуда. Барлық деңгейде үшжақты комиссииялар жұмыс істейді (24 салалық және 16 өңірлік келісім, сондай-ақ қалалар мен аудандар деңгейінде 180-нен астам келісім), 2014 жылғы 25 желтоқсанда 2015 – 2017 жылдарға арналған Бас келісім жасалды.

2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ұжымдық шарттар жүйесімен 62,3 мың кәсіпорын немесе жұмыс істейтін кәсіпорындар қатарынан 34,5 %-ы қамтылды. Ірі және орта кәсіпорындардың қамтылу көрсеткіші 2012 жылмен салыстырғанда 0,6 пыйыздық тармаққа көбейіп, 92,8 %-ға жетті (2012 жылы –

92,2 %, 2013 жылы – 92,4 %).

2014 жылғы 25 желтоқсанда Тәуелсіздік сарайында жетінші рет ұйымдастырылған Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының лауреаттарын ресми марапаттау салтанаты өткізілді.

Бизнес-қауымдастықтарда әлеуметтік жауапкершілік ұғымы ұлғайып келе жатқанын атап өткен жөн. «Парыз» конкурсына 2008 – 2014 жылдары еліміздің барлық өңірлерінен 3316 кәсіпорын қатысты (2014 жылы – 584,2013 жылы – 534, 2012 жылы – 507).
3.2) Негізгі проблемаларды талдау

Жұмыспен қамту және еңбек қатынастарын реттеуді қалыптастырумен байланысты қызметте төмендегідей проблемалар сақталып отыр.

Халықты жұмыспен қамту саласындағы оң нәтижелерге және жұмыссыздық деңгейінің тұрақты төмендеуіне қарамастан, ұлттық еңбек нарығының дамуына жасалған белгілі бір сын-тегеуріндер мен қауіптердің бар екенін айғақтайды.


  1. Демографиялық проблемалар

Халықтың қартаю тенденциясы байқалуда. Келешектегі демографиялық жағдай жұмыс күшінің ұсынысы немесе еңбек етуге қабілетті жастан кіші адамдардың үлесі халықтың құрылымында оның кетуінен аз болуы мүмкін. Қазіргі уақытта еңбек етуге қабілетті жасқа өткен ғасырдың 90-жылдарындағы демографиялық қатынастағы қолайсыз кезеңдегі ұрпақ кіреді, әсіресе солтүстік өңірлерде. Атап айтқанда Солтүстік Қазақстан облысында 1996 жылғы бала туу деңгейі 2012 жылдың көрсеткішінен 1,7 есеге төмен (10,5 және 18,01 тиісінше), сонымен бірге Оңтүстік Қазақстан облысында сол кезеңде бала туу деңгейі 1,2 есеге төмен болды (24,9 және 32,09 тиісінше).

  1. Ұлттық еңбек нарығы теңгерілмеген.

Жұмыссыздықтың орын алуына қарамастан, бос жұмыс орындары сақталуда. Жұмыс күшінің, бірінші кезекте білікті қызметкерлердің тапшылығы еңбек ресурстарының жоғары сапасына емес, өндіріс пен оқыту арасындағы өзара байланыстың болмауы себепті орын алып отыр.

  1. Еңбек нарығын дамыту және жұмыспен қамту мониторингі мен болжамы жүргізілмеуде.

Қазіргі уақытта маңызды міндеттердің бірі – еңбек нарығының түрлі біліктілігі бар кадрларға ағымдағы және перспективалық тұрақты мониторинг жүйесін құру және мемлекеттің ең маңызды стратегиялық бағдарламаларын ескере отырып, салалық және аумақтық аспектілерде еңбек ресурстарына қажеттілікті болжамдау болып табылады.

4. Экономиканың формальды емес секторы әлеуметтік қорғаудан шет қалған экономикалық белсенді халықтың елеулі бөлігін құрайды.

Жұмыс істейтін халықтың құрылымында өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың үлесі 28,2 немесе 2,4 млн. адамды құрайды (2014 жылдың қорытындысы бойынша), оның ішінде 29,5% нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар және 70,5 % нәтижелі жұмыспен қамтылғандар.

5. Қабылдаушы тараптың мүдделерін және көшіп-қонушыларды өңірлерде жайластыру мүмкіндіктерін ескерместен, этникалық қазақтарды ел аумағы бойынша біркелкі орналастырмау.

Тәуелсіздік даму жылдарында Қазақстан Республикасында 950 мыңнан аса оралманды қабылдады, қазіргі уақытта олар ел халқының жалпы санының 5,5%-ға жуығын құрайды. Әдетте, республика аумағындағы тұрғылықты жерін оралмандар өздері айқындайды.

Этникалық қазақтардың қоныстануын реттеу мақсатында 2013 жылы «Халықтың көші-қоны» туралы ҚР Заңына оралмандардың көшіп келу квотасын және бұрын көзделген әлеуметтік қолдауды алып тастауды қарастыратын өзгерістер енгізілді, сондай-ақ оралман мәртебесін алу және азаматтық беру тәртібі өзгертілді.

Сонымен қатар, аталған тәсілдер ұлттық бірігуге және отандастарымыздың оралуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға жүйелі курспен сай келмейді, бұл өз кезегінде этникалық көші-қонды ынталандырушы жаңа қосымша шаралар қабылдауға салмақты қисын болады.
Еңбек қатынастарын дамытуда мынадай проблемалар байқалып отыр.

6. Еңбек заңнамасын бұзу фактілері сақталуда. Еңбек қатынастары саласы салыстырмалы түрде келіссөздер жүргізу әлеуетінің төмендігімен сипатталады, бұл еңбек жанжалдарының туындау қатеріне әкеп соғады. Республика бойынша 2011 – 2014 жылдар аралығындағы кезеңде 80 еңбек жанжалы орын алған. Еңбек жанжалдарының негізгі себептері жалақының дер кезінде төленбеуі – 38 жанжал (47,5 %), қызметкерлердің жалақы мөлшерлеріне қанағаттанбауы – 37 жанжал (46,2 %), сондай-ақ еңбек жағдайларымен келіспеу, этносаралық қабылдамаушылық және т.б. – 5 жанжал (6,3 %).

Көрсетілген кезеңде орын алған еңбек жанжалдарына жасалған талдау жалақыны уақтылы төлемеу салдарынан болған наразылық акциялары құрылыс саласындағы кәсіпорындарға тән екенін көрсетті, ал жалақы деңгейіне қанағаттанбаушылық басым жағдайда мұнай-газ және тау-кен металлургия салаларындағы наразылық акцияларының туындауына түрткі болған.


  1. Халықаралық өлшемдер бойынша өндірістік жарақат пен кәсіби аурулардың жоғары деңгейі сақталуда.

3. 3) Қатерлерді басқару



Ықтимал қатердің атауы

Қатер басталған жағдайда іске асырылатын қатерлерді басқару жөніндегі іс-шаралар

Сыртқы қатерлер

Экономиканың рецессия салдарынан жұмыс күшіне сұраныстың төмендеуі және жұмыспен қамту құрылымының өзгеруі

1. Проблемалық мәселелерге ерекше назар аудара отырып, өңірлерде жеке апта сайынғы жұмыспен қамту мәселелерінің мониторингін қамтамасыз ету.

2. Тиісті меморандумдарға әрбір өңір бойынша қосымша нақты шаралар енгізу және ЖЖК 2020 жандандыру.




Интеграциялық процестердің дамуы мен көрші жеке елдер экономикасының нашарлау салдарына байланысты отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерінің бәсеке қабілеттілікті жоғалту жағдайларында, әсіресе ауылдық жерлерде нәтижесіз жұмыспен қамтылудың артуы

1. Өңірлер бөлінісінде есептер жүргізу және ағымдағы жағдайды талдау.

2. ЖЖК 2020 екінші бағыты шеңберінде ауыл тұрғындарына микрокредит беру үшін өңірлерге қосымша нысаналы трансферттер бөлу жөнінде ұсыныстар енгізу.



Ішкі қатерлер

Құрылыстың үдемелі қарқын жағдайларында (қысқа мерзімдерде салынып жатқан объектілер санының өсуі), оның ішінде ірі елдік іс-шаралардың өткізілуімен байланысты (соңғы 3 жылда орта көрсеткіштер 50 пайыздан аса жоғарылады) өндірістік жарақаттың өсуі


1. Салалық және өңірлік деңгейлерде жарақаттың алдын алу бойынша жүйелі шаралар әзірлеу үшін еңбек қауіпсізідігі және еңбекті қорғау жөнінде кеңестер құру.

2. Жұмыс берушілер мен қызметкерлердің еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету бойынша кәсіпорындарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде өндірістік кеңестер құру.

3. Мемлекеттік еңбек инспекцияның (МЕИ) жазатайым оқиғаларға жол берген кәсіпорындардың қызметіне тыйым салу жөнінде қатаң шаралар қолдануы.


Экономиканың ахуалының нашарлауы жағдайларында өндіріс көлемінің қысқаруына, кәсіпорындар қызметінің тоқтатылуына байланысты еңбек ұжымдарында әлеуметтік шиелністің өсуі (өсімі соңғы үш жылдағы орташа көрсеткіштердің 50 %-ынан асады)


1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, ҚР Еңбек кодексіне еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жұмыс берушілердің жауапкершілігін күшейту, жұмыс берушілерге еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға ұжымдық еңбек дауының туындауы туралы хабарлау және еңбек дауы шешілгенге дейін апта сайын хабарлап отыру міндетін жүктеу бөлігінде өзгерістер мен толықытурлар енгізу.

2. Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық және өңірлік комиссиялар жанынан ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және шешу мәселелері жөнінде кеңестер құру.



Біліктілігі төмен еңбек мигранттарын ұлғайту (бірінші басшыларға және олардың орынбасарларына, құрылымдық бөлімшелердің басшыларына, мамандарға және білікті жұмысшыларға жатпайтындар) (өсімі соңғы 3 жылдағы орташа көрсеткіштердің 50 %-ынан асады)



Қатерлердің басталу себептері мен олардың нәтижелеріне байланысты талдау

  1. Қазақстан Республикасының Үкіметіне жеке тұлғалардың үй шаруашылығында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасына келетін еңбекші көшіп-қонушыларға квоталауды енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау және енгізу.

  2. Қазақстан Республикасының Үкіметіне еңбекші көшіп-қонушылардың рұқсат алуына алым мөлшерлемесін ұлғайту жөнінде ұсыныстар дайындау және енгізу.

  3. Қазақстан Республикасының Үкіметіне үшінші және төртінші санаттар (мамандар және білікті жұмысшылар), сондай-ақ маусымдық шетелдік қызметкерлер бойынша квотаны қысқарту жөнінде ұсыныстар дайындау және енгізу.



3-бөлім. Саланың басым бағыттары
1-стратегиялық бағыт. Азаматтардың денсаулығын нығайту

1-басым бағыт «Денсаулық сақтау саласында қаржыландыру және басқару жүйесін жақсарту»

Денсаулық сақтау саласы, әсіресе медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту қосымша қаржыландыруды қажет етеді.

Негізгі мәселелер ресурстардың жетіспеушілігімен ғана емес, сонымен қатар оларды пайдалану тиімділігінің төмен болуымен де байланысты, яғни бүгінгі күні денсаулық сақтауды басқару және қаржыландыру оның тиімділігіне емес, желі қуатын ұстап тұруға бағытталған.

Іске асыру жөніндегі шаралар:

- азаматтардың, мемлекет пен жұмыс берушілердің ынтымақты жауапкершілігін қамтамасыз ету мақсатында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу;

- мемлекеттік-жеке меншік әріптестік және қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын одан әрі дамыту.
2-басым бағыт «Медициналық қызметті ұсынуды жетілдіру»

Медициналық қызметтерге қолжетімділік біркелкі емес және медициналық қызметтердің сапасы төмен болып отыр. Мәселен, Қазақстан халқының 40 %-дан астамын ауыл тұрғындары құрайды, соған қарамастан денсаулық сақтау инфрақұрылымы мегаполистерде, атап айтқанда Астана, Алматы қалаларында шоғырланған. Бұл еліміздің түрлі өңірлеріндегі пациенттердің сапалы және жоғары технологиялық медициналық қызметтерге қолжетімділігін қиындатады.

Осыған орай, өңірлік денсаулық сақтау мәселелері ерекше көңіл бөлуді қажет етеді, өйткені өңірлерде медициналық көмекті қаржыландыруды теңестіру казақстандықтарға сапалы және жоғары технологиялық медициналық көмекке тең әрі әділ қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Іске асыру жөніндегі шаралар:

- медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды, клиникалық хаттамалар мен алгоритмдерді жетілдіру;

- ауылдық елді мекендерге мамандандырылған көмектің қол жетімділігін арттыру мақсатында көлік медицинасын одан әрі жетілдіру;

- Ұлттық телемедициналық жүйенің одан әрі жұмыс істеуі;

- денсаулық сақтау саласындағы сапа мен қаупсіздіктің ұлттық стандарттардың сәйкес медициналық қызметтерді берушілерді аккредиттеу;

- денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық техниканы жарақтандыру, пайдалану және қалпына келтірудің тиімді жүйесін құруы.

3-басым бағыт «Дәрілік заттардың қолжетімділігі мен сапасын арттыру»

Фармацевтикалық қызметте қол жеткізілген жетістіктермен қатар, бірінші кезекте шешуді талап ететін белгілі бір міндеттер ауқымы да бар. ТМККК тізбесіне сәйкес сапалы фармацевтикалық өнімнің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық дәрілік саясаттың жаңа жобасын әзірлеу қажет. Фармацевтика саласын қарқынды дамыту үшін өндірілетін дәрілік заттардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және халықаралық нарықтарға шығу бойынша, оның ішінде кеден одағы шеңберінде жұмыс жүргізу қажет, соңғы өнім сапасын бақылау жүйесінен өндіріс сапасын, дистрибьюторлық және дәріханалық практиканы қамтамасыз ету жүйесіне ауысу қажет.

Іске асыру жөніндегі шаралар:

- халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру, қазақстандық ұлттық формулярды әзірлеу және енгізу;

- тиісті фармацевтикалық практикалардың халықаралық стандарттарын енгізу;

- отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған шараларды одан әрі дамыту;

- дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жүйесін жетілдіру.


4-басым бағыт «Профилактика және салауатты өмір салтын қалыптастыру»

Еліміздің тұрақты даму саласындағы міндеттерінің бірі болып ұлт денсаулығының әлеуетін дамытуды қамтамасыз ететін механизмдерді енгізуді жетілдіре отырып, халықтың орташа өмір сүру ұзақтығын ұлғайту болып табылады.

Осыған орай, салауатты өмір салтына қатысты қоғамдық пікірді қалыптастыру өзекті болып табылады. Бұл халықаралық тәсілдерге сәйкес идеология халықтың мәдени деңгейіне белгілі бір деңгейде әсер етеді. Оның негізгі құралдарының бірі ретінде жаңа әлемдік технологияларды, дәлелді медицина негізінде салауатты өмір салтын қалыптастыру тәсілдері мен әдістерін пайдалана отырып, адам денсаулығының әлеуетін сақтауды және дамытуды айқындайтын факторларды (физикалық, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, мәдени) күшейту бойынша кешенді сектораралық өзара іс-қимыл болып қала береді.

Іске асыру жөніндегі шаралар:

- қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту;

- МСАК-ті жаңғырту және басым түрде дамыту;

- мемлекеттік, қоғамдық және бизнес-құрылымдардың қызметін үйлестіру арқылы азаматтардың денсаулығын қалыптастыру сақтау және нығайту;

- ауруларды, оның ішінде мүгедектікті профилактикалау тәсілдерін жетілдіру, скринигтік зерттеулерді дамыту және СӨС-ті ынталандыру;

- әлеуметтік бағдарланған МСАК-ті басым түрде дамытуға негізделген тиімді денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру.
2-стратегиялық бағыт. Халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету

5-басым бағыт «Орталық деңгейде әлеуметтік міндеттемелерді орындау»

Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасында азаматтарға зейнетақының ең төмен мөлшеріне, жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі.

Осыған байланысты, қолданыстағы заңнамаға сәйкес республикалық бюджеттен зейнетақылар мен жәрдемақылардың әлеуметтік қатер басталған кезде әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін әлеуметтік төлемдердің дер кезінде және толық төленуі қамтамасыз етіледі. Бұл ретте көрсетілген зейнетақы, жәрдемақы, кепілдік түрлерін тағайындауды және төлеуді жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі қамтамасыз етіледі.

Іске асыру жөніндегі шаралар:

- Мемлекет басшысының 2014 жылғы 18 маусымдағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы № 342-V Заңына сәйкес:

а) 2018 жылдан бастап қолданыстағы жинақтаушы жүйені қызметкердің табысынан 5 %-дық мөлшерде жұмыс берушілердің жарналары есебінен қалыптастырылатын жаңа шартты-жинақтаушы құрамдауышпен толықтыру;

б) зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты базалық зейнетақыны тағайындау тәртібін өзгерту және т.б. көзделіп отыр.

- зейнетақы мөлшерін (инфляция деңгейін ілгерілей отырып) және әлеуметтік жәрдемақыларды (ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының өсімі ескеріле отырып) жыл сайынғы арттырудан бөлек, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылуына байланысты МӘЖ мөлшерін 25 %-ға арттыру көзделуде;

- қолданыстағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған шаралардан бөлек, қолданыстағы заңнамада қарастырылған төлемдер мен кепілдіктерді толық және дер кезінде қаржыландыру қамтамасыз етілетін болады;

- ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасын айқындау әдістемесін жетілдіру және осыған байланысты республикалық бюджеттен төлемдерді қаржыландыру көлемін өзгерту;

- 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа моделі енгізілетін болады.

6-басым бағыт «Ана мен баланы әлеуметтік қолдау жүйесін іске асыру және жетілдіру»

Елімізде қабылданатын балалы отбасыларды қолдау жөніндегі шаралар туу деңгейіне оң әсер етуде. Бір жағынан – бұл бала тууға, оның күтіміне, отбасындағы мүгедек баланы 18 жасқа толғанға дейін тәрбиелеуге байланысты республикалық бюджет қаражатынан және жергілікті бюджет қаражатынан табыстары азық-түлік себетінің құнынан төмен (ЕТКД-нің 60 %-ы) аз қамтылған отбасыларға балалар жәрдемақысы түрінде жұмыс істемейтін аналарды қолдау. Екінші жағынан – бұл мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүктілікке, босануға және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылу қатері туындағанда төленетін әлеуметтiк төлемдер.

Іске асыру жөніндегі шаралар:

- орталық деңгейде және жергілікті деңгейде балалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар мен төлемдердің (аз қамтылған отбасылар саны өскен жағдайда ағымдағы нысаналы трансферттер арқылы) төлемдердің толық және уақтылы төленуін қамтамасыз ету;

- ана мен баланы қолдаудың қолданыстағы жүйесін оның атаулылығын күшейту мақсатында жетілдіру.
7-басым бағыт «Әлеуметтік масылдықтың алдын алуға бағытталған азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру»

Әлеуметтік қолдау:

- аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек беру жөніндегі;


  • өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарға арнаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі;

  • мүгедектерді оңалту жөніндегі саясатты іске асыруды қалыптастыруды және үйлестіруді қамтиды.

Іске асыру жөніндегі шаралар:

1. Аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек бөлігінде:

- ұсынылатын көмектің атаулылығын күшейту және табысы аз еңбек етуге қабілетті адамдардың белсенділігін арттыру мақсатында қолданыстағы тәртіпті жетілдіру жалғасын табады. 2015 жылғы 1 шілдеден бастап барлық өңір бойынша шартты ақшалай көмекті енгізу жөніндегі пилотты кеңейту көзделуде, ал одан әрі – пилот нәтижелерін есепке ала отырып, шартты ақшалай көмек заңнамалық деңгейде енгізіледі.

2. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну бөлігінде осы жүйені реформалау жалғасады және ол мыналарды қамтиды:

- жұмыс істеп тұрған интернат-үйлерді егде жастағы адамдарға немесе мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары ретінде қайта құру;

- Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызметіне қолжетімділікті кеңейту үшін олардың жанынан күндізгі стационарларды ұйымдастыру ұсынылып отыр;

- үйде қызмет көрсетілетін балаларды әлеуметтендіру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерін қалалық жерлерде – аумақтық күндіз болу орталықтары ретінде қайта құруды, ал ауылдық елді мекендерде – қызмет көрсетуді ҮЕҰ-ға немесе жеке құрылымдарға аутсорсингке беру ұсынылады;

- сондай-ақ 2016 – 2018 жылдары өмірлік қиын жағдайға түскен адамдар – адам саудасының құрбандары үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын әзірлеу көзделуде.

3. Жергілікті атқарушы органдармен бірге мүмкіндіктері шектеулі адамдарды социумға етене араластыруға жәрдемдесу мақсатында олар үшін кедергісіз орта қалыптастыру жұмысы жалғастырылатын болады.
3-стратегиялық бағыт. Жұмыспен қамту саясатын қалыптастыру және еңбек қатынастарын реттеу
8-басым бағыт «Нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу»

Мемлекет басшысы айқындаған еліміздің 2050 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының және Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдаманың басты бағдарларының бірі еңбек өнімділігінің өсуі болып табылады. Бұл үшін, экономиканың жаңа жоғары технологиялық салаларын құрумен қатар, жаңа генерацияның еңбек ресурстарын қалыптастыру қажет.

Үздік әлемдік практиканы алып қарар болсақ, кадрлар дайындау жүйесі тиімді жұмыс істеу үшін кемінде екі жағдай қажет – білім беру саласының жұмыс берушілермен тұрақты өзара іс-әрекеті және білім беру процесінің практикалық және сұранысқа ие дағдылар мен құзыреттерді ұсынуға бағдарлануы.

Осы мақсаттарда мамандарды дайындауға арналған бизнес пен инвесторлардың сұранысын қалыптастыратын кәсіби стандарттар жүйесін әзірлеу және енгізу жалғасатын болады.

Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес 2020 жылға қарай кәсіби стандарттар 100 % әзірленеді.

Еңбек етуге қабілетті халықты нәтижелі жұмыспен қамту мәселелері бұрынғыша мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі болып қала береді.

Үкіметтің 2015 жылғы 11 ақпандағы кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру өзінің тиімділігін көрсеткенін атап өтті.

Ерекше кезеңдегі экономика жағдайларында Жұмыспен қамту 2020 жол картасы дағдарысқа қарсы ден қою жөніндегі жедел шараларды, сондай-ақ азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамту жөнінде жүйелі шараларды да қамти отырып, ерекше рөлге ие.

Іске асыру жөніндегі шаралар:


  • Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту, оның ішінде салалық мемлекеттік органдардың кәсіби стандарттарды әзірлеуін қаржыландыруды қамтамасыз ету, еңбек нормалары мен нормативтерін әзірлеу;

- Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру;

- «Халықты жұмыспен қамту туралы» жаңа Заңды әзірлеу және іске асыру;

- Министрліктің құзыреті бойынша көші-қон процестерін басқаруды жетілдіру.
9- басым бағыт «Еңбек қатынастарын реттеу»

Еңбек қатынастарын реформалаудың негізгі нәтижелері кәсіподақтар туралы жаңа заң қабылдау қызметкерлердің мүдделерін білдіретін жаңа құқықтық модель енгізу; әлеуметтік әріптестікті дамыту және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру болып табылады. 2015 жылдың басында ұжымдық-шарттық қатынастармен қамтылған кәсіпорындардың үлесі 35 %-ды құрады.

Үкімет, бизнес және кәсіподақтар арасында 2015 – 2017 жылдарға арналған Бас келісім Жаңа әлеуметтік әріптестік жаңа идеологиясының негізінде жасалды және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық, салалық және өңірлік үшжақты комиссиялардың жұмыс форматы қаралды.

Іске асыру жөніндегі шаралар:

- қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасындағы еңбек қатынастарын реттеудің бірыңғай және іс-қимыл механизмдері ретінде әлеуметтік әріптестік институтын дамытуды жалғастыру;

- «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі жыл сайынғы конкурсты қаржыландыру және өткізуді ұйымдастыру;

- кәсіби қатерлерді басқарудың және қызметкерлердің денсаулығына зиянды қатерлердің алдын алудың жаңа моделін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

- Қазақстан Республикасында азаматтарды еңбек заңнамасының негіздеріне құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру, сондай-ақ еңбек жанжалдарының алдын алу жөніндегі іс-шараларды іске асыру.



жүктеу 1,27 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау