Ќазаќстан Республикасы Денсаулыќ саќтау жјне јлеуметтік даму министрініѕ



жүктеу 0,74 Mb.
бет1/5
Дата25.01.2020
өлшемі0,74 Mb.
#27311
  1   2   3   4   5




Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрінің

2019 жылғы «_____» _________

№ ______ бұйрығына

қосымша


Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің

2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

1-бөлім. Миссиясы және пайымы
Мемлекеттік органның миссиясы: Еңбек құқықтарын қорғау, нәтижелі жұмыспен қамтуға және халықтың әл-ауқатының артуына жәрдемдесу.

Мемлекеттік органның пайымы: Өмiр сүру деңгейi мен сапасын нәтижелі жұмыспен қамтудың қолжетiмдiгiн кеңейту, әлеуметтiк қамсыздандыру деңгейiн арттыру, халықты әлеуметтiк қолдау жүйесiн дамыту және оңтайландыру негiзiнде арттыру.


2-бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау және қатерлерді басқару
1. Стратегиялық бағыт 1. Халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету

1) Реттелетін қызмет саласының негізгі даму өлшемдері.

Министрлік 2050 стратегиясының негізгі мақсаты – Қазақстанның әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруіне қолжеткізу бойынша өз қызметінде қазақстандықтардың әл-ауқатын нығайту принципіне сүйенеді.

Осы мақсаттарда әлеуметтік дамудың қазақстандық моделі – масылдықты болдырмайтын атаулылықты және тиімділікті дамыту принциптерінің біріне негізделген азаматтардың мұқтаж санаттарын әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін құру жалғасатын болады.

Мемлекет адам туғаннан бастап оның өмірінің барлық кезеңдерін сүйемелдей отырып, халықтың әлеуметтік қорғалуына кепілдік береді. Осылайша, Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының мынадай принципі іске асырылады – азаматтарға өмірінің әрбір кезеңінде әлеуметтік қызмет көрсетудің – адамның өзін өзі дамытуы үшін бастапқы тең мүмкіндіктерге негіз болатын ең төменгі әлеуметтік стандарттардың ең төменгі қажетті деңгейіне кепілдік берілетін болады.

Ана мен баланы қолдау жүйесі арқылы бала туу көрсеткішін арттыру және балалы отбасылардың жағдайын жақсарту үшін қолайлы жағдайлар жасалады.

Еңбек етуге қабілетті жастағы адамдар үшін ықтимал әлеуметтік қатерлер басталған кезде және егде жастағы адамдарға лайықты өмір сүру жағдайларын жасау үшін көп деңгейлі әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі жұмыс істейді және жетілдірілуде.

Бұдан басқа, азаматтардың материалдық жағдайы белгіленген шектен (ең төменгі күнкөріс деңгейі, кедейлік шегі) төмен деңгейде нашарлаған, өмірлік қиын жағдай туындаған кездерде әлеуметтік қолдау және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету шаралары қолданылады.

Кейінгі үш жыл қызметтің осы бағытын дамытудың мынадай ахуалын көрсетіп отыр.

Ана мен баланы әлеуметтік қолдауды дамыту.

Министрлік демографиялық процестерді басқару жүйесіндегі звенолардың бірі болып табылатындықтан, бала туу көрсеткішін арттыру, балалы отбасылардың жай-күйін жақсарту үшін қолайлы жағдайлар жасауға жәрдемдесуге арналған.

Халық саны өсімінің оң динамикасын атап өткен жөн: 2016 жылдың басындағы осындай көрсеткіш 17,7 млн. адамды құраса, 2017 жылғы 1 қаңтарда 17,9 млн. адамды, 2018 жылдың басында 18,2 млн. адамды құрады.
Бала туу динамикасы

(1000 адамға шаққанда жалпы бала туу коэффициенті)



Халық санының өсуі, негізінен, бала туу санының өсуі есебінен қамтамасыз етілді. Соңғы үш жылда туған балалардың орташа жылдық саны 390 мыңнан асты (2015 жылы – 398,5 мың, 2016 жылы – 400,7 мың, 2017 жылы – 390 мың); бала туу коэффициенті 2014 − 2016 жылдары 1 мың халыққа шаққанда орта есеппен 22,8-ді құрады..

Демографиялық ахуалды жақсартуға балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау жүйесінің дамуы айтарлықтай ықпал етті. Республикада халықаралық практикада (оның ішінде Ресей Федерациясында, Беларусь және Украина Республикаларында) кеңінен қолданылатын мынадай төлемдер беріледі:



Скругленный прямоугольник 10


1) отбасыларға табысына қарамастан республикалық бюджеттен төленетін 31,41 айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) (бірінші, екінші және үшінші бала туғанда) бастап 52,35 АЕК-ке дейінгі (төртінші және одан кейінгі балалар туғанда) мөлшерде бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2017 жылғы 1 шілдеден бастап аталған жәрдемақының мөлшері 20 %-ға көбейтіліп, сәйкесінше 38 және 63 АЕК-ті құрады;

2) бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жәрдемақы. Жұмыс істемейтін аналарға ол табысына қарамастан республикалық бюджеттен сараланған мөлшерде 5,76 АЕК-тен 8,90 АЕК-ке дейін (туған және отбасында тәрбиеленіп жатқан балалардың санын есепке алғанда) төленеді. Жұмыс істейтін аналар 2008 жылдан бастап «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-тан (бұдан әрі – МӘСҚ) бала туған күнге дейін соңғы 24 айдағы сақтандырылған табысының 40 % мөлшерінде әлеуметтік төлемдер, сондай-ақ жүктілікке, босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда бала туған күнге дейін 12 ай үшін сақтандырылған табыстың 100 % мөлшерінде әлеуметтік төлемдер алады;

3) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршыларға ең төмен жалақының 1,05 мөлшерінде берілетін жәрдемақы.

Бұдан басқа, Қазақстанда көп балалы аналардың беделін арттыру мақсатында мемлекеттік наградалармен марапатталған көп балалы аналарға және кәмелет жасына толмаған төрт және одан да көп балалары бар көп балалы отбасыларға ай сайын арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

Қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі төрт және одан да көп баласы бар отбасылардың үлесін ұлғайтуға мүмкіндік береді. 2006 жылдан бастап 2016 жыл аралығында арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алатын кәмелет жасқа толмаған 4 және одан да көп баласы бар отбасылардың саны 40,2 %-ға көбейді, 2018 жылғы 1 қаңтарға 266 509 отбасын құрады.


Әлеуметтік қамсыздандыру

Қазақстанда нарықтық экономиканың принциптеріне сәйкес келетін базалық, міндетті және ерікті деңгейлерде әлеуметтік қамсыздандыру үшін жауапкершілікті мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер арасында бөлуді көздейтін әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің көп деңгейлі моделі жұмыс істейді.

Үнемі жаңарып отыратын ең төменгі әлеуметтік стандарттар әлеуметтік қамсыздандырудың негізі болып табылады. 2015 жылмен салыстырғанда:

1) ең төменгі күнкөріс деңгейі 14 %-ға көбейді (21 364 теңгеден 2017 жылы 24 459 теңгеге дейін, 2016 жылы - 22 859 теңге). 2018 жылғы ең төменгі күнкөріс деңгейінің белгіленген мөлшері 28 284 теңгені құрады;

2) базалық зейнетақы төлемін ескере отырып зейнетақының ең төменгі мөлшері 1,3 еседен артық көбейді (34 874 теңгеден 2017 жылы 45 711 теңгеге дейін, 2016 жылы – 37 789 теңге, 2018 жылғы 1 қаңтарда – 49 019 теңге).

Ынтымақты зейнетақы жүйесі бойынша

Мемлекет басшысының тапсырмаларына, «Нұр Отан» Халықтық тұғырнамасы әлеуметтік бағдарламасының негізгі ережелері мен Үкіметтің іс-қимыл бағдарламасына сәйкес 2015-2016 жылдары зейнетақы төлемдері 9 %-ға арттырылды, 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанды 20 %-ға дейін жеткізілді.

Базалық зейнетақы төлемін (14 466 теңге) есепке алғанда, 2017 жылы ең жоғары мөлшері 92 747 теңгені құрады (2016 жылы – 77 186 теңге, 2015 жылы – 72 129 теңге), орташа мөлшері 2017 жылы 65 918 теңгені құрады (2016 жылы – 55 117 теңге, 2015 жылы – 50 561 теңге).

Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін жүйелі арттыру егде жастағы азаматтардың өмір сүру деңгейін жақсартуға және ТМД елдері арасында зейнетақымен қамсыздандырудың ең жоғары деңгейлерінің бірін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Базалық және ынтымақты зейнетақы төлемдері есебінен табысты алмастырудың жиынтық коэффициенті 2017 жылы 46,1 %-ға жетті, бұл Халықаралық еңбек үйымының ең төмен нормаларынан жоғары (40 %-дан кем емес), 2016 жылы – 43,7 %, 2015 жылы – 42,0 %.

Алмастыру коэффициенті еларалық тұрғыдан алғанда былайша сипатталады: экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) елдері бойынша орта есеппен – 56-57 %, ЕО елдерінде – 50 %-ға жуық, ЭЫДҰ-ға кіретін қалыптасқан нарықты таңдау бойынша орта есеппен – 52 %, Ресей Федерациясында – 34,3 %.

Зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша жұмыстың нәтижесінде 2013 жылдан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істейді, 2014 жылдан бері жұмыс істейтін әйелдер бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста болған кезеңде олар үшін олардың зейнетақы жинақтарын ұлғайтуға, зейнетақымен қамсыздандырудың барабар деңгейіне жеткізуге мүмкіндік беретін міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау; еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстарда істейтін жұмыскерлердің пайдасына жұмыс берушілердің қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары енгізілді. Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды (Мемлекет басшысының 2014 жылғы 18 маусымдағы Жарлығы).

Талдау жасалған кезеңде жұмыскерлердің жинақтаушы зейнетақы жүйесіне (бұдан әрі – ЖЗЖ) қатысуының көбейгені байқалады, 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының мөлшері 6,7 трлн. теңгеден асты. Бұл ретте салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны 9,9 млн.-ды құрады (2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша – 9,9 млн. шотта 5,8 трлн. теңге, 2017 жылғы 1 қаңтарға – 9,8 млн. шотта 6,7 трлн. теңге).

Жұмыс істейтін халықты ЖЗЖ-мен қамту (ЖЗЖ-ға қатыспайтындарды ескермегенде) 2017 жылы 72,5 % көрсеткішіне жеткізілді (2016 жылы – 70,8 %, 2015 жылы – 70,4 %).

Алдағы уақытта зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін дамыту Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылады. Зейнетақы жүйесін жаңғырту зейнетақы төлемдерінің барабарлығы мен қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында мемлекет, жұмыс беруші мен қызметкер арасында жауапкершілікті бөлу есебінен зейнетақымен қамсыздандырудың көпдеңгейлі моделін сақтауға бағытталады. Жалпы алғанда Тұжырымдаманы іске асыру 2030 жылға дейін жиынтық зейнетақының орташа мөлшерінің орташа айлық жалақыға арақатынасын жоғалтқан табыстың 40 %-ынан кем болмайтын мөлшерде сақтауды қамтамасыз етуге және халықты зейнетақы жүйесімен қамтуды жұмыспен қамтылған халықтың 80 %-ына дейін кеңейтуге мүмкіндік береді.



Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша

Әлеуметтік төлемдер 2015 - 2016 жылдары 7 %-ға, 2017 жылы 16 %-ға арттырылды, бұл ретте мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылуына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік төлемдер 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қосымша 25 %-ға, 2017 жылы 7 %-ға арттырылды. Ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап күнкөріс деңгейінің құрылымын қайта қарау нәтижесінде оның шамасы 2017 жылмен салыстырғанда 16 пайызға дейін өсті, бұл сәйкесінше мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін арттыруға әкелді.

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (бұдан әрі – МӘЖ) алушылардың саны 2017 жылы 674,6 мың адамды құрады (2015 жылы – 670,0 мың адам, 2016 жылы – 673,5 мың адам), оның ішінде мүгедектігі бойынша – 507,7 мың адам (2015 жылы – 494,7 мың, 2016 жылы – 502,7 мың адам); асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша – 164,1 мың адам (2015 жылы – 170,2 мың адам, 2016 жылы – 167,0 мың адам); жасына байланысты 2,3 мың адам (2015 жылы – 5,1 мың адам, 2016 жылы – 3,8 мың адам).

МӘЖ-дің орташа мөлшері 2017 жылы мүгедектігі бойынша – 32 418 теңгені (2015 жылы – 22 710 теңгені, 2016 жылы – 30 374 теңгені); асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша – 29 402 теңгені (2015 жылы – 20 555 теңгені, 2016 жылы – 27 506 теңгені); жасына байланысты – 12 719 теңгені (2015 жылы – 11 110 теңге, 2016 жылы – 11 887 теңге) құрады.



Әлеуметтік сақтандыру бойынша

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қолданысқа енгізілгеннен бері 2005 жылдан бастап 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша МӘСҚ-тан жүзеге асырылған әлеуметтік төлемдердің сомасы 905 млрд. теңгені, бұл ретте 2015 жылы 126,7 млрд. теңгені, 2016 жылы 142,2 млрд. теңгені, 2017 жылы 156,5 млрд. теңгені құрады.

Формальды сектор жұмыскерлері 6 әлеуметтік қатер туындаған: еңбек ету қабілетінен айрылған; асыраушысынан айрылған; жұмысынан айрылған; жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылған; жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған; бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған кезде әлеуметтік қорғаудың қосымша түріне ие болды.

Жұмыскерлердің міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуы кеңейе түсуде, 2017 жылы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың саны 5,9 млн. адамды (2015 жылы – 5,9 млн.адам, 2016 жылы – 5,8 млн. адам) құрады.

2017 жылы МӘСҚ-тан еңбек ету қабілетінен айрылған және асыраушысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер 7 %-ға арттырылды. 2017 жылы МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік төлемнің орташа мөлшері еңбек ету қабілетінен айрылу бойынша 12 208 теңгені (2015 жылы – 10 761 теңге, 2016 жылы – 11 642 теңге); асыраушысынан айрылу бойынша 14 774 теңгені (2015 жылы – 14 058 теңге, 2016 жылы – 15 042 теңге) құрады.

2017 жылы 562,6 мың алушыға 156,5 млрд. теңге сомасында (2015 жылы – 501,7 мың алушыға 126,7 млрд. теңге, 2016 жылы – 528,3 мың алушыға 142,2 млрд. теңге сомасында) әлеуметтік төлемдер жүргізілді.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘСҚ-тан еңбек ету қабілетінен айрылу және асыраушысынан айрылу бойынша төленетін әлеуметтік төлемдер 16% -ға арттырылды.».

Халықтың әлжуаз санаттарын әлеуметтік қолдау.

Қазақстан Республикасында нарықтық экономикаға сәйкес атаулы әлеуметтік көмек және қолдау жүйесі жұмыс істейді. Жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген табыс шегінен төмен отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету жүйесі мынадай түрлерді қамтиды:

- жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен (ең төмен күнкөріс деңгейінен 50 %) отбасыларға жан басына шаққандағы табыс пен кедейлік шегі арасындағы айырма түрінде төленетін атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК). 2017 жылғы қорытынды бойынша аталған көмек түрі 23,3 мың азаматқа тағайындалды, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 19,1 %-ға (28,8 мың адам), 2015 жылмен салыстырғанда 39 %-ға (38,2 мың адам) төмен, бұл ретте тағайындау сомасы 751,7 млн. теңгені құрады. АӘК-тің орташа мөлшері – 2 692,4 теңге;

- табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен (КД-дан 60%) отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға, әр балаға 1,05 АЕК мөлшерінде төленетін мемлекеттік жәрдемақы. 2017 жылы аталған көмек түрімен қамтылғандардың саны 539,6 мың баланы (2016 жылы – 576,2 мың бала, 2015 жылы – 551,2 мың адам), тағайындау сомасы – 11,3 млрд. теңгені құрады;

- коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, тұрғын үйді күту шығыстары осы мақсаттарға арналған шығыстардың шекті рұқсат етілген үлесінен асып кететін отбасыларға ұсынылатын тұрғын үй көмегі тағайындалды. 2017 жылы 76,6 мың отбасы (2016 жылы – 85,5 мың отбасы, 2015 жылы – 93,9 мың отбасы) тұрғын үй алғандар болды. Тағайындау сомасы 2,4 млрд. теңгені, орташа мөлшері 2 582 теңгені құрады.

Бүгінгі күні жаңа экономикалық жағдайда әлеуметтік қолдау шараларының тиімділігін арттыру және атаулы әлеуметтік көмекті аса мұқтаж азаматтарға көрсету үшін оны күшейту қажеттілігі туындап отыр.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 84-қадамын іске асыру үшін 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек енгізілді.

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек шартты және шартсыз көмекке жіктеледі және табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%-ынан төмен (2018 жылғы 1 қаңтарға дейін - 40%) отбасыларға еңбек етуге қабілетті отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына міндетті түрде қатысуы және осы мақсатта әлеуметтік келісімшар жасасу шартымен беріледі.

Шартсыз ақшалай көмек – күнкөрісі төмен еңбек етуге қабілетті жастағы жалғызілікті және (немесе) жалғыз тұратын адамдарға немесе жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу үшін объективті шектеулері бар еңбек етуге қабілетті мүшелері бар отбасыларға ұсынылады.

Шартты ақшалай көмек жалғызілікті және (немесе) жалғыз тұратын күнкөрісі төмен еңбек етуге қабілетті адамдарға, сондай-ақ құрамында кемінде бір еңбек етуге қабілетті мүшесі бар күнкөрісі төмен отбасыларға беріледі.

Жоғарыда аталған Заң нормаларын толықтай дайындау және іске асыруда бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру мақсатында 2014 жылдан бастап еліміздің өңірлерінде «Өрлеу» пилоттық жобасы іске асырылуда.

2017 жылы жобаға 32,2 мың отбасы немесе 179,6 мың адам қатысты (2015 жылы – 3,9 мыңға жуық отбасы немесе 20,2 мың адам, 2016 жылы – 7,4 мың отбасы немесе 38,8 мың адам), жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді түрлеріне 36,4 мың адам немесе «Өрлеу» жобасының еңбек етуге қабілетті қатысушыларының жалпы санының 90,6 %-ы тартылды (2015 жылы – 4 857 адам немесе 90 %, 2016 жылы – 8 704 адам немесе 90,5%).

Нәтижесінде жобаға қатысушылардың табыстары 2 еседен аса ұлғайтылды, АӘК алушылар құрылымындағы еңбек етуге қабілетті халықтың үлесі 26,5 %-ға дейін (2016 жылы – 27,2 %, 2015 жылы – 29,2 %) қысқарды, АӘК алушылардың саны 24,7 %-ға төмендеді.

«Өрлеу» жобасын іске асыру барысында әлеуметтік келісімшарт негізінде 2017 жылы шамамен 180 мың адамды қамту жоспарлануда. Бұл олардың табысын арттыруға, жұмыспен қамтылуына, жаңа кәсіпті меңгеруіне, біліктілігін арттыруға, өз кәсібін ашуға немесе кеңейтуге (микрокредит алуға), яғни өз әлеуетін тек отбасылық өмірде ғана емес, сондай-ақ қоғамдық өмірде де іске асыруға мүмкіндік береді.

Қабылданып жатқан шаралар азаматтардың әл-ауқатын арттыруға ықпал етті. Елдегі кедейлік деңгейі төмендеуде – табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2017 жылы 2,6 %-ды құрады (2016 жылы – 2,6 %, 2015 жылы – 2,7 %).

Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну, мүгедектерді әлеуметтік қорғау

Өмірлік қиын жағдай кезінде мемлекет арнаулы әлеуметтік қызметтерді (бұдан әрі – АӘҚ) тегін ұсынуды қамтамасыз етеді.

АӘҚ көрсету кезінде қызмет көрсетудің кешенді жүйесі:

- біріншіден, стационар, жартылай стационар, үйде немесе уақытша болу жағдайларында адамға қызмет көрсету қажеттілігіне;

- екіншіден, оның мұқтаждығына және оның физиологиялық, антропометрикалық және психологиялық қабілетін бағалауға;

- үшіншіден, жеке жоспар бойынша жеке тәсіл арқылы атаулылығына қарай құрылған.

АӘҚ стандарттарын кезең-кезеңмен енгізу осы қызметтерді алушылар санаттарын 3-тен 7-ге дейін кеңейтуге мүмкіндік берді. 2017 жылдан бастап тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасы құрбандарына арналған АӘҚ стандарттарын енгізу арқылы АӘҚ алушылардың санаттары кеңейтілді. Осылайша, егер бұрын қызмет алушылар мүгедектегі бар мен егде жастағы адамдар ғана болған болса, бүгін олардың қатарына бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінде есепте тұрған адамдар, адам саудасының құрбандары, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары, белгілі бір тұрғылықты тұратын жері жоқ адамдар кіреді.

Алушылардың ең үлкен үлесі мүгедектегі бар адамдардың үлесіне – 47 % (54,3 мың адам) және қарт адамдардың үлесіне (47,2 мың адам) – 40 % келеді.

2015 жылдан бастап АӘҚ жүйесінде:

- АӘҚ ұсынушы субъектілердің саны 8 %-ға немесе 2015 жылғы 797-тен 2017 жылғы 862 ұйымға дейін өсті (2016 жылы – 827);

- үкіметтік емес ұйымдардың үлесі 38 %-ға дейін өсті, тиісінше, ҮЕҰ саны 2015 жылғы 81-ден 2017 жылғы 130 ҮЕҰ-ға дейін өсті (2016 жылы – 106 ҮЕҰ);

- қызмет алушылардың саны 19 %-ға немесе 97,4 мың адамнан 116 мың адамға дейін артты (2016 жылы – 125,6 мың адам). Бұл ретте үкіметтік емес секторда алушылардың үлесі 42 %-ға немесе 5,1 мың адамнан 8,8 мың адамға дейін артты (2016 жылы – 6,3 мың алушылар);



  • қызмет көрсетудің баламалы түрлері дамып келеді, мәселен, 2017 жылғы қорытынды бойынша 9,0 мың адамды қамтитын 168 күндізгі болу бөлімі (КББ) (5,4 мың адамды қамтумен мемлекеттік секторда 75 КББ, 3,6 адамды қамтумен мемлекеттік емес секторда 93 КББ; 2016 жылғы қорытынды бойынша – 7,8 мың адамды қамтумен 126 КББ; 2015 жылғы қорытынды бойынша – 1,7 мың адамды қамтумен 50 КББ) жұмыс істейді.

  • АӘҚ-ты ақылы негізде ұсыну басталды;

  • мемлекеттік қамсыздандырудағы қызмет алушылардың шығындарын қаржыландыру тетігі, сондай-ақ қызметтерді ақылы негізде ұсыну тетігі енгізілді. 2016 жылдың басынан бері толық мемлекеттік қамсыздандырудағы адамдар зейнетақы мен жәрдемақылардың 70 %-ын өздерін қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындарды жабуға бағыттайды. Бұл ретте зейнетақының қалған бөлігі бекітілген ең төмен мөлшерінен, ал жәрдемақы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болмауға тиіс. Мұндай практика Ресейде іске асырылуда, онда қызмет алушы зейнетақы мен жәрдемақысының 70 %-ына дейін, ал Белоруссияда 90 %-ына дейін өзін қамтамасыз етуге жұмсайды.

2015 жылдан 2017 жылға дейін АӘҚ жүйесін дамытуға республикалық бюджеттен 2,7 млрд. теңге бөлінген, оның 2,2 млрд. теңгесі үкіметтік емес ұйымдар арасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға бағытталған.
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау

Әлеуметтік қолдау шаралары жүйесінде мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың алатын орны ерекше. 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 662,5 мың мүгедек тұрып жатыр немесе халықтың жалпы санының 3,7 %-ы, оның 62 %-ын еңбек етуге қабілетті жастағы адамдар, 12,6 %-ын балалар құрайды (2015 жылы – 637,2 мың, 2016 жылы – 651,9 мың). Мүгедектігі бар адамдардың өсімі 2015 жыл мен 2017 жыл аралығында 4,0 %-ды немесе тиісінше 637,2 мың адамнан 662,5 мың адамды құрады.

Олардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттыру үшін 2012 жылдан бастап Мүгедектердің құқықтарын қамсыздандыру және өмір сүру сапасын арттыру бойынша іс-шаралар жоспарын кезең-кезеңімен іске асыру жүргізілуде, 2016 жылдан бастап осы жоспардың үшінші кезеңін іске асыру басталды. Жоспар шеңберінде:

жергілікті деңгейде мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін кедергісіз ортаны қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдануда. 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 31,2 мың объектіде паспорттау жүргізілді, оның ішінде 19,5 мың объект бейімделуге тиіс, оның ішінде 16,6 мың объект бейімделген (2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша – 11,2 мың, 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша – 6,8 мың). Паспортталған объектілердің жалпы санынан мүгедектер үшін қолжетімділік қамтамасыз етілген әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің үлесі 90,7 %-ды құрайды (2016 жылы – 77,4 %, 2015 жылы – 54,5 %);

- жыл сайын бюджет қаражаты есебінен 120,0 мыңнан астам мүгедек техникалық көмекші (компенсаторлық) оңалту құралдарымен қамтамасыз етілуде, оларға әлеуметтік жәрдемақылар уақтылы төленеді;

ауылда тұратын мүгедектердің өтінімдері бойынша «Қазпошта» АҚ қызметтері арқылы шалғайдағы ауылдарда тұратын мүгедектерге оңалту құралдарын (протездік-ортопедиялық бұйымдарды ескермегенде) үйлеріне дейін жеткізіп беру жүзеге асырылады;

- 2015 жылдан бастап Техникалық көмекші құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесі (ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысымен бекітілді) кезең-кезеңімен жаңартылды және кеңейтілді, олардың саны 77 %-ға ұлғайды;

- Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары арқылы мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жүзеге асырылады, оның шеңберінде 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 15,4 мың мүгедек (2016 жылы – 13,5 мың мүгедек, 2015 жылы – 13,9 мың мүгедек), оның ішінде 10 мың адам аумақтарды дамыту бағдарламалары бойынша қамтылды (2016 жылы – 8,7 мың, 2015 жылы – 8,8 мың). 129 мыңнан астам мүгедек тұрақты жұмыспен қамтылған.

Жұмыс орындарының 2-ден 4 %-ына дейін мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота, ауыр жұмыс орындарында, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын ескермегенде1 белгіленген.

Көру және есту қабілетінен толық айырылған, тірек-қимыл аппараты бұзылған2 адамдар үшін Жұмыс орнының стандарттары бекітілген, бұл арнаулы әлеуметтік жұмыс орындарын субсидиялауды жүйелендіруге мүмкіндік береді, оған 2018 жылы республикалық бюджеттен 206,9 млн. теңге көзделген.

Жұмыс істейтін және оқитын мүгедектер үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы «Инватакси» қызметін жетілдіруге қолдау көрсетіледі. 2017 жылы 387,1 млн. теңге, оның ішінде РБ-дан 68,8 млн. теңге бөлінген (2016 жылы – 142,9 млн теңге, 2015 жылы – 75,0 млн теңге, 2014 жылы – 87,4 млн теңге).

Қазақстан 2015 жылғы 20 ақпанда Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялады. Мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың ұлттық жүйесіне Конвенция нормаларын имплементациялаудың бірінші қадамы 2015 жылғы желтоқсанда қабылданған Заң болып табылады, ол 24 заңнамалық актіге, оның ішінде 3 Кодекске түзетулер енгізуді көздейді.

Орталық деңгейде де, жергілікті деңгейде де жұмыс істейтін мүгедектер істері жөніндегі кеңесшілер институты жетілуде.
2.2) Негізгі проблемаларды талдау

Халықты әлеуметтік қорғау саласын дамытумен байланысты қызметте белгілі проблемалар сақталуда.



1. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу деңгейінің жеткіліксіздігі.

2017 жылғы қорытынды бойынша жұмыс істейтін халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту 72,5 %-ды құрайды (211,3 мың адамды, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ЖЗЖ қатысушылары болып табылмайтын әскери қызметшілерді есепке алмағанда) және талдау жасалатын кезеңде қамту үлесінің ұлғайғаны байқалғанымен, проблема өзектілігін сақтап отыр (2016 жылы – 70,8 %, 2015 жылы – 70,4 %).

Экономиканың формальды емес секторы әлеуметтік қорғалудан тыс қалған экономикалық белсенді халықтың едәуір бөлігін қамтып отыр.

Жұмыспен қамтылған халық құрылымында өз бетінше жұмыспен қамтылу үлесі жоғары, 2017 жылдың қорытындысы бойынша – 24,5 % немесе 2,1 млн. астам адам (2015 жылы – 27,0 % немесе 2,3 млн. адам, 2016 жылы – 25,8 % немесе 2,2 млн. астам адам). Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың негізгі бөлігі ауылдық жерде тұрып, көбіне жеке шаруашылықпен айналысады, табысы да шағын. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың басым бөлігі әлеуметтік қорғау және қолдау жүйесімен қамтылмаған. Мәселен, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар құрылымында 2017 жылы 10,4 %-ы нәтижесіз жұмыспен қамтылғандарға жатқызылған (2015 – 2016 жылы – 22,0 %).



2. Ең төменгі күнкөріс деңгейін айқындау әдістемесі жетілдіруді талап етеді.

Халықаралық еңбек ұйымының бағалауы бойынша қолданыстағы ең төменгі күнкөріс деңгейін (бұдан әрі – ЕТКД) есептеу әдістемесі халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және нормативтік-ститистикалық әдіске негізделген, оған сәйкес ЕТКД азық-түлік себетінің құны азық-түлік өнімдерін тұтынудың бекітілген нормалары бойынша есептеледі, ал азық-түлік емес тауарлардың бағасы және қызметі ЕТКД шамасының бекітілген үлесі (50 %) түрінде белгіленеді.

Сонымен бірге, бүгінгі күні ең төменгі күнкөріс деңгейі халық табысының үздіксіз өсуіне байланысты күнкөрісі төмен халықтың нақты тұтыну шығыстарына сәйкес келмейді. Мәселен, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша 2017 жылы ЕТКД шамасы 23 783 теңгені құрады, бұл ретте жалпы шығыстардың 50 %-ынан анық асатын халықтың азық-түлік емес шығыстарының тұрақты өсуі байқалады.

3. Кедейлікті еңсерудің белсенді түрлерінің даму деңгейі жеткіліксіз және әлеуметтік көмек көрсету критерийлерінің халықаралық стандарттарға сәйкессіздігі.

Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, елде, әсіресе ауылда кедейлік сақталуда.

2017 жылғы қорытынды бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушылардың құрылымының шамамен 26,5 %-ын еңбек етуге қабілетті адамдар құрады, бұл субъективті (еңбек еткісі келмейтін алушылардың масылдық кейпі), сол сияқты объективті себептермен (бос жұмыс орындарының дефициті, әсіресе ауылдық жерлерде; қойылған біліктілік талаптарына күнкөрісі төмен адамдардың білім деңгейінің сәйкес келмеуі), сондай-ақ бұл санатқа бағытталған белсенді шаралардың қажетті тиімділігімен шартталады.

4. Азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік кепілдіктерді тәртіпке келтіру, қолданыстағы заңнамадағы коллизиялар мен олқылықтарды жою қажеттілігі

Қазіргі уақытта Қазақстанда әлеуметтік қатынастарды реттейтін ауқымды нормативтік құқықтық база қалыптастырылып, жұмыс істейді.

Алайда, әлеуметтік саладағы заңнаманы инвентаризациялау «жұмыс істемейтін» деп аталатын, өзектілігін жоғалтқан жеңілдіктер мен кепілдіктерді анықтады, олар декларативтік сипатқа ие және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы саясатты тиімді іске асыруды қиындатады.

5. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін объектілер желісін дамытудың жеткіліксіздігі.

АӘҚ көрсететін қазіргі ұйымдар негізінен ірі қалалар мен облыс орталықтарында орналасқан. АӘҚ көрсететін үкіметтік емес ұйымдардың көбейгеніне қарамастан, олар да көбіне қалалық жерлерде жұмыс істейді. Бұл ретте, көбіне медициналық-әлеуметтік ұйымдарда өмірлік қиын жағдайға тап болған баланың немесе отбасы мүшесінің өзінің отбасын бар екенін сезінуі үшін маңызды болатын ата-аналарға арналған пункттер жоқ.

Осылайша, ауылдық жерлердің тұрғындары көп АӘҚ алу үшін өз отбасыларынан алшақтап, туыстық қарым-қатынасты үзіп, көршілерімен және әріптестерімен достық қарым-қатынастарын жоғалтып, қалалық жерлердегі қызмет көрсететін ұйымдарға жүгінуге мәжбүр.

6. Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қоғам өміріне толыққанды қатысу мүмкіндіктерінің жеткіліксіз болуы.

Бүгінгі күні мүгедектер үшін жүргізіліп жатқан кедергісіз орта құру жұмысы жеткіліксіз. Объектілерді паспорттаудың басым бөлігі 2013 жылы жүргізілген – 18 754-і. 2015 – 2017 жылдары 6 762 объект паспорттаудан өткізілді, оның 9,3 %-дан астамы бейімдеуді қажет етеді. Алайда осы кезеңде жергілікті атқарушы органдар мүгедектердің қажеттілігіне қарай бар болғаны 16,6 мың әлеуметтік инфрақұрылым объектісін бейімдеген.

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру мәселесі де жандандыруды талап етеді.
2.3) Қатерлерді басқару


Ықтимал қатердің атауы

Қатер басталған жағдайда іске асырылатын қатерлерді басқару жөніндегі

іс-шаралар



Инфляция деңгейінің ерекше кезеңдегі экономиканың ағымдағы ахуалының нашарлауы жағдайларында әлеуметтік-экономикалық даму болжамымен белгіленген деңгейден артық көтерілуі (халықтың әлеуметтік жағдайының нашарлауы)

1. Уәкілетті органға теріс салдарды азайтуға бағытталған зейнетақы мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу

Сыртқы факторлардың әсерінен туындаған АӘҚ-қа мұқтаж адамдар санының өсуі (экологияның, халық денсаулығының, ерекше кезеңдегі экономиканың ағымдағы ахуалының нашарлауы және т.б.)

1. Уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты кеңейтуге республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер бөлу жөнінде ұсыныстар енгізу

2. Өңірлік деңгейде АӘҚ көрсетудің баламалы түрлерін өз бетінше тұру үйлерін/әлеуметтік қызмет көрсету үйлерін ашу арқылы кеңейту.





жүктеу 0,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау