Ќазаќстан Республикасы Білім жјне Єылым министрлігі



жүктеу 1,24 Mb.
бет4/4
Дата01.01.2018
өлшемі1,24 Mb.
#6391
түріДиплом
1   2   3   4

Қортынды
Бүгінгі таңда жас ұрпаққа отандық және әлемдік көркем әдебиет пен өнердің озық үлгілері негізінде эстетикалық тәрбие беру міндетін жүзеге асыруда мектеп пен мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктеледі.

Талапқа сәйкес қазіргі уақытта мұғалімдердің білім даярлығын арттырып, оларға эстетикалық тәрбие беру мен методикасынан терең білім беруге айрықша назар аударылып отыр.

Бастауыш және жоғары сыньш мұғалімдерінің эстетикалық тәрбие әдістемесін жоғары деңгейде меңгерген болуы лазым. Олар мектеп табалдырған бірінші рет аттаған бүлдіршіндердің бойына әсемдік сезімін дарытып, өнер туындыларын, туған табиғатымыздың сұлулығы мен байлығын қадірлей білуге үйретуге тиісті.

Сондықтан, республика мектептерінің мұғалімдеріне эстетикадан терең білім беріп, жас жеткіншіктердің әсемдік сезімдерін тәрбиелеу әдіс-тәсілдерімен қаруландыру педагогика ғылымының саласы тәрбие теориясы мен әдістемесінің маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.

Қорыта келе айтарымыз, бүгінгі таңдағы жалпы білім беретін мектептің мақсаты белгілі білім мен дағдылар жиынтығын ғана меңгерген азаматтар ғана емес, ұлттық дүниетаным непзінде өз көзқарасы қалыптасқан, әлеуметтік белсенділігі болса да тең дәрежеде қатар тұратын тұлғаларды тәрбиелеп өсіру.

Мақсатымыз-өз ұлтымыздың тарихын, мәдениеті мен тілін қастерлейтін және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін ел жанды тұлға тәрбиелеу.

Оқушылардың эстетиканы меңгеруі тек өнер сабақтарын оқытумен шектелмейді, ол барлық педагогикалық процестер әрекеттерінде кездеседі. Басқа сөзбен айтқанда, адам тікелей өнер туындылармен: суретпен, музыкамен, поззиямен айналысқанда ғана суреткер болып қоймайды. Эстетиканың бастамасы оқу мәдениет еңбегінде, оқушының өзін және өзін қоршаған ортаны өзгертуіне бағыталған әрекеттеріне негізделуі тиіс.

Адамның болмысқа деген эстетккалық қатынасы өзінің пайда болуында еңбек әрекеттеріне міндетті еңбекті дене ойыны мен рухани күш тұрғысында әдемілік, сәулеттілік құбылыстары тұрғысында түсініп, әсерлену, эстетикалық тәрбиеиің негізі мен адамның дамуын калыптастырады.

Бала еңбегі масылдыққа айналмай, эстетикалық ләззат әкелуі үшін, ол қоғамның қажетінен шығуы керек, қимылдың нақтылығымен, уақыт үнемділігімен, берілгендігімен байқалып, қанағаттанарлық және табыс сезімін әкелуі керек. Ден қимылының ептілікте, дәлдікте, ырғақтылықта, қуанышта байқалатын үйлесімділігі ішкі рухани әсемділікті тудырады. Оны балалар үлкен эстетикалық байлық ретінде бағалап қабылдайды.

Эстетикалық әсер көбіне оқыту әрекеттері арқылы беріледі. Мәселен, математикада: шешімі немесе дәлелдеуі әсем, нақышты екен деген сөздер жиі айтылады. Бұл жай айтыла салған сөз емес, шын мәнінде оның негізінде ең жоғары үйлесімділік пен мақсатқа сәйкестілік жатыр. Егер бүгінгі бірінші кластың математикасын алатын болсақ, ол бұрынғысынан өте күрделенген, жоғары математикаға жақын. Шығармашылық ізденіс кезінде оқушы тақырып, шешімінің айқындылығын, бірлігі мен қисындылығын аңғара отырып, танымның қуанышы мен әсемділігін сезінеді.

Демек, эстетика тек заттардың өзіне және шындық құбылыстарына тән, ол біздің түсінігімізде де, қоршаған ортаға деген қатынасымызға да байланысты емес. Тек адамның тарихи даму процесінде «адамның сезімділігінің субьективті байлығы: музыкалық құлағы, сұлулықты сезінетін көзі» болады.

Ортаны эстетикалық тұрғыда меңгерудің субъективті жағы болып эстетикалық сезім, талғам, баға, әсерленушілік, ой – сана, армандар, яғни адамның эстетикалық санасы алға шығады.



Пайдаланылған әдебиеттер

1.Қазақстан Республикасының "Білім туралы заңы" 27.VII2007ж. Алматы.2007.

2.Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы. «Ана тілі». 19 маусым. 1987ж

3.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Астана, 26 желтоқсан. 2003.

4. Назарбаев Н.Ә. 2007 жылғы «Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы», Алматы, 2007ж. Білім баспасы.

5.Оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану-заман талабы. Республикалық ғылыми конференция материалдары Қаз Ұ.У.2004

6.Инновациялық оқытудың педагогикалық шарттары. Алматы, 2006 Қ.А.Иассауи атындағы ХҚТУ Шымкент ғылыми-әдістемелік конференцияның материалдар жинағы, Шымкент 2004.

7.Сабыров Т.А. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. Алматы «Мектеп». 1978ж.

8.Сәрсенбаев Т. Ұлттық сана-сезім мен ұлттық қадір-қасиет. Алматы, 1990ж.

9.Савин Н.В.Педагогика., Москва, 1990.

10. М.Жұмабаев.Педагогика. "Рауан" баспасы 1993ж.

11. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Алматы.1999ж.

12.Қазақстан Республикасының мелекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Астана 2002ж.

13. Эстетикалық мәдениет «Қазақстан мектебі» журналы 10, 2002ж.

14.Ұзақбаева С. Тамыры терең тәрбие. Алматы. Білім. 1995ж.

15.Сухомилинский В.А. «Балаға жүрек жылуы». Алматы 1976ж.

16.С.Дүйсебаев. Жаңа педагогикалық технология - бастауыш мектеп. №2, 2003.

17.Сағымбаев.Ә. Бейнелеу өнері сабағында шығармашылықты қалыптастыру. Алматы 2001.

18.М.Ералиева. Бастауыш сатыдағы оқу - тәрбие үрдісінде, Алматы, 2005.

19.Ө.Танабаев. Эстетикалық тәрбиемен ұштастыру, Алматы 1999.

20.Н.Нұрмұхаметова. Эстетикалық тәрбие берудегі табиғаттың маңызы «Бастауыш мектеп» журналы №11 2004ж.

21.Н.С.Тілеуханов. Эстетикалық тәрбие қалыптастыру. «Бастауыш мектеп» журналы, 1997ж. 7.

22.Ү.Мелдебекова, Т.Әлсатов. Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі музыканың рөлі. Шымкент 2001ж.

23.Қ.Жарықбаев. Эстетикалық тәрбие туралы. Алматы 2002ж.

24.Роза Марғауина. Сазнаманың сыры мол. Алматы 2001ж.

25.3.Айдарова. Бейнелеу өнері белестері. Алматы 1999 ж.

26.Педагогикалық ізденіс. Алматы, "Рауан"баспасы. 199О.

27.Ш.А.Амонашвили. Оқушыларға көзқарас және білім берудің сипаты. М., 1991.

28.В.Ф.Шаталов. Жаппай орта білім беру талабы. М., 1992.

29.Г.Ширашева. Оқушыларға көркемдік-эстетикалық тәрбие беру. М., 2001.

30.Ә.Нынанбаев, Т.Әбжанов. Ой. Ақыл. Адамгершілік. Алматы."Білім" 1994ж.

31.Л.И.Рувинскиий, С.И.Хохлов. Ерлік пен мінезді қалай тәрбиелу керек."Мектеп"баспасы. 1989ж.

32.Б.Шелекбаева. Эстетикалық тәрбие беруде көркем шығарманы пайдалану."Бастауыш мектеп"журналы. 2000ж. №7.

33.К.Бейсенбаева Р.Жумабаева. Музыкалық эстетикалық тәрбие. "Қазақстан мектебі" журналы.1994. №12.

34.М. Ералиева. Жаңа буын оқулықтарының мектеп тәжірибесіне енгізілуі. Алматы 2001.

35.Ә.Табылдиев. Ұлттық тәрбие - ұлағатты іс. "Бастауыш мектеп" журналы 2003ж.

36.3.Әсемжанова. Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беру. Алматы 1998 ж.

37.А.Байділдаева. Адамгершілікке баулу бағыттары.

38.М.Бұлақбаева. Жаңашыл әдіс-тәсілдерді кең пайдаланайық. "Қазақстан мектебі" журналы 2004ж.

39.3.Сатқаева. Оқыту мен тәрбиелеу - үлкен өнер. Алматы 2001.

40.Ақбаева Л.Этноэстетикалық білім: Қазақтың дәстүрлі мәдениеті, Алматы, 1997ж.

41.Р.Төлеубекова. Бала тәрбиесі - әлеуметтік-педагогикалық мәселе. Алматы 2001ж.

42.ҚоянбаевЖ.Б. Педагогика. Астана1998ж.

43.Ж.Қалимова. Жаңа білім мазмұнының негізі - дамыта оқыту. «Бастауыш мектеп» журналы, 8 саны 2003ж.

44.3.Әсемжанова. Білім негізі - бастауышта. «Бастауыш мектеп» журналы, 2000ж.

45.Қ.Жарықбаев. Әдеп және жантану. Алматы. Атамұра баспасы. 1996ж.

46.Г.Тоққұлиева. Балаға эстетикалық тәрбие беру. "Қазақстан мектебі" журналы 2000ж.

47.Т.Самұратова. Эстетикалық тәрбие берудің мәні үлкен. "Қазақстан мектебі» журн. 2001ж.



48. Қ.Ж. Қаракулов «Этика классного руководителя» жкрн. Қазақстан мектебі, №3. 1978.
жүктеу 1,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау