Ќазаќстан Республикасы Білім жјне Єылым министрлігі


Оқушылардың эстетикалық мәдениеті тәрбие мен білімін қалыптастырудағы музыканың ролі



жүктеу 1,24 Mb.
бет2/4
Дата01.01.2018
өлшемі1,24 Mb.
#6391
түріДиплом
1   2   3   4

Оқушылардың эстетикалық мәдениеті тәрбие мен білімін қалыптастырудағы музыканың ролі.

"Өнер-білім бұлағы" дейді халқымыз. Өнердің қай саласы болса да адамдарға, өскелең ұрпаққа рухани күш-жігер берш ерекше қуаныш, сүйініш, толқу сезімдерін оятады.

Өнер саласының бірі - ән мен күйдің қоғамдық әрі тәрбиелік мәні өте зор.

Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру барысында мектепте белгілі бір жүйелі бағытпен музыка сабағы жүргізіледі.

Бастауыш сыныптан басталып жетінші сыныпқа дейін музыка сабағы қорған ортаның әсемділін көріп, жырлап оларды оқушылыр естіп, ажыратып, бағалай білуге арналған. Оқушыға музыка жаилы түсініктерді, анықтада отырып, эстетикалық өнердің алғашқы негіздерімен тарихымен таныстыра отырып, таным түсінігін дамытып оқушылардың музыкаға деген қызығушылығын арттыруға баулу қажет. Музыка туралы мағлұматты жүйелі меңгеру іскерлік пен дағдының қалыптасуы, ең алдымен қайырымдылық, имандылық, адамгершілік сезімнің, өнерге деген қызығушылығының, эстетикалық талғамның дамуына бағыттау керек.

Эстетика дегеніміздің өзі өмірдің бір бөлігі. Күнделікті өмірдің өзі балаға музыка тілімен жетеді. Осы өнер арқылы бала тәрбиелік және білімділік қасиеттерді бойына сіңіреді, музыка баланың сезімдеріне тікелей әсер ете отырып, оның моральдық бейнесін қалыптастырады.

Эстетика баланың жеке басының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар туғызады.

Мектептегі өнер сабағы тек қана музыкалық мағұлмат беріп қана қоймай сонымен қатар оқушыларға жоғары адамгершілік, имандылық, азаматтық қасиеттерге баулиды.

Көркемдік эстетикалық және эмоционалдық тартымдылығына оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты іріктеп алынған шығармалар ғана тәрбие жұмысына мол дүние бола алады. Олар өздеріне терең әсер қалдырып толғандыратын шығармаларды қабылдаған жағдайда ғана адамгершілік сезімдерін оята алады.

Музыка эстетикалық тәрбиенің маңызды бір бөлігі бола отырып, жеке тұлғаның ақыл-ойы мен дене бітімін жетілдіріп, жан-жақты өмір тәжірибесін кеңейтуге қызығушылық біліктілігін және ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылық іскерлікке тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады, оқушыларды халықтық музыкаға баулиды.

Эстетикалық тәрбиелеу көркемдік әсер етуге тірелмейді, оның құралдары алуан түрлі, ол өнер, оның ішінде музыка сол құралдардың бірі ғана. Бірақ мұнда өнердің, оның ішінде музыканың атқарар рөлі ерекше.

Тек өнер ғана адамның шындыққа тарихи қалыптасқан эстетикалық қарым-қатынас тәжірибесін ашады, қорытындалайды, жүйелейді. Кез келген мәселені шеше отырып, өнер шындықтың эстетикалық деректерін бейнелейді және ойластырады, ал өмірлік құбылыстарды бағалай отырып, басқалармен бірге оларды эстетикалық бағалауға түсіреді. Сонымен бірге ол эстетикалық эмоция туғызады және эстетикалық ләззатқа бөлейді. Мұның бәрі өнерді, демек музыканы эстетикалық тәрбие берудің ерекше әсерлі және ешнәрсемен алмастыруға болмайтын қүралына айналдырады. Өнердің эстетикалық тәрбие беруге қатысуы оның міндетті қызметтерінің бірі болып табылады. Бұл міндетті қызмет, бірақ жалғыз және дербес қызмет емес. Ол өнер атқаратын және оның табиғатымен, қоғамдық өмірдегі ерекше орнымен анықталып, әлеуметтік қызметтердің күрделі жүйесімен жымдаса байланысқан.

Өнердің, демек, музыканың да мынадай қызметтері бар: гнесеологиялық (шындықты өзіндік тәсілмен тану), аксеологиялық (оны өзіндік тәсілмен бағалау), насихаттаушылық (саяси, философиялық, этикалық және басқа қоғамдық идеяларды тарату), геоденистік (рухани көтеру, ерекше ләззаттану), суггестивтік(эмоция мен ойдың белгілі бір тәртібіне иландыру), сауаттандыру ("өмірдің оқулығы" қызметін атқару), эвристикалық (адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін белсендірлендіру), коммуникативтік (адамдар арасындағы қарым - қатынастың ерекше қызметі, өзіндік құралы ретінде әрекет етуі) және т. б.

Музыкалық - эстетикалық тәрбиенің, дәлірек айтқанда, музыка арқылы эстетикалық тәрбие берудің тікелей міндеті музыканың идеялық мазмұнымен анықталады. Тұлғаның мақсатқа бағытталған даму жүйесін құруды талап ететін эстетикалық тәрбие беру музыкасыз оның адамға көп түрлі әсерін, оның қабылдануы мен тәрбиелік рөлін зерделеусіз мүмкін емес.

Музыка күші оның жан жақты әсер ететіндігінде (ерік -жігерге, ақыл ойға, ойлауға, "логикалық сезім" деп аталатынға; эстетикалық сана саласында үйымдасқандығын қабылдау қабілетін, оның жетілуін талап ететін арнаны сезіну ретінде әрекет етеді). Осы мағынада алғанда музыкамен қалыптасқан эстетикалық сезім эстетикалық категория ретіндегі үйлесімділік ұғымына енген мазмұнға жақын келеді.

Сонымен бірге жаппай музыкалық педагогикалық практиканы талдау бастауыш және жоғары сынып оқушыларының интонациялық қабылдау, гармония, эстетикалық қабылдау, эстетикалық талғам сияқты маңызды категорияларды тәрбиелеуге бүгінгі күні жеткіліктті көңіл бөлінбей отырғандығын көрсетеді. Бұған қолайлы жағдай туғызатын мектеп сыныптардағы музыка сабақтары мен сыныптан және мектептен тыс музыканың кең эстетикалық мүмкіндіктері толық көлемде пайдаланылмай отыр. Мұғалімдер арасында сынып оқушылары өтетін музыка сабақтарының өзі ақ олардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға өздігінен ықпал етеді деген сенім қалыптасқан.

Музыкалық шығарманы оқып, орындай отырып оқушы эстетикалық тұрғыдан "өзінен - өзі" дамиды және ол үшін Мұғалім тарапынан арнаулы күш - жігер жұмсаудың қажеті жоқ деген пікір теориялық жағынан да, практикалық жағынан да қате. Тәжірибенің көрсетуіне қарағанда, жан жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру үшін эстетикалық тәрбие беру мәселелеріне, мысалы, гармония мен, эстетикалық қабылдаумен және талғаммен байланысты мәселелерге мұғалімдер тарапынан арнаулы көңіл бөлуді қажет етеді.

Мектепте сынып оқушылары қабылдаудың өткірлігімен және тазалығымен өзіндік "сезімдік қызығушылықпен ерекшеленеді, музыкаға аса қызығады. Олардың музыкалық іс - әрекетін дұрыс ұйымдастыру бір жағынан, кіші жастағы балалардың эстетикалық сезімдерінің дамуына әсер етеді, ал екінші жағынан, сәйкес қабілеттердің (есту тітіркендіргіштерін нәзік ажырату, музыкалық есту, үнді есту ретінде қоя білу қабілеті және т. б.) дамуына ықпал етеді. Барлық сынып оқушыларының интонациялық және эстетикалық қабылдауына қабылдау кезіндегі талдау тереңдігінің, ұйымдасқандықтың және мақсатқа бағытталғандықтың әлсіздігі тән екендігін анықтаған. Бұл әсіресе

1 және 7 сынып оқушыларына тән құбылыс. Оларға қабылдаудың эмоциялығы тән. Олар ең әуелі тікелей эмоциялық реакция туғызатын қасиеттерді, белгілерді, ерекшеліктерді қабылдайды. Сондықтан музыка туындысын тікелей күшті эмоция туғызатын белгілі бір акустикалық немесе оптикалық орта ретінде қарастыруға болады.

Музыканың эстетикалық тәрбие беру мүмкіндігінің толық пайдаланылмай отырған себебі оқу жұмысының ғылыми негізделген әдістехмесінің болмауында. Мұндай ғылыми әдістеме мынадай үш ілікке негізделген болуы тиіс деп есептейдә-ғалымдар психофизиологиялық (дыбыстың материалдық жекелеген жақтарының тыңдаушыда тікелей эмоциялық әсер туғызды), симптоматиялық (адамның музыкамен үлгіленген эмоция симптомдарын игеруге негізделген), нәрселік - жағдайлық (тыңдаушы психикасында шындықтың рмоциогендік нәрселері мен жағдайлары жөнінде түсіністің тууына негізделген.

Музыка арқылы эстетикалық тәрбие беру жұмысының ғылыми негізделген әдістемесінің құрылуы мыналарды анықтаумен байланысты болды: музыкалық материалды игеру үрдісінде оқушыларды гармония жөніндегі түсінікті, кідірістік және эстетикалық қабылдауды қалыптастыратын нақты педагогикалық тәсілдер, оқушылардың гармония жөніндегі түсінген, кідірістік және эстетикалық қабылдауын қалыптастыру өзгерісі; эстетикалық талғамдарды тәрбиелеуге ықпал ететін педагогикалық жағдайлар.

Эстетикалық тәрбиенің негізгі құрамының бірі -музыкалық білім және тәрбие беру ісінің оқушының жан дүниесін қалыптастыруда ерекше маңызы бар.

"Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй,"- деп данышпан ақын Абай айтқандай, жақсы ән - күй өзінің сиқырлы әуені арқылы адамның жан дүниесін әсемдікке тәрбиелейді, жақсы қасиеттерін дамытады. Музыкалық шығармалар адамның жақсы, ізгі сезімдерін уландырып, дөрекілікке, топастыққа, арзан күлкіге жалған шаттықа немесе қаталдыққа жол ашады.

Музыканың тәрбие саласындағы күшті құдіретін біле тұрсақ та, табиғаттың, адамның жасаған игіліктерін қиратып, бүлдіргеннен басқаны білмейтін оқушылар музыка тілінен мақұрым қалып, көңілі соқыр, рухани мүгедек болып өседі.

Әр дәуір күн тәртібіне өз талабын қояды. Еліміздің егемендік алуы, ана тілімізге, ұлттық дәстүрімізге ерекше мән берілуі нәтижесінде мектептегі музыка пәнінің бұрынғы міндеттерінің үстіне қоса, бүгінде ұлттық сана сезімі оянған, ана тілін, елінің мәдениетін, өнерін білетін, сүйетін және келешекте дамытатын жастарды тәрбиелеу кажеттігі туып отыр. Оқу мазмұнын ізгілендіру бағытында имандылыққа тәрбиелеуге, оқушының жеке басының жан жақты үйлесімді дамуына аса көңіл қоюда музыка бағдарламасы лайықты болуы тиіс.

Біріншіден, баланың психо физиоглогиялық жеке басының ерекшелігін есепке алу. Баланың табиғатына байланысты музыкаға құштарлығын, талпынуын арттыру үшін сабақтың "оңайдан бірте бірте қиынға көшу" принципін сақтап, 10 12 минут сайын қызықты сұрақ, жүмбақ, тапсырмамен түрлендіру. Оқушыларды жалықтырмайтындай музыкалық ырғақты қимыл - қозғалыс сияқты әдіс - тәсілдерді тиімді пайдалану қажет.

Екіншіден, баланы тәрбие негізінде оқыту керек. Оқушыға өз басын және айналасындағы адамдарды сыйлауды үйретіп, селқостықтан аулақ болуға, елін, жерін, дәстүрін, өнерін қадірлей білетін өз елінің азаматы болуға тәрбиелеу, мәдени дағдыларды игеру музыка сабақтарында орындалатын мақсаттар.

Үшіншіден, баланың оқуға қызығушылығын арттыру. Ол үшін оқушылардың көңіл қойып тыңдауына, жасына, түсінігіне лайық шығармалар іріктеп ұсыну, халық аспаптарының біреуін меңгеру қажет. 1-7 ші сынып оқушыларының музыка пәніне қызығушылығын арттыру мақсатымен сабақ барысында түрлі дидактикалық, музыкалық ойындармен ұштастыру керек.

Төртіншіден, бастауыш пен орта мектептің арасындағы сабақтастықты сақтау.

Музыка бағдарламасының мазмұнын жетілдіру үшін музыка сабағын жандандыратын төмендегідей элементтер ескерілуі тиіс.

Бағдарламада қазақ халқының төл шығармаларынан іріктеліп алынған материалдар басым болуы керек. Оның ішінде балаларға арналған ойындар, айтыс, фольклорлық әндерден бастап таныстырылғаны абзал. (Мысалы, халық әндері "әлди - әлди", "әй-әй бөпем").

Қазақ композиторларының балаларға арналып шығарылған жаңа әндері де бағдарламадан міндетті түрде орын алуы тиіс. Мысалы, "Кім қалай шырқайды?" әні (сөзі -А. Асылбековтікі, әні-ж. Тұрсыновтікі) оқушылардың есту қабілетінің дамуына, музыкалық сауатының ашылуына, дүние тануына, тілі дамуына да әсер ететін әндердің бірі. Сондай-ақ "Биші болам өскенде"(Қ- Бұғыбаева, Т.Тайбекова, "Тәрбиеші" (Ф.Оңғарсынова, Т.Әбдіқадірова), "Дәрігер"(С.Асанов, Ә.Бейсеуов), "Ананың тілі-аяулы үні (Ш.Смаханұлы, Ә. Тінәлиев) әңдерінің де осы орайда мәні зор.

Жалпы білім беретін мектептің бірінші сатыларында дидактикалық, музыкалық ертегі, қимыл-қозғалыс жасайтын ойындарды орынды қолдану оқушының оқуға деген қызығушылығын арттыруға, жалықтырмауға пайдаланатын ұтымды әдістердің бірі. Мысалы, ұлттық ойындардың ішінде, "Жаңылысқан үұылады", "Құрсау-құрсау", "Әжемнің үш қазы бар" ойындары оқушылардың ықылас, көңілдерін аударып, ұғымдарын кеңейтіп, музыканы сезінуіне, дене қимыл-қозғалысына көп әсерін тигізеді. "Балаға ойынның бәрі елеулі, өйткені ол ойнап жүріп өмір сүреді. Ол ойнаған кезде жаттығады, жан мен тәнін өсіреді ", - деген педагог А.В.Луначарский.

Әсіресе, төменгі сыныпта музыкалы-дидактикалық ойындарды пайдаланып қана қоймай, оларды бір тақырыптық, сюжеттік жүйеге біріктірген жөн. Музыка сабағын жаңа ойын формалармен (мысалы, спектакль сабақ, ертегі-сабақ, кездесу-сабақ, орманға, хайуанаттар паркіне, филармонияға) жүргізген оңай нәтиже береді.

Зерттеліп, тәжірибеден өткен театр элементтерін енгізу музыка сабағында пайдаланатын тиімді әдіс-тәсілдердің бірі. Музыкалық ойындарды кейіпкерлердің қандай дауыс ырғағымен сөйлейтінін, қандай қимыл жасайтынын балаларға үйретсе, олардың ой-қиялының дамуына, шығармашылық белсенділігінің артуына, дүние танымына, сезімталдығын тәрбиелеуіне әсер ететіні сөзсіз. Сонымен қатар баланы импровизациялауға бейімдеу мақсаты орындалуына бұл әдіс мүмкіншілік береді.

Бүгінгі таңда балаларды жастайынан өнерге баулу өзекті мәселе болып отыр. Осыған орай, адам мен жаратылысты жарыстырып, сұлулық шежіресіне айналған өнер ерекшеліктерін жете тану - бүгінгі білімді, парастты да мәдениетті қауымның алдында күн тәртібінде түрған басты ғылыми тақырыптардың бірі.

Оқушының көпшіл болып өсуі үшін де өнерлі болудың маңызы зор. Өнер баланың дүниетанылымында сеніміне, адамгершілік - моральдық қасиеттердің қалыптасуына, эстетикалық сезімдердің тұрақтай, алдына қойған мақсаттың айқындала түсуіне игілікті әсер етеді. Сол себептен де халық өз ұрпағының өнердің сан алуан саласынан толық мағлұматы болуын аңсап, бұған қатты көңіл бөлген. Осыған орай, мақал-мәтелдер "Жігітке жетпіс өнер де аз", "Өнер -таусылмас азық, жұтамас байлық", Өнердің ырысы жарқылдап жатыр жолыңда"-деп өнерді құдіретті күш, ол адамның жан серігі, рухани байлық деп білуге болады деп бағалаған.

Сол себептен де оқушылардың өте кішкентай кезінен-ақ, яғни бастауыш сынып оқушыларының өнерге деген құмарлығын сол кезден бастап-ақ дамыту керек. Дәл осы 6-10 дейінгі жастан-ақ балаларда қызығу мен құмарлық пайда болады. Соны сол жастайынан дамытып үйрету қажет. Әрине, кереметтей өнердің шыңы тек еңбек арқылы дамиды. Сол себепті, "Домбыра үйренуге де шыдамдылық керек", "Өнер ұялтпайтын кісіні өзі біледі", "Ерінбеген емер, қажымаған жеңер"деген түйінді сөздің өзі жеткілікті.

Өнер сапасы бала тәрбиелудің ең бір үлкен қүралы. Осы жағдайды жүзеге асырудағы әдіс - тәсілдері мен амал - жолдары, халықтың туған жерге, елге деген дүниетанымдылық көзқарасы бүгінгі күнде мектеп тәрбиесінде, музыка, бейнелеу өнері, ана тілі, хореография сыныптан тыс мүсіндеу, сәндік-қолданбалы өнерді эстетикалық тұрғыдан қабылдау сабақтарында кең көлемде қабылдау керек.

Оқушыларды айналадағы табиғатты, қоғамдағы болмысты, әдемі әуенді құлақпен естіп, сүулықты көзбен көріп, жоғарғы эстетикалық негізде қабылдай білуге баулу қажет. Сонымен қатар, өнер шығармалары арқылы туған халықымыздың жарасымды әдет - ғұрыптарымен, мерекелерімен, халық өнерінің туындыларымен танысу. Әрбір сабақта әртүрлі терминдер мен түсініктемелерді туған халқымыздың көрнекті ақындарының атын, суретшілердің, әншілердің, күйшілердің, аты-жөнін, кейбір шығармалардың шығу тарихымен танысу балалардың ой-өрісін дамытады.

Оқушылардың ой-өрісін, рухани байлығын дамыту кез келген ұстаздардың міндеті. Мектепте өтетін өнер сабағын тиімді, ұстамды өткізу, келешек ұрпақтардың сапасын интеллект, эстетикалық көзқарасын үлкен жолға салу деген сөз.

Өнермен жалқау адамдар жолдас бола алмайды. Өмір қызығын қызықтай алмайтын, рухани дүниесі аздығынан, оқушылардың психикасы нашар дамитыны сондықтан да болар. Халық сөзі: "Жалқаулық жаман ауру", "Отыра берсең, жалқаулық басынар", "Жалқаулық аздырады, еңбек қоздырады" деген қанатты сөздер, өнерді жастайынан оқушыларға үйрету, ерінбей жұмыс жасау келешек жастарды үлкен рухта тәрбиелеу деген сөз.

Оқу мен тәрбие күрделі бір істің екі жағы. Осы істің екеуінің қай жағын ақсатып алсақ та адамды жан-жақты жетілдіру ісін жолға қоя алмайтынымыз белгілі. Ал тәрбиенің қай саласын қарасақ та эстетикалық тәрбие беру ісімен іштей қабысып жатады. Демек, адамгершілікке, инабаттылыққа, елін сүюге, ерлікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеудің арқауы эстетикалық тәрбие адамды сұлулық әлеміне жетелейді.

"Көзі соқырдың - көңілі соқыр" деген ғой дана хақымыз. Өзін қоршаған табиғат аясынан сұлулықты көріп, оған сүйсіне білмеген, жүрек тербейтін нәзік үнге елжіремеген, зар мен мұңнан көзіне жас келмеген халқына түскен ауыртпалықты өз басына түскендей сезініп қатуланбаған, бояма жалған сұлулықтан шын сұлулықты ажырата білмеген адам оны жоюға, қиратуға жақын түрады.

Ал эстетикалық талғамы дамыған, көз қарасы қалыптасқан адам бұзақылық, қатігездік, зұлымдық, дөрекілік, өтірік, ұрлық, өсек тәрізді жексұрын қылықтардан аулақ болады. Өйткені, ондай адамдар шынайы сұлулық түр мен мазмұнның шебер ұштасуы арқылы болатынын сезе біледі. Адамдардың сыртқы түрі, іс-әрекеті, қимылы, сөзі - барлығы тек формамен мазмұнның қабысуы арқылы көрінетінін, сондай-ақ сұлулық қана шынайы сұлулық болатынын түсінеді.

Тәрбиенің қай саласын жүзеге асыруда болсын оны эстетикалық тәрбиеден бөліп қарауға болмайды дейтін себебіміз де осыдан.

Халық шығармашылығы, соның ішінде қазақ халқының ән өнері ұлттық мәдениетіміздің маңызды бөлігі.

Халқымыздың ән мұраларының тәрбиелік мүмкіндіктері мен әдіс-амалы үшан теңіз, халықтың болмыс тіршілігімен, өмір тынысымен сабақтас бағалы қазына. Қазақ әндерінің халық өмірімен, тарихымен тығыз байланыстылығы, жас жеткеншектердің әсемдікті қабылдай білуін, адамгершілікті эстетикалық идеалын қалыптастыруға қолайлы жағдай жасайды.

Қазақтың халық әндерін жинап, зерделі еңбек еткен ғалым-этнограф А.В.Затаевич: "Халық әндері - халық өмірінің барлық жағын көрсететін шындыққа толы, көзі тірі халық тарихы. Ол халықтың ойын-тойын, өткен ғасырдағы рухын, мінез-құлқын, сезімін, жүрек толқуының сырын шертеді" деп таңданады.

Жалпы білім беретін қазақ мектептерінде халқымыздың педагогикалық ой-пікірін оқу-тәрбие ісінің тірегіне айналдыру, яғни адамгершілікті эстетикалық тәрбиенің жаңарған жүйесін жасау - бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Жеткіншекті дүниежүзілік деңгейге сай тәрбиелеуде негіз бола алатын әрі солардың бойындағы ең асыл қасиеттерді қалыптастыратын, парасатты іс-әрекеттерге баулитын аса пәрменді тәрбие қүралы халық

шығармашылығымен сусындандырылған эстетикалық тәрбие болып табылады. Ол жүйелі түрде тәрбие қүралы ретінде пайдалануы қажет.

Жасыратыны жоқ кейінгі кезде біздің жастарымыз ұлттық мәдениетімізден қол үзіп, батыс сарынындағы жеңілтек даңғаза музыкаға көп әуестенеді. Ендігі жерде ұл - қыздарымыздың музыка-эстетикалық тәрбиесін жандандырып, жағымсыз қаситеттерінің өршіуіне жол бермей, тосқауыл бола алатын халық педагогикасына негізделген ұлттық тәлім-тәрбиенің ширыға түскені абзал.

Басқа да жанрлар сияқты, қазақ халқының ән шығармашылығының да жанрлары сан алуан. Түркі жанрдағы әндер халықтың эстетикалық көзқарастарын және олардың әсемдік жөніндегі түсінігін білдіре отырып, балаларға музыкалық-эстетикалық тәрбие берудің тиімді жолдарының бірі болды.

Шетсіз-шексіз қазақ даласында небір майталман күміс көмей әншілер өткен және әр аймақтың қайталанбас әншілік дәстүрлері қалыптасып отырған. Олардың өзіне тән дара қасиеттері, өзіндік әуен сазы, нақышы, мақамы, домбыра тартудағы қағыс ерекшеліктері тайға таңба басқандай анық байқалып тұрады. Халықтың сүйікті әншілеріне "жез таңдай", "қаз дауыс", "күміс көмей", "қоңыр дауыс", "бұлбұл дауыс" деп, әнші әуезінің бірде кең, бірде уайым-қайғысыз, бірде қайғылы да сезімге толы, бірде шапшаң да әзілқой, енді бірде кекесінді де ашулы әндерді дүниеге келтірді. Ән, әуен, саз адамның ішкі жан пернесін дөп басып, халықтың ой-арманы мен тілек-мұратының, бастан кешкен қасіреті мен қуанышын паш етеді.

Қазақ халқы өзінің сан алуан қам-қаракет тіршілігі ішінде балалардың тәрбиелеудің өзіне тән эмпиризмдік тәжірибесін жинақтап, жеткіншек ұрпаққа тәрбие беруге, оның ішінде музыкалық эстетикалық тәрбие беруге өзіндік талаптар қойды.

Қазақ мектептерінің бастауыш сыныптарына арналған музыка пәнінің бағдарламасы оқушыларға музыкалық-эстетикалық тәрбие беруде өзінің алдына төмендегідей міндеттер қояды:

- музыкалық таңдау арқылы халық өнерін білу;

- ән айту, би билеу, музыкалық - дидактикалық ойын ойнау, сурет салу, саз аспаптарында ойнау;

- жыр, терме, айтыс өнерінің көркемдік құралдарымен танысу;

- оқушылардың нақыл сөздер мен өнегелі істері жайлы білімдерін тереңдете түсу;

Бұл бағдарламаның ән репертуары жөнінде айтар болсақ, ол - өте бай. Орындалатын әндер тұрмыстық, отбасылық, әдет-ғұрыптық, лирикалық жанрда болумен қатар балалардың эстетикалық талғамдарын қалыптастыруға және олардың әсемдік жөніндегі түсініктерін тереңдетуге әсерін тигізеді.

Жалпы, музыка сабағының бағдарламасын алсақ, оның мақсаты - қазақ халқының байырғы ұлттық өнерін, соның ішінде музыкалық мәдениетін терең түсініп, эстетикалық тұрғыдан сезініп, ажырата білетін азамат тәрбиелеу.

Өйткені, қазақ халқының ән мұраларында халық дәстүрі, елдің тарихи шежіресі дидактикамен терең үндескен философиялық ой-толғаныстары жүрек тебірентер ғажайып сырлары жатыр.

Әл-Фараби: "Музыканың үш түрі бар...Біріншісі жай ғана рахат сезімін туғызады, екіншісі құмарлықты, ынтымақтықты білдіреді, үшіншісі біздің қиялымызға бағытталады. Жағымды сезім оятатын музыка демалыс үшін қолданылады, ол бізді жақсы тынықтырады. Музыканың өзінің байсалдылығынан айрылған адамдарды түзетуге, қызба адамды ылғи да бір қалыпты ұстауға қүдіреті әбден жетеді. Музыканың жұмыс салдарынан пайда болған шаршағандықты ұмыттырып, өзіне баурап әкететін қасиетті болады. Ол бізге жұмыстың зардабына шыдауға, төзуге көмек етеді.

Музыка жас азаматтардың ішкі дүниесін байытып, әр дәуірдегі қоғамдық өмірдің түрлі құбылыстарын дұрыс түсінуге көмектеседі," - деген еді.

1.3. Қоршаған орта мен табиғаттың оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі маңызы.

Мектепте оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі бірден - бір құрал-табиғат. Табиғаттағы жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты қардың жаууы, күннің күркіреуі, ағаштардың бүршік жарып, гүлдердің түрлі түске еніп гүлдеуі, қүұтардың жылы жаққа үшып кетуі, қайта үшып келуі т.б. - мұның бәрі оқушының эстетикалық сезіміне әсер етіп, қоршаған ортаға қызығушылығын арттырады. Балалардың сезімін тәрбиелеуден табиғаттың рөлі жөнінде К.С.Станиславский: "Табиғаттың өзі теңдесі жоқ әсем дүние, сондықтан оған зер салып, үңіле қараңыз. Алдымен гүлді немесе жапырақтарды, өрмекші торын немесе терезе әйнегіндегі аяз өрнегін алыңыз. Мұның бәрі - ұлы суретші," -дейді.

Мұғалім оқушыларды табиғи құбылыстармен таныстыра отырып, таңертеңгі әсемдікті байқауға, күннің шығуы мен сәулесінің жер бетіне шашқан нұрын көре білуге, сылдырлап аққан су дыбысын, орман шуылын құстардың сайраған үнін, жапырақтар мен шөптің сыбдырын естіп, түсіне білуге баулиды. Оқушыларды табиғатта жұмыс істейтін адамдар еңбегімен таныстыра отырып, олардың қимылы мен еңбек барысындағы әсемдікке көңіл аудартады. Соның нәтижесінде оқушылардың еңбекке, табиғат сұлулығына деген эстетикалық сезімдері оянып, сол әсемдікті аялай білу дағдылары қалыптасады.

Міне, осы мүмкіндіктерді ескере отырып, оқушылармен тиімді ұйымдастырылған мақсатты серуен мен бақылау жұмыстары эстетикалық тәрбие жүйесін қалыптастырып, фольклор жанрларымен таныстыруда өз нәтижесін береді. Мысалы, оқушыларды өзенге саяхатқа апарған кезде мынандай мақсатарды басты назарда ұстау керек.

Балаларды көктем кезіндегі өзен жалғауындағы өзгерістермен таныстыру, өзен жағағалауындағы құстар және өзендегі балықтар жайындағы түсініктерін кеңейту, қоршаған ортадағы әсемдікке қызығушылғымен өз эмоциясын білдіру дағдысын тәрбиелеу, айтайын деген ойын толық сөйлем мен жеткізе білдіруге дағдыландыру, тілін дамыту.

Туған жер табиғаттың әсем келбеті мен нәзік сырларын танытып, оқушы бойына эстетикалық сезім мен рухани қуат беруде табиғат көріністеріне жазылған пейзаждық шығармалардың маңызы ерекше. "Ақсақ киік" (С.Сейфуллин) өлеңі тікелей оқушыларға эстетикалық тәрбие беруге арналған шығарма.

Оқулықтағы қысқартыла отырып іріктеліп алынған өлең шумағы киіктің шөп дала сәні, тұла бойын тұнып тұрған сұлулыққа оқ атқан мейірімсіз мергендерге деген ақын лағынеті осы үш нәрсеге назар аударылады. Ақынның мақсат етіп қойған осы ойларын, оның тәрбиелік қуатын оқушы бойына қалай дарытуға болады.

Оқушылардың көз алдына ақын суреттеуіндегі Арқаның бетпақдаласын елестетеміз. "Бетпақ шөлі" деген суретті көрсете отырып, мұғалім: "Бетпақдала. Ел жоқ, жұрт жоқ, не өзен, не көл жоқ, көлденеңі сегіз көштік дала. Бұл далаға жігіттің жігіті, түйенің атаны, аттың тұлпарының да шыдас беруі қиын. Осы шөл далаға көндіккен жалғыз ғана тіршілік иесі, дала кербезі - ак бөкендер" - дейді.

Мұғалімнің осындай кіріспе сөзінен кейін, кіиіктің Бетпақ тіршілігінің сәні екендігін айқындай түсетін өлең шумағын оқып береді.

Бұл жерде оқушылардың ойы ақын суреттеген дала кербезінің сыртқы сұлулығына аударылады. Бөкеіңнен сұлу аңды мен көрмедім. Өзге аңға жануарды тең көрмедім. Көздері мөлдіреген ақбөкенді, Адамның баласынан кем көрмедім.

Нәзік әрі әсем көрініс. Мінсіз жаратылым. Бөкен бойындағы ақын суреттеген сұлулық оқушыны, сөз жоқ, терең сезімге жетелейді. Әдептілікті бағалау қабілетін дамытады.

Эстетикалық сезімнің пәрменділігі сол: ол тек сұлулықты сезіндіріп қана қоймай, оның жаманшылыққа, көріксіздікке ұшырауына қарсылық әрекетіне жұмылдыруында.

Одан әрі ақынның киікке деген жанашырлық сезімін, күйзелісін танытатын өлең шумақтарын оқи отырып, оқушы бойындағы эстетикалық сезімді адамгершілік сезіміне ұштастыру мүмкіндігі бар. Олардың көз алдына: дамылсыз киік атқан мергендер, "жазасыз неге өлдіңдер - деп ойламайтын жауыздық, мүйізіне бола қырылған киктер, т.б. тізіліп өтіп жатады. Сол мыңдап қырылып жатқан киіктің бірін ақын суреттеп отырған жаралы киік дей келе, Сандалып келе жатты ақсақ киік, Бір тоқтап, анда-санда әлін жиып, Ақбөкен сахараның ботагөзі, атты екен қандай адам көзі қиып... деген үзіндіні оқып, үн таспадан "Ақсақ киік" әнін тыңдаттыруға болады.

Осы кездегі оқушылардың үнсіз қалуы, жаралы киіктің аянышты халіне ортасқан күйзеліс табының жүздерінен байқалуы сабақтың тәрбиелік күш қуатының оқушыларға әсер ететіндігін байқауға болады.

Өлеңді оқу арқылы бөкеннің сұлулығын таныту, мергендер құлқын-құмарлығын көсету, жазықсыз жәбірленіп жан азабын тартуына аяныш сезімін тудыру эстетикалык, адамгершілік сезімдерін қалыптастыра отырып, жануарларға сүйіспеншілігін арттырады. Оларды қорғай білуге бағыттайды.

Мұғалімнің міндеті өз шәкірттерін табиғатымыздың сұлулығына тамсандырып, еліктіріп, сезіндіре отырып тәрбиелеу.

Бастауыш сынып бағдарламасында берілген материалдар - тікелей табиғатқа қатысты тақырыптар. Мұның өзі оқушының айнала қоршаған бай, көркем табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін оятуға және табиғатта кездесетін сан алуан сұлулық пен көкемдікті көре, түсіне және бағалай білуге жәрдемдесетін шығармалар.

Табиғат - дүниедегі тіршілік атаулының анасы. Табиғатты аялау әр адамның парызы. Халқымыз ұрпақтарына табиғатты аялауды әрқашанда әдеппен аңғартып отырған.

Халқымыздың ұзақ жылдар бойы жинақтаған тәжірибесі, асыл мұраларының бірі - табиғаттың алуан түрлі құбылыстарын болжау. Ежелден ашық аспан астында көшпелі өмір сүрген ата-бабаларымыз, оның бір бөлшегіміз деп, табиғат - барлық тіршіліктің нәрі, өзек тірегі деп білген.

Мынау жарық дүниедегі әсерлі әсемдіктер мен қыруар қызықтар, рухани рахаттар, таңғажайып тамашалар Жер-ананың жүзінде өтіп жатады.

Қазақта "ер туған жеріне" деген мақал бар. Әрбір адамның туған жері - бәрінен де қымбатты. Өйткені, ол сол жердің топырағында өсіп, суын ішіп, ауасымен тыныстайды, табиғатымен біте қайнасып, адам болып қалыптасады. Сондыктан да әрбір адам туған жерін қорғайды, аялайды, күтеді, қастерлейді.

Аяулы туған жеріміздегі жайнаған гүлдер, жайқалған шалғындар, ормандар, бұлақтар, керіліп жатқан кең дала, аспанмен тірескен ақ таулар, жарық ай, жарқыраған жұлдыздар, көк мөлдір аспан, күлімдеген Күн-ана -өміріміздің тірегі, қызығы, рахаты. Туған жердің әрбір тасына дейін қасиетті.

"Бұлақ көрсең көзін аш", "Жол үстінде тас жатса алып таста", "Гүлді жүлма", иАғашты жастай қырықпа", "Құмырсқаның илеуін бұзба", "Судың да сұрауы бар, "От шығарып ойна,ма", "Аққуды атпа", "Құс ұясын бұзба", "Жеті күн жауған жаңбырдан желіп өткен су артық" т.б. тыйымдар мен мәтелдер табиғатқа байланысты әдет-ғұрыптармен салт дәстүрлердің ертеден келе жатқандығын көрсетеді.

Табиғатты аялап, оның қызығын көре білген халқымыз табиғат заңдылықтары мен оның сиқырлы сырларын да жақсы білген.

"Ай құбылса, аяғыңды сайла, күн құбылса, күрегіңді сайла". деп, көктемнің келуіне байланысты ауа райының құбылыстарын айыра біліп, күн райының құбылуын ай бетіне, күн жүзіне, жұлдыздарға қарап болжаған.

"Жатқанға дейін үркер жамбасқа келсе, жаз шықпағанда несі қалды" деп, көктемнің келуіне байланысты ауа райының құбылыстарын айыра білген, күн райын күні бұрын болжап, жыл мезгілдерінің кезеңдерін кемеңгерлікпен айқындап, жақсылыққа жадырап, әсем табиғатты әдеппен қорғаған. Халық арасындағы туған жер туралы әндер мен күйлер өнер адамдарының, өнерпаз халқымыздың туған жерді аялай біліп, ардақтай сүйетінін дәлелдейді. Құрманғазы атамыздың "Сарыарқа", "Алатау", Тәтімбет атамыздың "Саржайлау" күйлері туған жеріміздің тамаша табиғатын көз алдымыздан өткізіп әдемі әсерлендіріп, жанымызды жадыратады.

Сыныпта гүл өсіру, табиғат мүйісін ұйымдастыру, мал, құс өсіріп, еңбектеніп, қызығын көру, әрбір жастың ықыласты іс-әрекеті болып қалыптасуға тиіс. Мектептегі табиғатты қорғаушылар клубтары мен үйірмелері Жер-ана жүзіндегі жеткілікті қызықтардың рақатын көруге әрбір оқушыны бейімдей білетіндей болуы қажет. Ата-бабамыздың аялап келген, кереметтерге толы туған жердің топырағын тыңайтып, суын тұнықтап, өсімдігін өркендету, жалпы табиғатын қорғау - әрбір адамның қастерлі борышы.


жүктеу 1,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау