Ќазаќстан Республикасы Білім жјне Єылым министрлігі



жүктеу 1,24 Mb.
бет3/4
Дата01.01.2018
өлшемі1,24 Mb.
#6391
түріДиплом
1   2   3   4

II тарау

Білім беретін жалпы мектептерде эстетикалық білім мен тәрбиенің маңызы

2-1. Эстетикалық тәрбие арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.

Адамгершіліктің алғашқы қасиеттеріне біз мыналарды жатқызамыз: әртүрлі халықтардың дәстүрлері психологиялық сенім ілімдерде баяндалған қағидалар мен заңдар; философияда және әдеби шығармаларда өнердің түрлері, сондай-ақ, олардың негізінде туған жалпы адамзаттық адамгершілік ұғымдар мен құндылықтарды қалыптастыратын және кәсіби адамның өз жұмысында адамгершілік пен моральдық әртүрлі бастапқы түрлерін пайдаланатын туынды көздеріде бар.

Мектептерде сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде, оларға эстетикалық тәрбие беруде әдеби шығармаларды пайдалану педагогикалық жұмыстың қайнар көзі болып табылады.

Мектептің сынып оқушыларына адамгершілік туралы түсінік беру оқу мен тіл дамыту сабақтарында жүзеге асады. К.Д.Ушинский баланың адамгершілік жағынан қалыптасуы үшін оқу мен тіл дамытудың қаншалықты маңызды екендігін атап көрсетті. Ол былай деп жазды: "Адамгершілік сезімге әдеби шығарманың өзі тікелей әсер етуі тиіс. Онда бұл шығармада білдірілген адамгершілік қылықты, адамгершілік сезімді, адамгершілік ойды сүюге мәжбүр ететін әдеби шығарманың адамгершілік себеп болғаны".

Өскелең ұрпақтың Қазақстандық қоғамның адамгершілік нормаларын игеруді басқалармен бірге әдеби бейнелерді ойластырудың арқасында жүзеге асады. Осыған байланысты баланы әдебиет дүниесіне жақындастырудың оның қалай өтетіндегін және мұндай жақындастырудың сәйкес моральдық қағидаларды қандай жағдайларда игеруге мүмкіндік беретіндігін қадағалау маңызды.

Бұл әрекетте әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы маңызды роль атқарады. Кейіпкердің немесе қандай да бір оқиғаның эстетикалық тартымдылығы - әдеби бейнені оң, бағалаудың непзп шарттарының бірі. Мұның әсері мектептің сынып оқушылары үшін маңызы ерекше.

Көркем шығармада келтірілген оқиғалар, құбылыстар, кейіпкерлер оқырманнан тиісті баға беруді талап етеді. Осы көзқарас тұрғысынан кітаппен жасалатын қарым-қатынасты оқырман мен жазушы арасындағы ішкі диалог ретінде қарастыруға болады. Егер оқырман көркемдігі жоғары шығарманы оқыса, онда оның адамгершілік ұстанымы қалыптасады. Бұл оның тұлғасының орнығуына ықпал етеді. Әдеби бейненің есте сақталғыштығы кіші жастағы оқушының моральдық әрекетін туғызатын күшпен анықталатындығы дәлелденген.

Әдебиетпен алғашқы есте сақталған таныстықтың мектеп оқушылары арасында жасына қарай бөліну мынандай болды: 1-8 жас (1-2 сынып) - 1,8 пайыз; 8 - 9 жас (2 – 3 сынып) - 4,5 пайыз; 9 – 10 жас (3 – 4 сынып) - 5,4 пайыз; 11 – 17 жас (5 – 11 сынып) - 61,8 пайыз. Бұл мәліметке қарағанда әдебиеттен алғашқы әсердің ерте жастан-ақ пайда болуы мүмкін екендігін көрсетеді. Бұл жастағы балалық эстетикалық толқудың тұрпайы тұрпатын алғашқы моральдық бағалаудан ажырату қиын. Бұл жаста баланың моральдық бағдарлануларында айқын жіктелу байқалмайды. Ол әдеби образды терістеуі де, олармен өзін тейестіруі де мүмкін.

Бастауыш сынып оқушыларының көркем шығармалар арқылы адамгершілікке тәрбиелеуге қатысты қағидаларды былайша нақтылауға болады:

1) оқыған көркем шығарма бойынша өтілетін әңгімелесу мазмұны жағынан бастауыш сынып жасындағы оқушыға ұғынықты болуы тиіс;

2) әңгімелесуді әдеби шығармалардан алынған кейіпкердің адамгершілік бейнелерін талдаудан бастау керек;

3) жазушы шығармасындағы адамгершілік мәселесінің қойылуы мен шешілуіне назар аударту, моральдық мәнін ашу;

4) көркем шығармадағы кейіпкердің жан дүниесін, адамгершілік ізденістерін суреттеу;

5) имандылық, қайырымдылық, әділдік, шыншылдық сияқты қажет сапаларының ара қатысын, оларды заман рухына, ұлттық мінезге сай көркем бейнелеп көрсету.

6) әдеби шығарманың эмоциялы, ашық және әсер берерлік бейнелеріне сүйену.

Адамдардың өзара қарым-қатынасының адамгершілік жағын бейнелейтін деректерді жинақтау және қорытындылау жөніндегі жұмыс нәтижесінде мектептерде оқушыларының түсініктері сапалы, мазмұнды бола бастайды, құбылыстардың мәнді жақтарын анықтауда және қорытындылауда ілгерілеушілік байқалды.

Салауатты да саналы ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болса, сол қоғам иелерін жан-жақты, ақыл парасаты мол, ізетті, кішіпейіл, мәдениетті азамат етіп тәрбиелеу - мектептің, мұғалімнің, ата -ананың қоғам алдындағы борышы.

Өзге халықтар сияқты, қазақ елінің де бала тәрбиесі жөнінде бұрыннан бері жиып-терген мол тәжірибесі бар. Аға буын өз бойындағы ізеттілік, елін-жерін, Отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерін жас ұрпаққа күнделікті тұрмыста үнемі үйретіп, қаны мен жанына сіңіріп келеді.

Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлері мен тағылымдарын оқып, үйреніп, өнеге тұтпай, жастарды ізгілік пен парасаттылыққа баулу мүмкін емес. Себебі: Л.Толстой айтқандай, өткенді жақсы білмейінше, келешекке сапар шегу айсыз қараңғыда сүру соқпақ іздеп адасумен пара-пар» - деген.

Жас ұрпаққа адамгершілік, имандылық, ізгілік, еңбек, дене, эстетикалық, экономикаық, құқықтық тәрбие беру бір-бірімен тығыз байланыста және өзара тәуелділікте жүзеге асырылуы тиіс. Тәрбие берудің бұл түрлерінің әрқайсысының өзіндік мазмұны, өзіндік бағдары, өзіне тән ерекшелгі бар.

М.Калинин: "Тәрбие дегеніміз - тәрбиеші қалаған жақсы қасиеттерді тәрбиеленушінің бойына егу үшін оның психологиясына мақсатты да жүйелі түрде ықпал жасау деп көрсеткен болатын.

Болашақ тәрбиесі бүгінгі күнде ұлттық мұраттар мен дүниежүзілік рухани бай қазынадан нәр алумен ұштастырылып жүргізілуін талап етеді. Біздің қоғамның тәлім - тәрбиесі көп жылдар бойы бір жақтылықпен жүргізіліп келеді, жалпы адамзаттық қүнды игіліктерден оқшауланып, ұлттық сана сезімнің дамуына, рухани, мәдени байлықты, ұлттық тәрбиенің бай мұрасын игеруге көңіл бөлінбеді. Мұның өзі жас ұрпақтың басым көпшілігі өз халқының тарихын, тілін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, ұлттық дәстүрлерін жете білмеуіне әкеп соқты. Сондықтан ғасырлар бойы өмір сынынан өтіп келе жатқан халқымыздың қасиеті мен өнегесін, бабалардың ақ батасын, адал тілегін бүгінгі әрбір ел баласына үйрету, санасын ояту - сынып жетекшілерінің, тәрбиеші мұғалімдердің, ата - аналардың ең үлкен парызы болмақ.

Балалық шақта айнала қоршаған дүниені ақылмен, жүрекпен тану - адамгершіліктің ең басты негізі болып есептелініп, баланың бойында елжандылық, Отансүйгіштік қасиеттердің қалыптасуының ұзақ үрдісі басталады. Бұл үрдістер мұғалімдер, ата-аналар тарапынан мақсаттылық пен педагогикалық - психологиялық тұрғыдан басқаруды қажет етеді. Мұнда әлемдік педагогика, психолгия ғылымында айқындалған бала тәрбиесінде жинақталған ғылыми қағида бойынша бір мұғалім баланың рухани дүниесіне кіре білуі және баланың рухани дүниесі деңгейіне көтеріле білу қажеттілігін түсінуді, баламен жұмыс істеуді басшылыққа алуы керек. Мұны білмейінше, бұған мән бермеген жағдайда нағыз Мұғалім бола алмайтынын өмір көрсетіп келеді.

Баланың рухани дүниесіне көтерілу дегеніміз баланың дүниеге келген күнінен бастап, оның дүниетанымын ақыл-оймен, жүрекпен тану, ең нәзік, ең шынайы ұғыну, қабылдау, сезіну деп түсіну қажет.

Мектеп жас ұрпақтың адамгершілік тәрбиесіне едәуір ықпал етіп, ол белгілі жүйеде жүзеге асырылады. Мектепті бітіргенне кейін адам мінездің жаңа сапаларын игермейді, қайта бұрынғыларын шыңдай түседі немесе түзетеді. Сол себепті балалардың мектептегі адамгершілік тәрбиесі өте шеберлі болуы, адамгершіліктің барлық салаларын қамтуы тиіс. Мектептегі адамгершілік тәрбиесі, біздің өміріміздің тек осы кездегі талаптарын ғана емес, болашаққа да бағытталуы тиіс.

Адамгершілік тәрбиенің тәрбиеленушінің дамуына қандай игі әсер ететіндігін, тәрбие әсерімен оқушы өзгеретіндігін, тәрбиенің әсерімен адамгершілік кемелдің жаңа сатысына қалай көтерілетіндігін педагог жақсы білуі тиіс. Ол үшін адамгершілік тәрбиесінің көптеген үрдісін жеке буындарға бөліп, әрқайсысын жекелей қарастыру керек. Бұл үрдістің аса маңызды буыны - адамгершілік сананы қалыптастыру.

Баланың сезіміне әсер ету шексіз жұмыс және тәрбие жұмысының күрделі саласы болып табылады. Сондықтан көптеген мұғалімдер баланың санасына әсер етуді жөн көреді, ал тәрбие жұмысында оның сезіміне қалай әсер етуі керектігін кейде біле бермейді.

Оқушының сезіміне әсер етудің тәсілдерін анықтағанда, сезімді тәрбиелеу негізіне баланың бұрынғы өз сезімдерін өзгерту және одан әрі жетілдіру жолымен асырылатындығын ескерген жөн. Мысалы, мектеп қабырғасында туған табиғат туралы қанша айтқанмен, оның сұлулығы мен ұлылығы балаларға әсер етпеуі мүмкін. Ал енді табиғатқй саяхат жасаса, суретке түсіру, әңгіме құрастыру жайлы тапсырма берілсе, бұл балалардың табиғатқа ең нәзік сүйіспеншілік сезімін туғызар еді. Бұл жағдайда мұғалім ізгі сезімдерді туғызып қана қоймай, оның бекінуіне де жағдай жасайды.

Баладағы жаңа сезімдер қатты әсерленудің ықпалымен жетілуі, өзгеруі мүмкін. Әсерлену, әсіресе өзгелердің істегенін қабылдау және санадан өткізу үрдісінде пайда болады. Мәселен, тарихымыздағы ұлы бабаларымыздың, хандар мен билеріміздің халқы үшін көрсеткен теңдесі жоқ ерліктері туралы әсерлеп, көркемдеп әңгімелеу бала сезіміне өте қатты әсер етіп, оның адамгершілік, елжандылық, Отансүйгіштік сияқты ізгі сезімдерін оятады. Мұғалім ұжым өмірін жарқын да сезімге бай етіп ұйымдастыра алса, мұның өзі Отан сүю, ұжым алдындағы борышын өтеу сияқты жоғары адамгершілік сезімдерін қалыптастыруға негіз болмақ.

Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы болып табылады. Ол оның ата-анаға, айналадағыларға, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне, өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді. Адамгершілік тәрбиенің негізгі міндеті - қоғамның әлеуметтік қажетті талаптарын әрбір баланың борыш, намыс, ождан, қадір-қасиеті сияқты биік адамшылық ішкі стимулдарына айналдыру болып табылады.

Тәрбие үрдісі балаларға мінез бен қарым-қатынастардың адамгершілік жағын ұғындыруды қамтамасыз етуі тиіс. Балалардың өз әрекеттері мен өзгелерді түсінуі адамгершілікті бағалауына және өзін-өзі бағалауға үйренуге мүмкіндік береді. Тәрбие жүйесінің тиімділігін аса маңызды көрсеткіш баланың адамгершілік жағынан жетілуі, оның рухани адамгершілік қасиеттерінің елеулі өзгеруі болып табылады. Жетілгендік балалардың дағдылы және күрделі жағдайлардағы адамгершілік тұрғыдан қалай болатынын алдын ала болжап білуден, өзінің адамгершілік қасиет иесі екенін түсіне білушіліктен көрінеді. Адамгершіліктің дамуы -тәрбие жұмысының жемісі. Бұл жүйенің өлшемі тәрбие жұмысының пәрменділігі.

Баланың эстетикалық көқарасын тәрбиелеу әсемдік қасиеттері бар әр түрлі өмір мен қатынастар және әсерлер ықпалдағы балалардың эстетикалық көзқарасы үздіксіз дамиды. Оған себеп болатын нәрсе - оқу, қоғамдық және түрмыстық еңбектің жаңа жүйеге түсуі.

Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің неғізі құралы - өнер. Ол шындықты көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып және осылар арқылы адам сезімі мен санасына әсер етіп, оның көзқарасын қалыптастыруға жәрдем етеді.

Педагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланыста қаралады. Балалардың ақыл-ой тәрбиесін зерттелген құбылыстар әсемдігін ашпай жүзеге асыру, көзқарасты тәрбиелеуді өмірден, белсеніс-әрекеттен және мұраттарға жету жолындағы күрестен оқшау қарауға болмайды. Мектеп оқушыны әсемдікті өмірден, адамдар қылықтарынан, еңбек іс-әрекетінен, еңбек нәтижесінен көруді және ләззат алуды үйретіп қана қоймайды, күнделікті өмірде осы әсемдікті жасау ынтасы мен іскерлігін тәрбиелейді.

Сонымен, эстетикалық тәрбие табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу. Эстетикалық тәрбие оқушыны үйретеді. Өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге көзқарасты баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыптастырады.

Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар. Олардың бірі - эстетикалық мерзімді және эстетикалык қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әр түрлі болады. Біреулер әдемілікке үңіле карап, оның сырын білуге тырысады, біреулер қалай болса солай қарап, жанынан өте шығады. Әдемілікті сезу үшін,оған түсіну үшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка және ән саласынан әрбір оқушыда білім болуы қажет. Білім оқушыны әдеміліктің обьективтік критерилерімен қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай біледі, түсінеді.

Айналадағы дүниеге сезімталдық, эстетикалық қабылдау қырағылығы, ықыластылық, қамқорлық баланың эстетикалық дамуының негізгі болады.

Эстетикалық ұғымды, байымдауды, баға беруді қалыптастыру - эстетикалық тәрбиенің тағы да бір міндеті. Әдемілікті сүю оған түсіну үшін оқушыға негізінен көмектесетін білім. Сондықтан бала бейнелеу өнері саласындағы ырғақ, үндестік, музыка мен әндегі дыбыстарды және өнер әдістері туралы білімді игеруі қажет.

Осыған байланысты ол эстетикалық мәдениетті түсінуге тырысады, байымдай және бағалай біледі.

Көркемдікке және сұлулыққа баға беру үшін эстетикалық танымның маңызы өте зор. Эстетикалық таным - бұл өмірдегі, еңбектегі және табиғаттағы сыртқы әдемілк пен нағыз сұлулықтың арасын ажырата білу, өнер шығармаларына жоғарғы талап қою.

Эстетикалық танымның дамуына көбінесе өнер үлгілерін қабылдаумен, не тегінде шығармашылықпен байланысты іс-әрекеті мүмкіндік береді.

Қазіргі жағдайда біздің қоғамдық өміріміздегі қажетті мәселелердің бірі – оқушының эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу. Ол әдемілкті сезіп және оның заңдарын түсініп қана қоймай, осы заңдар бойынша өзін коршаған айналаға өзгеріс жасауы қажет. Адам белсенді түрде өмірдегі әдемілікке, көркемдікке өз үлесін қосып, оны көріксіздіктен, ұсқынсыздықтан қорғауы қажет.



2.2. Ұлттық мәдениетімізді бала тәрбиесіне эстетикалық

тәрбие беру арқылы сіңіру.

Эстетикалық талғамды тәрбиелеу адамның көңіл-күйіне, мінезіне қатысты мәселе. Айталық, көркем сөз бен картиналарды адам іштей бағалап, жан дүниесімен сезініп, терең ойға шомылып, ұнағанына қуанып, ұнамағанына реніш білдіріп отырады. Егер адам осындай көңіл күйіне түспесе, эстетикалық тәрбиеміздің пәрменсіз болатындығы түсінікті. Эстетикалық талғам - адамның түрлі өнер салаларынан алған түсініктерінің жиынтығы. Эстетикалық ұғым оның іргетасы, ол шәкірттердің жас өзгешеліктеріне байланысты өзгеріп отырады.

Эстетикалық тәрбие беру балалардың өскен ортасына, жасына және ұлттық ерекшелігімен байланысып жатады. Мысалы, біздер төменгі сынып оқушыларын шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне таң-тамаша болып қайран қалатыны, олардың кейіпкерлерге баға беріп, өздеріне үлгі ететін кісінің жан - жүйесінің нәзік жақтарына көңіл коя білмейтіні, ал олар адамның сыртқы тұрпатына ғана көңіл аударып, бұлардың ішкі астарына зейін қоймайтындығы, шығармаларда құйқылжытып жылдам орындалатын әндерді ұнататыны байқалса, жоғары сыныптардағы ересек шәкірттердің музыкалық шығармалардың орындалу шеберлігімен дауыс ырғақтары гармониясына көңіл бөле бастайтыны белгілі.

Дала ойшылдары өскеленнің эстетикалық тәрбиесіне ерекше көңіл бөлгені олардың жыр-толғауларынан жақсы байқалады.

Аса мәнді эстетикалық түйіндерді кейіннен ұлы Абай мен Сұлтанмахмұт аз айтпаған. Олар әннің, жырдың көркемдігін көкірегі ояу, жаны сезгіш, ойы қырағы адам шарықтаған шығармашылық қиялдың негізінде ұғынады деп түсіндірген. Бұл жерде біз табиғатпен үнемі етене араласып жүрген қазақ халқының ойлау мен қиялдау жүйесінің сыр-сипатын жақсы аңғарамыз. Ойшыл ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров: "халықтың әні кетсе, әдебиеті жесір қалады, сәні кетеді," - деп тегіннен- тегін айтпаған.

Эстетикалық тәрбиенің психологиялық астарлары жайлы айтқандары оның мына тұжырымдарынан да жақсы байқалып тұр: "Халықтың арғы-бергісін қозғап, естеріне түсіріп, мұң мұқтаждарын зарлап, кем кетігін көрсетіп, әдемі дауысымен құйқылжытып тұрғанда, қандай тас көңілді болса да жібімеген еркіне қоймайды. Халықтың қайдағы жайсыз жағдайы ойына қапталып түсіп, қандары қайнап, тіпті арқалары қозып кетеді. Әркімнің көңіл көздерінен жастар моншақтап ойлары балқығандай шарт шұрт қол шапалақтасады, ақшасының үстіне мың қайтара "Тәңір жарылқасынын" айтып тарқайды...

Біздің қазақ - ән құмар халық. Біреу қолына домбыра ұстап ән сала бастаса, ойдағы-қырдағысы жиналып, сегіздегі бала, сексендегі шалына дейін қалмай қамалап, айтушыға айтшылап жанын жағасына келтіреді. Бара-бара не болса сол әндегі рух сүйегіне сіңеді, құлағында қалады," - деп ойшыл ақын психологиялық тұрғыдан аса мәнді тұжырым жасайды. Міне, қазақ ақын-жырауларының соңғы өкілінің айтқаны да өзінің арғы жыраулық дәуірдегі ата-бабаларының тағылымдарын жалғастыра түседі.

Есімі соңғы кездері жүртшылыққа мәлім бола бастаған Ө.Тілеуқабылұлы "Шипагерлік баянда" жан сұлулығы мен тән сұлулығы жайлы біраз пікірлер айтқан. Адамның жайдары мінезі, сөйлеу шеберлігі, әдемі киінуі, денесін жинақы ұстауы оны көркемдікке баулитындығын айта келіп былай дейді: "Әр пенденің тұлғалық бітімі, бет әлпеті, өз түсі, киім жарасымы, мінездемелік ұнасымды тақілеттер бір - бірімен айқындық парықталыс белгілеп танымал кісілер көргеннен жазбай танитын бітіске ие болуы жарақтық"

Ғұлама адамның киген киімі қонымды әрі жарасымды болса, таза болса, оның көңілін көтеріп, жанының жайдарлы болуына себеп болады дейді: "Пенде көркі," - деп жазды ол, - ыппалық жарастылық, яғни жапырақтық жарасақтылық дей келіп ұлпа әрі толық, әрі орамды, әрі жылы жарасымды әрлі болмағы мен сәнді болмағы шарт... "Ортағасырлық шипагердің бұл арадағы негізгі түйіні - адам денесі таза, кір-қожалақтан аулақ болса, одан түрлі жаралар аулақ жүреді. Сондықтан да баланы жас кезінен тазалық сақтау әдетіне дағдыландыру қажет. Дене тік және сұңғақ болып қалыптасуы бала үшін ат үстінде мығым отыруы, жүріс - тұрысын үнемі бақылап отырғаны абзал.

Ғұлама - дененің көркем болып қалыптасуы үшін мынадай кеңес береді. Тамақты аз және жиі жеу, майлы тамақты жемеу, өйткені ол дененің терлеп, әрі жағымсыз иіс шығаруына себепші болады. Адам көбінесе жеміс-жидектерді көбірек жеуді әдетке айналдыру қажет. Дала ойшылы тамақты көп жеген адам абайсыз семіреді, сөйтіп тән сымбаттылығынан айырылады дей келіп, "Жөнсіз ас кекіртеді, одан қалса семіртеді" дегендей тұжырымдар жасайды.

Орта ғасырлардағы келесі бір қазақ ғұламасы шежіреші-тарихшы Қадырғали Жалайыри "ұлың батыр болсын, ал қызың көркем сұлу болсын" дейді. Оның осы түйіні Құран Кәрімдегі ер адамның күші мен көркі, зеректігі мен батырлығы үйлесіп жатуы тиіс дейтін қағидалармен үйлеседі. Ал, қыз баланың жайдарлы, сымбатты болуы өмірдің сәні және ұрпақтың көркем болып жалғасуының негізі. Ғұламаның - "Үйдегі нәрселер үй иесіне сай" деуінің өзінде де үлкен мән жатқан жоқ па? Мәселен, кейбір сылбыр-салақ тұратын отбасына бара қалсаң, дүниелері шашылып, шаң болып, қолаңсып жатады. Үй ішіндегілердің ұқыптылығы мен тазалығы жан мен тән сұлулығымен орайласып жатадындығы белгілі.

Жас ұрпақты әсемдік пен сұлулыққа тәрбиелеу жайлы небір сындарлы тағылымдар Бұқар жырауда да аз емес. Мәселен, ол "Күпшек санды күреңді" деп басталатын толғауында сол кездегі қазақ жұртының әсемдік пен әдемілік жайлы түсінігі туралы:

Еңсесі биік ақ орда.

Салтанатқа орнатқан.

Болаттан шеге соқтырып,

Шаңырағын торлатқан.

Қазығын қалайыдан қақтырып,

Тоқпағын сом алтыннан соқтырып.

Нақыра күміс тақтырып,

Былғары сына піштіріп.

Шыны аяқпен іштірген,

Орындығын оймыштап.

Ою-нақыш салдырған,

Сандығын сары алтынға малындырған, - деп келетін үзінділерде қазақ елінің сұлулық пен сымбаттылыққа қатысты ұнам-талғамдары жақсы көрсетілген.

Дала халқының салтанатты салиқалы өмір кешіп, әсемдікті ешқандай ғылыми қарым-категорияларды қаптатпай-ақ, сұлулық пен әсемдікті жан рахатына пайдаланғаны көрініп тұр. Қазақ жанының сұлулыққа аса қүмарлығы ою-өрнекті, зергерлікті үй мүліктеріне молынан қолданғаны хак. Бұқар жырау сол жастарды зергерлік, бейнелеу, сәулет өнеріне тәрбиелеуде олардың көркемдікке шаттанып рахаттана білу сезімдерін дамыту қажеттілігін көре білген.

Қазақ ғұламалары әсем шаһар, салтанатты орда, адам көңілін жадырататын әшекей бұйымдарды қалайша жасау туралы жастарды зергерлік, ұсталық, шеберлік өнеріне баулуды ән мен күйді, жыр мен термені жанға азық етіп, жас өскіннің эстетикалық талғамын дамыту үшін оларды жастайынан белгілі бір өнердің майталманы етіп шығаруға болатындығын да айтып кетеді.

Мәселен, Өтейбойдақ бабамыз: ісмерлік - өнер, осы атаққа ие болғандар өнерпаз атанбақ, - дейді.

Орта ғасырлық қазақ ғұламалары ер бала мен қыз баланың эстетикалық талғамдары өзіндік ерекшеліктерге бөлінеді. Мәселен, олар ұлды соғыс өнеріне, мал бағуға, отын шабуға, тас қашап дирмен жасауға, аң аулауға, қолөнер шеберлігінің сан алуан қырларына баулу қажет дей келіп, қыз балаға үй жинау, ас пісіру, кесте тігу, кілем тоқу, тон пішу, музыкалық аспаптарда ойнау мен ән-күй, өлең айтуға аналары, әжелері айналысуы қажеттігін еске салады.

Күнбе-күнгі күйбең тіршілікпен айналысып жүрген ер жігіттер аяқ астынан шыға келген жауға тойтарыс беру үшін қару-жарағын асынып, торлама сауытын киіп жауынгер боп шыға келсе, кешке қарай сәнді киініп қолына үкілі домбырасын алып, ән салып серілік құрған. Сондықтан да осы жәйт жігіттің сұлтаны, сегіз қырлы бір сырлы ұлттық ұғымдардың туындауына себеп болған.

Халқымыз қыз бала сұлулық пен әдеміліктің символы деп түсінген. Сондықтан да, "қыз қылығымен" деген нақыл тегін айтылмаған. Бұл жөнінде Бұқар жырау: "қызда қылық болмаса, құр шырайдан не пайда - деп қыздың қуыршақтай жансыз сұлу болмай, жүректі шымырлатардай нәзік сезімді, тәтті қылықты болуын өнеге тұтады.

Сұлулықты түсіну ол адам жан дүниесінің байлығын байқатады. Сонымен қатар адамның сезім түйсіктерінің жан-жақты дамығандығымен қоса, қабылдау үрдісінің ойдағыдай дамып жетілуінің нәтижесі.

Сұлулық пен әсемдік көпшілік мән бере қоймайтын нәрселерге ерекше зейін қоюшылықпен тоқайласып жатыр.

Табиғаттағы әсем құбылыстарды, адам сымбатын және басқа сұлулықтың түрлерін тек байқағыштық касиеті бар адамдар тез аңғарады.

Бұл жөнінде Өтейбойдақ Тілеуқабылүлы былай дейді: "адам пендесі ақыл-ой парасаттылығы арқылы табиғат пен өмірдегі құбылыстарды тез аңғару шарт", - дейді.

Дала ойшылдары туған жердің әсем табиғат көріністерін жаз жайлауы, қыс қыстауын, асқар тауы мен жасыл орман, мөлдір бұлағьі жайлы мәселеге жиі оралып отырған. Ақтамберді жырау

"Көкорай шалғын көк майса,

Сырдың бойын жайладық.

Жетісу, Балқаш, Ұлытау,

Сауық құрып тойладық" - деп жырласа,

Бұқар жырау:

Боз мойынды бұл үйрек,

Көлге қонар жаз күні.

Бүралған назды сұлулар,

Көл жағалар жаз күні, - дейді.

Әсем ән мен сазды күйге қазақ жаны ежелден әуес. Ол туралы ұлы жазушы Мұхтар Әуезов:

Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу өмірге ғашық болып келеді" - деген еді. Табиғат төсінде сән-салтанат құра білген халықтың ұл-қыздары оның көркемдік сұлулығын тамашалай білгені хақ. Көл жағалап суға келген ару қыздардың сыр-сымбатына ғашық болған бозбала жігіттердің арманшыл, сыршыл қасиеттерге мол болатынын да қазақ жыраулары тамаша суреттеген.

Қазақ жағдайында қыз баланың бой түзеп, сұлу сымбатты болуына ерекше қам жеп сырласса сырын, мұңдасса мұңын бөлісетін асыл жеңгелері қайын сіңілілеріне бар жақсы өнегені үйретіп, бойжеткеннің жүріс-тұрысының әсем болуын ойлап, бар ақылын айтатын еді.

Асан қайғы жыраудың : "Қадірін жеңге білмесе, бойжеткен қыз ғаріп" осындайдан калған тамаша тағылым.

Орта ғасырлық қазақ ғұламалары жастардың жан сұлулығының психологиялық иірімдерінің қалыптасуында табиғат пен қоғам өміріндегі сұлу көріністерге зор мән берумен қатар, қыз бен жігіттің сұлу сымбатты болуына кажетті неше түрлі үй-ішіндік жасаулар мен зергерлік әшекей заттарға ерекше мән берген. Мәселен, бойжеткендерге арнап жүзік, білезік, белдік, алқалар мен бойтұмар, шашқаптар, сырға мен шолпылардың небір түрлерін жасатып, оларға өздерінің тілектерін білдіретін. Мәселен, қыз белдіктеріне "Белің бекем болсын", "Жасың ұзақ болсын", "Сымбатыңа нұр жаусын" деген оң баталы ақ тілектер жазылып, сұлулық сымбатына көрік беру үшін зерлі сәукеле, кәмшат бөрік, үкілі тақиялар кигізген.

Қазіргі кезде де ұлтымыздың осынау тамаша ғибраты мен дәстүрін өмірге енгізсек, мұның қыз тәрбиесіне себі тиер еді. Халқымыз жігіттерге арнап оюлы ер-тоқым, зерлі қанжар, қылыш-қалқандар жасататын, жүріп тұруына ыңғайлы шапан мен шалбар, басына қалпақ не бөрік тіктіріп, олардың да сымбатты болуына ерекше мән берген. Белгілі ғалым Өзбекәлі Жәнібековтің еңбектерінде де бір кездегі қазақтың әсемдік бұйымдары, оның ішінде бойжеткен мен бозбалаға арналған киімдер мен зергерлік заттар жәйлі аз айтылмағандығын естен шығармайық. Жастарымызды сымбат пен сұлулыққа тәрбиелеу мақсатында осы заман талабына сай үндесіп жатқан орта ғасырларда өмір сүрген ойшылдарымыздың өміршең тағылымдарын пайдалану тәлім-тәрбие сапасында қажетті шаралардың бірі.

Әрине, бұл айтылғандардың қазіргі заман талабына сай келе бермейтін жақтары да болуы мүмкін.

Біздің ойымызша, Орта ғасырлық қазақ зиялыларының саф алтындай тәлім-тәрбиелік ақыл кеңестерін бүгінгі күннің жағдайларына орайластыра пайдалану аса маңызды тәлім-тәрбиелік іс.

Қазақтың салт-дәстүрін, өмір сүру көрінісін, тіршілік мәнін, талап-талғамын сипаттайтын дәстүрлі мәдениеттің бір элементі ұлттық киім-кешектер болып табылады. Қазақ дәстүрлі қоғамында басымдық танытқан әсемдік пен сұлулықты бейнелейтін ұлттық киім эстетикалық мұраттар ұлттық көркемдік стилдің негізгі даму заңдылықтарына бағына отырып дамыды.

Киімнің жоғары сапада, биік талғамда тігілуі халықтың эстетикалық талғамының ғана емес, сонымен қатар дәстүрлі қазақ қоғамында эстетикалық мұраттың басымдылығын танытады. Қазақтың ежелгі сән үлгілерінің синтезі ретінде ұлттық киім мәдениетінің екі түрін: ұлттық психология мен мәдениеттің өзіндік қалпын баяндайтын дәстүрлі мәдениетті және ұлттық киімді жасауда әдемілікті талап ететін эстетикалық мәдениетті жинақтаған. - Ұлттық киімнің көптеген элементтерінің сақталуы мен сабақтастығы және қазақтардың қазіргі киімдерінде олардың шеберлікпен өңделіп пайдаланылуы халықтың өзі қалыптастырған эстетикалық үрдістер мен талғамның, шығармашылық әдістер мен қағидалардың жүйе ретінде ұлттық көркемдік дәстүрдің тұрақты екенін дәлелдейді.

Ұлттық мәдениеттің құрамдас бөліктері болып табылатын ұлттық мерекелер, ойындар мен киімдерде кездесетін эстетикалық өлшемдер қазақ халқының көркем туындыларының жемісі. Ұлттық мәдениетіміздің осындай көркемдік жақтарын бала тәрбиесіне таңдап, талғап, эстетикалық тұрғыдан айқындап сіңіру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бүгінгі жаңа технологияны халықтық тәрбиемен ұштастыра іске асыруды жүзеге асыру көзделеді.

Өйткені, ұлттық тәрбие ұлттық мәдениетімізді өркендетудің қайнар көзі болып табылады.



жүктеу 1,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау