Ф ҚазҰПУ 0703-10-09 Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым
35
ДҚ-ын құру оны жобалаудан басталу керек. ДҚ-ын жобалау процесі
келесі негізгі кезеңдерден тирады:
1 .ДҚ-ныц белгілеуін анъщтау. ДҚ-ын жобалаудың бірінші кезеңінде
оның көмегімен шешілетін мәселелер тізімін және ол үшін қандай деректер
керектігін анықтау керек.
2.Кесте цұрылымын аныцтау. Бұл ДҚ-ын құру процесіндегі ең қиын
кезеңдердің бірі болып табылады. Деректер қорының дұрысқұрылымы қажет
деректі жылдам алуға жол береді, сақталған ақпараттардың тұтастығын
қамтамасыз етеді және қайталануға жол бермейді. Қиын деректердің бірнеше
кестелерге бөліну процедұрасын нормаландырылган деп атайды.
ДҚ-сын жобапайтын специалистер ДҚ-сын нормаландыру теориясын
шығарды. Ол кестелерді жобалағанда келесі негізгі принциптерді
басшылыққа алуды үйғарды:
- Әрбір кесте бір типті объектілер жинағы тұралы ақпаратты жинақтау
керек. Мысалы ,студент немесе сессия тапсыру қорытындысы тұралы
мәліметті.
- Осындай деректер жинағының әрбіреуіне жеке кесте сәйкес келу
керек. Мысалы ,студенттер және олардың сессияда алған бағалары
тұралы мәліметті жойғанда ол тұралы ақпарат ДҚ-да қалады.
- Кестеде ақпарат қайталанбауы керек. Кестелер арасында да
қайталану болмауы керек. Бұл әртүрлі кестелерде ақпараттың сәйкес келмеу
мүмкіндігін жояды және ДҚ-мен жұмысты анағүрлым
жақсартады.
З.Өрісті анықтау. Әр кесте бір типтегі объектілер жинағы тұралы
ақпараттан тұрады.
Өрісті өңдеу кезінде кесте үшін мынаны есте сақтау қажет:
- Кесте берілген объектілер жинағы тұралы барлық керекті ақпарат
болуы керек.
- Әрбір өріс басқа объект жинағы тұралы емес, дәл қарастырып
отырған объект жинағының қасиеттері тұралы мәліметтер жинақтау керек.
Басқа кестелермен байланыс үшін қолданылатын өрістерден басқа.
- Кестеге есептелінетін өріс деп аталынатын кейбір өрнектің мәнін
есептеудің нәтижесі болып табылатын деректерді қосу
ұсынылмайды.
- Ақпаратты кішкентай логикалық бірліктерге бөлу керек. Мысалы ,
студенттер мекен жайы тұралы мәліметтерден тұратын кестеге Адрес жалпы
өрісін қосқаннан кейін, жатақхана және бөлме өрістерін қосқан тиімді. Бұл
ДҚ-да берілген бөлмеде тұратын студенттерді іздеуді немесе жазбаларды
бөлме нөмірі бойынша сұрыптауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
4.Түйінді /ключевое/ өрісті анықтау.
Access әр түрлі кестелердің деректерін байланыстыра алу үшін, әрбір
кестеде алғашқы түйін/первичный ключ/ немесе жай түйін /кілт/ болуы
керек. Бұл мәндер жиыны кестедегі әрбір жазбаны анықтайтын бір немесе
бірнеше өрістер. Кестеде түйіннің болуы онда бірдей екі жазбаның шығуына
Ф ҚазҰПУ 0703-10-09 Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым
36
мүмкідік бермейді. Жаңа кестені қүрғанда Access, бірегейлі мәндері бар
қосымша өрісті қосу арқылы түйін құруды ұсынады.
5 .Кестелер арасында байланысты анықтау .
Кестелерге деректерді бөлінген кейін және түйінді өрісті анықтағаннан
кейін әртүрлі кестелердегі деректер байланысы үшін сызба кұру керек. Ол
үшін кестелер арасындағы байланысты анықтау керек. Бұл байланыстарды
Access, көп кестелі сұратуларды, пішіндер және есептерді күрғанда
қолданады.
ЖАҢА ДЕРЕКТЕР ҚОРЫН ҚҰРУ.
ДҚ-ын кұру үшін Файл менюінен Құру командасын немесе саймандар
тақтасындағы деректер қорын кұру түймесін басу керек. Құрылу сұхбат
терезесі ашылады. Бұл терезеден ДҚ-ын сақтау үшін диск және каталогты
таңдап, жаңа ДҚ-ның файл атын енгізу керек. Access оған автоматты түрде
mdb
кеңейтілуін
қосады.
Бұл
файлда
деректер,сонымен
бірге
кестелер,сұраныстар,пішіндер және ДҚ-ы құратын объектілер кұрылымының
Сипаттамалары сақталады. Экранда жаңа бос деректер қорының терезесі
пайда болады. О л бірте-бірте сәйкес шеберлер көмегімен немесе қолмен
/құру өлшемі бойынша/ керекті кестелердің одан кейін басқа да
объектілердің кұраушымен толтырылады. Арнайы шебер көмегімен барлық
қажетті кестелерімен,пішіндерімен және есептерімен бірге анықталған типті
ДҚ-ын тез құруға болады. Ол үшін Құрылу терезесін деректер қоры белгісін
шертіп, тізімнен керекті ДҚ-ын таңдау керек.
2.3 КЕСТЕНІҢ ҚҰРЫЛУЫ.
Кесте құру үшін ДҚ-сы терезесіндегі Кесте жинақшысының белгісін,
содан кейін құру түймесін шерту керек.
Access жаңа кесте терезесін ашады және кесте құрудың бірнеше
әдістерін ұсынады.
2.3.1 КЕСТЕ РЕЖИМІ.
Кесте режимі вариантын таңдағанда Өріс 1,Өріс 2 және т.б. стандартты
аттар бар 30 қатар /жазба/ және 20 бағаннан /өрістен/ тұратын кесте
дайындығы пайда болады.
Кестені толтырғаннан кейін Access автоматты түрде, онда енгізілген
ақпаратқа байланысты өрістер типін анықтайды. Өріс атын өзгерту үшін
сәйкес бағанның тақырыбын 2-рет шертіп, жаңа ат енгізіп және Enter
пернесін басу керек.
Кестеге ақпаратты енгізіп болған соң Сақтау түймесін басып құрылған
кестеге ат беру керек. Содан кейін Access оған түйінді өріс қосуды ұсынады.
Егер бұл ұсыныс қабылданса, онда кестеге енгізілген жазбалар реті
/нөмірлері/ болатын Счетчик типті код өрісі қосылады.
Кесте режимін пайдалану, өрістерінің қажетті қасиеттерін орнатуға
мүмкіндік бермейді. Ол үшін ДҚ-ы терезесіндегі конструктор түймесін басу
арқылы шақырылатын кестенің конструктор режиміне өту керек.
2.4 КЕСТЕЛЕР АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТЫ АНЫҚТАУ.
Достарыңызбен бөлісу: |