Ф ҚазҰПУ 0703-10-09 Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым
25
Желілік құрылымда қандай да болмасын ұғымдарда (деңгей, тін,
байланыс) әрбір элемент басқа бір элементпен байланысты бола береді.
Мәліметтердің реляциялық моделі.
Реляциялық ұғымы (ағылшынның relation — қарым-қатынас деген
сөзінен алынған) белгілі американ маманының Е.Кодтың мәліметтер қоры
саласы жүйесіндегі талдауларымен, жасаған зерттеулерімен байланысты
болып келеді.
Бұл моделдер мәліметтерінің қарапайымдылығымен, пайдаланушыға
кестелерді көрсете отырып, алгебраның формалы құрылғысын пайдалану
мүмкіндігімен
және
мәліметтер
жасауға
арналған
реляциялық
есептеулермен сипатталады.
Реляциялық модель. Анықтамасы. Реляциялық алгебра
және реляциалық есептеулер.
Реляциялық модель мәліметтердің қосөлшемді кестелер жасауға
бағытталған. Әрбір реляциялық кесте қосөлшемді массивті білдіреді және
төмендегідей қасиеттерге ие болып келеді:
кестенің әрбір элементі — мәліметтердің бір ғана элементі;
кестедегі барлық бағандар бірыңғай, яғни барлық элементтер
бірыңғай типке (сандық, символдық тағы сол сияқтылары жағынан) және
ұзындыққа ие;
әрбір бағанда тамаша атаудың болуы;
кестеде бірдей қатарлардың болмауы;
қатарлар мен бағандарды сақтау тәртібі еркін түрде бола алады.
Қатынастар қатарлар түрінде, ал бағандар — қатынастар, домендар,
өрістер атрибуттарға кортеждер немесе жазбаларға сәйкес келетін кесте
түрінде көрсетілген.
Нақтылы сәйкес түрдегі жазбаны анықтайтын әрбір мәннің өрісі
жай ғана кілт (түйінді өріс) деп аталады.
Егер, жазбалар нақтылы түрдегі бірнеше өрістер мәндерімен
анықталатын болса, онда мұндай мәліметтер қоры қосымша түйінге,
кілтке ие болғаны.
Екі реляциялық кестені біріктіру, қосу үшін, бірінші кестенің
түйінін екінші кестенің түйінінің құрамына (мүмкін, түйіндердің
сәйкестігіне) енгізу қажет; олай етпеген жағдайда, бірінші кестенің
құрылымына сыртқы түйінді, кілтті — екінші кестенің түйінін, кілтін
енгізу қажет.
Қиын мәселелерді шешу үшін бір деректер қорын құру жеткілікті
болмайды. Тауар аты және жеткізушілердің мекен жайы болатын тауарларға
тапсырыс құру керек болсын. Егер тауарлар тұралы барлық ақпараттарды тек
Ф ҚазҰПУ 0703-10-09 Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым
26
бір ДҚ-да сақтасақ, онда әрбір жазбада тауар атының қасына, жеткізушінің
мекен жайы үшін өріс қарастыру керек болады. Егер бір жеткізуші бірнеше
тауар шығарса, онда көптеген жазбалар бірдей ақпарат:
әрбір тауар аты үшін бір жеткізушінің мекен жайын сақтаушы еді. ДҚ-
н құрудың бұл амалының кемшіліктері бар:
-ДҚ-на белгілі жеткізушінің жаңа тауары тұралы ақпарат енгізуде,
оның мекен жайын тағы да құрылатын жазбаға енгізу керек;
-егер жеткізушінің мекен жайы өзгерсе, онда берілген мекен жайдан
тұратын барлық деректер блоктарын тексеріп, жаңартып шығуға тұра келеді.
Реляциялық ДҚ-да ақпараттар екі өлшемді кесте түрінде сақталады. Әрбір
кестеде берілген типті (адамдар, тауарлар және т.б. )объектілер жиынтығы
тұралы мәліметтер болады.
Кестедегі қатарлар (жолдар) жазба деп аталады. Жазба - бұл карточкада
немесе бланкіде сақталған ақпараттың компьютерлік аналогі. Кестедегі кез-
келген жазбада бір объект тұралы (адам, тауар), ақпарат болады.
Кестедегі бағандар өріс деп аталады. Өріс - бұл карточка немесе
бланкінің графасының компютерлік аналогі. Барлық жазбалар өрістердің
бірдей жинағынан тұрады. Мұнда сипатталатын объектілердің қасиеттері
тұрала ақпарат болады. Мысыалы, егер кестеде студенттер тұралы
мәліметтер болса, онда оның әрбір жазбасында нақты студент тұралы ақпарат
сақталады. Бір өріске оның коды, екіншісіне оқитын топ нөмірі, үшіншісіне
фамилиясы т.с.с. орналасады. Әрбір өрістің мәндері деректердің бір типіне
жатады: сандар, символдар қатар, мезгіл. Жеке жазба мен жеке өрістің
қиылысуы ұяшық деп аталады, ал жеке ұяшықтағы жеке деректердің өзі өріс
мәні немесе кесте әлементі деп аталады. Қарапайым жағдайда ДҚ бір
кестеден тұрады, әдетте ол бірнеше өзара байланысқан кестелерді қосады.
Кестелер арасындағы байланыс (relation) бірдей өрістер арқылы жүзеге
асырылады. Реляциялық ДҚ-да кестелер арасындағы байланысты орнату, бір
мезгілде бірнеше кестелерден ақпаратты алып тастау және біріктіруге
мүмкіндік береді.
Нормальдау.
Бір ғана сипатқа ие мәліметтердің кестелерге (қатынастарға) түрліше
тәсілдермен, яғни, бір-бірімен байланыстағы түрлі жиынтықтардың
ұйымдасып, топталуы мүмкін.
Атрибуттарды қатынастарға рационалды, яғни, мәліметтерді қосалқы
минимиздеу және олардың процедуралары мен реттелуін, жаңартылуын
топталған болуы мүмкін.
Қатынастардың
белгілі
бір
жиынтығы
—
қосу
кезінде,
модификациялауда, мәліметтерді жоюда, қалған барлық қатынастарға
Ф ҚазҰПУ 0703-10-09 Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым
27
қарағанда, егер ол қатынастарды нормалау талаптарына жауап берерліктей
болса, ең жақсы қасиеттерге ие .
Қатынастарды
нормалау
—
қатынастарды
(кестелерді)
қосалқыландыруды шеттететін, мәліметтер қорын енгізудегі (енгізу,
коррекциялау) қиыншылықтарды азайтатын мәліметтер қорында сақталған
нәрселердің біріне бірінің қарама-қайшы келмеуін қамтамасыз ететін
форматтаудың қолдан жасалған аппараттарын шектелуі болып табылады.
Қатынастардың кәдуілгі үш формасы айқындалған, және кез-келген
формаға қатысты қатынасты үшінші бір қатынасқа (ең күшті) қалыпты
формаға қайта айналдыра алатын механизм ұсынылып жүр.
Бірінші қалыпты норма.
Қатынас
өзінің
барлық
атрибуттары
қарапайым
(онан
әрі
бөлінбейтіндей) болса, нормаланған немесе бірінші қалыпты формаға
келтірілген деп аталады.
Қаныстарды бірінші қалыпты формаға бейімдеп қайта қалыптастыру,
реквизиттердің (өрістердің) санының өсуіне және қорытындының өзгеруіне
алып келуі мүмкін.
Мысалы, Студент = (Номер, Аты-жөні, есімі, әкесінің аты, туған күні,
тобы) қатынасы бірінші қалыпты формаға салынады.
Екінші қалыпты форма.
Қатынастарды екінші қалыпты формаға келтіру мәселесін қарастыру
үшін, функционалдық бағыныштылық және функционалдық тәуелділік
сияқты ұғымдарға түсініктеме беріп өту қажет болады.
Ақпараттық нысанның бейнелеуіш реквизиттері тәуелділік.
Реквизиттердің функционалдық тәуелділігі — ақпараттық нысанның
белгілі бір қорытынды реквизитіне сәйкес өзіндік ақпараттық нысандарын
бөлетін реквизитті тәуелділік.
Функционалдық тәуелділіктің мұндай анықтамасы реквизиттердің
пәндік
саласындағы
барша
арақатынастарда
бейтарап
ақпараттық
нысандарды бөліп шығаруға мүмкіндік береді.
Қосалқы түйін жасау керек болған жағдайда, функционалдық
тұрғыдағы толықтай тәуелділік ұғымын енгізеді.
Түйінді емес атрибуттардың толыққанды фунционалды тәуелділігі
дегеніміз - әрбір түйінде емес атрибуттың функционалды түрде түйінге
тәуелді емес, бірақ, қосалқы түйіннің де белгілі бір бөлігінен тыс болып
табылады.
Қатынас, егер ол бірінші қалыпты формада болса, әрі әрбір түйінде
емес атрибут функционалды түрде қосалқы түйінге тәуелді емес болса,
екінші бір қалыпты формада болады деген сөз.
Үшінші қалыпты форма
Достарыңызбен бөлісу: |