Қазақстан республикасы білім және ғылым


«Педагогикалық ұжымның жағдайы



жүктеу 4,42 Mb.
бет77/260
Дата03.03.2023
өлшемі4,42 Mb.
#41578
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   260
Білім берудегі менеджмент. Кітап

«Педагогикалық ұжымның жағдайы» сипаттамасының көрсеткіштері: мұғалімнің өз әрекетінің және басқару ісінің оъектісін осы заманға лайық ұға білу; педагогикалық процесті басқаруға мұғалімнің теориялық және әдістемелік даярлық деңгейі; оқушылар ұжымын қалыптастыру әдістемесін білу; педагогикалық процесті диагностикалауға дайындық; дарындылармен және тәрбиесі нашар балалармен жұмыс істеуге дайындық.
Кез келген әрекет, соның ішінде басқару әрекеті де ұйымдастырушы мен басшылық жасаудың барлық функцияларын іске асыруда басшылыққа алатын бірқатар қағидаларды сақтауға негізделеді. Ол қағидалар мақсат қою және жоспарластыру, ұйымдастыру, бақылау және т.б. топтастырылады. Ал басқару қағидалары басқару заңдылығының бейнелену және нақты іске асуын танытады. Мектепішілік менеджменттің негізгі заңдылығы талдағыштық,
мақсатқа сәйкестік, ізгілік, басқарудағы демократиялық және мектеп түрлі басқару қызметіне дайын болуы сияқты компоненттерді қамтиды. Осы заңдылықтардан мектеп директорының, менеджердің оқу жүйесін басқарудағы басшылыққа алатын негізгі қағидалары туындайды. Сонымен негізгі қағидаларға төмендегілер жатады:

  • педагогикалық жүйені демократизациялау және ізгілендіру;

  • орталықтандыру және орталықсыздандырудың парасатты үйлесімі;

  • жеке билік пен алқалы биліктің бірлігі;

  • педагогикалық жүйені басқару ақпараттарының объективтілігі және толықтылығы.

Мектепішілік басқару ең алдымен басшылардың, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналардың бастамашылығы мен өздігінен жұмыс жасай алуын дамытуға бағытталады.
Бұл жағдай тек қана қабылдау мен талқылаудың бүкпесіз, ашық жүргізгенде ғана мүмкін. Мектеп басшыларын сайлау, педагогикалық кадрларды байқау және келісім шарт негізінде қабылдаудың жүйесі – мектептегі демократияның бастауы. Сол сияқты мектепті басқарудағы жариялылық ақпараттың ашықтығы және түсініктілігіне негізделеді. Мектептің алдында тұрған міндетті, оның қиындығын жете сезінген әрбір мұғалім оған бей-жай қарамайды. Мектеп әкімшілігінің, мектеп кеңесінің тұрақты түрде есеп беріп отыруы оны талқылауға және шешім қабылдауға мұғалімдер мен оқушыларды қатыстыруы мектеп өмірінде демократияның орнығуына негіз қалайды.
Педагогикалық процестің барысы, жағдайы, нәтижесі туралы жеткілікті ақпарат жинау үшін негізгі сипаттамаларды және олардың көрсеткіштерін білу керек. Педагогикалық зерттеу әдістерін кешенді қолдану диагностикалық мәліметтердің толықтығын және дәлелділігін қамтамасыз етеді. Диагностикалық мәліметтер педагогикалық процесті басқаруға, мезгілінде түзету енгізуге, педагогикалық процесті басқарудың алдағы жоспарын сапалы етуге жол ашады.

жүктеу 4,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   260




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау