Қазақстан республикасы білім және ғылым


басқарудың дербес функциясы



жүктеу 4,42 Mb.
бет85/260
Дата03.03.2023
өлшемі4,42 Mb.
#41578
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   260
Білім берудегі менеджмент. Кітап

басқарудың дербес функциясы.


Мониторинг аясында тексерілген педагогикалық әрекеттерді анықтау және бағалау жүргізіледі, сонда педагогикалық жүйе қызметінің нақты қорытындыларының оның соңғы мақсаттарына сәйкес келуін хабардар ететін кері байланыспен қамтамасыз етіледі.
Мониторинг – ұзақ уақыт белгiлi бiр мақсат негiзiнде жинақталған, сақталған ақпараттарды өңдеу, субъектiлердi ақпарат нәтижесiмен қамтамасыз ететiн керi байланыс.
Мониторинг – үздiксiз процесс. Мониторинг жүйесi оқу жылы басталмай тұрып жасалып қоюға тиiстi. Мониторинг пен бағалау ұқсастығы мақсатында, жұмыс жоспарына, штат кестесiне қатысты. Мониторингтiң көп аспектiсi бағалауға ұқсайды. Айырмашылығы орындау уақытында, кiм орындайтындығында, сонымен бiрге жиналған ақпараттың алуан түрлiлiгi мен нақтылығында.
Педагогикалық мониторингтiң негiзгi объектiсi бiлiм және тәрбие болып табылады. Педагогикалық мониторингтiң нәтижесi бiлiм құрылымындағы, оқу дағдысындағы, тәртiбiндегi, қатынас жүйесiндегi тұлғаның бағытталуы болып табылады. Сонымен қатар, педагогикалық мониторинг объектiсi ретiнде жетiстiктерге жеткiзетiн оқу-тәрбие үрдiсiнiң нәтижесi, құралы, технологиясы да алынады.
Педагогикалық мониторингтiң негiзгi қасиеттерiнiң бiрi – оқу-тәрбие процесіне үздiксiз бақылау жүргiзу. Сондықтан да педагогикалық диагностика педагогикалық мониторингтiң негiзгi компонентi болып табылады. Мониторинг жалпы педагогикалық ғылыми түсiнiктерге сәйкес керi байланыс, рефлексия деген ұғымды бiлдiредi. Педагогикалық мониторинг – қандай да бiр объективтегі, құбылыстағы өзгерiстердi ұзақ уақыт бақылау және педагогикалық жүйе қызметiнiң даму мақсатындағы ақпараттарды жинақтау,
сақтау, өңдеу, тарату.
Педагогикалық мониторингті зерттеген В.А.Болотов, В.С.Безрукова, Н.В.Борисова, В.И.Гинецинский, А.Н.Дахин, В.М.Монахов, А.М.Новиков, Л.С.Подымова, В.А.Сластенин, Г.А.Стефановская, В.И.Слободчиков, Н.А.Шайденко, Н.О.Яковлева және т.б. өз еңбектерінде педагогикалық мониторингтің нәтижелері мен құрылымын және түсініктемесін талдай келе, қазіргі педагогикалық ғылымда және тәжірибеде осы күнге дейін мониторингке деген жүйелі тәсілдемелердің құралмағаны ғылыми-зерттеу жұмыстарының тәжірибелік бағыттарын және педагогикалық практикалық қызметтің табыстылығын едәуір төмендетеді.
Г.А.Стефановскаяның зерттеуіне сүйенсек, педагогикалық мониторинг – бұл диагностика, баға және педагогикалық процестi жобалау, оның жүрiс- барысын, даму перспективаларын қадағалау.
Білім берудегі мониторинг –педагогикалық және басқарушы категория, өйткені ол ақпарат теориясының негізгі қағидаларынның көшірмесін жасамай, оны педагогика, психология және басқару тіліне аударады.
Мониторинг деректерін бастапқы жоспарланған көрсеткіштерімен салыстыру қолданылған әдістер мен тәсілдердің тиімділігін бағалауға, оларды түзетуге мүмкіндік жасайды. Әрине, мониторингті тәжірибелі қызметкерлердің жүргізгені дұрыс. Мониторингті жүргізу арқылы деректер базасы құрылады, олар берілген топтағы оқушылардың (қызметкерлердің, студенттердің, магистранттардың) ары қарай дамуын терең талдауға және дер кезінде түзетулер жүргізуге мүмкіндік береді.
Мониторингтiң атқаратын қызметi:

  1. мақсатты анықтау;

  2. ұйымдастыру;

  3. ақпаратты өңдеу;

  4. шешiм қабылдау;

  5. түпкiлiктi нәтиженi болжау;

  6. әрекет барысына түзетулер енгiзу;

  7. елеулi проблемаларды, олардың себептерiн анықтау, оларды шешуге ықпал ету;

  8. аралық мiндеттерiн орындалу сапасын анықтау;

  9. басқарушылық шешiмдер қабылдау.

Мониторинг тиiмдiлiгiн арттырудағы маңызды талаптар: ақпараттың толықтылығы; нақтылығы; объективтiлiгi; үздiксiздiгi; уақытында
орындалуы; құрылымдылығы, үздiксiздiгi; мониторингтiң әр түрiне арнайы жасалуы.
Мониторингтің қарапайым мектепішілік бақылаудан ерекшелігі: үздіксіздігі; жүйелілігі; уақытымен өткізілуі; стандарттың қойылуы; жетістіктерін бағалау критерийлерін анықтау; болжаудың жоғары деңгейі (динамиканы бақылауда).
Мониторингтiң түрлерi: педагогикалық; әлеуметтанымдық; психологиялық; медициналық; экономикалық; демографиялық және т.б. (36- сурет).






жүктеу 4,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   260




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау