Қазақстан республикасы білім және ғылым



жүктеу 4,42 Mb.
бет152/260
Дата03.03.2023
өлшемі4,42 Mb.
#41578
түріОқулық
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   260
Білім берудегі менеджмент. Кітап

бас сараптау комиссиясы – республикалық деңгейдегі басқару органы тарапынан республика, облыстар құрамында түзіледі;

  • аудандық (аймақтық) не қалалық комиссия – жергілікті жердегі білім басқармасы тарапынан ұйымдастырылады;

  • білім мекемесіндегі сараптау комиссиясы – мектептің педагогикалық кеңесі ұсынысымен құрылады.

    Әр комиссия өз құзырына сай мәселелерді шешеді. Сараптау комиссиясының қабылдайтын негізгі шешімі – біліктілік санатын тағайындау. Қазіргі күнде әрекеттегі Ережелерге орай үш біліктілік санаты белгіленген:

    1. жоғары санат – оны бас сараптау комиссиясы белгілейді;

    2. бірінші санат – оны аудандық (аймақтық) не қалалық комиссия тағайындайды;

    3. екінші санат – мектептің сараптау комиссиясы тарапынан беріледі.

    Мұғалім не басшы қызметінің бағамы, екі кешенді көрсеткіштер бойынша іске асырылады: қызмет нәтижелерін қорытындылау (шығармашылық есеп, ғылыми-әдістемелік не тәжірибе-эксперимент жұмыс түрінде) және практикалық іс-әрекеттің эксперттік бағамы әртүрлі баламадағы психикалық- педагогикалық сараптама).
    Біліктілік санаты құжаттық материалдар (еңбек өтілі, мінездеме, мұғалімдердің біліктілігін көтеру курстарын өткені жөніндегі сертификат) негізінде беріледі.
    Сараптаудың табысты болуы оның ұйымдасуымен, қойылатын талаптар туралы қажетті ақпараттың нақтылығымен, қорғау және сараптама жүргізу әрекеттерімен, іскерлік және көңілге қонымды жағдайлардың жасалуымен байланысты болады. Мұғалімдерді сараптау қорытындысы мектеп жұмысының стратегиясы және тактикасын белгілеуде маңызды рөл атқарады.
    Педагогикалық сараптау технологиясы. Педагогикалық сараптама мақсаты – бұл мұғалімдердің оқу-тәрбие қызметінің тиімділігін шынайы анықтап (диагностикалап), оның нақты бағасын шығару. Ал мұғалімнің педагогикалық деңгейіне берілетін баға ол оқытып, тәрбиелеп жатқан шәкірттердің оқу іс-әрекеттерінің нәтижелілігіне байланысты болады. Осыдан мұғалім еңбегінің бағасы мен шәкірт тәлім-тәрбиесіндегі нәтижелілік көрсеткіштері ажырамас бір процестің екі тарапы болады. Біріншісі – негізі сабақ болған білім беру, оқыту процесінің тиімділік деңгейінің бағасы, ал екіншісі – нәтиже, яғни оқушының оқудағы үлгерімі (дамуы) мен тәртіптілік дәрежесіне берілетін баға.
    Мұғалім еңбегін бағалауға қойылатын жалпы талаптар екі өлшем- критерийге негізделеді: нәтижелілік өлшем және процестік өлшем.

    жүктеу 4,42 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   260




    ©g.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет
    рсетілетін қызмет
    халықаралық қаржы
    Астана халықаралық
    қызмет регламенті
    бекіту туралы
    туралы ережені
    орталығы туралы
    субсидиялау мемлекеттік
    кеңес туралы
    ніндегі кеңес
    орталығын басқару
    қаржы орталығын
    қаржы орталығы
    құрамын бекіту
    неркәсіптік кешен
    міндетті құпия
    болуына ерікті
    тексерілу мемлекеттік
    медициналық тексерілу
    құпия медициналық
    ерікті анонимді
    Бастауыш тәлім
    қатысуға жолдамалар
    қызметшілері арасындағы
    академиялық демалыс
    алушыларға академиялық
    білім алушыларға
    ұйымдарында білім
    туралы хабарландыру
    конкурс туралы
    мемлекеттік қызметшілері
    мемлекеттік әкімшілік
    органдардың мемлекеттік
    мемлекеттік органдардың
    барлық мемлекеттік
    арналған барлық
    орналасуға арналған
    лауазымына орналасуға
    әкімшілік лауазымына
    инфекцияның болуына
    жәрдемдесудің белсенді
    шараларына қатысуға
    саласындағы дайындаушы
    ленген қосылған
    шегінде бюджетке
    салығы шегінде
    есептелген қосылған
    ұйымдарға есептелген
    дайындаушы ұйымдарға
    кешен саласындағы
    сомасын субсидиялау