Қазақстан республикасы білім және ғылым


Сурет-81. Педагогикалық қақтығыстар түрлері



жүктеу 4,42 Mb.
бет218/260
Дата03.03.2023
өлшемі4,42 Mb.
#41578
түріОқулық
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   260
Білім берудегі менеджмент. Кітап

Сурет-81. Педагогикалық қақтығыстар түрлері


Қақтығыстық педагогикалық жағдаятты шешудің бірінші шарты – оны педагогтың көре білуі, пайда болу және даму себебін анықтау, оған дұрыс баға беруі. Қақтығыстың пайда болу себебін анықтамау оның өршіп кетуіне әкеледі әрі оны шешу мұғалімге қиындық тудырады. Қақтығысты тудыратын бірінші себеп – келіспеушілік, риза болмау. Оған себеп – оқушы мен педагог арасындағы қайшылықтардың болуында, пікірлерінің үйлеспеуі (82-сурет).


Педагог қиналады, ренжиді, ал балалар оны тыңдамайды, бағынбайды, оған ыза болған педагог әртүрлі келеңсіз әрекеттерге барады. Нәтижесінде екі жақ та жағымсыз түрге еніп, адамгершілік қасиеттерін жоғалта бастайды. Осындай бір-біріне деген өшпенділік әрекеттер жанжалдың ең шарықтау шегіне жетеді. Демек, бұл шиеленісті жағдаятқа педагог уақытында көңіл бөлмеген, мән бермеген. Жанжалдың шиеленіскен бұл формасы – педагогтің оқушымен байланысын, қарым-қатынасын түзейтін жол.
«Шиеленісті тәрбие» оқушылардың пікірімен санаспайтын әкімшілдік билік бар жерде пайда болады. Соның нәтижесінде оқушы мен педагог арасындағы қарым-қатынас өзінің мәнін жоғалтады: бір субъект екінші
субъектінің көңіл-күйін, іс-әрекетін түсінбегендіктен, яғни адамды бір психологиялық күйден екінші психологиялық күйге кенет ауыстыру «бос шиеленісті» тудырады.












Сурет-82. Педагогикалық қақтығысты шешу шарттары


Ондай шиеленісті жағдаятты шешу адамға ешқандай рухани пайда бермейді, тек оның жүйке жүйесіне жүк түсіреді, қосымша күш жұмсатады. Баланың көңіл-күйін түсіне отырып, оған өз шешімін білдірмей көндіру «бос шиеленісті» шешу жолының бір амалы. Бала өмірі көптеген қателіктерге толы. Оған бірден қатаң үкім айту, тыйым салу сияқты әрекеттер жақсы нәтиже бермейді, одан тек қарым-қатынас бұзылуы мүмкін.


Әрине, жанжалдарды шиеленіспей тұрғанда шешу қажет, әйтпесе керісінше шиеленіс психологиялық кеңістікті түгел қамтып, өршіп кетсе оны шешу өте қиынға соғады.
Қақтығысты шешу – шығармашылық жұмыс. Ол үшін қақтығысты жағдаятты зерттеп, оның пайда болу себебін саралау қажет, алдын-ала шешім қабылдауға болмайды, әр педагог әрдайым дербес шешім іздестіруі ұтымды. Ең бастысы, мейірімділік, сүйіспеншілік, ұстамдылық шиеленісті төмендетеді.
Мысалы, оқушылар бір-біріне еріп, мұғалімге қарсы шу көтергенде, мұғалім:
«Айналып кетейін дауыстарыңнан, өздерің қандай ұйымшыл едіңдер, осы мінездерің үшін мен сендерді жақсы көремін» –десе, шиеленісті шешілуге жақын деп есептеуге болады. Жанжалды шешудегі басты тәсіл – қарсылас жақтың жақсы қасиеттерін мойындау.
Қақтығыс туып келе жатқанда қарсы жаққа басу, өтініш айтуға болады, ол оның көңілін басқа жаққа аударып, өзінің кейбір жақсы ерекшеліктерін есіне түсіреді. Психолог Д.Карнеги «Достарды меңгеріп алу және адамдарға қалай ықпал етуге болады» деген кітабында Америка ағартушысы, мемлекет қайраткері, ғалым, АҚШ-тың Париждегі өкілі Франклин Бенджаминнің (1706-1790 ж.ж.) өмірінен қызықты үзінді келтіреді, ол өзінің жауын кітап сұратқан өтініші арқылы өз жақтасына айналдырып алған екен. Демек, педагог өзінің жоғары мәдени деңгейін сақтай отырып оқушыға: «Көмек ете қойшы»,
«Айта қойшы», «Қалай ойлайсың? ...» сияқты өтініштер арқылы туып келе жатқан шиеленісті шешуіне әбден болады.
Қақтығысты шешудегі ең күшті құралдың бірі – әзіл-оспақ. Жақсы әзіл туындаған жағдайдың қайшылықтарын, қиындықтарын жеңілдетеді, көзге көрінбейтін, ішкі психологиялық қобалжуларды жояды. Жақсы әзілді түсінбейтін, ауыр мінезді мұғалімнен көңілді, тапқыр мұғалім өз жұмысын жеңіл де жақсы атқарады.



    1. жүктеу 4,42 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   260




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау