Қазақстан республикасы білім және ғылым


деңгей – мұғалімдер, тәрбиешілер, сынып жетекшілері. деңгей



жүктеу 4,42 Mb.
бет162/260
Дата03.03.2023
өлшемі4,42 Mb.
#41578
түріОқулық
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   260
Білім берудегі менеджмент. Кітап

деңгеймұғалімдер, тәрбиешілер, сынып жетекшілері.

  • деңгей – оқушылар, сынып және жалпы мектеп оқушыларының өзін- өзі басқару органы. Бұл деңгейдің бөлінуі мұғалімдер мен оқушылардың арасындағы қатынастың субъект-субъектілік сипатын көрсетеді. Оқушы өзара әсерлесу объектісі бола отырып, өзінің дамуына субъект рөлін атқара алады.

    Басқарылатын жүйеде негізгі орын оқушылар ұжымына беріледі. Мұнда басқарудың екі деңгейін анықтауға болады: тігінен – жалпы мектеп ұжымы және сыныптар ұжымы. Көлденеңінен қоғамдық ұйымдар, спорттық секциялар, шығармашылық, бірлестіктер, үйірмелер, бригадалар және т.б.
    Ал, педагогикалық жүйенің функционалдық компоненттері жеке-дара өмір сүрмейді, мұғалім іс-әрекетімен бірлесе жүреді. Функционалдық компоненттер: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу мен түзету – бұлар педагогикалық процесті қозғалыста, өзгерісте сипаттайды (дамыту мен жетілдіру).
    Басқаруға тән басты ерекшілік – бұл жұмысқа барлығының: әкімшілік, мұғалімдер, оқушылардың бірдей араласуы. Мұндай жағдай басқару қызметінің мазмұны мен нәтижесіне үлкен әсерін тигізеді, себебі бұл істің қалаған сатысында қай деңгейде болмасын, басқарушы адам өз әрекетінің кез-келген сәті мен жүйенің қалпы тек оның шешіміне тәуелді болмайтынын мойындауы тиіс.
    Білім жүйесінде қалаған деңгейдегі басқару қатынастары тәрбиелік қызметті де атқарады. Тәрбиеленушілерді басқарушы болып есептелетін педагог-тәрбиешілер оларға жетекшілік етеді, ал тәрбиеленушілер осы жетекшілік қатынастарды пайдалы ұғымдар ретінде игереді, яғни тәрбиелік
    қызметтің орындалып жатқаны. Осыдан да басшының, тәрбиешінің, мұғалімнің моральдық, әдептілік кейпіне жоғары талаптар қойылады. Кәсіби іс-әрекетті әрқилы деңгейде бірдей тең басқару – бұл да педагогикалық жүйелерді басқарудың өз алдына ерекшелігі. Өз тұлғасын қалыптастыру барысындағы оқушы іс-әрекетін тәрбиешінің бір өзі басқармайды, бұған бірнеше пән мұғалімдері, сынып жетекшісі және басқа да күнделікті ықпал жасаушы мектептің барша қызметкерлері араласады. Сондай-ақ, мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің қызметтеріне мектеп директоры мен директордың оқу, тәрбие және сыныптан тыс жұмыстар бойынша орынбасарлары әкімшілік басқару жүргізеді. Мұғалімдер бір уақытта бірнеше қызмет атқарады. Ол – сынып жетекшісі, пән мұғалімі, әдістемелік бірлестік мүшесі.
    Мектеп көп тарапты байланысқа ие. Оның жұмысы ата-аналармен, қоғамдық ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен қатынастар негізінде атқарылып отырылады.
    Мектеп – мемлекеттік (немесе онымен тығыз байланысқан) құрылым. Отбасы, қоғам, мемлекет араларындағы бірлікті іс-әрекеттердің ұштаса орындалуынан тәрбиенің жалпы мақсаттары іске асып отырылады. Бұл да педагогикалық жүйелерді басқарудың өз ерекшелігі.
    Білім берудегі мектеп жағдайы «мұғалім-оқушы» қарым-қатынасына тәуелді: әртүрлі жас деңгейіндегі балалар бірлестіктеріне басшылық жасауда материалдық ынтадан гөрі моральдық ынтаның басым болуы; басқарушының өз қарамағындағылармен жеке таныс болу қажеттігі, білім саласын басқаратын тұлғаның жоғары дәрежеде білікті, білімді болуы шарт.

    жүктеу 4,42 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   260




    ©g.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет
    рсетілетін қызмет
    халықаралық қаржы
    Астана халықаралық
    қызмет регламенті
    бекіту туралы
    туралы ережені
    орталығы туралы
    субсидиялау мемлекеттік
    кеңес туралы
    ніндегі кеңес
    орталығын басқару
    қаржы орталығын
    қаржы орталығы
    құрамын бекіту
    неркәсіптік кешен
    міндетті құпия
    болуына ерікті
    тексерілу мемлекеттік
    медициналық тексерілу
    құпия медициналық
    ерікті анонимді
    Бастауыш тәлім
    қатысуға жолдамалар
    қызметшілері арасындағы
    академиялық демалыс
    алушыларға академиялық
    білім алушыларға
    ұйымдарында білім
    туралы хабарландыру
    конкурс туралы
    мемлекеттік қызметшілері
    мемлекеттік әкімшілік
    органдардың мемлекеттік
    мемлекеттік органдардың
    барлық мемлекеттік
    арналған барлық
    орналасуға арналған
    лауазымына орналасуға
    әкімшілік лауазымына
    инфекцияның болуына
    жәрдемдесудің белсенді
    шараларына қатысуға
    саласындағы дайындаушы
    ленген қосылған
    шегінде бюджетке
    салығы шегінде
    есептелген қосылған
    ұйымдарға есептелген
    дайындаушы ұйымдарға
    кешен саласындағы
    сомасын субсидиялау